Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл



жүктеу 12.43 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі12.43 Kb.

Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл

Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бас маманы

Маргулан Қатубеков


Өзін-өзі тани білу
Орыс жазушысы Л.Толстой айтқандай: «Тән үшін өмір сүрген азап шектіреді, рух үшін өмір сүрген ғана рахатқа жеткізеді». Қазақ халқында қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек.

Біріншісі-надандық.

Екіншісі-еріншектік.

Үшіншісі-залымдық.



Менің ойымша, адам еш уақытта сыннан қашпау керек. Өйткені сын адамды жамандықтан тазартады. Адамды сынаушылар көп, олардың әрқайсысының мақсаты бар. Біреулері көре алмай, біреулері өтірік су лайлайтын өсекшіл деп те жалған сынайды. Егер біреуді нашар деп айта берсең, ол солай болып кетеді. Өзі де барлық дүниеде құлдырап кеткендей болады. Өз пікіріңді өзің құрметте, әрбір айтқан сөзің, істеген әрбір ісің өмірлік ұстанымдарына сай болса, адамдар не ойлайды деп жалтақтама, берілген баға артық болып кетіпті деп қысылма, істеген ісіңнің дұрыстығына сенсең, өз бетіңше өмір сүр. Сөзіңмен істеген ісің екі түрлі болған кезде, өзіңнен қайтқан дұрыс. Ал үндемей қалсаң, үлкен сөз айтқанмен бірдей. Өзіңді өзің тежеуді үйрен. Ашумен басталған іс ұятпен тынады. Сондықтан балаға ұрысқанда оңбайсың, тегіңде «ештеңе жоқ» деген дөрекі сөздерден гөрі, «саған не болған балапаным-ау» деген сияқты зілсіз сөздерді айтқан жөн. Әрбір ұстаз, тәрбиеші, ата-ана, жеке балалардың ісін байқап, жолға салып оның қыры мен сырын терең түсінсе оқушы Отанын, ұлтын, мәдениеті мен ана тілін қастерлейтін ізгі жүректі абзал адам болары сөзсіз, өз пікірін ой санасына тоқып, күнделікті өмірде қолданып жүрсе, өзін-өзі тануына, өзгені де танып, тәрбиелеуіне жол ашылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет