«Жер қойнауы жңне жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-іv заңы



жүктеу 3.24 Mb.
бет1/14
Дата20.02.2018
өлшемі3.24 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР 2010.24.06 № 291-ІV ЗАҢЫ

Дата: 19.07.2017 10:17:43


Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

(2017.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

4-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері

5-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының принциптері

6-бап. Жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету

7-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету

8-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы

8-1-бап. Шешім қабылдау кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін ескеру

9-бап. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы

10-бап. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық тізілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы

11-бап. Геологиялық ақпаратқа меншiк құқығы, оны пайдалану және беру тәртiбi

12-бап. Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы артықшылықты және басым құқықтары

13-бап. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібі

14-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу және тыйым салу

14-1-бап. Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелері, кен орындары

15-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау

2-тарау. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу



16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

17-бап. Құзыретті органның өкілеттіктері

18-бап. Мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органның құзыреті

19-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

20-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

21-бап. Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар

22-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың міндеттері, функциялары мен құқықтары

23-бап. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары

24-бап. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялардың міндеттері, функциялары мен құқықтары

25-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

26-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті

27-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

3-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы

28-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының түрлері

29-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері

30-бап. Жер қойнауын пайдаланушы құқықтарының кепілдіктері

31-бап. Ұлттық компанияның функциялары

32-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері

33-бап. Геологиялық және тау-кендік бөлулер

34-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының туындауы

35-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру

36-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және жер қойнауын  пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру

37-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және онымен байланысты құқықтарды иеліктен шығаруға рұқсат беру тәртібі

38-бап. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде жер қойнауын пайдалану құқығының және онымен байланысты құқықтардың құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы

39-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және онымен байланысты құқықтардың жеке тұлғаның қайтыс болуы жағдайында әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы

40-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату

41-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын мәжбүрлі түрде тоқтату рәсімі

42-бап. Алып тасталды

43-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру

44-бап. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру

45-бап. Минералдық шикізатты қайта өңдеу

4-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын конкурс негізінде беру

46-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері

47-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізудің шарттары

47-1-бап. Аукцион өткізу туралы хабарлама

48-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтінім

49-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамасы

50-бап. Тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныс

51-бап. Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту

52-бап. Конкурстың қорытындыларын шығару

52-1-бап. Аукционды ұйымдастыру және өткізу

53-бап. Конкурсты өткізілмеді деп танудың тәртібі мен негіздері

54-бап. Қайталама конкурс өткізудің тәртібі мен негіздері

55-бап. Конкурсты жарамсыз деп тану

5-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер негізінде беру

56-бап. Тікелей келіссөздер объектілері

57-бап. Тікелей келіссөздерді жүргізудің тәртібі мен шарттары

57-1-бап. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің тәртібі мен шарттары

58-бап. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім

59-бап. Тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешімдер қабылдау

60-бап. Барлау сатысынан өндіру сатысына ауысу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ерекшеліктері

6-тарау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт

61-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың түрлері

62-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын дайындау

63-бап. Жұмыс бағдарламасы

64-бап. Іздестіру жұмыстарының жобасы

65-бап. Бағалау жұмыстарының жобасы

66-бап. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттары

67-бап. Қол қойылған бонусты төлеудің шарттары

68-бап. Келісімшартты жасасу және тіркеу

69-бап. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

70-бап. Келісімшарт қолданысының аумақтық аясы

70-1-бап. Келісімшарттық аумақты өзгерту

71-бап. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу

72-бап. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату

72-1-бап. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару

73-бап. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданылуын қайта жаңғырту үшін негіздер

74-бап. Келісімшартты жарамсыз деп тану

7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

75-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары

76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері

77-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иелену

78-бап. Қазақстандық өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ету

79-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану жөніндегі міндеттемелерді іске асыру

80-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кездегі міндеттері

81-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жабдық пен өзге де мүлікке меншігі

8-тарау. Мұнай операциялары



82-бап. Мұнай операцияларын жүргізудің шарттары

83-бап. Көмірсутек шикізаты кен орындарын барлау және сынамалы пайдалану

84-бап. Көмірсутек шикізаты кен орындарын өнеркәсіптік игеру

85-бап. Ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу

86-бап. Ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату және өңдеу

87-бап. Мұнай операцияларын жүргізу процесінде авариялар мен өзге де қауіпті оқиғаларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар

88-бап. Көмірсутек шикізатының кен орындарын жайластыру

89-бап. Шекара маңындағы кен орындарында барлау мен өндірудің ерекшеліктері

90-бап. Кен орнында бірыңғай объект ретінде барлау немесе өндіру

91-бап. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

92-бап. Ұңғымаларды салу

9-тарау. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу



93-бап. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің жалпы шарттары

94-бап. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүргізу

95-бап. Теңізде барлау жүргізу мен өндіру шарттары

95-1-бап. Мұнайдың теңізге төгілуі

96-бап. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану

97-бап. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салу

98-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар

99-бап. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қалдықтарды теңізге тастау мен көму

100-бап. Теңіздегі ғылыми зерттеулер

101-бап. Өндірілген мұнайды өлшеу

9-1-тарау. Техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу немесе өзге де пайдалану

101-1-бап. Техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеуге немесе өзге де пайдалануға қойылатын жалпы талаптар

101-2-бап. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу тәртібі мен шарттары

101-3-бап. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу өтінімі

101-4-бап. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша шешім қабылдау

10-тарау. Алып тасталды

11-тарау. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану, халықтың және персоналдың қауіпсіздігі



107-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдаланудың міндеттері

108-бап. Жалпы экологиялық талаптар

109-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіз

110-бап. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар

111-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау

112-бап. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелері

113-бап. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салу шарттары

114-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу

115-бап. Жер қойнауын пайдалануда халықтың және персоналдың қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету

12-тарау. Жер қойнауын қорғау, зерттеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау



116-бап. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

117-бап. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылау

118-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылау

13-тарау. Жер қойнауының мемлекеттік қоры



119-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін есепке алу

120-бап. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі

121-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы

122-бап. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы

123-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастры

124-бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастры

125-бап. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастры

14-тарау. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық



126-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

127-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзумен келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу

128-бап. Дауларды шешу

15-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер



129-бап. Өтпелі ережелер

130-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

Осы Заң жер қойнауын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді зерттеу мен пайдалануға бағытталған.



 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авторлық қадағалау - жер қойнауын пайдаланушының жобалау құжаттарының ережелерін сақтауына жобалау жұмыстарына арналған мердігерлік шартқа сәйкес жобалау құжатын жасаған жобалаушы ұйым жүзеге асыратын мониторинг;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) аз зерттелген жер қойнауы учаскелері - болжамды ресурстарының перспективалары алдын ала бағаланған жер қойнауы учаскелері;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) айналыстан шыққан қорлар - өндiру процесiнде түзiлетiн іс жүзіндегі ысыраптарды қоса алғанда, өндiрiлген және мемлекеттік баланстан шығарылатын пайдалы қазбалар қорларының көлемі;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды



2-1) аукцион - аукционға қатысуға өтінім берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындаудың оңайлатылған рәсімі;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3), 4) және 5) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3) бағалау жұмыстары - табылған кен орнын бағалау, қорларды өнеркәсіптік санаттар бойынша есептеу және оны өнеркәсіптік игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу мақсатында жүргiзiлетiн геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;

4) бағалау жұмыстарының жобасы - пайдалы қазбалардың перспективті учаскелері мен көрініс-белгілері табылған жағдайда барлау жүргізу кезінде жасалатын, анықталған кен орнының өнеркәсiптiк маңызын геологиялық-экономикалық бағалау, қорларды есептеу және оны өнеркәсiптiк игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу үшiн қажетті және жеткілікті ақпарат алуға бағытталған геологиялық-барлау жұмыстарының әдiстемесiн, түрлері мен көлемiн белгiлейтiн жобалау құжаты;

5) барлау - пайдалы қазбалар кен орындарының өнеркәсіптік маңызын бағалай отырып, оларды іздеумен және геологиялық зерттеумен байланысты жұмыстар (операциялар);

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылды



5-1) барлауға арналған үлгілік келісімшарт - барлау құқығы осы Заңға сәйкес оңайлатылған тәртіппен берілетін тұлғамен құзыретті орган бекітетін нысан бойынша жасалатын келісімшарт;

5-2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - барлау және (немесе) өндіру жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде түзілетін, барлауға және (немесе) өндіруге арналып бекітілген жобалау құжатына сәйкес өндірістік қалдықтарды көмуге және жиып қоюға арналған жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;

6) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - мұнай мен газды сақтау үшін жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды әрі өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін өңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шөгінді қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;

2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу - технологиялық жабдықты қосу-жөнге келтіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде, сондай-ақ технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде оны қайта өңдеудің және (немесе) кәдеге жаратудың техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты газды қайта өңдеудің технологиялық процестері кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 8) және 9) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8) геологиялық ақпарат - жер қойнауы мен олардың учаскелерінің, кен орындары мен пайдалы қазбалар денелерінің заттай құрамы, геологиялық құрылысы және тарихы, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және тектоникалық ерекшеліктері туралы табиғи және жасанды (қағаз, электрондық) және басқа да жеткізгіштердегі ақпаратты қамтитын материалдардың жиынтығы, келісімшарттық аумақтағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы мәтіндік, картографиялық және техникалық құжаттама түріндегі мәлiметтер;

9) геологиялық бөлу - барлауға, өндіруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргiзуге құқылы жер қойнауы учаскесiн схемалық және сипаттамалық тұрғыдан айқындайтын қосымша;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) есепке алудың бақылау аспаптары - мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдерін өлшеуді, сондай-ақ мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторына ақпаратты нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғылар кешені;

10) жағалау жиегі - судың барынша көтерілуі (судың толуы) салдарынан пайда болатын су объектісі жағалауының жиегі;

11) жерасты сулары - жер қойнауында болатын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес пайдаланылатын сулар жиналымы;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12) жер қойнауы - топырақ қабатынан төмен орналасқан, ал топырақ қабаты жоқ кезде - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



13) пайдалы қазбалардың нормаланған ысыраптары - деңгейі техникалық-экономикалық есептеулермен негізделген пайдалы қазбаларды өндіру кезінде игерудің қабылданған тәсілдерімен және жүйелерімен технологиялық жағынан байланысты ысыраптар;

14) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

15) жер қойнауын қауіпсіз пайдалану - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 16) және 17) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



16) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде олардың ластануын болғызбауға, осы операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға, сондай-ақ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтауға және оның жолын кесуге бағытталған іс-шаралар, оның ішінде бақылау iс-шаралары жүйесi;

17) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу - кешенді геологиялық ақпарат алу және жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасау мақсатында жүйелі өңірлік геологиялық зерттеулер, геологиялық-түсіру жұмыстары; iздеу, iздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары; жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер; жер қойнауы жай-күйiнiң мониторингi; өздігінен ағып жататын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жою мен консервациялау;

18) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлаумен және өндірумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;

19) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтарды шоғырландыру - Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін немесе қауіп төндіретін, бір тұлғаның немесе бір елден шыққан тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағындағы келісімшарттарда осындай үлестерді немесе Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталдарында (акциялар санымен) осындай қатысу үлестерін иеленуі;

20) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін түзуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



21) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық компания) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

22) жер қойнауын пайдалану құқығы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңға сәйкес сатып алған жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы;

23) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер - жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы қатысу үлестері (акциялар пакеттері).

Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерге сондай-ақ акцияларға меншік құқығын растайтын не жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар да жатады;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия - конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құзыретті орган құратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

25) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия - құзыретті орган құратын, осы Заңның 24-бабында айқындалған мәселелер бойынша құзыретті органға ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық-экономикалық негіздеме - тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, кен орнын игеру жобасының геологиялық, техникалық және экономикалық параметрлерін және оны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын бағалауды қамтитын құжат;

27) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;

28) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану - кен орындарын игерудің озық технологияларын пайдалану мен оң іс-тәжірибесі негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық тұрғыдан тиімді игеру;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



29) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы - пайдалы қазбалардың қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауының басқа да қасиеттері туралы ақпаратқа оларды жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансына қою кезінде қолдану мүмкіндігіне арналған кешенді сараптама;

30) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31) жобалау құжаттары - экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары ескерiле отырып, геологиялық-барлау жұмыстарының, пайдалы қазбалар кен орындарын бағалаудың және игерудiң әдістемесін, техникалық жағдайлары мен технологиялық көрсеткiштерiн қамтитын құжаттар;

32) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімді әлемдік нарыққа интеграциялау мақсатында қолданылатын жаңа және жетілдірілген өнім мен барынша экологиялық таза технология түрінде өткізуге шығарылған техника мен технологиялық процестердегі жалпы жұрт мойындаған жаңа жетістіктер;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

33) жұмыс бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi шегінде инвестициялық жобалау көрсеткіштерін орындау жөніндегі міндеттемелерін қамтитын құжат;

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34) тармақша жаңа редакцияда



34) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту - жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) бойынша қазақстандық өндірушілер болып табылмайтын ұйымдарға кез келген деңгейде қосалқы мердігерлік шарт негізінде жұмысты орындағаны (қызмет көрсеткені) үшін төленген кез келген соманы шегере отырып, жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) бойынша қазақстандық өндірушілерге жұмыстарды орындағаны (қызметтерді көрсеткені) үшін төленген, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шарттарының барлығы бойынша төлемдердің (шығындардың) жалпы жылдық сомасының үлесі;

35) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызмет үшін де өзге қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;

2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

35-1) инвестициялық қаржыландыру - ұлттық компания немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға және стратегиялық әріптес осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасасқан бірлескен қызмет туралы шарт (келісім) және (немесе) қаржыландыру туралы келісім бойынша барлауды қаржыландыру;

36) 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37) кадрлардағы жергілікті қамту - жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санаты бойынша бөле отырып, келісімшартты орындау кезінде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды



37-1) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары - қауіпті өндірістік объектілері бар жер қойнауын пайдаланушыларға ұдайы, тәулік бойы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, қызмет көрсетілетін объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын, сондай-ақ аварияларды және олардың салдарларын оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін өз бөлімшелерінің дереу баруын жүзеге асыратын қызметтер және (немесе) ұйымдар;

38) келісімшарт - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

39) келiсiмшарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшартқа сәйкес келетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге құқылы болатын, геологиялық және (немесе) тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;

40) келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануы - жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иегерлерінің бірінің келісімшартқа сәйкес осы қатысушыға жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша шешімдерді айқындауға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшарттағы үлесінің шамасы;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

41) кен орны - қорлары барлау жүргізу нәтижесінде есептелген және (немесе) бағаланған, құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;

42) кен орнын игерудің технологиялық схемасы - кен орнын өнеркәсіптік игеруге қосу мақсатында жасалған және мұнай қабаттарының негізгі параметрлерін, пайдалану объектілерін игерудің ұтымды жүйесінің критерийлерін анықтау үшін кен орнын игерудің технологиялық шешімдері мен көрсеткіштерін, игеру жүйесін талдау әдістемесін көздейтін жобалау құжаты;

43) кен орнын игеруді талдау - пайдалану объектісін игеру процесінде ұңғымалар мен қаттарды геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ мұнай өндіруді оңтайландыру мен оны алу коэффициентін ұлғайту мақсатында мұнай мен газ қорларының ағымдағы орналасуын және өнімділік қаттарда жүріп жатқан процестерді анықтау үшін және осының негізінде игеруді реттеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлей отырып, игеру көрсеткіштерінің динамикасын кешенді зерделеу;

44) кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы - берілген өнімділікті және өндіруге ілеспелі басқа да өндірістік операцияларды қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді айқындайтын, тиісті кен орнында пайдалы қазбалар өндіру тәсілін, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу параметрлерін реттейтін жобалау құжаты;

45) кен орнын сынамалы пайдалану - өнеркәсіптік игерудің технологиялық схемасы мен жобасын жасау үшін қаттардың және кен шоғырларының геологиялық-кәсіпшілік сипаттамалары туралы қолда бар ақпаратты нақтылау мен қосымша ақпарат алу, ұңғымаларды кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мақсатында көмірсутек шикізатының кен орындарында жүргізілетін операциялар. Сынамалы пайдалану барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейді;

46) кен орындарын игерудің оң практикасы - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын, ұтымды, қауіпсіз, қажетті және экономикалық тиімді болып табылатын жалпы қабылданған халықаралық практика;

47) кен орындарын өнеркәсіптік игеру - жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды ескере отырып, одан пайдалы қазбалардың бекітілген қорларын алуға бағытталған жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;

48) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйінде немесе сәл өңделіп және тазартылып, негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыру үшін пайдаланылатын құм, саз, қиыршық тас және басқа да пайдалы қазбалар;

49) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия - конкурс өткізу және жеңімпазды айқындау мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

50) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын, осы Заңның 24-бабында айқындалған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;

51) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссия (бұдан әрі - өңіраралық комиссия) - кең таралған пайдалы қазба кен орындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі жобалау құжаттарын қарау бойынша жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің алқалы органы;

52) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндіру;

53) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру - өндірілген кең таралған пайдалы қазбаларға не жерасты суларына қатысты кейіннен мәмілелер жасасу ниетінсіз, меншіктегі не жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын өндіру;

2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 54) тармақша жаңа редакцияда  (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



54) коммерциялық табу - жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған бір немесе бірнеше кен орындарын келісімшарттық аумағында барлаудың (соның ішінде қосымша барлаудың) нәтижесіндегі табу, сондай-ақ коммерциялық мүддені білдіретін пайдалы қазбалар қорларының өсімі;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 54-1) тармақшамен толықтырылды



54-1) конкурс - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға құқығы бар жеңімпазды айқындауға арналған тендер немесе аукцион;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 54-2) тармақшамен толықтырылды



54-2) көмір қабаттарындағы метан - газ тектес жай-күйдегі, көмір бассейндерін газдан тазарту процесінде алынатын газды өндіру және (немесе) қайта өңдеу өнімі болып табылатын және құрауыштарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін, құрамында метан басым көмірсутектерінің көпқұрауышты қоспасы;

55) көрсетілетін қызметтер - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажетті қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;

56) күрделі геологиялық құрылымы бар жер қойнауы учаскелері - мынадай параметрлердің бірімен: интенсивті тектоникалық бұзылулармен; пайдалы қазбалардың болжамды денелерін қамтитын жыныстардың интенсивті қыртыстануымен; қатты пайдалы қазбалар үшін бес жүз метрден астам және көмірсутек шикізаты үшін перспективті горизонттардың үстіңгі жағына дейін үш мың метрден астам тереңдікте орналасуымен сипатталатын; теңіз акваториясы шектеріндегі жер қойнауы учаскелері;

57) күрделі геологиялық құрылымы бар кен орындары - қорларының жетпіс пайызынан астамы қуатының өзгеріп тұратындығымен не пайдалы қазба денелерінің бұзылып орналасуымен немесе пайдалы қазбаның сақталмаған сапасымен және негізгі құнды компоненттерінің теңдей емес бөлінуімен не коллектордың немесе өнімділік қабаттардың коллекторлық қасиеттерінің біртектес болмауымен не ерекше жоғары қабаттық қысыммен сипатталатын кен орындары;

58) Қазақстанда шығарылған тауар - тауардың Қазақстан Республикасы аумағында шығарылғанын растайтын, оның ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар;

59) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

60) Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы - өнеркәсіптік құндылыққа ие, бұрын белгісіз болған кен орнын ашқан, сондай-ақ бұрыннан белгілі кен орнында пайдалы қазбалардың қосымша қорларын немесе оның өнеркәсіптік құндылығын едәуір ұлғайтатын жаңа минералдық шикізатты анықтаған тұлға;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 60-1) және 60-2) тармақшалармен толықтырылды



60-1) қаржылық міндеттемелер - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген ақшалай мәндегі міндеттемелері;

60-2) қатты пайдалы қазбалар - кең таралған пайдалы қазбаларды және көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауында қатты күйде болатын табиғи минералдық түзілімдер;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 61) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

61) қол қойылатын бонус - келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімшарттық аумақты кеңейткен кезде жер қойнауын пайдаланушының тіркелген біржолғы төлемі;

62) құзыретті орган - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 63) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

63) магистральдық құбыр - өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөлік пен объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сай келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

64) 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

65) 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

66) мемлекеттің басым құқығы - осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға бірінші кезекті құқығы;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 67) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

67) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия - мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы мәселелерді қарау және ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында құзыретті орган құратын консультативтік-кеңесші орган;

68) минералдық шикізат - жер қойнауының жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлігі (тау-кен жынысы, кен шикізаты және басқалар);

69) минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі, ол өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сұрыптауды), брикеттеуді, агломераттауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) қамтиды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстардың арнаулы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, ұсақ тау-кен жынысы бар кен орнын түйіршіктеу және гидравликалық жолмен игеру) қамтуы мүмкін.

Минералдық шикізатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тізбесі, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшартта айқындалады;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 70) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



70) минералдық шикiзатты қайта өңдеу - минералдық шикiзаттан пайдалы компоненттерді алумен байланысты жұмыстар, сондай-ақ минералдық шикiзатты бастапқы қайта өңдеуден кейiнгi (бастапқы қайта өңдеу болған кездегі) жұмыстар;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 71) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



71) модельдік келісімшарт - келісімшарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жекелеген түрлерін жүргізу көрсетілетін және келісімшарттар жобаларын әзірлеу кезінде негіз ретінде пайдаланылатын, құзыретті орган бекітетін үлгілік келісімшарт;

72) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;

73) мұнай-газ құбырлары - мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның ішінде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесі не оның жекелеген бөліктері арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөніндегі жабдықтар мен тетіктер, бақылау және оқшаулау жүйелері, электрлі-химиялық қорғаныс жүйелері мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;

74) мұнай-газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану - құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңіздерде және өзге де ішкі су айдындарында мұнай-газ құбырларын салу, тарту және пайдалану мақсатында жүргізілетін кез келген жұмыстар (операциялар);

75) мұнайдағы ілеспе компоненттер - мұнайдың және қабаттық судың құрамындағы, технологиялық бөліп алуды талап ететін пайдалы қазбалар мен әртүрлі қосындылар;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 75-1), 75-2) және 75-3) тармақшалармен толықтырылды



75-1) мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторы - дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі, мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы заңды тұлға;

75-2) мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі - мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдері туралы ақпаратты қамтитын жүйе, сондай-ақ мұндай ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар;

75-3) мұнайдың теңізге төгілуі - теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру, мұнайды тасымалдау және (немесе) сақтау кезінде теңіздің мұнаймен ластануы;

76) мұнай операциялары - мұнайды барлау, өндіру, қажетті технологиялық және ілеспе объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 76-1), 76-2) тармақшалармен толықтырылды

76-1) мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер - мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

76-2) міндеттемелердің физикалық көлемі - жұмыс бағдарламасында көзделген жұмыс түрлері мен көлемдері бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері;

77) негізгі пайдалы қазба - кен орнының өндірістік маңызын айқындайтын, бастапқы шикізаттың неғұрлым көп құрамды немесе кен орны өнімінде неғұрлым жоғары үлеске ие және кен орны өнімін пайдаланудың негізгі бағытын айқындайтын пайдалы қазба;

78) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгілейтін, келісімшартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушылар мүліктік жауапкершілікте болады;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 79) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

79) өндіру - минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуді және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығарумен, сондай-ақ мемлекеттік меншік болып табылатын техногендік минералдық түзілімдерден алумен байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 79-1) тармақшамен толықтырылды



79-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту және ұстап тұру шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттар үшін мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат;

80) пайдалы қазба - химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары;

81) пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі - орталық комиссия) - кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі жобалау құжаттарын қарау бойынша құзыретті орган құрған алқалы орган;

82) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;

83) сервитут - жеке және заңды тұлғалардың барлауды, өндіруді жүргізу үшін немесе осы Заңда көзделген жағдайларда барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін басқа тұлғаларға берілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;

84) стратегиялық әріптес - ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттар жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін құзыретті органмен келісе отырып немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ұлттық компания айқындаған қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлға (олардың бірлестіктері);

85) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

86) стратегиялық минералдық шикізат - Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін стратегиялық маңызы бар минералдық шикізат;

87) сынамалы пайдалану жобасы - кен орнын өнеркәсіптік игерудің технологиялық схемасы мен жобасын жасау үшін қаттардың және кен шоғырларының геологиялық-кәсіпшілік сипаттамалары туралы қолда бар ақпаратты нақтылау мен қосымша ақпарат алу, ұңғымаларды кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мақсатында көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарға жасалатын құжат;

88) табиғи газ - майлы газды, құрғақ газды, майлы газдан сұйық көмірсутектерді сығымдаудан немесе айырудан кейін қалатын ілеспе газды және сұйық немесе газ тектес көмірсутектермен бірге алынған көмірсутек емес газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысымда газ тектес фазада болатын көмірсутектер;

89) табиғи және ілеспе газды кәдеге жарату - кен орнында табиғи  және ілеспе газды технологиялық мұқтаждықтарға және (немесе) тауар өніміне дейінгі дайындауға пайдалану мақсатында кәсіпшілік жинауды қамтамасыз ету;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 90) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



90) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың салдарларын жою үшiн жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банкте арнаулы депозиттік шотта жинақтайтын ақша;

91) тарихи шығындар - мемлекет келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған, олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар;

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 92) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

92) тауардағы жергілікті қамту - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық қамтылуы;

93) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдықтар, дайын өнім және өзге де материалдық-техникалық құнды заттар;

94) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

95) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімдік бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол үш жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

96) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол он жылға дейінгі кезеңге немесе келісімшарттың қолданылуы аяқталғанға дейінгі мерзімге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу мерзімдерін айқындайтын құжат;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 97) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



97) тау-кендiк бөлу - өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын, шегінде жер қойнауын пайдаланушы өндiрудi, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзуге құқылы болатын жер қойнауы учаскесiн графикалық және сипаттамалық тұрғыдан айқындайтын құжат;

98) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру - қосымша деректер алу үшін кен орнының геологиялық-физикалық жағдайларында байқаудан өткізуді талап ететін жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларды сынау мақсатында көмірсутек шикізатының кен орындарын немесе кен шоғырларын пайдалану;

99) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы - қосымша деректер алу үшін кен орнының геологиялық-физикалық жағдайларында байқаудан өткізуді талап ететін жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларды сынаудан кейін көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарға жасалатын және кен орындарын және (немесе) кен шоғырларын пайдалануға беруді көздейтін жобалау құжаты;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 100), 101) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



100) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру - минералдық шикізаттың қасиеттері және кендердің типтері, оларды жер қойнауынан алудың тау-кендік-геологиялық жағдайлары мен қайта өңдеу технологиясы туралы қосымша ақпарат алу, тау-кен жабдығы мен кен орнын пайдалану тәсілін таңдау мақсатында табылған кен орнын бағалау сатысында жүргізілетін пайдалы қазбалар өндіру;

101) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы - қатты пайдалы қазбаларды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді жүргізу үшін жасалатын және минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуді қоса алғанда, кен орнын барлауды аяқтау және оны өнеркәсіптік игерудің жобасын жасау үшін қажетті және жеткілікті геологиялық-барлау, тау-кен және өндіру жұмыстарының әдістемесін, түрлері мен көлемін белгілейтін жобалау құжаты;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 101-1) тармақшамен толықтырылды

101-1) тендер - конкурстық ұсыныстар берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындау рәсімі;

102) теңіз - Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігі шегіндегі су беті мен қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңіздерінің түбі;

103) теңіздегі ғылыми зерттеулер - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың теңізге әсері мен олардың қоршаған ортаға және биологиялық әртүрлілікке зардаптарын зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары;

104) теңіздегі күзет аймақтары немесе қауіпсіздік аймақтары - адамдардың, теңіздің биологиялық ресурстарының, қоршаған ортаның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеме қатынасының, балық аулаудың және жеке және заңды тұлғалардың теңіздегі басқа да қызметтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теңіз құрылыстарының айналасында орнатылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын аймақтар;

105) теңіздің ластануы - адамдардың денсаулығына, теңіздің жанды ресурстарына және теңіздің экожүйесіне зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын, теңізде не оның жағалауында заңды қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергілер жасайтын не залал келтіретін немесе залал келтіруі мүмкін материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелістердің теңіз аясына түсуі, сондай-ақ сәулелер мен өрістердің әртүрлі типтерінің түзілуі;

106) теңіз құрылыстары - жасанды аралдарды, бөгеттерді, қондырғыларды, жылжымайтын және жүзбелі жабдықтарды қоса алғанда, теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған жасанды құрылыстар;

107) техногендік минералдық түзілімдер - тау-кен өндіру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлі өндірістерінің қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттері бар минералдық түзілімдердің, тау-кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың жиналымы;

108) техногендік су - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде технологиялық процестерді жүргізу үшін жойылуы қажет су;

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 109) тармақша жаңа редакцияда

109) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;

110) шекара маңындағы кен орны - Қазақстан Республикасы аумағының немесе теңіздің шегінде орналасқан, сонымен қатар бір бөлігі басқа іргелес немесе қарсы беттегі мемлекеттің заңды құзырындағы аумақта немесе теңізде орналасқан кен орны;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 111) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



111) шикі мұнай - қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын, оның ішінде табиғи газдан табиғи конденсаттау жолымен түзілген, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер;

112) іздеу жұмыстары - пайдалы қазбалардың перспективті учаскелері мен көрініс - белгілерін анықтау және контурлау, болжамдық ресурстарды айқындау, оларды алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрі негіздеу мақсатында жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 113) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

113) іздеу жұмыстарының жобасы - барлау жүргізу кезінде жасалатын, пайдалы қазбалардың перспективті учаскелері мен көрініс-белгілерін анықтау және контурлау, болжамды ресурстарды айқындау, оларды алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және одан әрі геологиялық-барлау жұмыстарын негіздеу мақсатында келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын тиімді, ұтымды және кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін геологиялық-барлау жұмыстарының әдістемесін, түрлері мен көлемін айқындайтын жобалау құжаты. Іздеу жұмыстарының жобасында іздеу жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемдері көрсетіледі;

114) ілеспе газ-мұнай, газ-мұнай және газ кен шоғырларындағы мұнайдың құрамында еріген күйінде кездесетін және қысым төмендеген кезде одан бөлініп шығатын көмірсутек газы, сондай-ақ сұйық немесе газ тәріздес көмірсутектермен бірге өндірілген көмірсутек емес газдар;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 115) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

115) ілеспе газды қайта өңдеу - ілеспе газды тауарлық өнімге дейін жеткізу жөніндегі технологиялық процесс;

116) ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу - ілеспе және (немесе) табиғи газды пайдаланбай жою процесі;

117) ілеспе пайдалы қазбалар - негізгі пайдалы қазбаларды игеру кезінде өндіру мен өңдеуі рентабельді және шаруашылықта пайдалануға экономикалық жағынан орынды болып табылатын, негізгі пайдалы қазбалармен ұштасып жатқан және солармен бірге өндірілетін минералдық кешендер, минералдар, металлдар және басқа да химиялық элементтер мен олардың қосындылары;

118) ішкі су айдындары - көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жерүсті су объектілері;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 119) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

119) электрондық сатып алу жүйесі - сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін пайдаланатын, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе.

 


Каталог: uploads -> documents -> company -> po sostaianiu -> kaz
kaz -> Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (1999 ж. 1 шілдедегі №409-1) (ерекше бөлім)
kaz -> Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім)
kaz -> Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы
kaz -> Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы 2002 ж. 17 қаңтардағы №284-іі қазақстан Республикасының Заңы
kaz -> «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v заңы
kaz -> «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 011 жылғы наурыздағы №413-iv заңы
kaz -> «Газ жңне газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 012 жылғы қаңтардағы №532-іv заңы
kaz -> «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы №20-v заңы
kaz -> «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi жңне олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі №463-iv заңы
kaz -> Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (1999 ж. 1 шілдедегі №409-1) (ерекше бөлім)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет