Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында жеңіліп, күмісті місе тұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әбиба Абужақынов Ташкенттегі турнирде алтынға сынық сүйем қалғанда сүрінді. 48 келіде белдесетін балуанымыз алғашқы айналымда түркімен спортшысы Гүзел Инамовадан басым түссе, екінші белдесуінде израилдік Тамар Малканы “иппонмен” жеңді. Ширек финалда отандасымыз америкалық Мария Лабордеден айласын асырып, жартылай финалға байырғы қарсыласы Тара Бабулфатхпен белдескен еді. Бакуде кеткен есесін қайтарған Әбиба финалда ресейлік Сабина Гинязовмен белдесіп, “иппонмен” жеңіліп қалды. 

Айта кетейік, Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күнінде Әбибадан басқа өнер көрсеткен спортшыларымыздың барлығы жарыс жолынан шығып қалды.  


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.