Құжаттар 2019 жылғы 15 ақпанға дейін қабылданады Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаменті



жүктеу 232.21 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі232.21 Kb.
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-04-05, 72-04-48, факс: 72-04-05, электрондық пошта: g.seilkhanov@mfa.gov.kz,
төменгі емес және төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Құжаттар 2019 жылғы 15 ақпанға дейін қабылданады
Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаменті

Ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы

С-3 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысын ұйымдастыру; ҚР ПӘ, ССО, ҚК және ҚР СІМ басшылығын күн тәртібіндегі халықаралық маңызды ақпараттық-анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету жұмыстарын бақылау, шет мемлекеттердің саясаты мен геосаяси жағдайының дамуы туралы маңызды мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, басқа бөлімшелерден келіп түскен ақпаратты жинақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.


Құқықтық сараптама басқармасының басшысы

С-3 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларын әзірлеу және келісу, шарттардың құқықтық сараптамасы, дипломатиялық қызмет қызметкерлерін сынақтамадан өткізу, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі құжаттамаларды қарау, басқарманы жалпы басқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық, халықаралық құқықтану, халықаралық құқық.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
ТМД департаменті

ТМД Еуропалық елдер басқармасының кеңесшісі

С-4 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: РФ-ның сыртқы және ішкі саясатының, экономикалық дамуының, қауіпсіздік, шекараны қорғау, қылмыс пен заңсыз көші-қонға қарсы күрес салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының әр түрлі қырлары бойынша талдамалық ақпараттық, және анықтамалық материалдарды әзірлеу; ҚР басшыларына Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар беру; ҚР мен РФ экономикалық ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар беру; ҮАК шеңберінде жұмыс топтарына, комиссияларына және оның кіші комиссияларына қатысу; РФ-дағы ҚР Елшілігінің және консулдықтарының саяси және консулдық есептеріне қорытындылар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Көпжақты ынтымақтастық департаменті

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық басқармасының үшінші хатшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқығы халықаралық шарттар жөніндегі халықаралық комиссияның іс әрекетін үйлестіру. Қазақстанның Азаматтық, саяси құқықтар туралы халықаралық пакті және оған Факультативтік хаттама, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құықтар туралы халықаралық пакті, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясы, Геноцид қылмысын алдын алу және осы қылмыс үшін жазалау туралы конвенциясы, Босқындар мәртебесі туралы конвенциясы және Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған халықаралық конвенциясы бойынша жұмысын үйлестіру, адам құқығы саласындағы халықарарлық шарттарға ҚР-дың қосылу мәселелері, өлім жазасын болдырмау мәселелері, мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері, БҰҰ кеңесімен өзара әрекеттесу мәселелері, сараптамалық материалдарды, сөйленетін сөздерді, тезистерді өз құзыреті шегінде дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті

Ислам ынтымақтастық ұйымы басқармасының үшінші хатшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: қызмет жобаларын әзірлеу; қазақстандық өкілдердің ТТМК, ТҮРКСОЙ құрылымы жұмыстарына тұрақты қатысуын қамтамасыз ету: іс-шараларды өткізу, қатысушылар құрамын құру, ұйымдастырушылық-протоколдық бөлімін келістіру. Құжат жобаларын әзірлеуге, қатысушы елдермен мәтіндерді келісуге, ТҮРКСОЙ Хатшылығына, ҚР-ның шет елдердегі елшіліктері мен тұрақты өкілдіктеріне және Қазақстандағы шет елдік елшіліктерге тиісті деректерді жіберу; келісімдердің даярлануы мен іске асырылуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, түркітану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін білу.
Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті

ШЫҰ басқармасының үшінші хатшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласында ҚР-дың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар енгізу, келісім шарртарды іске асыру және әзірлеу; ақпараттық-анықтамалық және сараптамалық құжаттар даярлау; Қазақстан мен шет елдерде ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларды әзірлеу мен өткізуге қатысу; іс-шараларды өткізу мерзімдерін, қатысушылар құрамын, ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімін келістіру; құжат жобаларын әзірлеуге, қатысушы елдермен мәтіндерді келісуге жәрдемдесу; халықаралық құрылымдардың хатшылықтарына, ҚР-ның шет елдердегі мекемелеріне және Қазақстандағы шет елдік елшіліктерге тиісті деректерді жіберу; басшылардың сұхбаттарын жазу; ҚР мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін білу.
Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті

Азиялық үнқатысу форумдары басқармасының үшінші хатшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Субаймақтық азиялық диалог форумдарымен ынтымақтастығы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу (АӨСШК); Қазақстан мен шет елдерде ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларды әзірлеу мен өткізуге қатысу; іс-шараларды өткізу мерзімдерін, қатысушылар құрамын, ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімін келістіру; құжат жобаларын әзірлеуге, қатысушы елдермен мәтіндерді келісуге жәрдемдесу; халықаралық құрылымдардың хатшылықтарына, ҚР-ның шет елдердегі мекемелеріне және Қазақстандағы шет елдік елшіліктерге тиісті деректерді жіберу; басшылардың сұхбаттарын жазу; ҚР мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін білу.
Халықаралық құқық департаменті

Халықаралық шарттар басқармасының үшінші хатшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері Ратификация/қосылу туралы саймандарды дайындау және депозитарийді хабардар ету. Шарттардың күшіне енуі туралы мемлекеттік органдарды хабардар ету. Шарттарды ратификациялау/қосылу туралы қаулы және заң жобаларын қарастыру. Халықаралық шарттарды Мәлімет базасында тіркеу. Шарттық папкаларды ресімдеу. Мемлекеттік органдарға шарттардың расталған көшірмелерін тарату. Шарттардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындалуын туралы депозитарийді хабардар ету. Ратификациялық грамоталарды рәсімдеу және оларға Президенттің және Министрдің қол қоюын қамтамасыз ету. Құжаттарды қол қоюға дайындау. Шарттарды түгендеу бойынша министрліктерден және ведомстволардан түскен ақпаратты талдау. Шарттарды түгендеу қорытындылары бойынша Үкіметке есептер дайындау. Шарттарды түгендеу жөнінде контрагенттермен келіссөздер жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Консулдық қызмет департаменті

Паспорттық-визалық басқармасының үшінші хатшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау; визалық сұрақтар бойынша ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; консулдық саладағы нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға және жиналыстарға қатысу; шет елдердегі ҚР мекемелерінен келіп түсетін визалық сұрақтар бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдардарға талдау жасау, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау; Қазақстан Республикасының консулдық мекемелеріне виза мәселелері бойынша бағыт беру және ҚР визаларын беруді бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Мемлекеттік протокол қызметі

Арнайы рұқсат беру басқармасының үшінші хатшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Әуе кеңістігі және ҚР мен шет мемлекеттердің әуежайларын пайдалану үшін арнайы рұқсаттардың қамтамасыз етілуіне жауапты; ҚР әуежайлары қызметтерімен тиісті мәселелер бойынша байланыс жасау және өзара әрекеттесуге жауапты; күзетпен қамтамасыз етілетін тұлғалардың қауіпсіздік қызметкерлерінің табельдік қару-жарақты алып келуіне және алып жүруіне рұқсаттардың берілуіне жауапты; МПҚ мұрағатын жүргізу; ақпараттық-талдау мәліметтерін және жүргізілген жұмыс бойынша есептерді дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаменті

Ахуалдық орталығының (басқарманың) атташесі

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Жалпыеуропалық даму (Еуропа Кеңесі), ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ және НАТО мәселелері бойынша мониторинг жүргізу, болжамдық ұсыныстар мен сарапшылық бағамдар әзірлеу, ақпараттарды жинау, жүйелендіру және талдау; басқарма құзыретіне жататын проблемалар жөнінде мәліметтер базасын құру; қолданбалы және фундаменталды сипаттағы сараптамалық материалдарды, сондай-ақ жауапкершілік саласы мәселелері бойынша баяндамалар мен қызметтік жазбалар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Көпжақты ынтымақтастық департаменті

Халықаралық қауіпсіздік басқармасының атташесі

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және мемлекеттермен қарусыздану және таратпау саласындағы ынтымақтастығы; ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін білу.
Көпжақты ынтымақтастық департаменті

БҰҰ басқармасының атташесі

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: ҚР мемлекеттік органдарымен ықпалдасу; өз құзыретінде ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; Пошта одағымен, Халықаралық теңіз ұйымымен, ҚР БҰҰ-ға ықпал ету ассоцияцасымен ынтымақтастықты үйлестіру. Гуманитарлық көмек және төтенше жағдайлар, көші-қон және босқындар мәселелері, қызметпен және жұмыспен қамтамасыз ету, адам трафигі мен құлдық мәселелері, бітімгерлік, бейбітшілікті қалыптастыру, превентивті дипломатия мәселелері және Қазақстанның шұғыл сауықтыру іс-шараларына қатысуы мәселелерін үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін білу.
Америка департаменті

АҚШ басқармасының атташесі

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Қазақстанның АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өз бағыты бойынша ҚР мемлекет басшыларының, Үкімет, СІМ, министрліктердің және ведомстволардың қатысумен өтетін сыртқы саяси шараларға қатысу; АҚШ-тың ішкі саяси және экономикалық ахуалын талдау және қадағалау; талдау, ақпараттық және анықтамалық материалдарын дайындау; ҚР мен АҚШ-тың әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Америка департаменті

Канада, Латын Америка және Кариб бассейні елдері басқармасының атташесі

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Қазақстанның Латын Америка елдерімен көпжақты ынтымақтастық мәселелері; өз бағыты бойынша ҚР мемлекет басшыларының, Үкімет, СІМ, министрліктердің және ведомстволардың қатысумен өтетін сыртқы саяси шараларға қатысу; Латын Америка елдерінің ішкі саяси және экономикалық ахуалын талдау және қадағалау; талдау, ақпараттық және анықтамалық материалдар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Халықаралық құқық департаменті

Халықаралық құқық мәселелері басқармасының атташесі

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Каспий теңізі құқықтық мәртебесінің салалық бағыттары бойынша келіссөздерді дайындау және қатысу, халықаралық құқықта қайшылықты қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін білу.
Халықаралық құқық департаменті

Халықаралық шарттар басқармасының атташесі

С-5 санаты (2 бірлік)

Функционалдық міндеттері: ратификация/қосылу туралы, депозитарийді хабардар ету туралы құжаттар әзірлеу. Шарттардың күшіне енуі туралы мемлекеттік органдарды хабардар ету. Шарттарды ратификациялау/қосылу туралы қаулы және заң жобаларын қарастыру. Халықаралық шарттарды деректер базасында тіркеу. Шарттық папкаларды ресімдеу. Мемлекеттік органдарға шарттардың расталған көшірмелерін жіберу. Шарттардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындалуы туралы депозитарийді хабардар ету. Ратификациялық грамоталарды рәсімдеу және оларға Президенттің және Министрдің қол қоюын қамтамасыз ету. Құжаттарды қол қоюға дайындау. Шарттарды түгендеу бойынша министрліктерден және ведомстволардан түскен ақпаратты талдау. Шарттарды түгендеу қорытындылары бойынша Үкіметке есептер дайындау. Шарттарды түгендеу жөнінде контрагенттермен келіссөздер жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін білу.
Кадрлар басқармасының атташесі

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: ҚР-дың шет елдердегі өкілдіктері қызметкерлерін тағайындау және босату туралы құжаттар мен бұйрықтарды әзірлеу; ҚР-дың шет елдердегі мекемелері үшін СІМ жоспарланған кадр резервіне материалдар әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру; жеке іс парағын ресімдеу үшін материалдар әзірлеу; ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріне ұзақ мерзімді іссапарға шығатын қызметкерді арнайы тексеруден өткізу; ҚР-дың шет елдердегі өкілдіктеріне белгіленген тәртіпте құжаттарды, анықтамалық және басқа да материалдарды жіберу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану), құқық (халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін білу.

Валюта-қаржы департаменті

Шетелдік іссапар және өкілдік шығындар басқармасының бас сарапшысы

С-4 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: шет елдердегі мекемелердiң бухгалтерлiк есептерін тексеру. Шет елдердегі мекемелердiң бухгалтерлiк есеп берулерi бойынша қорытындылар жасау. Тоқсандық және жылдық жиынтық теңгерімді ҚР Қаражы министрлiгiне беру үшін ұлттық валютада және АҚШ долларымен жасалатын бухгалтерлiк есеп беру жиынтығы. Шет елдердегі мекемелердi қаржыландыру бойынша өтінімдердің түсімі мен жиынтығы. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарының және шет елдердегі мекемелер қызметкерлерінің еңбек ақысы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу. Бухгалтерлiк есеп және есеп беру, қаржыландырудың ағымдағы мәселелерi бойынша хат алысу, ревизиялық тексерулер, шет елдердегі мекемелердiң қаржылық-шаруашылық жұмыстары бойынша хат-хабар жазысу. Шет елдердегі жаңа мекемелердің ашылуына, үлгілік штаттық кестелерге, шет елдердегі мекемелерді қаржыландыру жобасына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қаржыландыру жоспарына қосымша қаржы бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, Шет елдердегі мекемелердің қаржылық-шаруашылық жұмыстарын тексеруді жүзеге асыру. Ведомстволық бақылау мәселелері. Шет елдердегі мекемелердің нақты шығыстары жөніндегі мәліметтер жиынтығы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономика және бизнес (экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы немесе әлемдік экономика, 1С-бухгалтерия, Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Валюта-қаржы департаменті

Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасының сарапшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: «Шетелдік iссапарлар» бағдарламасы бойынша ҚР Үкiметiнiң қаулыларының және СIМ-нiң бұйрықтарының жобаларын әзiрлеу; «Шетелдік iссапарлар» бағдарламасы бойынша ҚР мемлекеттiк органдарының жиынтық кестелерiн және ҚР Үкiметiне ұсынуға арналған өкілетті шығындар жасау; бақылау-тексеру жұмысы туралы ережені әзiрлеуге қатысу; ҚР Үкiметiнiң қаулыларының жобаларын әзiрлеуге қатысу; арнайы тарифтер және жеңiлдiктер бойынша әуекомпаниясында авиабилеттерді брондау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономика және бизнес (экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы немесе әлемдік экономика, 1С-бухгалтерия, Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті

Мемлекеттік сатып-алу басқармасының сарапшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен жұмыс жүргізу; мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың өткізілуін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізілуін ұйымдастыру үшін материалдарды дайындау; сатып алынатын тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың техникалық өзіндік ерекшеліктерін талап ету; хаттамаларды, конкурстық құжаттамаларды, конкурс және қорытындылар туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталында дайындау, сонлай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізу және конкурстық құжаттамаларды бекіту туралы бұйрықтарды дайындау; тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды беру үшін мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарымен мемлекеттік сатып алудың барлық тәсілдерімен жасасқан шарттардың (контракттардың) жобаларын дайындау; мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізілетін, тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алу рәсімін дайындау (бұйрықтар, шақырулар, хаттама); ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу тәсілдерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды дайындау; келер есеп жылына тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың көлемдерін және номенклатураларын қалыптастыру; шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар болып тану бойынша кінәрат-қуыным жұмысын атқару үшін ақпаратты дайындау және тиісті құрылымдық бөлімшеге жолдау; жасасқан шарттардың сапа сараптамасын өткізу және олардың атқарылуын бақылау; ағымдағы жылдағы тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың көлемдеріне және номенклатураларына сәйкес, тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың нарығын талдау; бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру барысында мәлімет жинақтауын атқару; хаттарды қарастыру және оларға өз ұсыныстар мен жауаптарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (құқықтану), əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті

Ақпараттық технологиялар басқармасының сарапшысы

С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: компьютер техникасын есепке алуды және компьютерлік техникаға қатысты есеп беруді жүзеге асыру; Орталық аппараттың серверiнің, корпоративтiк желiсiнiң үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз етедi; компъютер техникасын алмастырады, есептен шығарады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді, компъютер және оргтехника қызметтері бойынша жабдықтаумен, сервистік қызмет көрсетулермен қамтамасыз ететін тауарлар/ қызмет көрсетулермен жабдықтаушыларды тіркейді және бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).


Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.


Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Әңгімелесу өткізу уақыты: 2019 жылғы 19 – 22 ақпан аралығында.

Әңгімелесу өткізу орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет