Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы


Жер қойнауы ЖӘНЕ ОНЫҢ РЕСУРСТАРЫ туралы жалпы ережелер



жүктеу 4.73 Mb.
бет3/34
Дата02.02.2018
өлшемі4.73 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Жер қойнауы ЖӘНЕ ОНЫҢ
РЕСУРСТАРЫ туралы жалпы ережелер




    1. Жер қойнауы және оның ресурстары

1. Топырақ қабатынан төмен, ал ол болмаған кезде жер бетінен төмен орналасқан жер қыртысының бөлігі, су айдындары мен ағын сулардың түбі жер қойнауы деп танылады.

2. Осы Кодексте мынадай ресурстарға қатысты жер қойнауының пайдаланылуы реттеледі:

1) пайдалы қазбалар;

2) техногендік минералдық түзілімдер;

3) жер қойнауының кеңістігі.



Жер қойнауына меншік

1.Жер қойнауы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншігінде болады.

2.Мемлекет осы Кодексте көзделген негіздерде, шарттарда және шектерде жер қойнауын пайдалануға береді.

3.Жеке және заңды тұлғалардың жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзатын іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. Жер қойнауына мемлекеттік меншікті бұза отырып жасалған мәмілелер маңызсыз мәмілелер болып табылады.



Пайдалы қазбалар және олардың сыныптамасы

1. Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері оларды материалдық өндіріс саласында және тікелей немесе қайта өңделгеннен кейін тұтыну саласында пайдалануға мүмкіндік беретін, пайдалы құрауыштары бар табиғи минералдық түзілімдер мен органикалық заттар пайдалы қазбалар болып танылады.

2. Өзінің экономикалық маңызы бойынша және жер қойнауын пайдаланудың тиісті шарттарын белгілеу мақсатында пайдалы қазбалар мынадай топтарға бөлінеді:


  1. жерасты сулары;

  2. көмірсутекті пайдалы қазбалар (көмірсутектер);

қатты пайдалы қазбалар.

3. Мұнай, шикі газ және табиғи битум көмірсутектер деп танылады.

Шикі мұнай, газ конденсаты, сондай-ақ шикі мұнайды тазартқаннан кейін және жанғыш тақтатастарды, мұнай битумды жыныстарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер мұнай деп танылады.

Үлес салмағына қарамастан, қалыпты атмосфералық температурада және қысым кезінде жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын, оның ішінде шикі газдан табиғи конденсаттау жолымен түзілген кез келген көмірсутектер шикі мұнай деп танылады.

Үлес салмағына қарамастан, жер қойнауынан қалыпты атмосфералық температурада және қысым кезінде газ тектес күйде алынатын кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, қатпарлы газ, көмiр қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмiрсутексіз газдар шикі газ деп танылады.

Мұнайдың құрамында қатталған жағдайларда еріген күйде кездесетін және қысым төмендеген кезде одан бөлініп шығатын көмірсутектердің және көмірсутекті емес газдардың көп құрауышты қоспасы ілеспе газ деп танылады.

Көмір кен орындарынан өндірілген, қалыпты атмосфералық температурада және қысым кезінде газ тектес күйде болатын, құрамында метан басым болатын көмірсутектердің және көмірсутекті емес газдардың көп құрауышты қоспасы көмір қабаттарының метаны деп танылады.

Табиғи жағдайда ұңғымалық әдістермен өндіру техникалық жағынан мүмкін емес, жер қойнауында қатты, тұтқыр және тұтқыр-пластикалық күйде жататын, бастапқы көмірсутек негізі бар органикалық текті пайдалы қазбалар табиғи битум деп танылады.

4. Жер қойнауында немесе жер бетінде қатты күйде болатын табиғи минералдық түзілімдер, органикалық заттар мен олардың қоспалары қатты пайдалы қазбалар деп танылады.

Қатты пайдалы қазбалар кендік және кендік емес болып бөлінеді.


Саф металдар, қара, түсті, сирек, радиоактивті металдардың және сирек кездесетін жер элементтерінің кендері кендік қатты пайдалы қазбалар деп танылады. Қалған қатты пайдалы қазбалар кендік емес деп танылады.

Құрылыс және өзге де шаруашылық мақсаттарында табиғи күйінде немесе болмашы өңделумен және тазартыла отырып пайдаланылатын және жер қойнауында кең таралған кендік емес қатты пайдалы қазбалар кең таралған болып танылады. Кең таралған қатты пайдалы қазбаларға мыналар: мәрмәрлар, кварциттер, кварцты-далалық шпат жыныстары, граниттер, сиениттер, диориттер, габбро, риолиттер (липариттер), андезиттер, диабаздар, базальттар, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар, ұсақ жұмыр тастар мен қиыршық тастар, қиыршық тас-құм (құмды-қиыршық тас) қоспалар, құмдар және құмдауықтар, саздақ және саздақты жыныстар (суглинкілер, алевролиттер, аргиллиттер, балшықты тақтатастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде ұлутастар, бор жыныстары, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, кремний жыныстары (трепелдер, опокалар, диатомиттер), табиғи пигменттер, торфтар, емдік балшықтар жатады.



Техногендік минералдық түзілімдер, техногендік

минералдық түзілімдерге арналған құқықтар

1. Тау-кен өндіру, тау-кен-қайта өңдеу және энергетикалық өндірістердің пайдалы құрауыштары және (немесе) пайдалы қазбалары бар қалдықтарының шоғыры техногендік минералдық түзілімдер деп танылады.

Тау-кен өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдеріне жер қойнауынан айырып алу процесінде тау-кен жыныстарынан қатты пайдалы қазбаларды бөліп алу нәтижесінде түзілетін қатты пайдалы қазбаларды өндірудің қалдықтары (аршылым, қоршауыш жыныс, шаңдар, кенеусіз (кондициялы емес) кен) жатады.

Тау-кен-қайта өңдеу өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдеріне кен байыту өндірістері (байыту қалдықтары мен шламдары) және (немесе) химиялық-металлургиялық өндірістер қызметі (шлактар, кектер, клинкерлер және металлургиялық қайта жасау қалдықтарының басқа да осыған ұқсас түрлері) нәтижесінде түзілетін қайта өңдеу қалдықтары жатады.

Энергетикалық өндірістердің техногендік минералдық түзілімдеріне өндіруші қондырғылармен электрлік және (немесе) жылу энергиясын өндіру кезінде отынның жануы нәтижесінде түзілетін қатты қалдықтар (күлдер, күлшлактар) жатады.

2. Жер қойнауы учаскесі шегінде орналасқан техногендік минералдық түзілімдер осы учаскеге тиесілі болып табылады.

Пайдаланудағы жер қойнауы учаскесінің шегінен тыс орналасқан химиялық-металлургиялық немесе энергетикалық өндірістер қызметі нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдер аталған өндірістерге тиесілі болып табылады. Осындай техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес осы техногендік минералдық түзілімдердің орналасқан полигоны (полигонының бір бөлігі) жабылатын кезге дейін өндірістердің меншік иесінде сақталады.

3. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінде осы жер қойнауын пайдаланушының қызметі нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы жер қойнауын пайдалану құқығы қолданылатын мерзімде сол жер қойнауын пайдаланушыда сақталады.

Техногендік минералдық түзілімдердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың ережелерін ескере отырып, өздеріне пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесіндегі қызмет нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдерді иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге, сондай-ақ оларды үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға құқылы.

Көрсетілген техногендік минералдық түзілімдерді жер қойнауы учаскесінен немесе олар орналасқан полигоннан алып қоймай үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға, осы баптың 2-тармағында көзделген жер қойнауын пайдалану құқығының немесе тиісінше өндіріске меншік құқығының өту жағдайларынан басқа, жол берілмейді.

Пайдаланудағы жер қойнауы учаскесінде орналасқан техногендік минералдық түзілімдерді үшінші тұлғаларға иеліктен шығарған жағдайда, оларды алып қою жер қойнауын пайдалану құқығының қолданылу кезеңінде жүзеге асырылуға тиіс.

4. Тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу (байыту) өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген шектеулерді ескере отырып, қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия бойынша немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.

5. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін немесе тиісінше полигон (полигонның бір бөлігі) жабылғаннан кейін жер қойнауы учаскесінде қалдырылған техногендік минералдық түзілімдер жер қойнауы құрамына қосылады.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауы құрамына қосылған техногендік минералдық түзілімдерге қатты пайдалы қазбалардың құқықтық режимі қолданылады.



Кен орындары және олардың сыныпталуы

1. Өзінің сандық, сапалық және тау-кен-техникалық сипаттамалары бойынша оң экономикалық әсері бар өнеркәсіптік әзірлеме үшін жарамды болуы мүмкін пайдалы қазбаның (пайдалы қазбалардың) табиғи немесе техногендік шоғыры кен орны деп танылады.

2. Пайдалы қазбалар ресурстарының немесе қорларының шамасы және олардың экономикалық маңыздылығы бойынша ірі кен орындары жеке санатқа бөлінеді.

3. Қатты пайдалы қазбалардың мынадай ресурстарды қамтитын кен орындары ірі деп танылады:




Пайдалы қазба, өлшем бірлігі

Саны

Темір кені, млн. т

>100

Марганец кені, млн. т

>50

Хромит кені, млн. т

>30

Мыс, млн. т

>5

Қорғасын, млн. т

>5

Мырыш, млн. т

>5

Бокситтер, млн. т

>50

Никель, мың т

>50

Вольфрам, мың т

>100

Молибден, мың т

>200

Алтын, т

>250

Кокстелетін көмір, млн. т

>50

Энергетикалық көмір, млн. т

>500

Қоңыр көмір, млн. т

>500

Жанғыш тақтатастар, млн. т

>500

Фосфориттер (кен), млн. т

>200

Күкірт қышқылды, аралас калий тұздары, млн. т

>100

Мынадай геологиялық қорлары бар көмірсутекті кен орындары ірі кен орындары деп танылады:




Пайдалы қазба, өлшем бірлігі

1


Саны

2


Мұнай, млн. т

>100

Табиғи газ, млрд. м3

>50



Өндірілген пайдалы қазбаларға меншік

Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, өндірілген пайдалы қазбалар меншік құқығында жер қойнауын пайдаланушыға (мемлекеттік заңды тұлғаға – шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында) тиесілі.



Жер қойнауы кеңістігі

Геотехникалық, геологиялық, экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып, өндірістік, ғылыми немесе өзге де қызмет объектілерін орналастыру үшін орта ретінде пайдаланылуы мүмкін жер қойнауының үш өлшемдік кеңістіктегі қасиеті жер қойнауы кеңістігі болып табылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет