Жер реформасы мәселелерін түсіндіру бойынша жадынама



жүктеу 100.16 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі100.16 Kb.



Жер реформасы мәселелерін түсіндіру бойынша

ЖАДЫНАМА

Өскемен,

2017 жыл



«Қазақстан Республикасының жер кейбір заңнамалық актілеріне қатынастарын

реттеу мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заң жобасы
Заң жобасының тұжырымдамасы Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 413 отырысында мақұлданды және Республикалық бюджет комиссиясының отырысында 2016 жылғы 29 қарашада қаралды және қолдау тапты.

Заң Жобасын қабылдау мемлекеттік меншікте тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру мәселесін реттеуге мүмкіндік береді.

1

Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерін жалдау


Негіздеме: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру тәртібі Жер кодексінде және нақты реттелмеген. Осыған байланысты, жер учаскесін алуға мүдделі тұлғаның және мемлекеттік органдардың тәртібі мен іс-әрекетінің реттілігін көрсете отырып, нақты нормасын көздейтін бап енгізу ұсынылып отыр. Беру механизмі конкурстық негізде жүзеге асырылсын, ұйымдастыру және өткізу тәртібі ЖРБ жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Ереже түрінде заңға тәуелді актіде белгіленсін.




Н
2

егіздеме: қолданыстағы нормаларға сай жер пайдалану құқығы бірден мерзімі 49 жылға беріледі. Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды және тиімді пайдалану бойынша барлық нормаларды қамтитын үлгілік жалдау шартын әзірлеу қажет.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын

мемлекеттік бақылау бойынша

талаптарды күшейту

14-бапқа «Орталық уәкілетті органның құзыреті» өзгерістер енгізілді


3


19-бапқа «Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретi» өзгерістер енгізілді:




19-бап мынадай редакциядағы 4), 5), және 6)-тармақшаларымен толықтырылсын:

Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне жатады:

«4) елді мекен аумағында мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелердің жасалуына жол бермеу және жердің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;



5) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшін міндетті нұсқамалар беру;

6) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;»

Сондай-ақ, берілетін жерлерді ұтымды пайдалануды бақылау мақсатында тұрақты мониторинг енгізу көзделген: жалдаудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын, одан кейінгі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жыл сайын, тәлімі егістікте – әрбір 5 жыл сайын.


Негіздеме: жердің пайдаланылуы мен қорғаулуын мемлекеттік бақылау жетілдіру және күшейту


4



Қазақстан Республикасының бір азаматында жалдау құқығында болуы мүмкін бiр әкiмшiлiк бірліктің шегіндегі ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгілеу

Негіздеме: бүгінгі күні шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматында және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерiнiң ең жоғары мөлшері Жер кодексімен реттелмеген. Бұл факт латифундистердің пайда болуын туындатады.

Сондай-ақ, орталық уәкілетті органның шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін анықтау әдістемесін әзірлеу жөніндегі құзыреті анықталған.


5


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының күзет аймағына тікелей жанасатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша шектеулер белгілеу

Негіздеме: елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының күзет аймағына тікелей жанасатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша шектеу аймағын белгілеу ұсынылады.



Шекаралық аймақта және шекаралық белдеуде орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған азаматтарына, шетелдік заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының шетелдік үлесі бар заңды тұлғаларына беруге тыйым салу белгіленген.

Мемлекеттiк шекараның шекаралық аймағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері, тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына (шетелдік қатысуынсыз) жер пайдалану құқығында беріледі деп регламенттелген.


6



Жеке аула малын ұстау үшін қажетті елді мекендердің шекараларының шегінде орналасқан жайылымдық және шабындық алқаптарын пайдалану бойынша шектеулер белгілеу

Негіздеме: Қазіргі уақытта аудандардағы жүзге жуық ӨҚШ ірітауарлы деп атауға болады. бірнеше сиыр, қой ұстайтын бұл шаруашылықтар пайда табу мақсатында өнім өндіруге және сатуға бағдарланған, ол олардың жалғыз табыс көзі болып табылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық жануарының 1 шартты басына ауданның бірлігіне жүктеме нормативтерін сақтамау салдарынан жер топырағының құнарлылығы нашарлайды және деградацияға ұшырайды. Осыған байланысты проблемаларды шешу, ауыл тұрғындарын жайылымдармен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнамаға белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізе отырып, нормативтермен жеке аула мал басын шектеу ұсынылады.



С
7

онымен қатар, халықтың жайылымдық алқаптарға мұқтаждығын мемлекет мұқтаждығына жатқызу жолымен, оларды алып қоюға әкімдерге мүмкіндік беріледі.



ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру мәселесін, оларды мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылатын ерекше жағдайлардың тізбесіне енгізу бойынша норманы белгілеу

«Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері» 84-бапқақосымша 6) тармақша енгізілді

 2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару үшін ерекше жағдайлар болып табылады:

6) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру.
Негіздеме: Бұгінгі күні арнайы есепте – кезекте ЖТҮҚ үшін жер учаскесін тегін алуға азаматтардың 1 млн. жуық өтініші тұр.

Әкімдіктердің деректері бойынша түскен өтініштердің 80% учаскелерді облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада алуға берілген.

Алайда азаматтардың осы өтініштері көрсетілген қалаларда ЖТҮҚ арналған жер учаскелері жоқ болуы себебінен қанағаттандырылуы мүмкін емес. Қалаларға жақын тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бар. Алайда Жер кодексінің нормаларына сай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ЖТҮҚ үшін пайдаланыла алмайды.

8


ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру

ережелері


44-1 бап. Елді мекен шегінде объект (жеке тұрғын үй құрылысынан басқа) салу үшін жер учаскесін беру

Негіздеме: Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру ережелері ҚР ЖК 44-1 бабында көзделген тәртіп пен мерзімге сәйкес келтіріледі, өйткені 44-1 бапта жер учаскелерді берудің тәртібі мен қарау мерзімі көзделген, ХҚКО мен азаматтарға араналған үкімет ескерілген.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығынан ерікті түрде бас тартқан кезде арнайы жер қорына жер учаскесін қайтару рәсімі оңайлатылады


82-баптың 3-тармағы толықтырылды: «Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепке алуға негiз болып табылады, 1 жыл өткеннен кейін ауданның, облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жер учаскесін арнайы жер қорына енгізу туралы шешім шығарады».


Негіздеме: Жер учаскесін ауданның арнайы қорына қайтару рәсімін жеңілдету үшін сотқа жүгіну туралы норма шығарылады, әкімдіктер осындай жерлерді ауданның арнайы жер қорына есепке алу туралы өздігінен шешім қабылдау өкілеттіктерінее ие болады.



9

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік

кодексіне шаруа немесе фермер қожалығы

ұғымдары мен нысандары бөлігінде

өзгерістер енгізіледі

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің «Шаруа немесе фермер қожалығы ұғымы және нысандары» 41-бабынан 2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталды

2. Шаруа немесе фермер қожалығы: 

3) бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде ортақ үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы нысандарында болуы мүмкiн.

Негіздеме: жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі заңнамаға барлық түзетулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан құрылған жер комиссиясының жұмыс нәтижелері бойынша, өңірлерді аралау барысында түскен қоғамдық пікір мен жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының пікірін ескере отырып әзірленген. Түзетулер Қазақстан азаматтарының наразылық көңіл жоюға, заңнама коллизияларын жоюға, кейбір "түсініксіз" нормаларды нақтылауға, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен басымдылығын қорғауға бағытталған.




10




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет