Жер қойнауын пайдаланудың ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘселелері қожахметова А. А



жүктеу 98.78 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі98.78 Kb.

ӘОЖ 349.6
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қожахметова А.А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Жер қойнауын пайдалану - бұл заңда бекітілген, жер қойнауын пайдалану тәртібі негізінде, белгілі шартты аймақ көлемінде жер қойнауына иелік ету құқығы.

Шартты аймақ - геологиялық немесе таулы аймақ көлемінде белгіленеді, шарт негізінде жер қойнауына байланысты операциялар жүргізуге құқығы.

Геологиялық таулы аймақ бұл шарттық ажырамас бөлігі, онда сызба нұсқа түрінде жер қойнауының учаскесі көрсетілген, барлау жүргізуді жалпы жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асырады.

Таулы аймақ дегеніміз бұл шартқа қосымша өндіру құқығы, жер асты құрылыстарын салу және жөндеу, барлау және өндірумен байланысты емес, кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта өндіру, сервитутты тіркеу жағдайы, жер қойнауын пайдаланушының құқығы мемлекет бөлген жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауын пайдалану құқығын басқа біреуге беру. Бұл, әмбебап, мирасқорлық тәртіппен жүргізіледі.



Жер қойнауын пайдаланушылардың құқығы:

  • өзіне берілген контракт аумағы шегінде контрактыда бекітілген шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың кез келген заңды әрекеттерін өз еркімен жүргізу;

  • контрактыда басқа жағдай ескерілмеген болса, өзінің әрекетінің нәтижелерін, соның ішінде минералдық шикізатты өз қалауынша пайдалану;

  • контракт аумағында, қажет болған жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіп бойынша бөлініп берілген басқа жер учаскелерінде, жұмысты жүргізуге қажет өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілер салуға, сондай-ақ контракт аумағы шегінде және одан тыс аумақтарда жалпы пайдаланылатын коммуникациялар және объектілерді келісу арқылы пайдалану;

  • контракт күшінің мерзімін ұзарту туралы келіссөзді бірінші кезекте жүзеге асыру;

  • жер қойнауын пайдалану операциялармен байланысты жекелеген жұмыс түрлерін жүргізу үшін мердігерлерді тарту;

  • осы жарлықпен белгіленген шарттарды сақтай отырып, өз құқығын немесе оның бөлігін басқа тұлғаларға беру;

  • осы жарлықта, басқа да, және контрактыда белгіленген шарттарға сәйкес өз қызметін тоқтату.

Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттері:

  • жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің әлемдік тәжірибеде қабылданған стандарттарға негізделген ең тиімді әдістер мен технологияларды таңдауға;

  • контракт аумағын тек қана контрактыда көзделген мақсаттарға пайдалануға;

  • жер қойнауын пайдалану операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына қатаң сәйкестікте жүргізуге;

  • қызметкерлермен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің технологиялық сызбалары мен жобаларын бұзбауға;

  • контракт аумағы шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, ортақ пайдаланылатын коммуникациялар мен объектілерді пайдалану немесе, егер жер қойнауын пайдалану операциясына кедергі келтірмесе және олар қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса, онда жұмыстың барлық түрлерін, соның ішінде табиғи ресурстардың басқа түрлерін барлауға және өндіруге кедергі жасамауға;

  • Қазақстан Республикасында шығарылған жабдықтарға, материалдарға және дайын өнімдерге басымдық беруге;

  • жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізгенде, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса, егер ол қызметтер құны, тиімділігі және сапасы жағынан бәсекелестік қыбілеті болса, қазақстандық ұйымдардың қызметін пайдалануға басымдық беруге;

  • жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізгенде қазақстандық мамандарға басымдық беруге: құзыретті органға жұмыс бағдарламасын, сондай - ақ оны іске асыру процессі жайында толық мәліметтер беруге;

  • Қазақстан Республикасының бақылау органдарына олардың қызметтік функцияларын атқару кезінде қажет құжаттарды, мәліметтерді кедергісіз беру мен жұмыс орындарына өтуге мүмкіндік жасауға және олар айқындаған кемшіліктерді уақтылы жоюға;

  • контракт аумағындағы жұмыс нәтижесінде алынған геологиялық есептерді жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі өкілетті органға беруге;

  • салықтарды және өзге міндетті төлемдерді уақытылы төлеуге;

  • қажет болған жағдайда, операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші біреуге, егер контрактыда өзгеше белгіленбесе, қатысушы жақтардың ортақ келісімі арқылы ғана беруге;

  • мәдени - тарихи маңызды объектілерді сақтауға;

  • жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу әсерінен бүлінген жер учаскелерін және басқа табиғи объектілерді заңдарға сәйкес оны ары қарай пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы шарттағы міндеттерді орындамаған жағдайда шарт тоқтатылуы мүмкін. Құзыретті орган немесе мемлекеттік орган жер қойнауын пайдалануда жер қойнауын қорғау мен пайдалану операцияларын 6 ай мерзімге тоқтата алады, төмендегідей жағдайда, егер мердігер:

  1. Жер қойнауын мемлекеттік зерделеу мен жер қойнауы жай-күйінің мониторингіне, учаскелердің, сондай-ақ республика және бөліктерінің және тұтастай аумағының геологиялық құрылымын зерделеуге, оларда пайдалы қазбалардың болуы жөніндегі перспективаларды анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар).

  2. Барлау пайдалы қазбалар мен кен орындарын іздеу мен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстар (операциялар).

  3. Өндіру пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және мемлекеттік меншіктегі техногендік минералдық тізілімдерден алумен, минералдық шикізатты өңдеуге дейінгі барлық технологиялық операцияларды қоса алғанда байланысты жұмыстар (операциялар).

  4. Өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және оларды пайдалану жалпы шаруашылық мақсаттар үшін жер асты құрылыстарын салу және пайдалану, сондай - ақ радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды және қалдық суларды көму жұмыстары (операциялары).

Екінші критериясы жер қойнауының мерзімі болып табылады. Жер қойнауын пайдалану құқығының тұрақты және уақытша түрі бар.

Тұрақты жер қойнауын пайдалану бұл жер қойнауын пайдалану мерзімі алдын-ала көрсетілмейді. Тұрақты жер қойнауын пайдалануға кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жатқызуға болады (яғни, табиғи күйінде немесе шамалы өңделіп, тазартылғаннан кейін негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық тас және басқалар), басқа да жеке өзіндік жер қойнауын пайдалану, жер учаскелерін жеке өзіндік және жер пайдалануды тұрақты пайдалану үшін.

Жер қойнауын пайдаланудың басқа да түрлері бойынша операция жүргізу бұл уақытша жер қойнауын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Уақытша жер қойнауын пайдалану мерзімі контрактіде көрсетіледі. Мысалы, барлау операцияларын жүргізу контрактысының мерзімі 6 ай. Бұл мерзім 2 рет 2 жылға дейін созылуы мүмкін. Жер асты құрылыстарын салу және оларды пайдалану жұмыстарын өткізу контрактысының мерзімі 25 жыл.

Ал, уникалды және ірі пайдалы қазбалардың кен орындарынан өңдеуге 45 жыл беруі мүмкін.

Үшінші критерий бойынша иеліктен алынатын немесе алынбайтын.

Төртінші критерий бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы өтемді және өтемсіз болуы мүмкін. Өтемді тек кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, сонымен қатар өзіндік жер учаскелерінің қажеттері үшін және жеке өзіндік, тұрақты жер пайдалану құқығына ие тұлғада болуы мүмкін.

Жер қойнауының ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы-жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайында, өнеркәсіп өндірісін үлғайтуда қөрнекті орын алады.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлығының қызметі осы заңның арқауы ретінде орын алады немесе тікелей қөрсетіледі. Жер қойнауын қорғау мен пайдалану мемлекеттік бақылау жөніндегі арнаулы бөлімде қаралған.

24.06.2010 ж. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына сәйкес. Жер қойнауы дегеніміз бұл топырақ қабатынан ол жоқ болса жер бетінен және теңіздің, көлдің, өзеннің және тағы басқада су қоймаларының түбіне төмен орналасқан ғылыми техникалық прогресті ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бір бөлігі болып табылады.

Берілген анықтаманы 30.05.1992 ж. «Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы жарлықтағы түсінік бойынша, яғни, жер қойнауы бұл табиғи ортаның бір бөлігі, қалдық заттарды өндіру мен зиянды заттарды көму, ақаба сулары тастау, жер асты құрлысын бөлу және оның бөліктерін халық шаруашылығында және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оларды алуан байланысты болып табылады. Жер қойнауы ұғымы, пайдалы қазба деген ұғыммен тепе-тең емес. Бұлар біртұтас ретінде болады.

Жер қонауының экономикалық қызметі ол пайдалы қазба мен басқа заттардың қайнар көзі ретінде, жер асты құрлыстарын салу үшін (қоймаларды, сақтау орындарды, трубожемістерін) және қалдықтарды көму үшін пайдаланады.

Жер қойнауы бұл шипалық мақсатта қолданылады, себебі; оның құрамында минералды сулар мен шипалы балшықтар бар. Кейбір жер қойнауының учаскелері табиғи, тарихи, мәдени ескерткіш болып табылады, сонымен қатар мәдени, тәрбиелік, ғылыми мақсатта пайдаланылуы мүмкін.

Пайдалы қазба дегеніміз жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйінде кездесетін материалдық өндірісте қолдануға жарамды табиғи минералдық зат (соның ішінде жер асты сулары). Пайдалы қазбаларды кеңтаралған және кеңтаралмаған болып бөлінеді:

Кең таралған пайдалы қазба бұл табиғи күйінде немесе сәл өңделіп, тазартылғаннан кейін негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждық қамтамасыз етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық тас және басқалар).

Ал кең таралмаған пайдалы қазба, бұл металдар, нефть, газ, тағы басқалар. Бұларды пайдалану үшін арнайы рұқсат талап етеді. «Жер қойнауы және жер қойнауыпайдалану туралы жарлықта, сонымен қатар, минералды шикізат бұл жер үстіне шығарылған, құрамында, пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар жер қойнауының бөлігі (кен шикізаты және басқалар).

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес «Жер қойнауы және сонымен қоса, пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде болады. Шарттарда өзгеше көзделмесе минералды шикізат меншік құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншігіне жатады«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңның 5 бабы.

Сонымен қатар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңда жер қойнауы қоры туралы түсінікте бар. Жер қойнауының мемлекеттік қоры Қазақстан Республикасының жер қойнауларынан құралады. Жер қойнауын пайдалануды және қорғауды бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, компетентті органдар (мемлекеттік өкілді орган) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңының 7 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі:


  • мемлекеттік меншік объектісі ретінде жер қойнауын мемлекеттік қорын басқаруды ұйымдастырады;

  • жер қойнауын пайдалану және оны қорғау ережелерін білдіреді;

  • минералды шикізаттың стратегиялық және тапшы түрлеріне деген мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерін анықтайды, ұллтық қауіпсіздікті, қоршаған табиғи ортаның сақталуын, халықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайддалануға шек қояды, болашақ ұрпақ мүддесіне орай минералды шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялайды;

  • кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін анықтайды;

  • өндіруші өнеркәсіптің әр түрлі салаларында қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу тәртібінің ерекшеліктерін белгілейді;

  • контракты жасау тәртібін анықтайды;

  • Модельдік контрактыларды әзірлейді және бекітеді;

  • Кең таралған пайдалы қазбалардан басқа жер қойнауын пайдалануға контрактылар жасайтын және орындайтын құзіретті органды айқындайды;

  • «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 9 бабында сәйкес-жергілікті, оның ішінде облыстық атқарушы органдардың құзіреті: Облыстық атқарушы органдар:

- Жер қойнауын пайдаланушыға жер пайдалану құқығына жер учаскесін береді; қажет болған жағдайда көрсетілген мақсаттар үшін жер туралы заңдарда анықталған тәртіппен жеке меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қояды;

- Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуына, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік ережелерін бұзбауына, археологиялық ескерткіштер және басқа тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

- Контракт жасалған кезде аймақ тұрғындарының әлеуметтік - экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтаумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер жүргізуге қатысады;

- Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және оларды коммерциялық мақсаттар үшін шарт жасайды, тіркейді, орындайды;

- Ғылыми, тарихи - мәдени және эстетикалық маңызға ие, жер қойнауын пайдаланумен байланысты, объектілердің сақталуына, құрылуына ықпал жасайды;

Құзыретті орган осы шарттар, жасаумен және орындаумен тікелей байланысты құқықтар берілетін атқарушы орган. Бұған барлық мемлекеттік органдар кіреді. Пайдалы қазбаларды өңдеу және борлауды инвестиция жөніндегі комитет болып табылады. Бұл комитет сыртқы істер министрлігінің құрамына кіреді.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңның 8 бабына сәйкес құзырлы органдар қызметіне мыналар жатады:


  • Барлау, өндіру жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын берумен байланысты инвестициялық бағдарламаларының конкурсын дайындау және ұйымдастыру;

  • Контрактының шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер жүргізу контрактының жобасын дайндау, жасасу, тіркеу;

  • Шарттық құжаттардың жобаларын келісімді жүргізуді ұйымдастыру;

  • Кең тараған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатқа сай пайдалану контрактысын қоспағанда шартты тіркеумен жасау;

  • Контрактының орындалу шарттарын сақтаудың мониторингісін және оны бақылау жұмыстарын жүргізеді;

  • Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат ету, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беретін мәмілесін тіркеу;

  • Контрактыны заңдарда көзделген тәртіппен негіздер бойынша атқаруды және бұзуды қамтамасыз етеді;

  • Үкіметтің алдында шарттарды орындау жөнінде есеп береді.

Құзырлы орган шарттарды орындау мен жасалу кезіндегі өз қызметі барысында

Қазақстан Республикасының мүдделерін ақтауды қамтамасыз етуге міндетті; пайда болған запастарға мемлекеттік сараптамадан кейін ғана пайдалануға шарт жасауға міндетті.


Әдебиет


  1. N 291-IV 24.06.2010 ҚР.Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң

  2. ҚР. Жер кодексі. 20.06.03ж

  3. ҚР Жер құқығы. А.С.Стамқұлов.Алматы заң әдебиеті баспасы 2005ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет