Және алда тұрған міндеттері туралы есебі құрметті Жаңаөзен қаласының



жүктеу 202.15 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі202.15 Kb.


Жаңаөзен қаласы әкімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы

және алда тұрған міндеттері туралы

ЕСЕБІ
Құрметті Жаңаөзен қаласының

тұрғындары және кездесуге қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес,өткен жылғы қалада жасалған жұмыстардың қорытындысы және алда тұрған жоспарлармен таныстыру үшін өз есебімді баяндауға рұқсат етіңіздер.

2015 жылғы Жаңаөзен қаласы бойынша атқарылған шаралардың барлығы «Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын», Елбасының кезекті Жолдауында, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында берген және Үкіметтің, облыс әкімінің тапсырмаларын іске асыру арқылы жүргізіліп, экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталды.

Тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен ой пікірлерін жинақтауды қамтамасыз ету үшін қалада және қалаға қарасты ауылдарда 26 жерге жәшік орнатылды.

Бүгінгі есепті кездесуге дейін ауылдар бойынша 3 кездесу өткізіліп,оған 800 адам қатысты.

Ауылдарда өткен есеп беру кездесу кезінде 8 сұрақ,ұсыныс келіп түсті, оның ішінде жол, жер телімі, тұрғын үй, және жұмыссыздық мәселелері бар. Аталған сұрақтар арнайы іс-шара жоспарына енгізілді.



Өткен жылдың есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан 14 ұсыныс - пікір мен сұрақ келіп түскен болатын. Онда:

-Тұрғын үй бойынша 1 сұрақ - Қызылсай ауылында 4 пәтерлік екі тұрғын үй салынды;

- Балабақша бойынша 2 сұрақ – Қызылсай ауылында 320 орындық балабақша, кіріс жолымен салынды;

- Жол бойынша 6 сұрақ – Теңге ауылында көше асфальттанып, жаяу жүргінші жолына брусчатка төселген, Рахат ауылында бағдаршам қойылып, көшелері тегістелді. Қалған көшелер бойынша ЖСҚ жасақталған.

- 2 сұрақ байланыс – Қызылсай ауылында 370 үйге телефон, 129 үйге интернет желісі орнатылды. Теңге ауылында қаражат бөлінуіне қарай алдағы уақытта мәселе шешімін табады.

- Спорт саласы бойынша 1 сұрақ – Теңге ауылына спорт кешеніне жер телімі бөлініп, сметалық құжаттама жасақталды. Қаражат бөлуге ұсыныс берілді.

- Қоғамдық тәртіп бойынша 1 сұрақ – қала және ауылдарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тірек пункттері бар.

- Кәсіпкерлік бойынша 1 сұрақ – Рахат ауылынан базар салу үшін жер телімі бөлініп, құрылыс жобасы жасақталуда.

- Пошта қызметкерлерінің жұмысы бойынша 1 сұрақ – жұмыс жолға қойылды.

- Газ мәселесі бойынша 1 сұрақ - Қызылсай ауылында газ құбырларын көшеге шығару мәселесі бойынша жұмыс жоспарланды.

Осы жұмыстарды іске асыру мақсатында, қала әкімдігінің өкімімен бекітілген іс-шаралар жоспары жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізілді, нәтижесі «Жаңаөзен» газеті мен қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланып тұрды.

Өткен жыл ішінде қала әкімдігіне 252 заңды тұлғадан, 4888 жеке тұлғадан, барлығы 5140 арыз келіп түсті. Қала әкімінің жеке блогына 21 арыз келіп түскен. Барлық арыздарға жауаптар уақытында берілді. Сонымен бірге, есепті жыл ішінде 449 адам қала әкімінің жеке қабылдауында болды. 2015 жылы қала бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 39 163, оның ішінде мемлекеттік органдарда 26 075, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 8 437, электрондық түрде 4 651, мемлекеттік қызмет түрін алған адам саны барлығы – 98 361.



Халық саны 140,1 мың адамды құрады ,өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,4 мың адамға өскен (2014ж.- 135,7 мың адам).

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 111 834 млн.теңгені құрады (2014ж.– 137 850 млн.теңге). Нақты көлем индексі 92,2% құрады (2014ж. – 109,9%).

Есепті кезеңде барлығы 5,510 млн. тонна шикі мұнай өндірілді (2014ж.-5,3 млн.тонна), сәйкес кезеңмен салыстырғанда 103,4 пайызды құрап отыр. Оның ішінде Жаңаөзен қаласының аумағында өндірілгені 0,4 млн. тонна, (2014ж. – 0,4 млн. тонна). Өндірілген табиғи газдың көлемі 328,0 млн.текше метрді құрады (2014ж.– 389,7 млн.текше метр).



Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 24 630,4 млн.теңгені құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 98,2% құрады (2014ж. -23 840,7 млн .теңге).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 19 858,4 млн.теңгені құрап, өткен жыл деңгейіне 101,2% құрады (2014ж. – 18 129,4 млн.теңге).

Жалпы ауданы 92,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 114,7% құрады (2014ж.- 80,6 мың шаршы метр). Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлеміндегі негізгі үлесі халықтың қаражаты есебінен болып отыр.

Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа жалақы 321 465 теңгені құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,0%-ға өсті (2014ж. – 287 062 теңге).

Қала бюджеті 16 489,1 млн.теңгені құрап, 98,6%-ға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджеттің орындалысы- 99,2, ал республикалық бюджеттің орындалысы – 97,2 пайыз.

2016 жылға арналған қалалық бюджеттің көлемі – 14 242,3 млн.теңге көлемінде бекітілді.

Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болып отырған екі ірі мемлекеттік бағдарлама бар. Оның бірі – Кешенді жоспар. Жоспар шеңберінде 2015 жылы 5 957,0 млн.теңге бөлінді, соның ішінде: республикалық бюджеттен –

3 115,6 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 2 341,4 млн.теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты – 500,0 млн.теңге.

2015 жылы 15 инвестициялық жоба іске асырылды.



- «Мерей» ш/а (құны 614,4 млн.теңге.), «Арай» ш/а (құны 646,5 млн.теңге), «Астана» ш/а (құны 659,2 млн.теңге), Қызылсай ауылында ш/а (құны 649,3 млн.теңге) 320 орындық 4 балабақша құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Әскери комиссариат ғимаратының құрылысы» (жобаның құны 295,7 млн.теңге). Нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.



- Жаңаөзен қаласының 9 көшесін жарықтандыру желілерін қайта жаңғырту обаның құны 202,4 млн.теңге) жобасы бойынша Маңғыстау көшесінің жарықтандыру желілерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

- Бес спорт алаңдарын салу (жобаның құны 79,0 млн.теңге), бес ойын алаңшалары орнатылды (жалпы құны 79,0 млн.теңге). Екі нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

- Жеке меншік қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласында сауда-ойын сауық кешенінің құрылысы салынып, нысан пайдалануға берілді.



Осы бағдарлама бойынша 2016 жылы іске асырылатын жобалар:

1. «Жаңаөзен қаласындағы Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метр ауыз су сапасына дейін дайындайтын су тазарту құрылыстарын салу» жобасы.

2. «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарын сумен қамту желілерінің құрылысы.

3. Жаңаөзен қаласында 50 төсек–орындық медициналық емдеу орталығын (емхана) салу.

4. «Орталық қазандықты кіші ЖЭО-ға ауыстыра отырып, қайта жаңғырту және кеңейту».

Қалада жүзеге асып жатқан екінші бағдарлама - Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясындағы іс-шараларды іске асыруға барлығы 2015-2017 жылдарға 10 370,8 млн.теңге қарастырылды: РБ–8 787,1 млн.теңге, ЖБ–1 583,7 млн.теңге.

Жоспар аясында 2015 жылға іс-шараларды іске асыруға нақты барлығы 1 130,8 млн.теңге бөлініп, игерілді.Оның ішінде:

1) Шағын және орта бизнесті дамытуға барлығы 363,6 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.

2) Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға барлығы 805,2 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.

Қалада Үкіметпен бекітілген «Өңірлерді дамыту» бағдарла-масы жүргізілуде. Соның аясында өткен жылы республикалық бюджеттен – 51, 9 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Жоба бойынша:

1. Теңге ауылының 9 көшесіне жаяу жүргіншілер жолы жабындысының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 36,3 млн.теңге;

2. Рахат ауылындағы «Айгөлек» балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 15,6 млн.теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды.



Білім саласы. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ағымдағы жылы осы салаға 8 103,9 млн теңге бөлінді, бұл барлық қала бюджетінің 49,8 пайызын құрап отыр.

Қалада білім беру ұйымдарының жалпы саны - 75, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары - 45, жалпы білім беретін мектеп саны - 23; 2 - мектептен тыс, 71 мамандық бойынша маман даярлайтын 5 арнаулы оқу орны (3 мемлекеттік және 2 жекеменшік) бар.

Қала бойынша 25 508 (2014ж.-24 308 бала) бала білім алуда. Өткен оқу жылында мектеп бітірген 805 түлектің ҰБТ-ге 591 түлек қатысып, олардың білім көрсеткішінің орта ұпайы – 71,5 пайызды құрады (2014 жылы – -70,8). Бұл көрсеткіш облыста - 75,республикада – 79 ұпай болып отыр. Жас түлектердің 9 –ы «Алтын белгі», екеуі «Үздік аттестат» иегері атанды.

Мектептерде 1821 мұғалім жұмыс жасайды. Оның 62 пайызы жоғары білімді.

Өткен жылы білім беру мекемелеріне оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу мен жеткізуге 121, 6 млн. теңге бөлініп, 155 602 (2014ж. - 109 462 дана кітап) дана кітап алынды. 1-сынып оқушыларына мектеп формасын алуға 16,5 млн. теңге бөлінсе, аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға 80,6 млн теңге, 1-сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға бөлінген 85,0 млн. игерілді.

Қаладағы аз қамтылған отбасы оқушы балаларына қолдау көрсету мақсатында 4986 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қала бойынша 7-13 жас аралығындағы 21491 оқушының, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ және басқа да мұнай мекемелерінің демеушілігімен ел көлемінде – 2632, шел елдерде - 879 баланың жазғы демалысы мен сауықтырылуы ұйымдастырылды.



«Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны 13984 (өткен жылы-13093) болса, оның білім мен тәрбие мен қамтылғаны 12941 (өткен жылы -10460), яғни 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы 92,5% (өткен жылы-80,0% болған). Соның ішінде мемлекеттік балабақшада - 5998, жекеменшік балабақшада - 1086 бала тәрбиеленуде.

Өткен жылы «Самал»??????? Сонымен бірге қаладағы № 15 орта мектепке 288 орындық қосымша құрылыс салу жоспарланды. Бұл жоба бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде аталған мектеп сыйымдылығына байланысты орын алып отырған мәселе толығымен шешіледі.

Біз облыстағы екі қаланың бірі ретінде білім саласы жағынан көрсеткіштеріміздің деңгейін көтеруіміз қажет. Сол себепті білім стандарттары талабына жауап бере алатын шәкірт дайындау,оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейін жоғарылату мақсатында дарынды балаларға арналған қосымша білім беру орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, осы бағытта қалада қазіргі таңда қазақ-түрік лицейі жұмыс жасауда.

Қала бойынша денсаулық сақтау саласы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып, тиісті жұмыстарды атқаруда. Тұрғындарға 7 мемлекеттік, 4 жекеменшік медициналық мекеме қызмет көрсетеді.

2015 жылы қала бойынша 4287 бала дүниеге келген (өткен жылы – 4316). Ана өлімі тіркелмеген. Сәби өлімінің деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2014 жылы 10,4 пайызды құраса (45 сәби), 2015 жылы бұл көрсеткіш 9,6 пайызға (41 сәби) төмендеді.

Туберкулезбен ауыратын адам саны 68 болып, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 49,2 промильді құрады. Туберкулезден қайтыс болу өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға төмендеген. Онкологиялық аурумен 451 адам (2014ж.-467 адам) диспансерлік есепте тұр. Қан тамырлары жүйесімен ауыратындар саны-1753 адам (2014 ж.-2308). Жедел жәрдем станциясы бойынша тәулігіне 12 бригада халыққа қызмет көрсетеді.

Қаладағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында (медициналық керует, өкпені жасанды желдету аппараты,плантоскоп, электроэнцефалография, ультрадыбыстық зерттеу аппараты) барлығы 50,5 млн. теңгеге құрал-жабдықтары алынды.

Медицина саласының өзекті мәселелері бар. Бірінші кезекте - кадр тапшылығы сезілуде, оған байланысты маман шақыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Сонымен бірге қаладағы денсаулық сақтау жұмысын жақсарту мақсатында кейбір мәселелерді жедел шешу қажеттілігіне байланысты облыстағы басқарма басшысының Жаңаөзен қаласы бойынша орынбасары мен медициналық көмекті үйлестіру бөлімінің басшысы лауазымдық штаттары енгізіліп, мамандардың бекітілуі күтілуде. Сала қызметінің сапасын арттыру мақсатында «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілік қаражаты есебінен 50 төсек-орындық медициналық емдеу орталығының (емхана) құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, 2016 жылы қаладағы № 1 емхана ғимараты күрделі жөндеуден өткізілетін болады.



Мәдениет-спорт саласы бойынша қалада 3 мәдениет үйі және Қызылсай, Теңге ауылдары мен қаладағы шағын аудандарда бөлімшелері бар орталық кітапхана, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімшесі қала тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді. «Мұнайшы» мәдениет үйінде 23 өнер ұжымы мен 38 үйірме, «Шаңырақ» мәдениет үйінде -5 өнер ұжымы мен 4 үйірме, «Ата мұра» мәдениет үйінде 3 ұжым, 6 үйірме жұмыс жасайды.

Өткен жыл еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті. Осы бағытта өткен жылы 353 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, онда 101329 көрермен қамтылды.

Рахат ауылындағы мәдениет үйінің жобалық құжаты дайын. Қалада балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, 3000 орындық стадион, 3 ірі спорт залы («Арман», «Коммунальник», «Өрт сөндіру залы») 25 спорт алаңы,6 аула клубы, денешынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс жасайды. Қала бойынша барлығы 27 867 адам спортпен шұғылданады. Оның ішінде 18 460-ы мекеме қызметкерлері, арнаулы орта білім беру ұйымдарында – 416, жалпы білім беру ұйымдарында - 6200, балалар аула клубтарында – 560, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде – 2231 оқушы бар.

Қала спортшылары халықаралық жарыстардан -114-і, республикалық жарыстардан – 42-сі, облыстық жарыстардан – 53-і жүлделі орындарға ие болды. Жыл басынан бері барлығы 70 спорт жарысы ұйымдастырылып, оларды 50 мыңға жуық көрермен тамашалады.

Қызылсай ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін құру үшін құжаттар рәсімделуде.

Үстіміздегі жылы «Энергетик» спорт кешені, оның ішінде бассейн күрделі жөндеуден өткізіледі, оған 83,7 млн.теңге бөлінді. «Бизнес - инкубатор» ғимаратындағы спорт залды күрделі жөндеуден өткізуге 40 млн. теңге бөлінді.



Әлеуметтік сала. 2015 жылы әлеуметтік салаға барлығы 988,7 млн. бөлінді, бұл қала бюджетінің 6,1 пайызын құрайды.

Жұмыссыздық есебіне жыл басында 3715 адам тіркелді. Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау шаралары бойынша 345,7 млн. теңге қарастырылды. Қоғамдық жұмысқа 1201 адам жолданып 291,7 млн. теңге игерілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 175 адам жолданып, 26,8 млн. теңге игерілді, жастар практикасына 165 адам жолданып, 26,2 млн. теңге игерілді.

Оның ішінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 444,5 млн. теңге қарастырылды.

Өткен жылы кедейшілік шегінен төмен тұрған 1060 адамға 22,9 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, орташа табысы азық-түлік себетінен аспайтын 1253 балаға 12,2 млн. теңге балалар жәрдем ақысы төленді. Бұдан басқа 58 жанұяға 1,8 млн. теңгенің тұрғын үй әлеуметтік көмегі көрсетілді және атаулы күндер мен мерекелік күндерге орай 9971 адамға 263,7 млн. теңге жәрдемақы төленді.

Облыстың гранты бойынша оқитын 163 студентке (67-білім, 87-медицина,6-спорт,2-мәдениет,1-ауыл шаруашылық маман-дығы бойынша) 125,0 млн. теңге көмек көрсетілді. 2015 жылы барлығы 22 жас маман оқу орындарын бітіріп, жұмысқа орналасты. Оның 15 – білім саласы, 6- медицина, 1- спорт саласы қызметкерлері. (2016 жылы барлығы 17 маман оқу бітіреді).

Жаңаөзен қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының 4 ардагеріне Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай арнайы Елбасының жеке құттықтауы жеткізілді. ТМД елдерінде жерленген боздақтардың басына барып зиярат етуші 4 адамға

0,5 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қала бойынша материалдық көмекке мұқтаж 571 адамға 19,9 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Үстіміздегі жылы да әлемдік нарықтағы жағдайға қарамастан Елбасының тапсырмасына сәйкес негізгі әлеуметтік төлемдер сақталатын болады.



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы қалада тиісті деңгейде жүргізілуде.

1-бағыты: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 3 ауылға балалар ойын алаңшалары орнатылды. Осы мақсатта 16,6 млн.теңге игерілді. Іске асырылған жобалар аясында 15 адам жұмыспен қамтылды.

2-бағыты: «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша шағын несие беруге 15 млн. теңге қаражат қаралды. «Ауыл шаруашылық қаржылай қоры» АҚ-на 5 адамның құжаты тапсырылып, нәтижесінде өз ісін ашуға және кеңейтуге 3 бағдарламаға қатысушы 9,0 млн.теңге несие алып, жоба бойынша өз істерін бастады. (1-мал шаруашылық,1-шаштараз, 1-автокөлік жөндеу орталығы).

Кәсіпкерлік негіздері курсында Ақтау қаласында 10 адам оқытылды.

3-бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша:

Әлеуметтік жұмыс орындарына 7,0 млн.теңге қаражат қарастырылып, әлеуметтік жұмыс орнына 14 мекеме 63 адам жұмысқа жолданды.

Жастар практикасына 25 орынға 5,4 млн. теңге қаражат қарастырылып, 13 мекемеге 29 жас маман жұмысқа жіберілді.

Жалпы жыл басынан бері қала бойынша 4339 жаңа жұмыс орны құрылды (2014ж. – 4334 жұмыс орын). Атап айтсақ: әлеуметтік жұмыс орны - 238, жастар практикасы - 194, уақытша және маусымдық орындарға - 1325, тұрақты жұмыс орындары - 2582. Бұл жұмыс орындарының негізі қалада ашылған жеке кәсіпкерлік нысандардың және мемлекеттік мекемелердің есебінен болып отыр. Қаладағы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы және басқа да мұнай компаниялары мораторий жариялауына байланысты бірде-бір адамды жұмысқа алған жоқ.

Үкіметпен қабылданған тағы бір маңызды құжат - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және мекен ету үшін келген 12 маманға (Қызылсай-1, Теңге-8, Рахат-3) жергілікті бюджеттен 1,7 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілді. Қызылсай ауылына келген білім саласының маманына тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 2,6 млн. теңге қаражат берілді.

Жаңаөзен қаласы бойынша шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер саны – 8679 (2014 ж.-8250) 5,2 пайызға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны - 20467 адам, (2014ж.-20105) көрсеткіш 1,8 пайызға өсті.

Шағын және ота кәсіпкерлік субьектілерімен өндірілген өнімнің көлемі – 2285,6 млн.теңге (2014 ж. 2014,2 млн.теңге). Шағын және орта кәсіпкерлерден бюджетке түскен түсім көлемі – 9462,9 млн.теңге (2014ж.7549,9 млн.теңге). 2015 жылы «Бизнес кеңесші» жедел курсына 310 адам оқытылып, сертификатқа ие болды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша субсидиялауға – 112,4 млн.теңге бөлініп,толық игерілді(19 жоба - несиенің көлемі 684,8 млн.теңге);106 жаңа жұмыс орны құрылды.

- гранттар беру – 25,0 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді (9 жоба – несиенің көлемі 26,0 млн.теңге, соның ішінде 2 жоба - 2014 жылғы); 26 жаңа жұмыс орны құрылды.

- кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге несие беру – 2015 жылға бөлінген 70,0 млн.теңге толық игерілді;

Өндірістік алаң (технопарк) Жаңаөзен қаласының өндірістік аймағынан кәсіпкерлерге жерді жалға беру мақсатында жалпы аумағы 30,0 ГА жер телімі бөлінді. 2016 жылға инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға – 45,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 13 жеке кәсіпкерге жер телімдері бөлініп, 6 кәсіпкердің жобасына қала әкімінің қаулысы қабылданды. Кәсіпкерлер құрылыс жұмыстарын бастады.Ағымдағы жылы ішкі инфрақұрылымы жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2015 жылы 657,3 млн.теңгені, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады. Қала және оған іргелес елді мекендер бойынша 9628 мал басы тіркелген. Ауыл шаруашылығы малдарына эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2,1 млн.теңгесі игерілді. Бұдан басқа, қаңғыбас және бұралқы ит-мысықтарды жоюға 4,1 млн.теңге игерілді. Барлығы 1427 қаңғыбас, иесіз ит жойылды.

Есепті кезеңде 2670 тонна ет сатылды және егін шаруашылығы бойынша шаруа қожалықтары 122 ГА жерге көкөніс-бақша дақылдары егіліп, өндірілген 3000 тонна өнім сатылды.



Жол мәселесі. Жаңаөзен қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 353,0 шақырымды құрайды. Соның ішінде 195,7 шақырымы төселімдері қатты жолдар (55,4%).

2015 жылы 9,5 шақырым автокөлік жолы құрылысы және 5,5 шақырым автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Елді-мекендегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 45,8 млн.теңге бөлініп, жоспарлы жұмыстар жасалды.

Қоғамдық көлікпен тұрақты жолаушыларды тасымалдау қызметі бойынша қала мен 3 ауыл тұрғындарын қоғамдық көлікпен тасымалдауға 10 маршруттық бағыт бойынша 3 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Осы бағытта шағын автобустардың көпшілігінің ескі болуына байланысты жеке кәсіпкер екінші деңгейлі банктен несие алу жолымен, қазіргі заманға сай 4 шағын автобус алып, тұрақты жолаушылар тасымалы жүйесіне қосылды.Қазіргі таңда барлығы 73 автокөлік бар, онда 149 адам жұмыспен қамтылған.

Жаңа шағынаудандардың көбеюіне байланысты тұрғындар сұранысын қанағаттандыруға байланысты қала ішілік маршруттар сызбалары қайта жасақталуда.

Алдағы уақытта қала, Рахат және Қызылсай ауылында барлығы 13 көшеге жол құрылысы жүргізіледі. Сонымен бірге, «Жаңаөзен-Құланды» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмысы аяқталады.



Санитарлық тазалау, көгалдандыру, абаттандыру. Санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 913 млн.теңге; көгалдандыру мен абаттандыруға 389,3 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Кешенді жоспар аясында "Шаңырақ" шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілді, ауданы 1,9 мың шаршы метр асфальтобетондар, жаяу жүргінші жолдары және кеңейтілген автотұрақтар, 7 балалар ойын алаңы салынып, жаңадан 5 аялдама және әлуметтік нысандарға пандустар орнатылды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинатынан 2015 жылы 8 184 тонна іріктелген тұрмыстық қатты қалдықтардан, тас төсеуіштер және жол жиектері өнімдер өндіріліп, жаңадан орнатылған аялдамаларға тас төсеуіштер төселінді.

Қаладағы Н.Марабаев, Н.Тлендиев, Абай көшелерін, «Рауан», «Мұнайлы»,3 «А» шағынаудандары мен темір жол станциясы тұрғын үйлері, «Мұнайшы» мәдениет сарайының аймағын абаттандыру үшін мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.Сонымен қатар, қаланың кіреберіс жолына көкжелектер өсіру жұмысы басталады және «Кендірлі» демалыс аймағынан жағажай құрылысына жоба жасақталынып, іске асыру жоспарлануда.



Инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық сала. Қала бойынша электр желілерінің ұзындығы - 1209,79 шақырымды құрайды. Трансформаторлық пункттер саны - 288 дана. Электр энергиясын үнемдеу мақсатында «Астана» ш/а №6,7,8,8,10,11 көшелеріне «Электр энергиясын автоматты коммерциялық есептеу жүйесін 205 дана және 359 жарық шамдар орнатылды.

Ұзақ жылдар бойы үздіксіз пайдалануда болуы және тұтынушылардың көбеюіне байланысты электр желілерінің 60 пайызы қайта жөндеуді қажет етеді. Осыған сәйкес, көп қабатты тұрғын үйлер мен трансформаторлық подстанция аралығындағы кабель желілерін жаңартуға, жеке тұрғын үйлер секторларында көшелерді жарықтандыруға ЖСҚ жасақталуда.

Қала бойынша орталық жылу қазандығы мен 32 автономды жылу қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олар үздіксіз жылумен қамтамасыз етеді.

Ыстық су мен жылу тасымалдайтын сыртқы жылу желілердің ұзындығы – 192,32км.

Күзгі, қысқы кезеңге дайындық ретінде қала ішілік сыртқы жылу желілерінде ұзындығы 672 метр құбыр ауыстырылып, осы мақсатқа 23, 4 млн.теңге қаражат теңге жұмсалды.

Тұтынушылар қатарына 472 ұйым мен 251 көп қабатты тұрғын үйлер жатады.Кешенді жоспарға сәйкес, «Орталық жылу қазандығын қайта жаңарту және кеңейту мен кіші ЖЭО-ға аударудың» және «Сыртқы жылу жүйелерін жаңарту мен кеңейту арқылы 4 құбырлы жүйеге өту жұмыстары» аясында, жылу энергиясына сатып алынатын салқын судың көлемінен 45 % үнемделді.

Кешенді жоспарға сәйкес «Жаңарту және кеңейту арқылы Орталық жылу қазандығын кіші ЖЭО-ға ауыстыру» бойынша жұмыстар осы жылы аяқталады.Осы нысан іске қосылғаннан кейін:

- жазғы, қысқы кезеңдерде үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз етуге, электрэнергиясын өндіруге және сатуға қол жеткізіледі;

- 168 адамға қосымша жаңа жұмыс орны құрылады.

Орталық жылу қазандығын салқын сумен қамтитын, НСП-3 –тен келетін құбырлардың тозығы жетуіне байланысты құны 34 млн теңгені құрайтын ЖСҚ жасақталды.

Жалпы қалаға ауыз су ресурстары «ҚазТрансОйл» АҚ БФ және «Су өндіру және тасымалдау» ЖШС арқылы қамтамасыз етіледі.

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ы тарапынан Кендірлі демалыс орны аумағынан тәулігіне 90 000 текше метр теңіз суын тұшытатын қондырғы және сорап станциясының ЖСҚ-сы жасақталды. Осы аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілген жағдайда қала тәулігіне 30 000 текше метр сумен қамтамасыз етіледі.

Қаламыздағы өзекті мәселелердің бірі – канализациялық-тазарту имаратын жаңғырту. Өткен жылы осы бағыттағы құрылыстың І кезеңі аяқталып, қазіргі таңда іске қосу және қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.

Аталған жобаны іске асыру негізінде тазартылып өңделген су арқылы қаладағы жасыл желектерді техникалық сумен суаруға қол жеткіземіз.



Газбен жабдықтау және техникалық қызмет көрсету бойынша қалада «ҚазТрансГазАймақ» АҚ МӨФ Жаңаөзен газ учаскесі айналысады.

Қазіргі таңда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қарасты жалпы ұзындығы 549 854 м құрайтын жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырлары бар. Қала бойынша 3 дана «Газ тарату станциясы», 25 дана – «Газ тарату бекеті» және 64 дана – «Шкафты газ тарату бекеттері», барлығы 92 таратушы қондырғылар бар.

Қала және іргелес елді мекендердегі газ тұтынушылар саны 27854 – ті құрайды.

Қызылсай және Теңге ауылдарында әртүрлі диаметрде және қысымдағы 120 метр газ құбырлары ауыстырылып, 6 дана ГРПШ ауыстырылды.

Қаладағы әрқайсысы 40 пәтерден тұратын 10 көп қабатты тұрғын үйдің ЖСҚ-ры жасақталды. Соның ішінде 2 көп қабатты үйдің (барлығы 80 пәтер) құрылысы жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде.«Тобылғы-2005» ЖШС-не сондай әрқайсысы 40 пәтерден тұратын 4 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын өз қаражаты есебінен салу мақсатында жер учаскесі берілді. Келісімшартқа сәйкес, бұл мекеме салынатын пәтерлердің 30%-ын апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарына беруі тиіс. Қызылсай ауылында әрқайсысы 4 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы салынды. Осы жылға Теңге ауылынан сондай 2 үйдің құрылысын салу жоспарлануда.

180 пәтерден тұратын 5 қабатты тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-ры жасақталған болатын. Бюджеттік сала қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, ЖСҚ-ны қайта қарап, алдағы уақытта аталған тұрғын үйді жатақхана ретінде салу көзделуде.



Қылмыстық ахуал. Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасында криминалдық полиция бағыты бойыншы 2015 жылы 1657 қылмыс оқиғасы тіркелген, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 241 дерекке немесе 12,7 %-ға төмендеген (2014ж.– 1898 ). 588 қылмыс ашылып, ашылу деңгейі 42,2 % құрады (2014ж. – 1898 қылмыс, оның 758-і ашылып, ашылуы – 38,1%). Тонау 60 дерек (2014ж.- 72); ұрлық 925 дерек (2014ж.- 979). Аса ауыр қылмыс – 4 дерек (2014ж.– 4 дерек). Қоғамдық орындарда болған қылмыс саны – 393 (2014ж.- 408). Бұзақылық-197 (2014ж.-329). Қала аумағына қарасты авто жолда 80 көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде 11 адам қаза болған, 96 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Өткен жылдың 12 ай ішінде 87 жол көлік оқиға салдарынан 4 адам қаза болып 106 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған. Алаяқтық бойынша – 117 (2014 ж.105) дерек орын алған.

Жасөспірімдермен болған қылмыс саны – 13 дерек, өткен жылмен салыстырғанда 8 дерекке төмендеген (2014ж. – 21 дерек). Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде келу – 18 (2014ж.– 39) дерек.

Қалада барлығы 38 бейнебақылау жұмыс жасап тұр. Ағымдағы жылы шағынаудандарға қосымша үй аралық бейнебақылау орнату жұмыстары жоспарлануда.

Жыл басынан бастап жергілікті полиция қызметі құрылды. Бұл орган қоғамдық тәртіпке, тұрмыстық қылмыстарға қарсы күреске жауап береді, жол полициясының қызметін де атқарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасының тиімділігін арттыру мақсатында қала әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Комиссия отырысы жоспар бойынша өткізіліп отыр.Жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалада алдағы уақытта да жалғасып, үнемі бақылауда болады.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында алдағы уақытта шешуді қажет ететін бірнеше жобалар бар. Бұл бағытта жергілікті атқарушы орган тарапынан салалық министрліктермен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ:

1. Жаңаөзен қаласының «Рауан» шағын ауданындағы 900 орындық мектептің құрылысы (2016-2017жж.);

2. Жаңаөзен қаласында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақшаның құрылысы (2016-2017жж.);

3. Оқушылар сарайы мен кітапхананың құрылысы;

4. Мұнай және газ колледжі жаңа нысанының құрылысы.

5.Жолдың ұзындығы 22,01 шқ. жолдарды салу (2016-2017ж.ж.).

Сонымен қатар, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігіне байланысты біздің бақылауымызда тұрған орындалуы кезекті күттірмейтін төмендегідей жұмыстар бар. Нақтырақ айтқанда:



1.Жұмыссыздықтың санын азайту, халықты жұмыспен қамту шараларын жүргізу;

2.Орталық жылу қазандығы іске қосылғаннан кейін көпқабатты тұрғын үйлерді жазғы мезгілде тұрақты түрде ыстық сумен қамтамасыз ету;

3. Теңге және Рахат ауылдарында су мәселесін шешу үшін су сақтау резервуарлары мен насос стансаларын салу үшін жоба жасақтау.

4.Технопарк алаңына инвесторлар тарту және жаңа өндірістер ашу.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет