Жер судың аты, тарихтың хаты



жүктеу 38.8 Kb.
Дата21.08.2018
өлшемі38.8 Kb.
түріЛитература

Жер судың аты, тарихтың хаты
Кзылординская область

Жанакорганский район

Село :Суттикудык

Средняя школа №52

им. Б Аралбаева

Учительница русского языка и литература : Смайылқызы Перуза


Туған жерін қастерлеу, табиғатқа қамқорлық жасау, жер байлығын, ел байлығын, көздің қарашығындай сақтау, ұрпақтан- ұрпаққа мұра болған қоршаған ортаны қорғау әрбір егеменді еліміздің азаматтарының міндеті, парасатты парызы.

Әлімсақтан бері ата-бабаларымыз туған өлке табиғатына сақтықпен қарап, келер ұрпаққа сары майдай сақтап, мұра етіп қалдыруға тырысқан. Табиғат тылсымымен дертке- дауа, ойға -сана, бойға –жігер, күш, денесіне –қуат, көңіліне –шуақ, өнеріне –шабыт, қиялына-қанат бітірген. Содан болар, дана халқымыз: «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең, он тал ек», «Көкті жұлма, көктей соларсың» деген ұлағатты сөз қалдырған.

Бүкіл шежірелі Сыр бойы сияқты Жаңақорған өңірінің де тарихи тамыры тереңде жатқанын жақсы білеміз. Ұлы Жібек жолының тармақталған сілемдерінің осы өңірден өтуі, кезінде қазақ халқының басын құраған Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының, Сауран қорғанының, атақты Алпамыс батырдың зайыбы Гүлбаршын сұлудың басына тұрғызылған Көккесене күмбезінің, имандылықтың белгісіндей Хорасан Ата сағанасының, басқа да құм жұтқан қамалдар мен қорғандардың Жаңақорған жерінде жатуы талай тылсым сырды аңғартса керек-ті. Жаңақорған өңірінің шежірелі тарихы да тұтас. Сыр бойының тұнба тарихымен сабақтасып кеткендіктен бір-бірінен бөле қарауға әсте болмайды. Өйткені жер тарихы- ел тарихы.

«Топономика» грек сөзінен аударғанда «топос» -жер, орын, «ономос»-атау деген мағына береді. Топономика – географиялық атаулардың шығуын, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы.

Жер-су атаулары – картаның маңызды элементі, сондықтан да оқушылар неғұрлым жер-су атауларын жетік меңгерсе, соғұрлым картамен жұмыс жасауы да жеңіл тиеді. Бұл атауларды зерттегенде қарт тұрғындардың, мұражай құжаттарында сақталған топономика жөніндегі мағлұматтарды пайдаландым.



Сүттіқұдық- бұл атаудың шығу тегі қарапайым. Малға жайлы, суы мол болғандықтан құдық осылай аталған. Қазіргі уақытта ауылдың ортасында, әлі де суы мол жергілікті халық пайдаланып отыр.

Шұрық- Сүттіқұдық ауылының солтүстік –батысында 6-7 шақырым жерде орналасқан шағын көлдің аты. Айналасы құм төбелермен көмкеріліп, сексеуіл өседі. Бұрындары қамысы бітік болып, ішінде жолбарыстар мекендеген екен. Бүгін де ол жерде қойшылардың қыстауы бар, мал бағылады.

Майшы құмы- Шұрық көлінен 2-3 шақырым шамасында шығысқа қарай орналасқан құмның атауы. Бұл жерде бұрындары Майшы атты бай отырған. Төрт түлігі сай болған деседі.

Қотан бұлақ- Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан керуендердің тоқтап, демалатын орны болған. Сүттіқұдық ауылынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Бұлақ суы қыста да қатпайды. Адамдар мен түйелердің шөлін қандыратын, суы ортаймайтын бұлақ басында Сүттіқұдық ауылының тұрғыны түйелерін бағып, қыстап отыр.

Ақбикеш мұнарасы- Қаратаудың батыс сілемдеріндегі Ақсүмбе кентінен оңтүстікке қарай орналасқан биік жота басындағы тарихи ескерткіш. Осы күнге дейінгі жеткен әр түрлі аңыздарда мұнараны Ақбикеш арудың есімімен байланыстырады. Мұнара жартас арасын ірі қиыршық тастармен толтырып жасаған, іргеліктің үстіне шикі кірпіштен тұрғызылған. Пішімі-жұмыр. Мұнараның ішіне кіретін бір, айналаны бақылау үшін жасалған екі ойығы бар. Оның бірі батыс асуға, екіншісі солтүстік- шығысқа қарайды. Мұнара композиясы өзгеше, шикі кірпіштен салынып, орта ғасырдан бүгінге жеткен бұл мұнараның Қазақстан сәулет өнері тарихында алатын орны ерекше.

Ақтөбе, Үштөбе – Сүттіқұдық ауылынан 15-17 шақырым жерде орналасқан, биіктігі 20-30 метрлік шағын құмтөбелер. Жоңғар шапқыншылығы кезінде төбелер басында қарауылдап тұрып, жауды бақылайтын болған.

Төлес тоған- Жайылмадан 7-8 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі уақытта бұл тоғанды, Жайылмалықтар егістікке, малға пайдаланып отыр.

Қаздың құмы- Сүттіқұдық ауылынан 5-6 шақырым жерде Үлкен және Кіші Қаз деген жерлер бар. Бұлай аталу себебі, бұл жерде Қараша руының Қаз деген атасы тұрған. Қазіргі уақытта Божбан ата әулиесі тұрған жер Бала Қаз немесе Қаздың құмы деп аталады.

Қоспа- Қаратаудан басын алатын Жиделі және Жыланды өзендерінің қосылған жері. Жайылмадан 24 шақырым жерде орналасқан.

Майтөбе- елді-мекенге келген алғашқы тракторды колхозшылар жер жыртып болған соң, кешке биіктеу төбенің басына қойып қоятын болған екен. Жұмысшылар таңертең барса, жанармайы ағып, құмның бетін жуып кетіпті. Содан кейін ол төбе Майтөбе деп атала бастапты. Қазіргі кезде Сүттіқұдық ауылының күнбатыс жағындағы шағын екі көше Майтөбе жері деп аталады.

Көк кесене- Сыр бойындағы аса маңызды тарихи ескерткіштердің бірі болған. Төменарық темір жол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырымдай жерде, қазіргі Қожамберді ауылында. Алпамыс батырдың зайыбы Баршын сұлудың (Гүлбаршынның) кесенесі. Кесене биіктігі- 4-5м, өзі 6,5м шамасында болған. Кірпіш бетіндегі әшекей өте жоғары сапалы, қалың шыны тәріздес, қабатпен құйылған. Оның көкшіл түсі өзінің өңі жағынан Самарқан мен Бұқара әшекейлерінен кем түспейді. Қазіргі уақытта кесене орнында белгі жоқ. Төбе болып, томпайып жатыр.

Осындай, атаулардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, қасиеті, тарихы бар. Жер-су, елді-мекендердің атаулары айтарлықтай ақпараттық рөл атқарады. Ғасырлар бойы көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген халық үшін жер-су, елді-мекен атауларындағы ақпарттық қасиет өте жақсы болған. Сан алуан жер-су атаулары құрамы ұлан –байтақ өлкеміздің ұшан-теңіз табиғат байлығын танытады. Мұндай атаулардың қай-қайсысы болмасын халық өмірімен оның тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан, географиялық атауларды ұлттық байлығымыз ретінде жинап, қорғап, қастерлеп кейінгі ұрпақтарға жеткізу-ерекше мәні бар абыройлы іс.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет