Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы



жүктеу 298.22 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі298.22 Kb.

Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жыл, 31 тамыз № 401-404 (26798)


      «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                  К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 920 қаулысымен  
бекiтiлген    

Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасы

      Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және екi кезеңдi рәсiмдер арқылы аукцион, тендер және конкурс нысанында сауда-саттықта жекешелендiру объектiлерiн сату тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердiң аумағында жұмыс iстейтiн қор биржаларында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сату және акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртiбiн реттейдi.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


      1) ағымдағы баға – аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жекешелендiру объектiсiнiң бағасы;
      2) алғашқы баға – әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық басталатын баға;
      3) аукцион – қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
      4) аукцион нөмiрi – қатысушыға аукционда қатысу үшiн берiлетiн нөмiр;
      5) аукционшы – аукцион жүргiзетiн және тиiстi аукциондық сауда-саттық жүргiзу техникасын меңгерген жеке тұлға;
      6) бастапқы баға – тәуелсiз бағалаушының қорытындысы негiзiнде алынған, мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi комиссия белгiлейтiн баға;
      7) екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс – кезең-кезеңдi келiссөздер жүргiзу арқылы қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушы конкурс жеңiмпазын айқындайтын сауда-саттық нысаны;
      8) ең төменгi баға – жекешелендiру объектiсiн одан төменге сатуға болмайтын баға;
      9) жабық тендер – қатысушылардың шектеулi тобы қатысатын тендер;
      10) жекешелендiру объектiсi – мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме; жекешелендiрiлуi тұйық технологиялық тiзбектi бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; мемлекеттiк заңды тұлғалардың мүлкi; акционерлiк қоғамдардың акциялары; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерi; акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар;
      11) жеңiмпаз – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең үздiк шарттар ұсынған тендерге қатысушы; екi кезеңдi рәсiмдер арқылы ең үздiк шарттар ұсынған конкурстың екiншi кезеңiне қатысушы;
      12) инвестициялық тендер – комиссияның қорытындысы бойынша тендердiң шарттарына сәйкес ең жақсы инвестициялық бағдарлама ұсынған қатысушы жеңiмпаз болып танылатын сауда-саттық
      13) коммерциялық тендер – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз болып танылатын, тендердiң шарттарын орындауға келiскен қатысушылар арасындағы сауда-саттық
      14) қаржы кеңесшiсi – жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету үшiн екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсты өткiзу кезiнде сатушы тартатын тұлға;
      15) қатысушы – аукционға, тендерге немесе eкi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсқа қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;
      16) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесiнде белгiленген жекешелендiру объектiсiнiң түпкiлiктi бағасы;
      17) сатушы (мүлiктi иелiктен айыруды жүргiзетiн адам) – мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган не жергiлiктi атқарушы орган;
      18) сатып алушы (ие болушы) – мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару процесiнде мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;
      19) сауда-саттық – жекешелендiру түрi;
      20) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдiсi;
      21) сауда-саттықтың голландтық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн әдiсi;
      22) тендер – қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жазбаша жабық конвертте мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
      23) ұйымдастырушы – жекешелендiру объектiлерiн дайындауды және сатуды ұйымдастырушы заңды немесе жеке тұлға. Сатушы ұйымдастырушы болып әрекет ете алады.
      2. Объектiнi жекешелендiру туралы шешiмдi мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган не жергiлiктi атқарушы орган қабылдайды.
      Мүлiктiк кешендер ретiнде кәсiпорындарды немесе табиғи монополия субъектiлерi немесе тиiстi тауар нарығында басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды және жекешелендiру түрiне нұсқауды қамтуға тиiс.
      Кәсiпорында мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiру туралы шешiм қабылдау кезiнде осы кәсiпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиiстi саланың уәкiлеттi органы шешiмнiң жобасын мемлекеттiк материалдық резерв, жұмылдыру даярлығы және қорғаныс саласындағы уәкiлеттi органдармен келiседi.
      3. Эмиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға жол берiлмейдi.
      4. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң қатысу үлесiн сату «Акционерлiк қоғамдар туралы», «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша серiктестiктер туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген талаптарды сақтай отырып, жүргiзiледi.
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiк үлестi сату кезiнде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушылары заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушының үлесiн сатып алу немесе қатысушылардың бiрi оның бiр бөлiгiн сатуы кезiнде үшiншi тұлғалардың алдында артықшылықпен пайдаланады.
      5. Мемлекеттiк заңды тұлға мемлекеттiк мүлiктi сатуға ұсынған кезде басқаруында осы мемлекеттiк заңды тұлға бар мемлекеттiк органның жазбаша келiсiмi қажет. Бұл ретте сатушыға жекешелендiру объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттарды беру қажет.
      Қажет болған жағдайда сатушы жекешелендiру объектiсiнiң техникалық және функционалдық сипаттамаларын анықтауға мүмкiндiк беретiн құжаттарды сұратады.
      Мемлекеттiк мүлiктiң баланс ұстаушысы жекешелендiру объектiсiнiң сақталуына және сатып алушыға меншiк құқықтары өткенге дейiн жекешелендiру объектiсi бойынша мәлiметтердiң дұрыстығына жауап бередi.
      Хабарлама жарияланғаннан кейiн баланс ұстаушы жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниет бiлдiрген жекешелендiру объектiсiн көруге еркiн қатынауды қамтамасыз етедi.
      Акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiк үлестi сату кезiнде мәлiметтердiң дұрыстығына акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң басшылығы жауап бередi.
      6. Жылжымайтын мүлiктi жекешелендiру кезiнде Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес жер учаскесiне құқық сатып алушыға өтедi.
      Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес жеке төлейдi.

      7. Сатушы жекешелендiру объектiлерiн сатуды Заңда және осы Қағидада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      8. Сатушының функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес жекешелендiру объектiсiнiң құнына бағалау жүргiзудi қамтамасыз ету;
      2) осы Қағиданың 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi комиссия шешiмiнiң негiзiнде әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша жекешелендiру жүргiзу түрiн, сауда-саттық шарттарын және нысандарын анықтау;
      3) сауда-саттық өткiзу мерзiмiн белгiлеу;
      4) сауда-саттық өткiзуге дайындықты жүзеге асыру;
      5) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде жекешелендiру объектiлерiнiң бастапқы, алғашқы және ең төменгi бағасын, кепiлдiк жарнасының мөлшерiн анықтау;
      6) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде ең төменгi сатылу бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төменгi бағасы бойынша шектеулердi жою;
      7) мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердiң аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасында сатуды жүзеге асырады;
      8) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердiң аумағында жұмыс iстейтiн қор биржаларында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сату кезiнде брокерлiк компанияның ұсынымдары бойынша сауда-саттық жүргiзу әдiсiн анықтайды;
      9) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде тендер шарттарын анықтау;
      10) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзiмi мен ұзақтығын, сатудың шектi мерзiмдерi мен биржалық сауда-саттықтан алу күнiн анықтау;
      11) жекешелендiру объектiлерiн сауда-саттықтан алу туралы шешiм қабылдайды;
      12) сатып алушының талабы бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары, сондай-ақ егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорын болып табылса, жекешеленетiн кәсiпорынның жасасқан шарттарының кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну;
      13) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган объектiнi жекешелендiруге дейiн бұл материалдық құндылықтарды одан әрi орналастыру туралы шешiм қабылдауы үшiн оған болатын жекешелендiру туралы алдын ала хабар жiбередi;
      14) кепiлдiк жарналар қабылдау;
      15) ұйымдастырушымен сауда-саттық ұйымдастыруға және өткiзуге, сондай-ақ аукционшымен аукционды ұйымдастыруға және өткiзуге шарт жасасу;
      16) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу барысын бақылауды жүзеге асыру;
      17) сауда-саттық жеңiмпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;
      18) қатысушылармен, сатып алушылармен және ұйымдастырушылармен сауда-саттық өткiзу рәсiмдерiне байланысты есептесулердi жүзеге асыру;
      19) жекешелендiру жүргiзу үшiн қажет басқа да iс-шараларды жүргiзу болып табылады.
      9. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтiң жүзеге асырылуы объектiнi сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар;
      2) ұйымдастырушы сауда-саттықтың қатысушысы ретiнде тiркелуге жатпайды.
      Стратегиялық объектiнi сату кезiнде сауда-саттыққа шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, резидент еместердiң қатысуы бар заңды тұлғалар мен олармен аффилиирленген адамдарға жол берiлмейдi.
      10. Мемлекетке тиесiлi акцияларды сату кезiнде сатып алушы акционерлiк қоғам егер соңғысы сатып алушының акцияларына иелiк етсе, акционерлiк қоғам акцияларының жиырма бес пайыздан астамын сатып ала алмайды.

2. Комиссия

      11. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу үшiн сатушы мiндеттi түрде мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрады, оның құрамына сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi немесе олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi енгiзiледi. Комиссия мүшелерiнiң саны кемiнде 5 адамды құрауы тиiс. Сатушының өкiлi комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесi болып табылмайды.


      Комиссия шешiмдерi қатысатын комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауысы шешушi болып табылады. Комиссия шешiмi сатушы үшiн ұсынымдық сипатта болады.
      12. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi;
      2) осы Қағиданың 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша жекешелендiрудi жүргiзу түрi, сауда-саттық шарттары және нысандары туралы шешiм қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердiң аумағында жұмыс iстейтiн қор биржаларында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сату туралы шешiм қабылдайды;
      4) жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есептiң негiзiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы, алғашқы және ең төменгi бағасын белгiлеу туралы шешiм қабылдайды;
      5) ең төменгi сатылу бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төменгi бағасы бойынша шектеулердi жою туралы шешiм қабылдайды;
      6) кепiлдiктi жарна мөлшерi туралы шешiм қабылдайды;
      7) тендер шарттары туралы шешiм қабылдайды;
      8) жекешелендiру объектiлерiн сауда-саттыққа одан әрi қоюдың орындылығы туралы шешiм қабылдайды;
      9) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзiмi және ұзақтығы, сатудың шектi мерзiмi және биржалық сауда-саттықтан алу күнi туралы шешiм қабылдайды;
      10) тендер өткiзедi;
      11) сауда-саттыққа қатысушылардың құжаттарын қарайды және оларды сауда-саттыққа жiбередi;
      12) сауда-саттық жеңiмпазын жариялайды.
      13. Сауда-саттықты өткiзуге дайындықты сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз ететiн, өтiнiмдердi қабылдауды және қатысушыларды тiркеудi жүргiзетiн, келiп түскен материалдарды комиссияның қарауына беретiн сатушы жүзеге асырады.

3. Сауда-саттықты өткiзуге дайындық

      14. Сауда-саттықтарды өткiзуге дайындық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:


      1) қажеттi материалдарды жинау жүргiзiледi;
      2) жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есептiң негiзiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы, алғашқы және ең төменгi бағасы айқындалады;
      3) осы Қағиданың 1-тармағы 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары мен әдiсi айқындалады;
      4) жекешелендiру объектiлерi жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлiнедi;
      5) кепiлдiк жарнаны енгiзудiң мөлшерi мен тәртiбi айқындалады;
      6) сауда-саттықты өткiзу мерзiмi белгiленедi;
      7) қажет болған кезде ұйымдастырушы немесе аукционшы тартылады;
      8) сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жарияланады;
      9) кепiлдiк жарналар қабылданады;
      10) қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi;
      11) сатып алу - сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.
      15. Кепiлдiк жарна сатушының деректемелерiне ақпараттық хабарламада белгiленген нысанда және тәртiппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгiзiледi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлуi мүмкiн емес. Кепiлдiк жарнаны қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгiзуi мүмкiн. Кепiлдiк жарнаның алушысы сатушы болып табылады.
      16. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу - сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу - сату шарты бойынша тиесiлi төлемдер есебiне жатқызылады;
      17. Сатушы мынадай жағдайларда:
      1) сауда-саттыққа қатысушыға - сауда-саттықтарға қатысудан ол өткiзiлуiне үш күннен аз қалғанда бас тартқан жағдайда;
      2) жеңiмпазға - ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
      3) сатып алушыға - ол сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
      Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарналар сауда-саттыққа қатысушының деректемелерiн көрсете отырып, қатысушы өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қайтарылады.
      18. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын, ал акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестердi сату кезiнде - сауда-саттық өткiзiлетiн күнге дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын жариялануы тиiс.
      Қор биржасында бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама сауда-саттықты өткiзу мерзiмi басталғанға дейiн кемiнде он бес күн бұрын жарияланады.
      Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мекемелердiң, жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар тiзiлiмiнiң (бұдан әрi - Тiзiлiм) веб-порталында жарияланады.
      19. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама мынадай мәлiметтердi:
      1) сауда-саттықтың өткiзiлетiн күнiн, орнын және уақытын;
      2) сауда-саттықтың нысаны мен әдiсiн;
      3) жекешелендiру объектiсi туралы мәлiметтердi (акцияларды сату кезiнде акциялар эмитентiнiң атауы мен олар туралы мәлiметтер, сатылатын акциялардың саны);
      4) алғашқы, ал аукцион сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып, өткiзiлген кезiнде сатуға қойылатын жекешелендiру объектiлерiнiң ең төменгi бағасын;
      5) сатушының кепiлдiк жарнасының мөлшерi мен банктiк деректемелерiн;
      6) өтiнiмдердi қабылдайтын орны мен мерзiмiн;
      7) сауда-саттықтарды өткiзу, оның iшiнде сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу, сауда-саттық жеңiмпазын анықтау шарттары туралы тәртiптi;
      8) сауда-саттықтарды ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
      9) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.
      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердiң аумағында жұмыс iстейтiн қор биржаларында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама мынадай мәлiметтердi:
      1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақытын;
      2) сауда-саттықтың өткiзiлетiн орнын;
      3) акциялар эмитентiнiң атауын;
      4) эмитент туралы мәлiметтердi;
      5) сатылатын акциялардың санын;
      6) сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
      7) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.
      20. Әрбiр объектi бойынша хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы мынадай құжаттардың көшiрмелерiнен тұратын құжаттардың пакетiн:
      кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде, жекешелендiрiлуi тұйық технологиялық тiзбегiн бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерiн, акционерлiк қоғамдардың акцияларын, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталында қатысу үлестерiн, акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларына құқықтарын куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату кезiнде:
      1) сауда-саттыққа қойылатын жекешелендiру объектiсi болып табылатын не акциялары немесе қатысу үлестерi жекешелендiру объектiсi болып табылатын заңды тұлғаның жарғысын;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi;
      3) соңғы үш жылдағы қосымшаларымен бiрге және жекешелендiру объектiсiн сату туралы шешiм қабылданған күнге дейiнгi есептi кезеңдегi бухгалтерлiк теңгерiмдердi;
      4) акционерлiк қоғам акционерлерiнiң немесе серiктестiк қатысушыларының тiзiлiмiнен көшiрменi;
      5) құны көрсетiле отырып, жарғылық капиталға енген негiзгi құралдардың тiзбесiн;
      6) кредиторлық және дебиторлық берешектердiң таратылып жазылуын;
      7) әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тiзбесiн, олардың құнын көрсете отырып, акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерi сауда-саттыққа қойылатын акционерлiк қоғамдар мен серiктестiктер ұсынады;
      8) акциялар эмиссиясының проспектiн және эмиссияны тiркеу туралы куәлiктi;
      9) жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалау кезiнде есептi;
      мемлекеттiк заңды тұлғалардың мүлкiн сату кезiнде:
      1) осы мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерiн;
      2) жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалау туралы есептi дайындайды.
      Құжаттар пакетiне қажет болған кезде, инвестордың тәуекелi факторларының талдауы, ұйымды техникалық қайта жарақтау нұсқаларының мүмкiндiктерi туралы деректер, кiрiстiлiк есептерi, өндiрiс үшiн қажеттi инвестициялардың көлемiн бағалау, өндiрiлетiн өнiмнiң әлемдiк немесе iшкi нарықтағы болашақтағы мүмкiндiктерiн бағалау енгiзiледi.
      Хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы барлық ниет бiлдiрушiлердiң Тiзiлiм веб-порталы арқылы жекешелендiру объектiсi және сауда-саттықтарды өткiзу ережесi туралы ақпараттарға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.
      21. Сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу хабарлама жарияланғаннан күннен бастап, аукцион басталуынан бiр сағат бұрын және тендер және/немесе екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс басталуынан жиырма төрт сағат бұрын жүргiзiледi.
      22. Сауда-саттыққа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мыналарды:
      1) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтiнiмдi;
      2) жеке тұлғалар үшiн: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, салыстыру үшiн түпнұсқаларын мiндеттi түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген құжаттың көшiрмесi не аталған құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейiн жеке тұлғаға бiр жұмыс сағаты iшiнде қайтарып берiледi;
      Заңды тұлғалар үшiн: жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн, салыстыру үшiн түпнұсқаларын мiндеттi түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген құжаттың көшiрмесi не аталған құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейiн заңды тұлғаға бiр жұмыс сағаты iшiнде қайтарып берiледi;
      3) кепiлдiк жарнаның енгiзiлгенiн растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшiрмесiн. Қатысушы сауда-саттықтан кейiн жүгiнген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады;
      4) заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiктерiн куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейiн қайтарылып берiлетiн түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкiлi паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн не заңды тұлғаның өкiлi паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн ұсыну қажет.
      Акционерлiк қоғамдар олардың акцияларына иелiк ететiн акционерлiк қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тiзiлiмiнен (ақпараттық хабарлама жариялану сәтiндегi) үзiндi-көшiрменiң түпнұсқасын ұсынады.
      Шетелдiк заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi нотариалдық куәландырылған аудармасымен бiрге құрылтайшы құжаттарының нотариалдық расталған көшiрмелерiн ұсынады.
      Тендерде қатысу үшiн ұсыныстар жабық конвертте жазбаша ұсынылады.
      23. Сауда-саттыққа қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау және оларды тiркеу талап етiлген құжаттардың толық жинағы болған кезде жүргiзiледi.
      Өтiнiм қолма-қол тәсiлмен берген кезде талап етiлетiн құжаттардың болуын тексерудi сатушы сол жерде, бiр жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырады және осы Қағиданың 22-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуi болмаған жағдайда ұсынылған өтiнiм тiркелмейдi.
      Өтiнiм поштамен келiп түскен кезде осы Қағиданың 22-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуi болмаған жағдайда ұсынылған өтiнiм тiркелмейдi, бұл туралы сатушы өтiнiм берген тұлғаға бес жұмыс күнi iшiнде жазбаша нысанда хабарлайды.
      24. Сатушы мен ұйымдастырушыға мыналарға:
      1) қатысушыдан оның аукционға қойылған объектiлердiң iшiнен белгiлi бiреуiн сатып алу ниеттерi туралы ақпаратты талап етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындау және оны өткiзудiң бүкiл кезеңiнiң iшiнде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға;
      3) қатысушы ретiнде тiркелу үшiн осы Қағиданың 22-тармағында санамаланғандардан басқа қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
      25. Қатысушылардың құжаттары журналда тiркелгеннен кейiн сейфте сақталады, сауда-саттық өткiзiлетiн күнi қатысушылардың құжаттары қарау және сауда-саттыққа жiберу үшiн комиссияға берiледi.
      26. Аукционға жiберiлген қатысушы аукциондық нөмiр алады. Сауда-саттық процесiнде аукциондық нөмiрдi басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салынады.

4. Аукционды өткiзу

      27. Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең.


      Сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаны арттырылатын коэффициентке көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициенттi сатушы белгiлейдi, бiрақ 5-тен кем болмауы тиiс.
      Аукцион өткiзiлетiн кезде алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағаны сатушы белгiлейдi.
      28. Аукционға қатысуға арналған кепiлдiк жарна аукционға қойылатын барлық жекешелендiру объектiлерi үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мынадай әдiстеме бойынша есептеледi:
      1) әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы бағасынан 1 пайыздан 20 пайызға дейiнгi көлемi айқындалады;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында алынған орташа арифметикалық шамасы айқындалады;
      3) аукционға қойылатын жекешелендiру объектiлерiнiң iшiнен жекешелендiру объектiсiнiң ең төменгi бастапқы бағасы айқындалады;
      4) кепiлдiк жарнаның мөлшерi осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында алынған ең төменгi шамасына тең мөлшерде қабылданады.
      29. Қатысушыларға кепiлдiк жарнаны кез-келген санда енгiзуге құқылы, бұл орайда бiр кепiлдiк жарна бiр жекешелендiру объектiсiн сатып алуға жол берiледi.
      30. Жекешелендiру объектiсi алғашында аукционға сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып шығарылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондардағы сауда-саттықтың әдiсiн комиссия анықтайды.
      31. Аукционды аукционшы жүргiзедi. Аукцион оның өткiзу тәртiбiн жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған адамдарға аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткiзу ережесiн бұзуға жол берiлмейдi, олай болмағанда оларды аукционшы аукцион өткiзiлiп отырған залдан шығарып жiберуi мүмкiн.
      Жекешелендiру объектiлерiн сауда-саттыққа қоюдың дәйектiлiгi хабарламада белгiленген тәртiпке сәйкес келуi тиiс.
      32. Әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық аукционшының сату объектiсiн, қойылып отырған жекешелендiру объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын сауда-саттықты өткiзудiң әдiсiн, бастапқы бағасын және бағаның өзгеру қадамын жариялауынан басталады. Аукционшыға сауда-саттық процесi кезiнде қадамды осы туралы хабарлай отырып, өзгертуге жол берiледi.
      Өзгерту қадамы былайша белгiленедi:
      - жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы және ағымдағы бағасы айлық есептiк көрсеткiштiң 100 000 есесiне дейiнгi мөлшерде болған жағдайда өзгерту қадамы 5 пайыздан 10 пайызға дейiн белгiленедi;
      - жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы және ағымдағы бағасы айлық есептiк көрсеткiштiң 100 000 есесiнен бастап 500 000 есесiне дейiнгi мөлшерде болған жағдайда өзгерту қадамы 1 пайыздан 5 пайызға дейiн белгiленедi;
      жекешелендiру объектiсiнiң алғашқы және ағымдағы бағасы айлық есептiк көрсеткiштiң 500 000 есесiнен жоғары мөлшерде болған жағдайда өзгерту қадамы 0,1-ден 1 пайызға дейiн белгiленедi.
      Аукционшының объект бағасын қайталап жариялауы арасындағы үзiлiс кемiнде 5 секунд болуға тиiс.
      33. Сауда-саттық төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша өткiзiледi:
      1) Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi:
      Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын және бағаның арттырылу қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмiрдi көтере отырып бастапқы бағаны арттырады, бiрақ жарияланған қадамнан кем болмауы тиiс. Аукционшы сауда-саттыққа қатысушылардың аукциондық нөмiрлерiн жариялайды, бағаларын бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi. Жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары баға ұсынған қатысушыны аукционшы жариялайды. Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа нөмiр көтерiлмеген жағдайда балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсiнiң сатылғандығы туралы жариялайды.
      Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын, егер ең болмағанда екi қатысушы бағаны арттырудың кемiнде екi қадамына арттырған жағдайда ғана, жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық өткiзiлген болып саналады.
      2) Сауда-саттықтың голландтық әдiсi:
      Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы баға жарияланған кезде аукциондық нөмiрдi бiрiншi көтерген қатысушының нөмiрiн атайды және балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсi бойынша оны жеңiмпаз деп жариялайды. Егер аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң ең төменгi бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бiрде-бiрi осы жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниет бiлдiрмесе, онда бұл жекешелендiру объектiсi сауда-саттықтан алынып тасталады.
      Егер бағаны жариялаған сәтте екi немесе одан көп нөмiр көтерiлсе, ондай жағдайда Аукционшы бағаны Жеңiмпаз анықталған сәтке дейiн тiркелген қадам көлемiне көтере бередi. Жарияланған қадам сауда-саттықтың голландтық әдiсi бойынша белгiленген қадамына, бiрақ ұлғайту жағына тең болуы тиiс. Егер бағаны арттыру кезiнде өз нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың бiрде-бiрi оны арттырылған баға бойынша сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, онда Аукционшы жеребе тастау рәсiмiн қолданады.
      Егер сауда-саттық өту сәтiнде жекешелендiру объектiсiн бiр ғана қатысушыға сатуға жол берiлетiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, пайдаланылмаған кепiлдiк жарнасы бар тек бiр ғана тiркелген қатысушы қалса, жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық өтпеген болып саналады.
      34. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нәтижелерi сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi, оған әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық аяқталғанда комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшелерi, аукционшы және жеңiмпаз қол қояды және ол Тiзiлiмге енгiзуге жатады. Комиссия мүшесi қажет болған кезде өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса бередi. Аукционшы қажет болған кезде хаттамаға қол қою үшiн он минуттан аспайтын уақытқа үзiлiс жариялайды. Хаттама сатушы, сатып алушы және ұйымдастырушы үшiн бiр-бiр данада жасалады. Ұйымдастырушы аукцион өткiзiлгеннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттаманың бiр данасын сатушыға бередi.
      35. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының сату бағасы бойынша жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде қол қойылады. Жеңiмпаз сатып алу-сату шартына белгiленген мерзiмде қол қоймаған жағдайда осы жекешелендiру объектiсi тағы да сауда-саттыққа қойылады.
      36. Сатушының аукционды ұйымдастыру және өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдастырушыны, ал аукционды өткiзу үшiн - аукционшыны тартуына жол берiледi. Сатушының, ұйымдастырушы мен аукционшының құқықтары мен мiндеттерi мемлекеттiк сатып алу туралы тиiстi шартпен реттеледi.

5. Тендердi өткiзу

      37. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзудi сатушы жүзеге асырады. Объектiнi бiрiншi тендерге қойған кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады.


      38. Тендерге қатысуға арналған кепiлдiк жарна әрбiр жекешелендiру объектiсi үшiн жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасының 20 пайызы мөлшерiнде жеке белгiленедi.
      39. Тендердiң шарттары мынадай:
      1) жекешелендiру объектiсiне тартылатын инвестициялардың көлемi, түрi және мерзiмi бойынша мiндеттемелер;
      2) өндiрiс көлемiнiң, шығарылатын өнiмдер номенклатураларының немесе көрсетiлетiн қызметтердiң белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз ету;
      3) баға белгiлеу шарттары, оның iшiнде бағаның шектi деңгейi бойынша шектеу;
      4) табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзу;
      5) қызмет бейiнiнiң сақталуы;
      6) жаңа жұмыс орындарын сақтау немесе құру;
      7) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң қолданыстағы тәртiбi мен пайдалану шарттарын сақтау;
      8) кредиторлық берешектердi белгiленген мерзiмiнде өтеу;
      9) жалақы төлемдерi бойынша берешектердi өтеу;
      10) мәмiлелердi жасауды шектеу (қайта сату, кепiлге, сенiмдi басқаруға беру және т.б.) және/немесе жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салу болуы мүмкiн;
      11) комиссияның қалауы бойынша басқа да шарттар.
      40. Комиссияның шешiмi негiзiнде сатушы тендер шарттарын, жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын, кепiлдiк жарнаның мөлшерiн айқындайды.
      41. Егер тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген болып саналады.
      42. Комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салыстырады. Комиссия барлық формалдылықтардың сақталуын тексередi, талап етiлетiн мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды.
      43. Коммерциялық тендердi өткiзу барысында комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары мәнге ие болған және тендердiң шарттарын қанағаттандырған қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды.
      Егер коммерциялық тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бiрдей бағаға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында жекешелендiру объектiсiнiң бағасы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып аукцион өткiзiледi.
      44. Инвестициялық тендер өткiзу кезiнде ұсынысы неғұрлым тиiмдi инвестициялық бағдарламаға ие және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушы жеңiмпаз деп жарияланады.
      Егер инвестициялық тендерде екi және одан көп қатысушының инвестициялық бағдарламалары инвестициялар және басқа да факторлар бойынша бiрдей ұсыныстарға ие болса және тендер шарттарын қанағаттандырса, онда жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында жекешелендiру объектiсiнiң бағасы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып аукцион өткiзiледi.
      45. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша тендердiң нәтижелерi сауда-саттық аяқталғанда комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшесi және тендердiң жеңiмпазы қол қоятын әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi және Тiзiлiмге енгiзуге жатады. Комиссия мүшесi қажет болған кезде өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса бередi.
      Тендер аяқталғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей, комиссия барлық қатысушыларға тендердiң нәтижелерiн жариялайды.
      46. Хаттама сатушы және сатып алушы үшiн бiр-бiр данада жасалады.
      47. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде қол қойылады. Жеңiмпаз сатып алу-сату шартына белгiленген мерзiмде қол қоймаған жағдайда осы жекешелендiру объектiсi тағы да сауда-саттыққа қойылады.
      48. Егер объектi тендерде сатылмаған жағдайда комиссияның сату тәсiлiн, бағасы мен тендердiң шарттарын өзгерту туралы шешiм қабылдауына жол берiледi.
      49. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған ерекше жағдайларда тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн.
      Жабық тендердi өткiзу кезiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және Тiзiлiмнiң веб-порталында хабарлама жариялау жүргiзiлмейдi. Жабық тендерге мүдделi мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негiзiнде комиссия айқындайтын қатысушылардың шектеулi тобы қатысады. Жабық тендерге қатысуға арналған жазбаша шақыруды жабық тендердiң барлық шарттарымен қоса сатушы жiбередi. Жабық тендерге қатысуға шақыру жiберiлген және қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғаларды тiркеу жазбаша шақыру жiберiлген күннен бастап жүргiзiледi және жабық тендердiң өткiзiлуiне 24 сағат  қалғанда аяқталады.
      50. Жабық тендердi өткiзу тәртiбi осы Қағиданың 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49-тармақтарымен реттеледi.

6. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс

      51. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс жекешелендiру бағасының басымдығын және/немесе өзге де шарттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзiледi.


      52. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тарту;
      2) жекешелендiру объектiн жан-жақты талдау, оның құнын бағалау және әлеуеттi сатып алушылар (инвесторлар) үшiн жекешелендiру объектiсi туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыpу;
      3) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны мерзiмдi баспа басылымдарында және Тiзiлiмнiң веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң әлеуеттi сатып aлушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсыныстар жiберуi;
      4) қаржы кеңесшiсiнiң әлеуеттi сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстарын қамтитын өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруы;
      5) сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен келiссөздер барысында ең үздiк ұсыныстар (конкурстың бiрiншi кезеңi) ұсынған кемiнде екi әлеуеттi сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында өтiнiмдер тiзбесi бойынша әлеуеттi сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргiзуi;
      6) сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту тұрғысынан бiрiншi кезеңнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргiзуi (екiншi кезең).
      53. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.
      54. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең үздiк шарттарды ұсынған әлеуеттi сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.
      55. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы сатып алу-сату шартына сатушы белгiлеген мерзiмде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатып алу-сату шартына ұсынысы жеңiмпаздың ұсынысынан кейiн ең жақсы деп танылған әлеуеттi сатып алушы (инвестор) қолын қояды.

7. Есеп айырысулар тәртiбi

      56. Сатып алу-сату шарты жазбаша түрде сатушы мен сатып алушының арасында жасалады және келiсiм-шарт жасасудың негiзi ретiнде сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға жасалған сiлтеменi қамтуы тиiс.


      Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгiзген кепiлдiк жарнасын жоғалтады және сатушыға кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiнде оның iс жүзiнде шеккен залалының орнын толтырады.
      57. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
      1) аванстық төлем жекешелендiру объектiсiн сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;
      2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледi.
      58. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушыға шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға және сатып алушыдан iс жүзiндегi зиянның кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiн өтеудi талап етуге жол берiледi.
      59. Бөлiп-бөлiп төлеудiң ықтимал шарты сауда-саттыққа қатысушыларының назарына алдын-ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге жол берiледi. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының 15 пайызынан кем болуы мүмкiн емес, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс.
      Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде енгiзедi. Одан кейiнгi соманы енгiзген кезде, әлi енгiзiлмеген сомаға сатушы пайыздарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде қайта қаржыландырылатын ресми ставкаға сүйене отырып есептейдi.
      Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудiң өзге тәсiлi көзделмеген болса, төлемдердiң уақтылы өтелуiн қамтамасыз ету сатып алушы сатып алған жекешелендiру объектiсiне сатушының кепiл құқығы болып табылады.
      60. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қоспағанда, объектiнi беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейiн меншiк иесiнiң сатылған және Тiзiлiмге енгiзуге жататын жекешелендiру объектiсiн өзгерткендiгi туралы мемлекеттiк тiркеу жүргiзу үшiн негiз болып табылатын жекешелендiру объектiсiнiң қабылдап алу-тапсыру актiсiне қол қою арқылы жүргiзiледi.
      Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төленгеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.

8. Жекешелендiру объектiсiн сатудан алынған қаражат

      61. Республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден алынған қаражат республикалық бюджетке жiберiледi. Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден алынған қаражат жергiлiктi бюджетке жiберiледi.


      62. Жекешелендiру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткiзу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      63. Ұйымдастырушының және аукционшының қызметтерiнiң ақысын төлеу сатушының жекешелендiру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткiзуге арналған шығыстарына кiргiзiледi.

9. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердiң аумағында жұмыс iстейтiн қор биржаларында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сату

      64. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердiң аумағында жұмыс iстейтiн қор биржаларында (бұдан әрi – қор биржасы) мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сатуды комиссияның шешiмi негiзiнде сатушы жүзеге асырады.


      65. Қор биржасында сатылуға жататын бағалы қағаздарды сатушы биржалық сауда-саттыққа делдал компаниялар арқылы қояды.
      66. Акцияларды отандық бағалы қағаздар нарығында сатуға құқылы делдал компанияны айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатушы жүзеге асырады.
      67. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сату кезiнде оларды сатуға байланысты сатушы мен делдал компаниялар арасында туындайтын қарым-қатынастар тиiстi шартпен реттеледi.
      68. Қор биржасының сауда-саттық жүйелерiнде бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына және тиiстi қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

10. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату

      69. Акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен жүзеге асырылады.


      70. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негiзгi шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге сатушы немесе тиiстi жергiлiктi өкiлдiк органға бекiтуге жергiлiктi атқарушы орган ұсынады.
      71. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешiмде оларға туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесiлi акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың типi, оның (олардың) аумағында туынды бағалы қағаздарды сатуды жүзеге асыру ұйғарылған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмiленi аяқтаудың ең көп мерзiмi, туынды бағалы қағаздардың меншiк иелерiнiң құқықтарын сату шарттары мен тәртiбi және қажет болған жағдайда өзге де шарттар қамтылуы тиiс.

Жекешелендiру объектiлерiн


сату қағидасына      
қосымша         

      Жекешелендiру объектiлерiн сату бойынша ______________________


                                    (сауда-саттық нысаны көрсетiледi)

      қатысуға


 

ӨТIНIМ

      1._________________________________________________________


               (жекешелендiру объектiс(лер)iнiң аталуы)
сатылуы туралы жарияланған хабарламаны қарап және сату қағидаларымен
танысып,_________________________________________________________
       (жеке тұлғаның аты-жөнi немесе заңды тұлғаның атауы және заңды
_________________________________________________________________
тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенiмхат негiзiнде әрекет
ететiн өкiлiнiң аты-жөнi)___________20__жылғы «_»_________мына
мекенжай бойынша
_________________________________________________________болатын сауда-саттықта қатысуға ниет бiлдiредi.
      2. Мен (бiз) сауда-саттықта қатысу үшiн____________________
_________________________________________________________________
(мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган не жергiлiктi атқарушы
орган көрсетiледi)________депозиттiк шотына жалпы сомасы ____________________көрсетiледi)
(_____________________________) теңге______кепiлдiк
   (сомасы таратып жазылады)
жарнан(лард)ы енгiздiм (к).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық Комитетiндегi ЖСК № __________, БСН ________, СТН __________, төлем тағайындау коды _____, Кбе ___, мекеме коды _______.
      3. Мен (бiз) мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне немесе құрылтайшы құжаттарына сәйкес оларды жүзеге асыру объектiнiң сауда-саттықта сатылу шарты болып табылатын қызмет түрлерiмен шұғылдануға құқығы жоқ заңды тұлға;
      2) ұйымдастырушы аукцион қатысушылары бола алмайтыны туралы хабардармын (мыз).
      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (бiз) сәйкес емес екенiм(iз) анықталған жағдайда мен (бiз) сауда-саттықта қатысу құқығынан айырылуымен, мен (бiз) қол қойған сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылуымен келiсемiн(з).
      5. Егер мен (бiз) сауда-саттық жеңiмпаз(дар)ы деп танылған жағдайда өзiмiзге сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға________
__________________________________________________________________
                 (сауда-саттық нысаны көрсетiледi)
өткiзiлген күнi қол қою және___________________________өткен күннен
                        (сауда-саттық нысаны көрсетiледi)
бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттемелерiн аламыз.
      6. Мынадай:
      сауда-саттық өткiзiлетiн күнге үш күннен кем уақыт қалғанда онда қатысудан бас тартқан;
      белгiленген мерзiмде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан;
      сатып алу-сату шарты бойынша мен (бiз) мiндеттемелердi орындамаған және тиiсiнше орындамаған;
      менiң (бiздiң) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес емес екенiм (iз) анықталған жағдайларда мен (бiз) енгiзген кепiлдiк жарнаның сомасы қайтарылмауы және сатушыда қалуымен келiсемiз.
      7. Осы өтiнiм сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен бiрге сатып алу-сату шартын жасасуға дейiнгi қолданылатын шарттың күшiне ие.
      8. Өзiм(iз) туралы мынадай:
      Заңды тұлғалар үшiн:
      Атауы ____________________________________________________
      БСН ______________________________________________________
      Басшының Т.А.Ә. __________________________________________
      Мекенжайы: _______________________________________________
      Телефон (факс) нөмiрi: ___________________________________
      Банктiк деректемелерi:
      СТН ________________
      ЖСК_________________
      БСК ________________
      Банктiң атауы ____________________
      Кбе _______________________________________________________
      Өтiнiмге мыналар:
      1) _____________________________________________
      2) _____________________________________________
      3) _____________________________________________
      4) _____________________________________________ қоса берiледi.
      Жеке тұлға үшiн:
      Т.А.Ә.: _________________________________________
      ЖСН______________________________________________
      Паспорт деректерi________________________________
      Мекенжайы: ______________________________________
      Телефон (факс) нөмiрi: __________________________
      Банктiк деректемелерi:
      СТН ________________
      ЖСК_________________
      БСК ________________
      Банктiң атауы _____________________
      Кбе________________________________
      Өтiнiмге мыналар:
      1) _____________________________________________
      2) _____________________________________________
      3) _____________________________________________ қоса берiледi.
      ________   _______________________________________________
       (қолы)   (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы
                 және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды
                 тұлғаның сенiмхат негiзiнде әрекет ететiн өкiлiнiң
                 Т.А.Ә.)
20__ ж. «___»____________.

М.О.


20__ ж. «___»____________20__ ж. сағат «___» минутта қабылданды.

______      ________________________________________________


(қолы)          (өтiнiмдi қабылдап алған адамның Т.А.Ә.)
      Қатысушының аукциондық нөмiрi ____________ (аукцион өткiзiлетiн кезде көрсетiледi).

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 920 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 562 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 19, 166-құжат).


      2. «Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 40, 367-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 сәуiрдегi № 508 қаулысы (Қазақстан Республикасың ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 191-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1455 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 505-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 және 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 мамырдағы № 562 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 155-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1333 қаулысы.
      8. «Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 1639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 557-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 сәуiрдегi № 350 қаулысы.
      11. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет