Астанада криптовалютаны заңсыз қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан азаматтар сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы мониторинг агенттігі Астана қаласы бойынша департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В.Кучукова пен Е.Т. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні тараған ақпаратқа қарағанда, аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

“Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5% — ға дейін сыйақы комиссия алып отырған. Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді”, – делінген хабарламада.

  • Қаржылық сауаттылыққа үйрететін блогер қыз зорлағаны үшін сотталды: Ол Қырғызстанға қашпақ болған
  • "Алаяқтар биткоин мен криптовалюта есебінен табыс табады": Маман электронды ақшаға абай болуға шақырды

Сот А. В. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарғаны айтылады.

Агенттік Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда криптовалюта саудасымен айналысып, жүз миллион теңгеге жуық заңсыз пайда тапқан тұрғын ұсталған. Криптоплатформада қитұрқы әрекетімен көзге түскен азаматты да қаржы монторингі агенттігі анықтады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.