35 жастағы қытайлық саяхатшы Алматы, Балқаш, Астана және Павлодар қалаларында болып, қос ел арасындағы визасыз режімнің ыңғайлығын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Astana Times/Джейсон Фэннің жеке архивінен

Жиһанкез Джейсон Фэн қазақстандық Astana Times редакциясына автоүйді дайындау барысы қиынға соққанын айтты. 

Алайда ол өзінің тәжірибесі жоқтығына қарамастан, көлік құрастыруға бел буған. Джейсонның автоүйі күнделікті өмірге қажетті барлық затпен жабдықталған. Тек душтан басқасының бәрі бар. Автоүй – қолайлы саяхаттауға, тамақ әзірлеуге және сапарын құжатқа түсіруге мүмкіндік береді.

Фото Astana Times/Джейсон Фэннің жеке архивінен

Ол сапарын биіктігі 5 800 метр болатын Тибет тауының қиылысынан бастап, Қырғыз Республикасының шекарасына жеткен. Сол жерден Қазақстанға табан тіреген. Ел астанасы оны сұлулығымен ғана емес, ұлттық тағамдарымен де таңқалдырған. Елордада ағылшын тілі мұғалімі Әлия Есенбаева саяхатшымен кездесіп, ол оған аздап орын тілін үйреткен. Мұғалім оған қаланы көрсетіп, достарымен таныстырған көрінеді. Астанада ол алғаш рет жылқы етін жеп, "дәмді, бірақ сәл тұзы көп" сорпа ішкен.

Фото Astana Times/Джейсон Фэннің жеке архивінен

Саяхатшы кейін Астанадан Павлодарға аттанған. Бұл өңірге бару ол үшін ең қиын сапардың бірі болған. Себебі автоүйдің жылу жүйесі еліміздегі қысқы ауа райына шақ жасалмаған. Оның Керекуге іссапары Жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс келген. Әсіресе ол қала жағалауының әдемілігін айтып, ерекше назар аударды.

  • "Үміт пен күдік қатар тұр": Қыдырәлі Болмановтың не үшін Германияға кеткені белгілі болды
  • Әлемдегі ең үлкен кеме алғашқы саяхатына аттанды: Экологтар дабыл қағуда

Сонымен қатар Джейсон өзін байқаусызда жылдамдық асырған кезде жергілікті полицейлер тоқтатқанын еске алды. Саяхатшы кешірім сұрап, бұл аймақта бірінші рет болғанын және кейде жергілікті жол белгілерін түсіну қиын екенін айтып түсіндірген. Себебі Қытай мен Қазақстанның жол ережелірінде айырмашылық бар. Қуанышқа орай, полицей оған келешекте жол көлік ережесін бұзбауын және сақ болуға кеңес берген. Оған тәртіп сақшысы айыппұл төлеткізбеген.

"Қазақстан халқы өте, өте қонақжай! Мен мұны күткен жоқпын. Олар өте мейірімді", – деді Джейсон Фэн.

Джейсон қытайлық саяхатшылардың Қазақстанға сапар кезінде қиындықтар болады деген ескертулерін жоққа шығарып, қазақстандықтардың мейірімді әрі жомарт халық екеніне көзі жетті.

Еске салайық, Таиланд туризм басқармасы қазақстандық азаматтар үшін 30 күндік визасыз режім мерзімін ұзартылғанын мәлімдеді. Отандастарымыз енді Таиландта 31 тамызға дейін бір ай визасыз жүре алады. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.