«Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін



жүктеу 93.58 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі93.58 Kb.


Өзгерістер және толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарының

Тізбесіне

9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің    
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 558 бұйрығына
4-қосымша

«Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге
меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

     


1. «Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттiк қызметтi Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

     


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорациядан алған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні (Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушіден әкелу мерзімі саналмайды);

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кемеге (салынып жатқан кемеге) құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлікті беру немесе осы стандартының 11-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

Кемелерді мемлекеттік тіркеу үшiн алымдар «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады. Алым мөлшерлемесі 60 АЕК-ті құрайды.

Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 12.30-ден 14.00-ға дейiнгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;

2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ға дейiн.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық» кезек тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, үдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдау мүмкін.     

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) салынып жатқан кемелер тізілімінде салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы еркін нысандағы өтініш (кеменi жасау орны, кеме жасайтын ұйымның атауы, жасау нөмiрi, кеменiң типі, киль ұзындығы және кеме туралы басқа да негiзгi техникалық деректер (кеменiң енi, борт биiктiгi), қозғалтқыштардың саны мен қуаты (қолданылатын болса), корпустың негiзгi материалы көрсетіледі);

2) кеменi жасауға арналған шарт;

3) кеме жасау ұйымының киль салу немесе тең бағалы құрылыс жұмыстарын жүргiзудi растайтын сарапшының қорытындысы туралы жазбаша растауы;

4) тiркелім алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

Тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

10. Кемелердi мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:

1) құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жасалады;

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар шетелдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерiнде заңдастыруға жатады.

Қарауға белгіленген тәртіппен расталған, оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған нотарилады куәландарылған құжаттардың көшірмесі қабылдануы мүмкін. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тiлiнде жасалған болса, оларға мемлекеттiк немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы қоса беріледі;

3) құжаттардың мәтіндері анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылған болуы тиіс;

4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертілмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттiк тiркеуге қабылдауға жатпайды;

5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар не екi данада берiледi, олардың бipі түпнұсқа, ал екiншiсi – көшiрмесi болуы тиiс не нотариалды расталған көшірмелері беріледі. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иеленушіге қайтарылады.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға (немесе нотариалды куәландарылған сенімхат бойынша оның өкіліне) дайын құжаттарды беру көрсетілген қолхаттың негізінде жеке куәлігін ұсыну кезінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің сақталуын бір ай қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге бұдан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түссе, Мемлекеттік корпорацияның сауалы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын көрсетілетін қызметті алушы ұсынған жағдайында Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхатты береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер мыналар болып табылады:

1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

     


12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану, шағым мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғаның растау нөмірі, күні,оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

Қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері

ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

     


14. Ағзасының функциялары тіршілік әрекетін шектейтін тұрақты бұзылуы бар көрсетілетін қызметті алушылардан, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау, 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс-орталығына өтінуден кейін, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұратын жеріне шығып іске асырады.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша

Нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы) ___________________________________

___________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)


Қүжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекен-жайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну себебінен «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Ұсынылмаған құжаттардың атауы:


  1. __________________________________________________________;

  2. __________________________________________________________;



Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

 

___________________________________________ ________________



Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә._____________

Телефон__________

Алды: ______________________ _______________________________

Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы


20 ___ жылғы «___» ___________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет