Жәрмеңкенің ашылуында Курчатов қалалық «Нұр Отан» хдп филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Л гулькова, «Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» кмм директоры С. Ш



жүктеу 12.64 Kb.
Дата19.09.2018
өлшемі12.64 Kb.
түріБағдарламасы

Бос орын жәрмеңкесі
Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығымен бірлесе 2016 жылдың 19 мамырында Еңбек күні қарсаңында азаматтарды «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша іске асатын бағыттар туралы ақпарат беру және жастарды, жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамту шарасына белсенді қатысу мақсатымен бос орын жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкенің ашылуында Курчатов қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Л Гулькова, «Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры С.Ш. Әзімханов қатысып, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мәлімет берді.

Бос орын жәрмеңкесіне 30 жұмыссыздан артық азаматтар қатысты. Қала ұйымдарынан жұмысқа орналасу бойныша 64 бос орынға сәйкес мамандықтар бойынша 10 өтінім келіп түсті.

Қала ұйымдары арасынан қатысқандар: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «Курчатов көп салалы эксплуатациалық кәсіпорыны» КГКК, «Күншуақ» бала бақшасы, ЖШС «Балапан» компаниясы», Геофизикалық зерттеулер институты, ЖК «Қиза Серік», ЖК «Зияданов», ЖК «Умаров».

Бос орын жәрмеңкесін өткізу нәтижесінің соңында 4 адам тұрақты жұмысқа орналасты 10 әңгімелесуге жіберілді. Сонымен қатар 2016 жылдың маусым айынан «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 5 адамды жолдау жоспарланды, соныщ ішінде «Өрлеу» бағдарламасы арқылы аз қамтылғандар 4 адам және пробация қызметінің есебінде тұрғандар санынан 1 адам жолданады.

«Курчатов қаласы әкімдігінің



жұмыспен қамту орталығы» КММ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет