Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары



жүктеу 58.24 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі58.24 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2016 жылғы «21» маусымдағы

№ 324 бұйрығына

18-қосымша

Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2014 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 587 бұйрығына

91-қосымша



Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (701.01-нысан)

 
1. Жалпы ережелер

 


  1. Осы Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (701.01-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық кезеңінің басында бар салық салу объектілері бойынша және салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері өзгерген кезде жер салығы мен мүлік салығын есептеуге арналған жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің
    373, 394-баптарында көрсетілген жеке және заңды тұлғалар жасайды.

  2. Осы Қағидалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады.

  3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

  4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

  5. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

  6. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

  7. Есептерді жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.



  1. Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін объектілер бойынша есепті пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы толтырады және табыс етеді.

  2. Концессия шарты бойынша берілген объектілер бойынша есепті концессионер толтырады және табыс етеді.

  3. Есепке Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

  4. Есепті беру кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

2. Есепті жасау (701.01-нысан)

 


  1. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) жер салығы және мүлік салығы бойынша төлеушінің ЖСН/БСН;

2) салық есептілігі тапсырылатын кезең (жыл) – есеп берілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

4) есептің түрі.

Тиісті торкөздер есепті Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;

5) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63-бабының 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша қосымша есепті табыс еткен жағдайда толтырылады;

6) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер, егер салық төлеуші А, В, С, D жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жатқан жағдайда толтырылады;

7) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі.


  1. «Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу» деген бөлімде:

1) А бағанында жер салығы және мүлік салығының бюджет сыныптамасының тиісті кодтары көрсетіледі;

2) В бағанында салықтардың атауы көрсетіледі;

3) C, D, E, F, G жолдарында жер учаскесінің бюджет сыныптамасының кодына сәйкес келетін бір санаттағы бірнеше жер учаскесі болған жағдайда көрсетілген жер учаскелері бойынша ағымдағы төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі;

4) салық кезеңінің басындағы салық салу объектісі бойынша есепті тапсыру кезінде С бағанында жер учаскесі және мүлікке сәйкес бюджет сыныптамасы кодының алдына салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей төленуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі.

Салық міндеттемесі өзгерген жағдайда есепті тапсырған кезде С бағанында жер учаскесі және мүлікке сәйкес бюджет сыныптамасы кодының алдына салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей төленуге (+), азайтуға (–) жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі;

5) салық кезеңінің басындағы салық салу объектісі бойынша есепті тапсыру кезінде D бағанында жер учаскесі және мүлікке сәйкес бюджет сыныптамасы кодының алдына салық кезеңінің 25 мамырынан кешіктірмей төленуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі.

Салық міндеттемесі өзгерген жағдайда есепті тапсырған кезде D бағанында жер учаскесі және мүлікке сәйкес бюджет сыныптамасы кодының алдына салық кезеңінің 25 мамырынан кешіктірмей төленуге (+), азайтуға (–) жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі;

6) салық кезеңінің басындағы салық салу объектісі бойынша есепті тапсыру кезінде E бағанында жер учаскесі және мүлікке сәйкес бюджет сыныптамасы кодының алдына салық кезеңінің 25 тамызынан кешіктірмей төленуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі.

Салық міндеттемесі өзгерген жағдайда есепті тапсырған кезде E бағанында жер учаскесі және мүлікке сәйкес бюджет сыныптамасы кодының алдына салық кезеңінің 25 тамызынан кешіктірмей төленуге (+), азайтуға (–) жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі;

7) салық кезеңінің басындағы салық салу объектісі бойынша есепті тапсыру кезінде F бағанында жер учаскесі және мүлікке сәйкес бюджет сыныптамасы кодының алдына салық кезеңінің 25 қарашадан кешіктірмей төленуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі.

Салық міндеттемесі өзгерген жағдайда есепті тапсырған кезде F бағанында жер учаскесі және мүлікке сәйкес бюджет сыныптамасы кодының алдына салық кезеңінің 25 қарашадан кешіктірмей төленуге (+), азайтуға (–) жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі;

8) салық кезеңінің басындағы салық салу объектісі бойынша есепті тапсыру кезінде G бағанында алдағы салық кезеңі үшін төленуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі.

Салық міндеттемесі өзгерген жағдайда есепті тапсырған кезде G бағанында жер учаскесі алдағы салық кезеңі үшін төленуге (+), азайтуға (–) жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі.


  1. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) есептің тапсырылған күні.

Мемлекеттік кірістер органына есептің тапсырған ағымдағы күні көрсетіледі;

3) мемлекеттік кірістер органының коды.

Салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

4) «Есепті қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» жолында есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) есептің қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес есептің табыс етілген күні көрсетіледі.

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Мемлекеттік кірістер органы беретін есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі;



7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2016 -> pravila -> kaz
kaz -> Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары
fno -> Банктік қызметті, сондай-ақ лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептiлiгiн жасау қағидалары
fno -> Нысан Жалпы ережелер
fno -> Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
fno -> Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің салық есептілігін жасау қағидалары
fno -> «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101. 04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
fno -> Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
fno -> Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
kaz -> Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет