Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы


IV БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ



жүктеу 4.73 Mb.
бет9/34
Дата02.02.2018
өлшемі4.73 Mb.
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

IV БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ

САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ




    1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы

мемлекеттік органдар жүйесі




Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдалану саласында:

1) жер қойнауын мемлекеттік меншік объектісі ретінде басқаруды ұйымдастырады, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;

2) ұлттық қауіпсіздікті, халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілейді;

3) стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;

4) Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.



Құзыретті орган

Мемлекеттік саясатты іске асыру және Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы мүдделерін білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық атқарушы орган болып табылатын құзыретті органды айқындайды.

Құзыретті орган Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты:


  1. жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

  2. осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

  3. көмірсутектерді барлау мен өндіру, уран өндіру, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату;

  4. жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер және уран өндіру саласындағы келісімшарттардың, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге арналған лицензиялардың шарттарын сақтауын бақылау;

  5. өзі берген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар және жасалған келісімшарттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  6. Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған келісімшарттар және өзі берген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

  7. жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе лицензияның шарттарын орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіру;

  8. осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы іске асырады.



Қатты пайдалы қазбалар

саласындағы уәкілетті орган

Қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган, уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты:

1) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда, уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

2) уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

3) жою жоспарының кешенді сараптамасын жүргізу;

4) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;

5) уран өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу;

6) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізуіне мемлекеттік бақылау жасау;

7) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы іске асырады.

Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган



Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган көмірсутектер саласындағы мемлекеттік саясатты:

  1. осы Кодексте көзделген жағдайларда көмірсутектер саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

  2. көмірсутектер саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;

  3. көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

  4. көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  5. жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  6. мұнайды және шикі газды өндіру мен олардың айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу;

  7. ішкі нарық қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде қайта өңдеу үшін мұнай беру графиктерін қалыптастыру;

  8. теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін пайдаланылатын теңіз объектілерін салумен орналастыруға рұқсаттар беру;

  9. шикі газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру;

  10. көмірсутектерді өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық теңгерімін жүргізу;

  11. көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  12. азаматтық қорғаныс және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын әзірлеу мен бекіту;

  13. осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы іске асырады.


Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган

Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік саясатты:



  1. осы Кодексте көзделген жағдайларда уран өндіру саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

  2. уран өндіру саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;

  3. уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

  4. уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  5. уран өндіру жөніндегі жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  6. уран өндіру кезінде жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  7. уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  8. осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы іске асырады.



Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган

Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын геологиялық зерттеу және жер қойнауы кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты:



  1. жер қойнауын геологиялық зерттеуге және оның кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

  2. жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;

  3. жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

  4. жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  5. осы Кодекстің геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  6. құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  7. техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

  8. жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

  9. мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;

  10. жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

  11. мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

  12. тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасын әзірлеу және бекіту;

  13. пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және осы Кодексте көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;

  14. өздігінен ағып жататын иесіз және апаттық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;

  15. жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздеу-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістерді келісу;

  16. жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

  17. осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда геология және жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

  18. жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау;

  19. жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын бекіту;

  20. жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;

  21. осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіментінің актілеріндекөзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы іске асырады.



Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,

астананың жергілікті атқарушы органдары

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға:



  1. кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

  2. жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасау;

  3. жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензияда және осы Кодексте көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылау жасау;

  4. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар беру және оларды резервке қою;

  5. жер учаскесіне құқықтарды осы Кодекстің 108-бабына сәйкес жасалатын жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімдеу;

  6. пайдалы қазбалар жатқан аумақтарға құрылыс салуды реттеу, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерін есепке алуды жүргізу;

  7. елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;

  8. өздері берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  9. Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру арқылы қатысады.



    1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы

бақылау және хабарлау


  1. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын

пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе)

лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау


1. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауын бақылауды құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік орган) жүзеге асырады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін құзыретті орган айқындайды.

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару арқылы жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік орган) осы Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған есептерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздерден алынған мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу тәртібін құзыретті орган айқындайды.


  1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және

жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы

талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау


1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік органдар өз құзыреттеріне сәйкес мынадай салаларда:

1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;

2) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласында жүзеге асырады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салалардағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.




  1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы хабарлама

1. Осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары жазбаша нысанда жасалатын хабарламалар және (немесе) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарындағы жарияланымдар арқылы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның


интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы хабардар етіледі.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекске сәйкес жолданатын хабарламада осы хабарлама жіберілген тұлға туралы мәліметтер, хабарлама жіберу үшін негіз, хабарламаның мазмұны, жіберуші туралы ақпарат, оның қол қоюы қамтылуға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес келмейтін хабарламаны жіберген тұлға, егер нақты мән-жайлар ескеріле отырып, осы сәйкессіздіктердің елеулі сипатта болмағынын дәлелдей алмаса, оның тиісті түрде жіберілгенін сылтау ету мүмкіндігінен айырылады.

Егер хабарламаны тұлғаның атынан және (немесе) мүдделерінде оның өкілі жіберген болса, хабарламада өкілдің өкілеттіктері туралы мәліметтер де қамтылуға тиіс. Осы бөліктің күші тиісті мемлекеттік органның құқықтық актілерінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған лауазымдық өкілеттіктерге сәйкес әрекет ететін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қолданылмайды.

Хабарлама поштамен және (немесе) хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілуге тиіс.

Электрондық құжаттар нысанындағы немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес электрондық байланыс құралдары пайдаланылатын хабарламалар жазбаша нысандағы хабарлама деп танылады.

3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы мемлекеттік органдардың белгісіз және (немесе) белгілі бір тұлғалар тобына арналған хабарлауы жүзеге асырылады.

Осындай хабарламаларда айтылатын оқиғалар, егер осы Кодексте өзгеше мерзім көзделмесе, жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен кейін туындауға тиіс.



4. Хабарлаулар ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып та жүзеге асырылуы мүмкін. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау тәртібін құзыретті орган айқындайды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет