Жеке меншікке қарсы қылмыс желісі туралы



жүктеу 39.87 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі39.87 Kb.

Апта ішінде 3960 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2157 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 686 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 457 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 97 қылмыскер іздестіріліп, табылды, заңсыз айналымнан 8 қару алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 66 қылмыс анықталды, оның ішінде 38 сату фактісі. 7 келіден аса есірткі зат алынды, оның ішінде 1,5 келі героин.
Жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар саласы бойынша

Қарағандылық полицейлер 44 жастағы ер адамды өлтіру қылмысын ашты, зорлық-зомбылық белгілері бар жәбірленушінің мәйіті Жезқазған қаласының саяжай қоғамдастығына таяу жердегі құдықтан табылған еді.

Адам өлтіру қылмысын жасаған деген күдікпен жәбірленушінің 42 жастағы танысы құрықталды. Ішімдік ішу салдарынан шыққан ұрыс-керіс кезінде күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын келтірген, қылмыстың ізін жасырмақшы болған ол, мәйітті шанаға салып, қала шетіндегі құдыққа апарып лақтырып, жіберген.

Күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.


Алматы қаласының полицейлері жедел-іздеу іс-шаралары барысында Алматы облысының Каменка кентінде 49-жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тұншықтырып, өлтіру іздері бар жәбірленушінің мәйіті желтоқсан айында Алматы қаласында өзінің автокөлігі салонында табылған болатын.

Болжам бойынша қылмыс күдікті мен жәбірленушінің арасында ұзаққа созылған өзара келіспеушілік салдарынан орын алған. Қылмыс жасалған күні күдікті қызының жұмыс істейтін офисіне келген. Автокөлікте отырған кезде араларында ұрыс-керіс шыққан, сол кезде күдікті қызды тұншықтырып өлтірген.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Жедел қызметкерлер қылмыстың басқа мән-жайларын тексеруде. Тергеу амалдары жалғастырылуда.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес саласы бойынша
Өткен апта ішінде есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу мақсатында бірқатар жедел іздестіру және арнайы іс-шараларын өткізді.

Алматының полицейлері қала аудандарының бірінде өз үйінде 50-жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту жүргізу кезінде оның үйінен 194 грамм героин табылған.

Күдіктіге қатысты «тұтқынға алу» бұлтартпау шарасы қабылданды. Есірткіні сату және жеткізу арналарын анықтау бойынша іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Тергеу жүргізілуде.
Павлодардың полицейлері жедел ақпаратты тексеру кезінде сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы тұрғынды құрықтады. Жеке басын тінту кезінде одан 160 грамм героин табылып, алынды.

Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ірі көлемде есірткі сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. (бейнекөрсетілім)


Жеке меншікке қарсы жасалған қылмыс саласы бойынша
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ағымдағы жылдың қаңтар айының басында Аягөз қаласының 26 жастағы тұрғыны - әйел адамға қарсы жасалған қарақшылық шабуылды ашты.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 29 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Бұрын бірнеше рет ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған күдіктінің, сол күні өз туысының үйіне келгені анықталды. Туысын үйден таппаған соң, үйдегі 26 жастағы пәтерді жалға алушыны пышақпен қорқытып, одан ақша мен алтын талап еткен. Алайда, өзінің талабына жәбірленушіден қарсы жауап алғандықтан, оған бірнеше пышақ жарақаттарын келтірген, әрі оның алтын бұйымдарын, ақшасын иеленіп, оқиға орнынан ізін суытқан.


Криминалдық полиция комитетінің қызметкерлері Тараз қаласының 57-жастағы тұрғыны Қоғамдық қордың жетекшісін қолға түсірді, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау қажет деген сылтаумен ақшалай қаражат жинаған.

2011 жылғы қараша айы соңында алаяқтық жолмен Президент Әкімшілігі басшылығы атынан оның Өскемен қаласы ЖШС шотынан 10 млн. теңге мөлшер көлемінде ақшалай қаражат алғаны анықталды.

Сонымен қатар, алаяқтың бірнеше рет басқа да коммерциялық құрылымдарға өтініш жасаған фактісі де анықталды.

Атап айтқанда, 2011 жылдың желтоқсан айында ол бір корпорацияның қаржы директорына өзін ішкі істер органдарының ардагерлері қамқорлық қорының жетекшісі, полиция полковнигі ретінде таныстырып, одан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеуге байланысты полиция ардагерлеріне көмек көрсетуді өтінген. Ол ақшалай қаражатты факс арқылы жіберілген хатта көрсетілген реквизиттерге аударуды ұйғарған. Алайда ондай мүмкіндіктің болмауына байланысты оған ақша беруден бас тартылған.

Сонымен қатар ол Алматы қаласының ірі фирмасына да осыған ұқсас өтініш білдіріп, олардан 10-15 млн. теңге аударуды сұрап, оларға өзінің Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмасын орындап отырғанын баса айтқан. Бірақ оның бұл өтініші де қолдау таппады.

Қазіргі уақытта алаяқ тұтқынға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның осындай ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Күдікті бұрын алаяқтық іс-әрекеті үшін екі рет сотталған.
Тағы бір ақпарат
15 қаңтарда Қазқстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы өтті. Еліміздің аймақтарында барлығы оң мыңға жуық сайлау учаскесі құрылған болатын.

Ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті, оған 30 мыңнан аса қызметкер қатысты, олардың 4 мыңға жуығы ішкі әскер қызметкерлері.

Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін сайлау учаскелеріне 19 мың полиция қызметкері тартылған. Сайлау өткізетін орындарға патруль полициясы нарядтары барынша жақын орналастырылды.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарын мүлтіксіз сақтап, орындады.



Сайлау комиссиясы мен азаматтар тарапынан ешқандай ескертулер мен шағымдар түскен жоқ. Сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол берілген жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет