Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы



жүктеу 4.73 Mb.
бет8/34
Дата02.02.2018
өлшемі4.73 Mb.
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

Жер қойнауын пайдалану салдарын жою




Жер қойнауын пайдалану салдарын

жою туралы жалпы ережелер

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушы өзіне берілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға міндетті.

2. Өндірістік объектілерді және жер учаскелерін халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін іс-шаралар кешені жер қойнауын пайдалану салдарын жою болып табылады.

3. Жою осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқықтары тоқтатылған жер қойнауы учаскелерінде жүргізіледі.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою жер қойнауы учаскесінің бір бөлігін пайдалану құқығын тоқтату, сондай-ақ жою жөніндегі жұмыстар көлемін азайту (прогрессивті жою) мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін жүргізілуі мүмкін.

4. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе келісімшарттың қолданылуын тоқтату жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді тоқтатуға алып келмейді.

5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою ерекшеліктері олардың түрлері ескеріле отырып, осы Кодекстің Ерекше бөлігінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қаржыландыру





  1. Жою жер қойнауын пайдаланушының немесе жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия немесе келісімшарт тоқтатылғанға дейін тікелей жер қойнауын пайдаланушы болған тұлғаның есебінен жүргізіледі.

  2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындаудан босатпайды.

  3. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының пайдасына жүзеге асырылады.

Жою жөніндегі міндеттеме осы Кодекске сәйкес белгіленген мерзімде орындалмаған (тиісінше орындалмаған) жағдайда, ұсынылған қамтамасыз ету сомасын келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының пайдасына өндіруге тиіс.

Егер тиісті қамтамасыз ету сомасы жоюдың тиісті жобасы бойынша шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, мемлекет жеткіліксіз соманы жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды жүзеге асыруға міндетті болған тұлғаның мүлкінен алуға құқылы.



  1. Жер қойнауын пайдаланушының жою жөніндегі міндеттемелерді орындауы кепілдікпен, банктік салым кепілімен және (немесе) сақтандырумен қамтамасыз етілуі мүмкін.

  2. Қамтамасыз ету әрбір жер қойнауы учаскесі бойынша жеке-жеке беріледі.

Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды талап ететін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды осы Кодекске сәйкес ұсынылатын қамтамасыз етусіз жүргізуге тыйым салынады.

  1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) үшінші тұлғаға иеліктен шығаруы оны жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) сатып алушы осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қамтамасыз етуді ұсынғанға дейін жою жөніндегі міндеттемелерден босатпайды.

  2. Егер жер қойнауын пайдаланушы ұсынған қамтамасыз ету онымен байланысты болмайтын себептермен осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін болып қалса немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күн ішінде мұндай қамтамасыз етуді айырбастауға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушы осындай айырбастауды жүргізбеген болса, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тез арада тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға қамтамасыз етуді қалпына келтіргеннен немесе айырбастағаннан кейін ғана жол беріледі.



Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі кепілдік

1. Кепілгер кепілдікке орай Қазақстан Республикасының алдында осы Кодекске сәйкес айқындалатын ақшалай сома шегінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемесін осы Кодекске сәйкес толық немесе ішінара орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді.

2. Екінші деңгейдегі банк, шетелдік банк не акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын ұйым кепілгер бола алады. Егер шетелдік банк немесе акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын ұйым кепілгер болса, мұндай кепілгерлер шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша құзыретті орган айқындайтын шарттарға сәйкес келуге тиіс.

3. Банктің осы бапқа сәйкес өзі берген кепілдік бойынша міндеттемесі жою аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

4. Кепілдік құзыретті орган бекітетін үлгілік нысанға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

Шетелдік тұлға берген кепілдік міндетті түрде қазақ және орыс тілдеріне аударылып, шет тілде жасалуы мүмкін, оның дұрыстығын нотариус куәландыруға тиіс.



Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі банктік салым кепілі





  1. Жер қойнауын пайдаланушы жою жөніндегі міндеттемесін орындамаған жағдайда, банктік салым кепіліне орай Қазақстан Республикасының кепілге салынған банктік салым сомасынан, жер қойнауын пайдаланушының басқа кредиторлары алдында басымдықпен қанағаттандырылуға құқығы бар.

  2. Осы бапқа сәйкес екінші деңгейдегі банкте орналастырылған банктік салым ғана кепіл нысанасы бола алады.

  3. Салым теңгемен немесе шетел валютасымен енгізілуі мүмкін.

  4. Қамтамасыз ету болып табылатын банктік салымның мөлшеріне қойылатын талаптар осы Кодексте белгіленеді.

  5. Қамтамасыз ету болып табылатын банктік салымды қайта кепілге қоюға тыйым салынады.

  6. Заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының банкроттығын қоса алғанда, оны таратқан жағдайда кепіл нысанасы конкурстық массаға қосылмайды, ал кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдаланушының өзге мүлкінің есебінен өз талаптарын қанағаттандыруға қатысатын кредитор болып табылмайды.



Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру





  1. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі өз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасуға құқылы, соған орай жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін осы Кодексте көзделген тәртіппен орындамауы (сақтандыру жағдайы) сақтандыру сомасын Қазақстан Республикасының пайдасына (пайда алушы) төлеуге алып келеді.

  2. Осы бапта көзделген сақтандыру қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет