Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы



жүктеу 4.73 Mb.
бет5/34
Дата02.02.2018
өлшемі4.73 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Жер қойнауын пайдалану құқығының режимдері




1-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимі




Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия ұғымы

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия мемлекеттік орган беретін және оның иесіне көрсетілген жер қойнауы учаскесінің шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады.



Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін рұқсаттарға жатпайды.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия жер қойнауының бір учаскесін ғана пайдалану үшін беріледі.



3. Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір тұлғаға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың шексіз саны берілуі мүмкін.

4. Лицензия мүдделі тұлғаның өтініші бойынша беріледі. Лицензия беруге өтініш нысанын құзыретті орган бекітеді.

5. Берілген лицензия оны берген мемлекеттік органның
интернет-ресурсында берілген күні жариялануға жатады.

6. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган берілген лицензиялардың тізілімін жүргізеді.

Лицензияда қамтылған мәліметтерден басқа, көрсетілген тізілімде мынадай мәліметтер қамтылады:

1) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаның тұрғылықты жері туралы;

2) жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты ауыртпалықтың тіркелгені туралы;

3) есепті жүргізу мақсаттары үшін қажетті өзге де мәліметтер.

Берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу тәртібін құзыретті орган белгілейді.



Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрлері

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар түрлері ескеріле отырып жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай лицензиялар беріледі:

1) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия;

2) қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия;

3) қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия;

4) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия;

5) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия;

6) кен іздеушілікке арналған лицензия.



Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның мазмұны

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия құзыретті орган бекітетін нысан бойынша ресімделеді.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияда, оның түрі ескеріле отырып, мыналар көрсетіледі:

1) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрі;



2) лицензияны берген мемлекеттік органның атауы;

3) лицензия берілген тұлға туралы мәліметтер:

жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және азаматтығы;

заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері;



4) лицензияның нөмірі мен күні;

5) лицензияның шарттары: лицензияның мерзімі, жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары, осы Кодексте көзделген жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары.



3. Лицензия мерзімі лицензияда көрсетілген күннен бастап есептеледі.

4. Егер жер қойнауын пайдалану құқығын екі немесе одан көп тұлға иеленсе, лицензияда жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелері болып табылатын тұлғалар үлестерінің мөлшері көрсетілуге тиіс.

5. Лицензия қазақ және орыс тілдерінде ресімделеді.

6. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның шарттары осы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келуге тиіс.

7. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамасында жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның өзге шарттары белгіленсе, осы шарттар бұрын берілген лицензияға қолданылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ережелер ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу, кедендік реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.

8. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия оның шарттарының мазмұнын бұза отырып берілсе, лицензия берілген кезде қолданыста болған, осы Кодекстің жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның мазмұны туралы ережелері қолданылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған

лицензияға өзгерістер енгізу

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияға өзгерістерді лицензияны берген мемлекеттік орган оны қайта ресімдеу арқылы жүргізеді.

Қайта ресімделген лицензия оны берген мемлекеттік органның интернет ресурсында қайта ресімдеу күні жариялануға жатады.

2. Лицензия мынадай:

1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер:

жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) азаматтығы өзгерген;

заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауы немесе орналасқан жері өзгерген;

2) жер қойнауын пайдалану құқығы және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан;

3) лицензия мерзімі ұзартылған;

4) жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

3. Лицензияны қайта ресімдеу құзыретті орган бекітетін нысан бойынша берілген жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізіледі.

Өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі.

Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде, әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп жасалуы мүмкін, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

4. Лицензияны берген мемлекеттік орган өтініш осы Кодекстің талаптарына сәйкес болмаған жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

5. Лицензияны берген мемлекеттік орган өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдеуді жүргізеді не осындай қайта ресімдеуден бас тарту туралы хабардар етеді.

6. Лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуға жер қойнауын пайдаланушы Қазақсан Республикасының заңнамасына сәйкес бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағым жасауы мүмкін.

7. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда лицензияны қайта ресімдеу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

8. Лицензияны беру немесе оны қайта ресімдеу кезінде жіберілген грамматикалық немесе арифметикалық қателерді, қателесіп жазуларды не басқа да осыған ұқсас қателерді лицензияны берген мемлекеттік орган түзетуге тиіс.

Лицензияны беру немесе оны қайта ресімдеу кезінде жіберілген қателерді түзету лицензияны қайта ресімдеу болып табылмайды.

Қателерді түзету лицензияны берген мемлекеттік органның бастамасымен, не жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қателерді түзетуді осындай өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Лицензияны берген мемлекеттік орган лицензиядағы қатені түзеткеннен кейін оны екі жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға береді.

Түзетілген лицензия лицензияны берген мемлекеттік органның интернет ресурсында түзетілген күні жариялануға жатады.

Лицензиядағы қателерді түзетуге байланысты туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.



Жер қойнауын пайдалануға арналған

лицензияның қолданылуын тоқтату

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның қолданылуы:

1) осы Кодексте өзгеше көзделмесе, лицензия берілген мерзім аяқталған;

2) егер лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған болса, оның жалғыз иегері қайтыс болған (оның ішінде оны өлді жеп жариялаған);

3) лицензия кері қайтарып алынған немесе ол жарамсыз деп танылған;

4) жер қойнауын пайдаланушы лицензия берілген жер қойнауы учаскесінен бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.



Лицензияның жарамсыздығы және оның

жарамсыздығының салдары

1. Лицензия сот тәртібімен мынадай жағдайларда:

1) лицензияны берген мемлекеттік органға оның лицензияны беру шешіміне әсер еткен көрінеу анық емес ақпаратты беру фактісі анықталған кезде;

2) сотпен анықталған мемлекеттік органның лауазымды адамы мен өтініш берқұрауышушінің арасындағы теріс пиғылды келісім фактісі салдарынан, осы Кодексте белгіленген лицензияны беру тәртібі бұзылып, бұл мемлекеттік органның лицензияны беру туралы негізсіз шешіміне алып келсе;

3) әрекетке қабілетсіз деп танылған және осындай беру күні әрекетке қабілетсіз болып табылған тұлғаға лицензия берілсе;

4) егер лицензия беру осы Кодексте көзделмесе немесе тыйым салынса, жарамсыз деп танылуы мүмкін.

2. Лицензияны жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгіну құқығына – мүдделі тұлға және прокурор, ал осы баптың 1-тармағының
1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияны берген мемлекеттік орган да ие болады.

Лицензияны алу құқығы мен заңды мүдделері лицензияны беру нәтижесінде бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады.

3. Лицензия сот шешімі күшіне енген күннен бастап жарамсыз деп танылады.

4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияны жарамсыз деп таныған кезде лицензия алған тұлға жер қойнауы учаскесін заңсыз пайдаланудан осындай тұлға алған кіріс мөлшерінде келтірілген шығынды және лицензияны жарамсыз деп тануға байланысты мемлекет шығыстарын мемлекетке өтеуге міндетті.

5. Егер осы Кодекстің, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, заңды тұлға жарғысының талаптары бұзыла отырып берілген лицензияны жарамсыз деп тану талабы пайдакүнемдік себептерден немесе жауаптылықтан жалтару ниетінен туындаса, тұлғаның мұндай тануды талап етуге құқығы жоқ.

6. Лицензияның жарамсыздығымен байланысты даулар бойынша талаптың ескіру мерзімі талап қоюшы лицензияны жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылатын мән-жайлар туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап үш айды құрайды.



2-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың келісімшарттық режимі




Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ұғымы





  1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мазмұны, жасалу, орындалу және тоқтатылу тәртібі осы Кодексте айқындалатын шарт болып табылады.

  2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бір тарап (Қазақстан Республикасының атынан құзыретті орган) екінші тарапқа (жер қойнауын пайдаланушыға) белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге міндеттенеді, ал жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарына және осы Кодекске сәйкес өз есебінен және өзі тәуекел етіп жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.

  3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уран өндіру үшін жасалады.

  4. Келісімшарт жасау кезінде пайдалануға жер қойнауының бір учаскесі ғана беріледі.

Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартта, өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бірнеше жер қойнауы учаскелері бекітіліп берілуі мүмкін.

  1. Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, нақ сол бір тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шексіз санын жасауы мүмкін.

  2. Құзыретті орган жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізеді. Жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу тәртібін құзыретті орган белгілейді.



Жер қойнауын пайдалануға арналған

келісімшарттың мазмұны





  1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобалары құзыретті орган бекітетін келісімшарттардың үлгілік нысандарына сәйкес әзірленеді. Келісімшарттың үлгілік нысанынан ауытқуға осы Кодексте көзделген жағдайларда, шектерде және тәртіппен жол беріледі.

  2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қамтылатын талаптар қатарына мыналар жатады:

  1. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі;

  2. келісімшарттың қолданылу мерзімі;

  3. жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) шекаралары;

  4. жер қойнауын пайдаланушының жұмыс (қосымша жұмыстар) бағдарламасында көзделген жер қойнауы учаскелеріндегі жұмыстар көлемі мен түрлері бойынша міндеттемелері;

  5. жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды өндіру кезеңінде оқытуды қаржыландыруы жөніндегі міндеттемелері;

  6. жер қойнауын пайдаланушының кадрлардың жергілікті қамтуының ең төменгі үлесі жөніндегі міндеттемелері;

  7. жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін, басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша жергілікті қамту үлесі жөніндегі міндеттемелері;

  8. жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелері;

  9. жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және ғылыми-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша міндеттемелері;

  10. жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстары бойынша міндеттемелері;

  11. жер қойнауын пайдаланушының және оның мердігерлерінің көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауы жөніндегі міндеттемелері;

  12. жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекспен келісімшарттық міндеттемелерге жатқызылатын көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша негізгі жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бұзылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оның мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібін сақтауы бойынша міндеттемелерді бұзушылығын қоса алғанда, келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы;

  13. жер қойнауын пайдалану құқығы берілген өзге де шарттар.

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бұрын тоқтатылған және көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен сенімгерлік басқару шарты жасалған жер қойнауы учаскесіне келісімшарт жасалған жағдайда, жасалатын келісімшартта жаңа жер қойнауын пайдаланушының:

1) бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға осы Кодекстің


119-бабының 19-тармағына сәйкес берілген мүліктің құнын өтеу мөлшері мен мерзімдері бойынша;

2) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушыға жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу мөлшері мен мерзімдері бойынша міндеттемелері қамтылуға тиіс.

4. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда ретімен бекітілген барлау кезеңімен, дайындық кезеңімен (қажет болғанда) және өндіру кезеңімен айқындалады.

Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда ретімен бекітілген дайындық кезеңімен және өндіру кезеңімен айқындалады.

Уран өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда ретімен бекітілген тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңімен және өндіру кезеңімен айқындалады.

5. Барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін құзыретті орган еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай


мән-жайлар туралы дәлелдерді ұсынатын болса, ұзартады.

6. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Келісімшарт тараптарының келісімі бойынша келісімшарттың мәтіні өзге тілге де аударылуы мүмкін.

7. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін нашарлататын Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер және толықтырулар осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттарға қолданылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген кепілдіктер ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу, кедендік реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге қолданылмайды.

8. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа

өзгерістер мен толықтырулар енгізу



1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімшартқа толықтырулар жасауы арқылы жүргізіледі.

2. Келісімшартқа толықтыру мынадай:

1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер:

жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы;

заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген;

2) құзыретті орган туралы мәліметтер өзгерген;

3) жер қойнауын пайдалану құқығы және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан;

4) өндіру учаскесі (учаскелері) және дайындық кезеңі (дайындық кезеңдері) бекітіліп берілген;

5) өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіткен;

6) барлау немесе өндіру кезеңі (кезеңдері) ұзартылған;

7) жер қойнауы учаскесі (учаскелері) ұлғайтылған немесе азайтылған;

8) жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бөліп шығарылған;

9) стратегиялық жер қойнауы учаскелеріне қатысты – ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер туғызатын Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделері өзгертілген жағдайларда жүргізіледі.

3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда келісімшартқа толықтыру жасасу жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жасалады, ол:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауын;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күнін;

3) жер қойнауын пайдаланушы туралы өзгертілетін мәліметке нұсқауды қамтуға тиіс.

4. Өтінішке қосымша:

1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметке өзгерістер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар;

2) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметке өзгерістер енгізуді көздейтін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру қоса беріледі.

5. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш иесімен келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді немесе толықтыру жасасудан бас тартады.

6. Құзыретті орган, егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда толықтыру жасасудан бас тартады.

Құзыретті органның толықтыру жасасудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

7. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда келісімшартқа толықтыру жасау құзыретті органның бастамасы бойынша жүргізіледі.

8. Осы баптың 2) тармағының 3) – 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісімшартқа толықтыру жасау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған

келісімшарттың қолданылуын тоқтату





  1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы мынадай:

1) келісімшарт жасалған мерзім өткен, оның ішінде егер:

барлау кезеңі аяқталғанға дейін келісімшартқа дайындық кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуді көздейтін толықтыру жасалмаған;

дайындық кезеңі аяқталғанға дейін келісімшартқа өндіру кезеңін бекітуді көздейтін толықтыру жасалмаған;

2) келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының жалғыз иегері болып табылатын тұлға қайтыс болған (оның ішінде оны өлді жеп жариялаған), егер мұндай жер қойнауын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған;

3) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға таратылған;

4) келісімшарт қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе ол жарамсыз деп танылған;

5) тараптардың келісімі бойынша келісімшарт бұзылған;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Кодекске сәйкес жер қойнауы учаскесін пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған;

7) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасалған барлық жер қойнауы учаскесінен (барлық учаскелерден) бас тартқан (қайтарған) жағдайларда тоқтатылады.


  1. Құзыретті орган осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.



Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың


жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдары
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жарамсыз деп тануға мыналар негіз болып табылады:

1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды жарамсыз деп тану;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта осы Кодексте белгіленген міндетті шарттардың болмауы;

3) құзыреттi органға оның осы тұлғамен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу туралы шешiмiне әсер еткен көрiнеу анық емес ақпарат беру фактісінің анықталуы;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.

2. Жарамсыз деп танылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, оның жарамсыздығымен байланысты және жасасқан кезден бастап жарамсыздығын қоспағанда, құқықтық салдарға алып келмейді.

Келісімшартты жарамсыз деп тану жер қойнауын пайдаланушыны жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

3. Сот тәртібімен шартты жарамсыз деп тану не бұзу негізінде жүзеге асырылған жер қойнауын пайдалану құқығын беру және қайта ресімдеу нақ сол келісімшарттың емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай беруге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жарамсыздығына алып келеді.

4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жарамсыз деп тану осындай келісімшарттың негізінде берілген жер қойнауын пайдалану құқығы солардың нысанасы болып табылатын барлық кейінгі мәмілелердің жарамсыздығына алып келеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет