Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы


Жер қойнауын пайдалану саласындағы оператор



жүктеу 4.73 Mb.
бет7/34
Дата02.02.2018
өлшемі4.73 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34

Жер қойнауын пайдалану саласындағы оператор




Жер қойнауын пайдалану саласындағы оператор



1. Жер қойнауын пайдаланушы құрған немесе айқындайтын, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының өкілі ретінде әрекет ететін заңды тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша оператор болып табылады.

2. Тиісті келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын тұлға оператор болып тағайындалмайды.

3. Оператор мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы қатынастар қарапайым жазбаша нысанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе лицензия мерзімінен аспайтын мерзімге жасалатын олардың арасындағы келісіммен реттеледі.

Көрсетілген келісімнің қарапайым жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.



4. Осы тараудың күші осы Кодекстің 150-бабының ережелерінде көзделген кен орындарын бірлесіп игеру шеңберінде басқарушы компанияның қызметіне қолданылмайды.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы

операторды тағайындау тәртібі

1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану саласындағы операторды тағайындағаны туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етеді. Мұндай хабарламаға оператор мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы келісімнің нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

2. Құзыретті органды хабардар еткен кезге дейін оператор тағайындалған деп есептелмейді.

3. Бір келісімшарт немесе лицензия бойынша бір ғана оператор тағайындалуы мүмкін.

4. Оператордың өкілеттіліктері тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы ол жөнінде құзыретті органды тез арада хабардар етуге міндетті.

Жер қойнауын пайдалану

саласындағы оператордың жауаптылығы

1. Оператордың әрекеттері нәтижесінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе лицензия талаптарын бұзғаны үшін жер қойнауын пайдаланушы жауаптылықта болады.

2. Жер қойнауын пайдаланушының мүдделерін білдіруге байланысты туындаған оператор міндеттемелері бойынша жер қойнауын пайдаланушы ортақ жауаптылықта болады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде оператор үшінші тұлғаларға зиян келтірген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы оператордың өз өкілеттіктерін асырып әрекет жасағанын сылтау етуге құқылы емес.


ІІІ БӨЛІМ. Жер қойнауын қауіпсіз пайдалану




    1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларДЫ жүргізу кезіндегі қауіпсіздік бойынша талаптар




Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды

жүргізу кезіндегі экологиялық қауіпсіздік



  1. Өндірістік және өзге де объектілерді болжауды, жоспарлауды және жобалауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес келуге тиіс.

  2. Жер қойнауының экологиялық жай-күйі шекті жол берілетін эмиссияларды нормалаумен, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті немесе оның жекелеген түрлерін шектеумен немесе оларға тыйым салумен қамтамасыз етіледі.

  3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісуінсіз жер қойнауын пайдалануға тыйым салынады.



Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды

жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік





  1. Өндірістік және өзге де объектілерді жобалауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

  2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын, сондай-ақ авариялардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу мен оларды жою және кәсіптік аурулардың профилактикасы бойынша іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс.

  3. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жеке және заңды тұлғаларға материалдық шығын келтіру қатерін төндіретін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тыйым салынады.

  4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптаманың оң қорытындысынсыз жер қойнауын пайдалануға тыйым салынады.

  5. Жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде:

1) жұмыскерлердің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидалар мен нормаларды зерделеуі және орындауы, сондай-ақ авариялардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу;

2) жұмыскерлердің өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда жұмысты тоқтата тұру, адамдарды қауіпсіз жерге шығару және қауіпті анықтау үшін қажетті іс-шараларды өткізу;

3) қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының және санитариялық нормалардың талаптарына сай келетін күйде машиналарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалану, ғимараттар мен құрылысжайларды күтіп ұстау;

4) жарылғыш материалдар мен қауіпті химиялық заттарды есепке алу, тиісті түрде сақтау және тасымалдау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;

5) кеніштік атмосфераның құрамын жақсартуды, тау-кен жұмыстарын жүргізу және кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдалану технологиясын жетілдіруді көздейтін арнайы кешенді ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды озық практиканы ескере отырып әзірлеу және жүзеге асыру;

6) судың кенеттен бұзып өтуін, газдың ауаға шығуын, пайдалы қазбалар мен жыныстардың атқылауын, сондай-ақ тау-кен соққысын болжау жәнеолардың алдын алу жөніндегі арнайы іс-шараларды жүзеге асыру;

7) техникалық құжаттаманы және авариялар салдарын жою жоспарларын жұмыстарды қауіпсіз жүргізу аймақтарының шекараларын нақтылайтын деректермен уақтылы толықтыру;

8) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында көзделген өзге де талаптарды орындау қамтамасыз етілуге тиіс.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет