«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат



жүктеу 62.48 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі62.48 Kb.


Ақмола облысы әкімдігінің

2018 жылғы ____________

№ _________ қаулысына

1-қосымша


Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/468 қаулысымен бекітілді

«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат туралы хат.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/442 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар, мемелекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:

1) кеңсе қызметкері өтінішті қабылдауды және оны тіркеуді іске асырады – 15 минут;

2) басшы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді

– 30 минут;

3) жауапты орындаушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды – 28 жұмыс күн;

4) басшы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды

– 30 минут;

5) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 15 минут.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тіркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындау;

4) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қою;

5) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет ету тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

7. Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірудің тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті берушінің сұранысын өңдеудің ұзақтылығы:



1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді;

1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағында қаралған рәсімдері (әрекеттері);

3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерi тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің дайын нәтижесін береді.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіру кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

8. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) кезеңділігін сипаттау:

1) кеңсе қызметкері өтінішті қабылдауды және оны тіркеуді іске асырады, басшының қарауына жолдайды – 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 30 минут;

3) жауапты орындаушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды – 28 жұмыс күн;

4) басшы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды

– 30 минут;

5) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 15 минут.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


«Жерүсті су объектілері жоқ,   


бірақ ауызсу сапасындағы жерасты 
суларының жеткілікті қоры бар   
аумақтарда ауызсу және      
шаруашылық-тұрмыстық сумен    
жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар
үшін ауызсу сапасындағы жерасты  
суларын пайдалануға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
регламентіне қосымша   

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



скругленный прямоугольник 2скругленный прямоугольник 4скругленный прямоугольник 5скругленный прямоугольник 6

скругленный прямоугольник 11скругленный прямоугольник 12скругленный прямоугольник 13стрелка углом 26

скругленный прямоугольник 7
Мемлекеттік корпорация

Өтінішті қабылдауды және оны тіркеуді іске асырады, басшының қарауына жолдайды – 15 минут

Өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 30 минут



Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды – 28 жұмыс күн
прямая со стрелкой 22 прямая со стрелкой 23 прямая со стрелкой 24

Мемлекеттік

корпорация

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды – 30 минут

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 15 минут


стрелка углом 29скругленный прямоугольник 1

прямая со стрелкой 32прямая со стрелкой 33прямая со стрелкой 34


Шартты белгілер:
скругленный прямоугольник 64

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;



- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

прямая со стрелкой 37 - келесі рәсімге өту.



Каталог: sites -> upr.akmo.gov.kz -> uploads
sites -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
sites -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
sites -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
uploads -> «II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» қызметінің паспорты
uploads -> «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» қызметінің паспорты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет