Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы



жүктеу 4.73 Mb.
бет4/34
Дата02.02.2018
өлшемі4.73 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

ІІ БӨЛІМ. Жер қойнауын пайдалану




    1. Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы жалпы ережелер




Жер қойнауын пайдалану құқығы ұғымы мен оның мазмұны





  1. Жер қойнауын пайдалану құқығы осы Кодекспен қамтамасыз етілген, жер қойнауын кәсіпкерлік мақсатта бөліп берілген учаске шегінде белгілі бір мерзім ішінде өтеулі негізде пайдалану мүмкіндігін білдіреді.

  2. Жер қойнауын пайдалану құқығы бөлінбейтін заттай құқық болып табылады. Осы Кодекстің ережелері ескеріле отырып жер қойнауын пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады, өйткені бұл заттық құқықтың табиғатына қайшы келмейді.

3. Жер қойнауын пайдалану осы Кодексте белгіленген тәртіпте, шарттарда және шектерде жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері





  1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін.

  2. Жер қойнауын пайдалану құқығының иелері бір мезгілде бірнеше тұлға болуы мүмкін. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын иелену ортақ болып табылады. Жер қойнауын пайдалану құқығын ортақ иелену жер қойнауын пайдалану құқығы бір мезгілде екі немесе одан да көп тұлғаға берілген жағдайда немесе жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы нәтижесінде туындайды.

Жер қойнауын пайдалану құқығын екі немесе одан да көп тұлғаның ортақ иеленуіне осы тұлғалардың әрқайсысының осындай құқықтағы үлестерін айқындай отырып қана жол беріледі.

Жер қойнауын пайдалану құқығын ортақ иеленуге Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының жалпы үлестік меншік қатынастарын реттейтін нормалары қолданылады.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдалану құқығының иесі бір ғана тұлға болуы мүмкін.


  1. Осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы мүмкін.



Жер қойнауын пайдалану құқығының

объектісі ретіндегі жер қойнауы учаскесі

1. Осы Кодекске сәйкес пайдалануға берілетін, белгілі бір кеңістікті шекаралары бар жер қойнауының геометрияланған бөлігі жер қойнауы учаскесі деп танылады.

Жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары географиялық координаттары нүктелері (жер қойнауының аумағы) мен үстіңгі және төменгі кеңістік шекараларын қалыптастыратын тереңдік арасындағы тікелей сызықтан шығатын шартты жазықтықтардан құрылады.

Жер қойнауы учаскесінің үстіңгі кеңістік шекаралары – топырақ қабатынан төмен, ал ол болмаған кезде жер бетінен және (немесе) су айдындары, су ағындары түбінен төмен орналасады. Жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістік шекаралары геологиялық зерттеу және игеру үшін қолжетімді тереңдікте орналасады.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауы учаскесінің үстіңгі және (немесе) төменгі кеңістік шекаралары өзге де тереңдікте орналасуы мүмкін.

2. Пайдалы қазбаларды барлау (барлау учаскесі) жөніндегі операцияларды және геологиялық зерттеу (геологиялық зерттеу учаскесі) жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің аумағын сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы шартты түрде, әрбір тарапы координаттардың географиялық жүйесінде бір минутқа тең болатын блоктарға бөлінеді. Жиырма бес блок әрбір тарапы координаттардың географиялық жүйесінде бес минутқа тең болатын блоктардың кіші секциясын құрайды. Жүз блок әрбір тарапы координаттардың географиялық жүйесінде он минутқа тең болатын блоктар секциясын құрайды.

Әрбір блоктың және блоктардың кіші секциясының және секциясының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін өздерін сәйкестендіруші координаттары мен жеке кодтары болады. Барлау учаскесінің (барлау аумағы) немесе геологиялық зерттеу учаскесінің (геологиялық зерттеу аумағы) аумағы бір немесе одан көп блоктардан тұруы мүмкін. Егер аталған аумақ екі немесе одан да көп блоктан тұратын болса, осы аумақтағы әрбір блоктың оның ең болмағанда басқа бір блогымен ортақ тарапы болуға тиіс.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда, барлау аумағы блоктың немесе блоктардың бөлігін қамтуы мүмкін, олардың әрқайсысының осындай аумақтың басқа блогымен немесе оның бөлігімен ортақ тарапы болуға тиіс.

3. Пайдалы қазбаларды өндіру (өндіру учаскесі), кен іздеушілік (кен іздеу учаскесі) және жер қойнауы кеңістігін пайдалану (жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі) жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің аумағы тіктөртбұрыш түрінде болуға тиіс. Егер табиғи ерекшеліктер немесе өзге жер қойнауы учаскесінің шекаралары өндірудің, кен іздеушіліктің тиісті учаскесінің немесе жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың аумағын тіктөртбұрыш формасында анықтауға мүмкіндік бермейтін болса, мұндай жер қойнауы учаскесінің аумағы төртбұрыш формасында болуы мүмкін, оның қарама-қарсы екі жағы бір-біріне параллель болуға тиіс.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда өндіру учаскесінің аумағы кен орындарының сыртқы контурлары бойынша айқындалатын тік бұрыштары бар көпбұрышты формада болуы мүмкін.



Жер қойнауын пайдалану құқығының

туындау және оны алу негіздері





  1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мыналардың:

1) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың негізінде туындайды.



  1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай:

1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

2) азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы;

3) түрленуді не мұрагерлікті қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде құқықтық мирасқорлық тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы жағдайларында алынады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату негіздері





  1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген негіздер болмаса, ешкімді жер қойнауын пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

  2. Жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе келісімшарттың қолданысының тоқтатылуымен бірге тоқтатылады.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері

Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүзеге асыру үшін беріледі:



  1. жер қойнауын геологиялық зерттеу;

  2. пайдалы қазбаларды барлау;

  3. пайдалы қазбаларды өндіру;

  4. жер қойнауы кеңістігін пайдалану;

  5. кен іздеушілік.



Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды

жүргізуге арналған үшін жобалау құжаттары





  1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар осындай операцияларды жүргізуді көздейтін жобалау құжаты болған кезде ғана жүргізілуі мүмкін.

  2. Жер қойнауын пайдалану мақсатында жүргізілетін жұмыстардың жоспарларын, тәсілдерін, әдістемесін, техникалық шарттарын, технологиялық көрсеткіштерін, көлемін, мерзімін және өзге де параметрлерін қамтитын құжаттар жобалау құжаттары болып табылады.

  3. Жобалау құжаттары лицензияда немесе келісімшартта көзделген оны пайдалану мерзіміне әрбір жер қойнауы учаскесі үшін жеке-жеке әзірленеді.

  4. Жобалау құжаттары экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып әзірленеді. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар жобалау құжатында көзделген экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік параметрлерін сақтауға міндетті.

  5. Жобалау құжаттарын әзірлеу ерекшеліктері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері ескеріле отырып осы Кодекстің Ерекше бөлігінің ережелерінде белгіленеді.



Бір аумақта әртүрлі тұлғалардың жер қойнауын

пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуі





          1. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігінің ережелерінде өзгеше көзделмесе, әртүрлі жер қойнауын пайдаланушылар сол бір аумақта (бірлескен аумақта) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізе алады.

          2. Жер қойнауын пайдаланушылардың ортақ аумақта операцияларды жүргізу тәртібі олардың арасындағы келісіммен айқындалады. Келісім ортақ аумақтағы жұмыстың барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізу шарттары мен тәртібін айқындай алады.

Келісім жай жазбаша нысанда жасалады және жер қойнауын пайдаланушы оны жер қойнауын пайдалануға құқық берген мемлекеттік органға ол жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Келісім жер қойнауын пайдаланушылардың бірі шеккен шығындар үшін негізді және мөлшерлес өтемақыны көздеуі мүмкін.



          1. Жер қойнауын пайдаланушылар ортақ аумақта операциялар жүргізу тәртібі туралы келісімге қол жеткізбеген кезде ортақ аумақта жұмыстар жүргізуде жер қойнауын пайдаланушының бірінің екіншісінің алдындағы басымдығы белгіленеді. Бұл жағдайда ортақ аумақта жұмыстар жүргізуде:

  1. пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар жүргізетін;

  2. егер жер қойнауын пайдаланушының екеуі де пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін болса, бұрын берілген жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін;

  3. егер жер қойнауын пайдаланушының екеуі де пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізетін болса, бұрын берілген жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін;

  4. егер екінші жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізетін болса, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы болып табылады.

          1. Ортақ аумақта жұмыс жүргізуде басымдығы жоқ жер қойнауын пайдаланушы осындай басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы жүргізетін немесе жоспарлайтын жұмыстардың уақытын, ұзақтығын, орнын, көлемі мен сипатын есепке алуға және оларды жүргізу үшін кедергі келтірмеуге міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы негізсіз пайда алу мақсатын көздемей, өзінің басымдығын адал және ақылға қонымды пайдалануға міндетті.

          2. Ортақ аумақта жұмыстар жүргізуде басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы басымдығы жоқ жер қойнауын пайдаланушыға соңғысының жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір ай мерзімде ортақ жер қойнауы учаскесінде жүргізілетін және жүргізу жоспарланатын өз жұмыстарының ұзақтығы, орны, көлемі мен сипаттамасы туралы ақпарат беруге міндетті. Мұндай ақпарат коммерциялық құпияны құрауы мүмкін.

Ортақ аумақта жұмыс жүргізуде басымдығы жоқ жер қойнауын пайдаланушыға, ақпараты берілген жұмыстардың уақыты, ұзақтығы, көлемі, орны мен сипаты туралы берілген ақпаратты осындай басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы үш ай ішінде бір реттен жиілетпей өзгерте алады. Бұл жағдайда басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы екінші жер қойнауын пайдаланушыны жоспарланатын жұмыстардың уақытын, ұзақтығын, көлемін, орны мен сипатын өзгерту туралы осындай өзгерістерге дейін кемінде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті. Ортақ аумақта жұмыс жүргізуде басымдығы жоқ жер қойнауын пайдаланушы осындай хабарлама алғанға дейін басталған жұмыстарды аяқтауға құқылы.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі

операцияларды жүргізу үшін шектелген аумақтар

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе:



  1. қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктеріне арналған жерлердің аумағында;

  2. елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда;

  3. тау-кен-байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектісі болып табылмайтын, жұмыс істеп тұрған гидротехникалық құрылыс орналасқан жер учаскесінің аумағында және оған төрт жүз метр қашықтықтағы іргелес жатқан аумақта;

  4. су қоры жерлерінің аумағында;

  5. ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары кен орындарының және учаскелерінің контурларында;

  6. көмінділерден, қабірлер мен зираттардан, сондай-ақ көмінділер мен зираттарға бөлінген жер учаскелеріне жүз метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда;

  7. үшінші тұлғаларға тиесілі және ғимараттар мен құрылысжайлар, көпжылдық екпелер алып жатқан жер учаскелері аумағында және оларға жүз метр қашықтықта іргелес жатқан жер учаскесі аумағында – осындай тұлғалардың келісімінсіз;

  8. автомобиль және теміржолдар, әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация және авиатехникалық орталықтардың объектілері, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетикалық жүйелердің және электр беру желілерінің объектілері, байланыс желілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральдық құбыржолдар алып жатқан жерлердің аумағында;

  9. мемлекет мұқтажы үшін мемлекеттік заңды тұлғаларға бөліп берілген жер қойнауы учаскелерінің аумақтарында;

  10. Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге тыйым салынатын басқа да аумақтарда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге тыйым салынады.

2. Сыртқы аумақтық шекаралары толығымен осы баптың
1-тармағында көрсетілген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесін пайдалануға беруге тыйым салынады.

3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тыйым салу:

1) тиісті аумақта тұратын жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдауды көздейтін келісім жасасу арқылы жергілікті ақтарушы және өкілді органдармен келісілген, қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды немесе қатты пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге қолданылмайды. Бұл жағдайда осы келісімнің болуы тиісті лицензияны беруге арналған шарт болып табылады;

2) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

3) жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары бөлігінде жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге қолданылмайды.

Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген тыйым салу кен іздеушілікке және көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларға қолданылмайды.

Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу аэрогеофизикалық зерттеулер немесе Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық әдістерін пайдаланатын зерттеулер арқылы жүргізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қолданылмайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және экологиялық,

ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан

ерекше құнды жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын

пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелері шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша шектеулер Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында белгіленеді.

2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар тиісті учаскеде жұмыстарды дереу тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда

құрылыстарды салудың шарттары

1. Елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыстар салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

2. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыстар салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алынған рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық жағынан орындылығы дәлелденген жағдайда жол беріледі.

3. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыстар салуға рұқсат беру тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.



Пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру

операцияларын жүргізу кезінде қазақстандық кадрларды,

тауар өндірушілерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді

ұсынушыларды қолдауды қамтамасыз ету

1. Пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан көп болмауға тиіс.

Кадрлардағы жергілікті қамту үлесін есептеу жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялардың шарттарында белгіленетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде сатып алынатын жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі күнтізбелік бір жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызы мөлшерінде болуға тиіс.

Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың үлесін есептеуді ұйымдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет