Жетіжар ауылдық округi әкiмiнiң 2015 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2016 жылға жоспарлары туралы есебі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол»



жүктеу 64.62 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі64.62 Kb.

Жетіжар ауылдық округi әкiмiнiң 2015 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2016 жылға жоспарлары туралы

есебі
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Жолдауын біздің округтің тұрғындары қолдай отырып, өз еңбектерін сол алдағы қойылған тапсырманың орындалуына ат салысуда.

Осы бағытта ауылдық округте бірқатар жұмыстар атқарылды.

Елбасының жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында ауылдық округте екі ақпараттық насихат тобы құрылып, тұрғындармен 21 кездесу өткізілді.

Ауылдық округ аумағында төрт елді мекен орналасқан, аула саны 391, тұрғындар саны 1507 адам, жалпы жер көлемі 193805 гектарды құрайды.


Ауыл шаруашылығы
Жетіжар ауылдық округінде 2015 жылдың 01 қаңтарға және 2016 жылдың 01 қаңтарына мал басының санын салыстырғанда өсуі байқалады: 3238 бас ірі қара мал – 33 басқа, немесе 101 пайызға; 696 бас жылқы – 213 басқа немесе 144 пайызға; 2100 бас құс – 3 басқа немесе 100,1 пайызға; 3841 бас ұсақ мал - 126 басқа немесе 103,3 пайызға.

2015 жылға ет өнімі 8772 центнерді құрайды, ал 2014 жылмен салыстырғанда 495 центнерге көбейді, сүт 48206 центнер, 572 центнерге азайды, жұмыртқа 5831 мың данаға көбейді, жүн 150 центнер, 100 пайызға орындалды.

Округте 52 шаруа қожалығы, 6 жеке кәсіпкер тіркелген.

Инвестиция енгізу туралы
2015 жылы «Азамат» шаруа қожалық басшысы Қ.Ф.Қадылбекова

5 млн. 600 мың теңгеге ауылшаруашылығы жабдықтарын: баспақ сұрыптаушы, роторлық пішен шабатын машина, роторлық тырнауыш сатып алды. «Алтын таға» ШҚ 3 млн 400мың теңгеге а/ш техникасын алды.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған жалпы инвестиция

9000000 теңгені құрады.


Инфрақұрылым және абаттандыру

Округ бойынша 125 фонар орнатылған.

Округті елді мекендерді көркейтуге , санитариялық тазалауға 167 мың тенге, қыс уақытында жолдарды қардан тазалауға 600 мың теңге, қаңғыбас иттерді жоюға -100 мың.тенге қаражат жұмсалды. Көктемде округ бойынша екі айлық санитарлық тазалық акциясы ұйымдастырылды.

.

Әлеуметтік жағдай



«Жетіжар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ 2015 жылы жеке кәсіпкерлермен шартқа отыру арқылы Кривинка мектебінің асханасын ақылы түрде жалға беру келісім шартын жасады. Келісім шарттың құны 26000 теңге. Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша Жетіжар ауылында 1750932 мың теңгеге балалар алаңқайы орнатылды.

Салық жинау


2015 жылы округ бойынша салық жинау жоспары 100 пайызға орындалды. Оның ішінде: жер салығы – 65 000 теңге, мүлік салығы – 52 000 теңге, көлік салығы – 260000 теңге жиналды.
Жұмыспен қамту

2015 жылы Жұмыспен қамту орталығында 15 адам тiркеуде тұр. Қоғамдық ақылы жұмысқа 15 адам тартылды.

Округ бойынша 8 жаңа жұмыс орны ашылды, 87 адам уақытша жұмысқа орналасты.
Денсаулық сақтау

Округ аумағында 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3-дәрігерлік пункт қызмет көрсетеді.11 медициналық қызметкер жұмыс істейді. 1 жедел жәрдем автокөлігі бар.

2015 жылы ауылдық округте 7 бала дүниеге келді, 11 адам қайтыс болды. Округ тұрғындары медициналық зерттеулер скринингінен өтті. Барлығы 387 адам.
Әлеуметтік қорғау

Ауылдық округте тұрмысы төмен отбасыларына, зейнеткерлер мен жалғыз басты қарттарға үлкен көңiл бөлiнеді.

Округ бойынша 16 - жалғыз басты қарттар турады оларға және мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 3 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады . Округте 19 тыл еңбеккері, 2 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

Округтегі Кривинка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қизат Мұханғалиевқа округ азаматтардың көмегімен жаңадан қақпа орнатылып, үйіне су құбыры өткізілді. Бейсембай Жукин «Арман » шаруа қожалық басшысы жылда төтенше жағдай кездерінде және жалғыз басты қарттарға картоппен көмектесті.

Тұрмысы төмен отбасылар саны округ бойынша - 9 отбасы, оның ішінде 25 бала. 7 отбасы балаларға мемлекеттік жәрдемақы алады. Атаулы әлеуметтік көмекті 1 отбасы алады. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 5 адам жұмыс істейді. «Асыл» үкіметтік емес үйымының 2 қызметкері жұмыс істейді.

Ауылдық округ аумағында көп балалы _60__ аналар тұрады, «Алтын алқа» иегері 30 адам, «Күміс алқа» иегері 26 адам, 4 және одан көп бала тәрбиелеген 4 адам.


Мәдениет және спорт
Округте жыл сайын барлық мерекелер мен атаулы күндер мерекеленіп отырады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Жетіжар ауылындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш тақталары жаңаланып, граниттан орнатылды. Жеңіс күніне арнап Жетіжар және Кривинка ауылдарында митингілер өткізіліп, соғыс құрбандарына ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, округтегі шаруа қожалық басшылары және жеке кәсіпкерлердің көмегімен дастархан ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Кривинка ауылындағы көп балалы ана Қызғалдақ Нуртазина «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. 2015 жылғы 6 наурыз күні Бесқарағай ауылында өткен «Ең үздік округ. besk» фестивалына округ жастары қатысып, фестивалдың жеңімпазы атанып және Гран-При иегері болды. 2015 жылғы 21 наурыз күні округ бойынша «Көктем шақырады» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 4 ауылдың тұрғындары қатысып, әрбір ауыл қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетті, соңынан әділ қазы алқасы белсенді қатысқан тұрғындарды округ әкімінің мақтау грамоталарымен және сыйлықтармен марапаттады.

1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Кривинка және Семияр орта мектептерінде мерекелік концерттер ұсынылды және балаларға округ әкімінің атынан тәтті тағамдар таратылды.

2015 жылғы 26 қыркүйек күні Бесқарағай ауылының орталық алаңында

« Жетіжар ауылдық округінің күні» мерекесі өткізіліп, мерекеге округ шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер қатысып, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Семияр орта мектебі қонақтардың назарына қолданбалы өнер көрмесін көрсетті. Округ тұрғындары халыққа концерттік бағдарлама, спорттық ойындар өткізіп, қайырымдылық үстелін ұйымдастырды.

Аудан бойынша өткізілген «Округ күні» мерекесінде біздің округ 3 –ші орынды иеленіп, сертификатты алды.

2015 жылғы 2 қазан күні округ бойынша Қарттар күніне арнап қарт адамдарға мерекелік концерт және мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Округ бойынша зейнеткер Ахмедиев Жасқайрат округ және аудан аумағында өткізілетін іс-шараларға белсене қатысады. Аудандық және облыстық шахматтан өткізілген жарыстарға және ауданда өткізілетін ат жарыстарға тұлпарларын қосып, жүлделі орындарға ие болады.

Ауданда өткен «Спорт күніне» арналған Волейболдан жарыста Жетіжар ауылдық округінің жастары 1-ші орынды иеленді.



Білім беру
Ауылдық округте 2 мектеп жұмыс істейді. Оларда барлығы 135 оқушы тәлiм-тәрбие алуда, 33 мұғалім жұмыс істейді. 2015 жылы ҰБТ қорытындысы орта балл -101,5 балл, ҰБТ қорытындысы бойынша Мукашев Сұлтан 117 балл қорын жинап «Алтын белгі» белгісін иеленді. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы Гумилев атындағы Евраазия Университетінің 1-ші курс студенті. 51 оқушы тегін тамақпен қамтылған. Жағдайы төмен отбасылардың балалары және 1-4 сынып оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастырылған. Хоккей үйірмесінің жетекшісі Зияданов Т.К. 2015 жылғы 19-25 наурыз күндері Өскемен қаласында «Жұлдызша - 2015» шайбалы хоккейден қола медаль жүлдегері атанды.Мектептердің спорт залдарында волейбол, баскетбол, теннис,шахмат, дойбы, күрес, тоғыз құмалақ үйірмелері жұмыс істейді. «Зерде»ғылыми тәжірибелік конференциясы «Семияр өңірінің дәрілік өсімдіктері»атты ғылыми жұмысы ауданда, облыста 1 –ші орынды иеленді. Жоба авторлары: Ғазиз Қазыбек, Смағұл Дильназ. Жоба жетекшілері: Кадырбекова А.М, Ахмедова А

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау
2015 жылы Жетіжар ауылдық округінің аумағында 3 қылмыс жасалды, оның ішінде 3-де ашылған. Барлығы 44 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген оның ішінде: отбасының шырқын бұзу – 1, кіші-гірім бұзақылық –5, қоғамдық орындарында алкоголь ішу –10, тіркелу режимін бұзу –7, ЖЖЕ бұзу –8.

Ақпараттық-насихаттау топтарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2015 жылғы сәуір айында Жетіжар және Кривинка ауылдарында болған су тасқыны кезінде көмек көрсеткен аудан әкімінің аппаратына, аудандық барлық мекемелердің басшыларына және қызметкерлеріне, білім беру бөліміне, аудандық аурухана қызметкерлеріне, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметкерлер бөліміне және де су тасқыны кезінде өз бастарын қатерге тігіп,үш күн бойы су тасқынымен бірге арпалысқан адамдарға Жетіжар ауылдық округінің тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін.

2015 жылғы сәуір айында Кривинка ауылында төтенше жағдайдан зардап шеккендерге облыстық бюджеттен 6071713 теңге материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде 2298162 теңгеге 6 отбасына бағалау актісі бойынша жаңа үйлер сатып алынды, 12 отбасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Ауылдық округ әкімінің есеп беру жиналысында 5 ұсыныс айтылды:

Жетіжар ауылындағы ескі мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы;

Мал сою алаңын ашқан жағдайда қандай көмек, несие беріледі;

Кривинка ауылында су құбырларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізу жөнінде;

Грачи мектебінің жұмысы жөнінде

Лесной ауылының тұрғындарының сұрағы: аудандық ауруханада стационарлық емделу жөнінде

2016 жылғы міндеттер
- 2016 жылы мал және құс басын, оның ішінде асыл тұқымды мал бастарын көбейтуі жоспарлануда;

-Жетіжар ауылында мал сою алаңын ашу;

-Кривинка, Жетіжар ауылдарының жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Жетіжар ауылының кіреберісіне стелла орнату;



-Жетіжар ауылына жасанды жабындымен футбол алаңын орнату


Жетіжар ауылдық округінің әкімі С.Назаров

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет