Жезқазғанда кешенді жоспар жүзеге асады



жүктеу 90.96 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі90.96 Kb.

Жезқазғанда кешенді жоспар жүзеге асады

30 қарашада облыс әкімі Серік Ахметов Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барып, онда Сәтбаев және Ұлытау ауданы өкілдерінің қатысуымен қалалық актив өткізді.

Актив жұмысына «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары қатысты.

– Бүгін мен сіздерге жағымды жаңалықты жеткізгелі келіп отыр­­­мын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың тапсырмасымен 2012-2017 жылдарға арналған Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау аудандарын әлеуметтік-экономикалық да­­­мытудың кешенді жоспары әзір­­леніп, ел Үкіметінің қаулы­сы­­мен бекітілді. Бұл құжаттың сіздердің өтініштеріңіз бойынша жасалғандығын айрықша атап өт­кім келеді, – деді облыс әкімі.

Облыс басшысы Кешенді жос­парды жүзеге асыруға шамамен 130 млрд. теңге бөлінетіндігін тілге тиек етті. «Бұл – қомақты қаржы, біз кешенді жоспарды тиім­ді жүзеге асыру үшін бар күш-жіге­рімізді саламыз», – деді ол.
Бұдан кейін күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімінің ор­ын­басары Талғат Әбілда баяндама жасады.

– Кешенді жоспар 8 тараудан тұрады, – деді ол. – Атап айтқанда, минералдық-шикізаттық базаны кеңейту, индустриялдық-инно­ва­циялық дамыту, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық, тұрғын үй құрылысы, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік инфрақұрылым, экология және табиғатты пайдалану, туризм.

Бірінші тарау бойынша осы аймақтың минералды-шикізат базасын кеңейтудің мүмкіндіктері анықталған. Осы шараларға «Қазақмыс» корпорациясының өз қара­жа­тынан 12 млрд. 440,5 млн. теңге қа­растырылған. Оның ішінде 11 млрд. теңге­ден астамы Жезқазған кен орындарындағы кен қалдықтарын зерттеу, Жаманайбат, Жыланды кен орындарын, сондай-ақ Жез­қазған қыратының батыс және шығыс бүйірін зерттеуге арналған. Осының нәти­жесінде қосымша кен рудаларының қорын тауып, осы өңірде кен өндіруді тағы да 60-80 жылға ұзартуға болады. Сонымен қатар, «Сарыарқа» ӘКК» ұлттық компаниясына бірнеше учаскеде кен қазбаларын пайдалану құқы беріліп, «Қазақмыс» кор­порациясының қатысуымен жаңа өн­­ді­рістік қуаттар ашылатын болады. Жез­­қазған кен орындарында одан әрі жұмысты жалғастыру үшін корпорация бас баланстық және баланстан тыс қорлардың есебінен 294 млн. теңге бөлініп, жұмыс көлемін арттыруға және кен орындарының жұмыс істеу мерзімін ұлғайтуға жол ашылады. Қорларды қайта есептеу биыл басталып, үш жылдың ішінде аяқталатын болады. Сонымен бірге, осы бағдарлама аясында зиянды минералды заттарды, соның ішінде Жезқазған мыс балқыту заводының және байыту фабрикасының қалдықтарын екінші қайтара өңдеу жоспарланып отыр. Осының нәтижесінде жыл сайын қосымша 400 тонна катодтық мыс алуға болады. Бұл мақсатқа 568 млн. теңге қарастырылған. Жезқазған поселкесінің астындағы мысы бар кендердің қорын зерттеп, оның тұрғындарын көшіріп, әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымдарды басқа жерге апару жұмыстары басталатын болады. Биыл республика территориясында кен барлау жұмыстарының саласында бірегей мемлекеттік саясатты іске асыру үшін Үкіметтің қаулысымен «Қазгеология» ұлттық кен барлау компаниясы құрылды. Оның негізгі міндеті – 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасында минералды-шикізат кешенін дамытудың салалық бағ­дарламасын іске асыру болып табылады. Сол бағдарлама аясында кен барлау жұмыстарын жүргізуге Қарағанды облысына 1 млрд. теңге көлемінде, соның ішінде Жезқазған аймағына 600 млн. теңгеден астам қаржы бөлу жоспары бар.

Кешенді бағдарламаның екінші тарма­ғына сәйкес индустриялдық-инновациялық дамытуға, атап айтқанда 2012 жылға жаңа инвестициялық жобаларға 3 млрд. 381,3 млн. теңге көзделген. Бұл дегеніңіз Жезқазған кен орындарынан тысқары орналасқан кен өндіру кәсіпорындарының құрылысын (Шығыс Сарыоба, Итауыз, Батыс Сарыоба, Қыпшақбай, Қарашошақ) салу деген сөз. Осы мақсатқа «Қазақмыс» корпорациясы 965,5 млн. теңге бөліп отыр. Екіншіден, Жезқазған қаласындағы қуаты 9400 тонна ет бағытындағы құс фабрикасын салу. Оған 2 млрд. 397 млн. теңге инвестиция салынады. Үшіншіден, Жезқазған қаласындағы тігін өндірісін жетілдіру және кеңейту. Үстіміздегі жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 153 млн. теңге бөлінген (2012 жылға – 9 млн. теңге). Төртіншіден, бақша өсіруді дамытуға жылыжай шаруашылығын ашып, онда тамшылап суғару жүйесін қолдана отырып, көкөніс өсіру (2012 жылға – 10 млн. теңге). Бесіншіден, «Сарыарқа» ӘКК» ұлттық компаниясының қатысуымен Балбырауын және Керегетас кен орындарында теміржол кендерін зерттеуге қосымша инвестиция тарту шаралары жасалып, кварц желісінің бос кен орындары базасында ферросплав өндірісі ашылады. Алтыншыдан, Жезқазған аймағының экономикасын әртараптандыру үшін және «Даму» қоры мен «Қазақмыс» корпорациясының қатысуымен шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау үшін жыл сайын шағын бизнес субъектілерін несиелеу ұйымдастырылады.

Аймақты дамыту бағдарламасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту көзделген. Өздеріңіз білетіндей, Жезқазған аймағында, жалпы алғанда республика бойынша жылу, су беру жүйелері барынша тозған. Сол себепті тұрғын үй­коммуналдық шаруашылықтың тиімділігін арттырып, олардың тұрақты жұмыс істеуі үшін үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасында тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамытудың 2020 жылға дейінгі салалық бағдарламасы және «Ақбұлақ» бағдарламасы бекітілген. Осы бағдарламалар бойынша жалпы республика бойынша жылу-су-газбен жабдықтау жүйелерін жөндеу мен жаңғыртуға 2012 жылға 600 млрд. теңгеден астам қаржы, соның ішінде Қарағанды облысына 80 млрд. теңге бөлінген. Ал Жезқазған аймағында аталмыш проблеманы шешу үшін кешенді бағдарлама бойынша 63 млрд. теңгеден астам қаржы көзделген.

Осы салаға «Қазақмыс» корпорация­сының қаржы есебінен 23 млрд. 396 млн. теңге бөлініп, мынадай жұмыстар ат­қарылады:

– Жезқазған ТЭЦ-ін жаңғырту мен жөн­деуге кешенді техникалық шаралар үшін 9 млрд. 350 млн. теңге және Сәтбаев қаласындағы №1 жылу станциясын тех­ни­калық жабдықтауға 216 млн. теңге бөлінген;

– Жезқазған қаласында 12 млрд. 319,7 млн. теңгеге «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік қуаттарына қажетті жылуды қам­тамасыз ету үшін екі дербес жаңа қазандық салынады;

– ұзындығы 13 шақырым Үйтас-Айдос сумен жабдықтау құбырының су айдағыш бөлігін жөндеуге 1 млрд. 510 млн. теңге бөлінді. Бұл жобаны іске асыру 2012 жылы басталады.
Республикалық және облыстық бюджеттен 39 млрд. 836 млн. теңге бөлінеді. Осы қаржыға мынадай жұмыстар атқа­рылады:

Жезқазған қаласының жылу жүйелерін қайта жөндеу (7 млрд. 677,2 млн. теңге);

– Есқұла су құбырының құрылысын аяқ­тауға 2012 жылға 2,1 млрд. теңге бөлінген (оның құрлысы 2010 жылы басталған. Нысанның жалпы құны 5,8 млрд. теңге, оның ішінде 2010 жылы 1,1 млрд. теңге, 2011 жылы 2,6 млрд. теңге игеріліп, насос станциясының құрылысы басталған);

– Жезқазған қаласын жер асты сумен қамтамасыз ету үшін Қожамсейт су көздерінің құрлысын бастау (7 млрд. 903,8 млн. теңге);

– Жезқазған қаласының қала ішіндегі су құбырларын жүйесін жөндеу (10 млрд. 960 млн. теңге);

Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазалау қондырғыларын жөндеу (11 млрд. 203,2 млн. теңге).

Бұл жобаны іске асыру 2012 жылы бас­талады.
«Еңбекпен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен мынадай жұмыстарға 200,8 млн. теңге қарастырылған;

– Ұлытау ауданының Жезді поселке­сіндегі бос қалған үйлерді қалпына келтіру (130,8 млн. теңге);

– Жезқазған және Сәтбаев қалаларын­дағы инженерлік-коммуникациялық ин­фра­құрылымдарының құрлысына (70 млн. теңге).

Осы шараларды іске асыру қала тұр­ғындарын сапалы су және жылумен толық көлемде қамтып, жылу жүйелеріндегі шығындарды азайтып, орталық жылумен қамтамасыз ету жүйесіне жаңа нысандарды қосуға, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Аталмыш кешенді бағдарламада Жез­қазған аймағының ыңғайлы география­лық жағдайын ескере отырып, көліктік инфрақұрылымды дамыту шаралары көзделген. Атап айтқанда, ұзындығы 517 шақырым «Жезқазған – Сексеуіл» теміржол құрылысын салуға («Жез­қазған – Бейнеу» жобасы бойынша) Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының қатысуымен іске асырылады. «Жезқазған – Бейнеу» жолын ашу Қазақстанның орталық аймағындағы және Достық станциясынан (Қытай шекарасынан) батыс ай­маққа тікелей жүк тасымалдауға мүм­кіндік береді, сонда оның ұзындығы қа­зіргі маршрутпен салыстырғанда 500 шақырымға қысқарады. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен «Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» автомобиль жолын (412 шақырым) қайта жөндеуге қаржы қарастырылған, соның ішінде Қызылорда – Жезқазған жолын жөндеу 2012 жылы басталып, оған жалпы 13 млрд. 180 млн. теңге бөлінген. Қазіргі күнде бұл жолдардың жүруге жарамсыздығынан Оңтүстік аймақтағы жолаушылар мен жүк тасымалдау Орта­лық Қазақстанға жалпы ұзындығы 2300 шақырым айналма маршрутпен жүзеге асырылуда (Қызылорда – Шымкент – Тараз – Шу – Балқаш – Қарағанды – Жез­қазған). Жезқазған – Қызылорда жолын қалпына келтіргенде оның ұзындығы 1200 шақырым болады. Сонымен бірге, 2013 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жол салу аяқталатын болады. Соған сәйкес еліміздің астанасына өтетін негізгі көлік ағыны Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана жол учаскесі арқылы өтетін болады, сонда бұл маршрут 1500 шақырымға қысқарып, уақыттан ұтатын боламыз. Сондай-ақ, «Жезқазған – Есіл – Петропавлск» автомобиль жолын (320 шықырым) қайта жөндеуге жобалық сметалық құжаттарды жасауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Соның Жезқазған – Арқалық бөлігіне 267,7 млн. теңге бөлінген, жұмыс 2014 жылы басталады. Осы жолдарды қайта жөндеу Орталық Қазақстанның ав­то­жолдарының құрылымын дамытуға мүмкіндік береді.
Кешенді бағдарламаның әлеуметтік инфрақұрылым бөлімі бойынша республи­калық және жергілікті бюджеттен апатты жағдайдағы №11 мектепті жөндеуге 124,4 млн. теңге және Жезқазған қаласында 500 орындық емхана құрылысын салуға 1 млрд. 325,6 млн. теңге қарастырылған. Бұл жобаларды іске асыру 2012 жылы басталады. Сонымен бірге 2012 жылғы жергілікті бюджеттен Жезқазған қаласындағы тері аурулары-венерологиялық диспансерді күрделі жөндеуден өткізіп, жабдықтауға 130 млн. теңге, Ұлытау ауданындағы ау­дан­дық аурухананы жөндеуге 48 млн. теңге бөлінген.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жалпы республика бойынша су құбырлары жүйесі және сумен жабдықтау нысандары осыдан 20 жыл бұрын пайдалануға берілген немесе күрделі жөнделген. Жезқазған және Сәтбаев қалалары бойынша су тазалау және кәріз жүйелері кешендерінің тозуы 74-80% болып отыр. «Экология және табиғатты пайдалану» тармағы бойынша осы проблемаларды шешуге 33 млрд. 266,2 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржы республикалық және жергілікті бюджеттен мынадай жұмыстарға бөлінді:


– Жезқазған қаласындағы кәріз тазалау жүйелерін жаңа технологияларды қолдана отырып, жөндеу мен жаңғыртуға (6 млрд. 461,3 млн. теңге);

– Жезқазған қаласы (15 млрд. 129,6 млн. теңге) мен Кеңгір селосының (334,2 млн. теңге) сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеуге;


– Сәтбаев қаласындағы 66-ы және 74-ші кварталдардағы тұрғын үйлердің кәріз жүйесі құрылысына (204,2 млн. теңге);

– Жезқазған қаласы (6 млрд. 381,9 млн. теңге) және Сәтбаев қаласы (4 млрд. 755 млн. теңге) жауын суларын қабылдайтын коллекторлық-дренаждық жүйелерінің құ­ры­лысына жұмсалады.


Осы жобаны жүзеге асыру арқылы 285 шақырым кәріз жүйесін алмастырып, 3 мыңнан астам құдықтар мен басқадай қондырғылар жасап, 25 насос станциясын салып, жалпы ұзындығы 190 шақырым жауын суын қабылдау және коллекторлық-дренаждық жүйе мен биоинженерлік жабдықтарды жасауға мүмкіндік болады.

Кешенді бағдарламаның соңғы тар­мағы туризмді дамытуға арналған. Өзде­ріңіз білетіндей, туризм аймақтың экономикасын дамытуға, валютаның келуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ин­фрақұрылымның жақсаруына едәуір ық­пал етеді.


Облыстың ішкі туризмін дамытудың негізгі бағыты Ұлытау өңірінің көшпенді­лердің тарихи және географиялық орта­лығы болуында деп айтуға болады. Ұлытау – қазақ халқының ұлттық қастерлі орындарының бірі, бұл жерде біздің ұлы бабаларымыз тұрып, соңында көптеген аңыздар қалған. Ұлытау ауданында көлемі – 20 мың га «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорығы қорық және 600-ден астам тарихи, мә­дени ескерткіштер бар. «Ұлытау – Ел» туристік сауықтыру кешенінің құрылысын салу Ұлытау ауданына негізгі туристік орталықтардың біріне айналып, ішкі және сыртқы туризмнің дамуына оң ықпал етіп, қосымша жұмыс орындарын ашады. Бұл жобаның құны инвестордың қаражаты есебінен 300 млн. теңге тұрады. Бұл кешеннің құрамына осы заманғы қонақ үйлер мен коттедждер, спорттық ойын-сауық нысандары, мейрамхана, аймақты абаттандыру, инженерлік-техникалық ком­муникациялар мен ғимараттар енеді. Қа­зіргі күнде осы кешеннің құрылысына арналған төрт ғимарат бар, 1500 метрлік электр жүйесі тартылып, қуаты 80 кВт трансформатор орнатылып, грейдер жол салынған.
Қорыта айтқанда, 2012-2017 жылдарда Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын дамытудың кешендік бағ­дарламасын іске асыруға 127 млрд. 896,4 млн. теңге жұмсалады. Соның ішінде:

– республикалық бюджет қаражаты есебінен – 76 млрд. 134,2 млн. теңге;

– жергілікті бюджет қаржысы есебінен – 12 млрд. 254, 7 млн. теңге;

– бюджеттен тыс қаржы есебінен – 39 млрд. 517,5 млн. теңге.


Сонымен, кешенді жоспарда белгі­ленген іс-шараларды жүзеге асыру Жез­қазған – Ұлытау өңірінің әлеуметтік-эко­номикалық дамыуына өз ықпалын ти­гі­зеріне сенімдіміз.

♦ ♦ ♦
Серік Ахметов кешенді жоспарда белгіленген мәселелерден бөлек өңір әкімдерінің жұмысында басқа да басым бағыттардың бар екендігіне тоқталды. Бұл – еңбекпен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы сынды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызды мәселелер. Сондай-ақ, жылыту маусымы, инфляциямен күрес, әлеуметтік маңызды азық-түлік тағамдарына бағаның негізсіз өсіміне жол бермеу және басқа да ағымдағы жұмыстарды назардан тыс қалдыруға әсте болмайды.


Жиын соңында облыс әкімі кешенді жоспарды жүзеге асыруға, сондай-ақ Жез­қазған өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, арнайы комиссия құрылып, ол екі ай мерзімде «Қазақмыс» корпорациясының қызмет көрсетуші кә­сіп­орындарының тарифтік саясатын қарастыратын болады. Аталмыш комиссия жұмысын корпорацияның басқарма төрағасы Эдуард Огай үйлестіріп отырады. Сонымен қатар, экономика мен бюджеттік жоспарлау басқармасына Жезқазған, Сәт­баев және Ұлытау адандарының әкім­діктерімен бірлесе отырып кешенді жос­парды жүзеге асыру бойынша орындау мерзімі мен жауапты адамдары бел­гіленген нақты іс-шараларды әзірлеу тапсырылды.
Серік СЕКСЕНҰЛЫ.
Орталық Қазақстан. - 2011. - 3 желтоқсан (№ 201/202). - 2 б.
Каталог: irbis64r 01 -> kraeved
kraeved -> Балажан ақын
kraeved -> Ќарќаралы – арќадаєы Гїлстан
kraeved -> КөКБӨрі керней серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
kraeved -> Халық артисі Досжан Жанботаев өмірінің үзік сырлары
kraeved -> Ормандай көрермені бар орыс театры
kraeved -> Аталып өтілетін даталар
kraeved -> Қарағанды қаласы және оның тарихы қылқалам шеберлерінің на-зарынан сырт қалған емес
kraeved -> Қазыналы құтты өлке Қарағанды облысының құрылғанына – 70 жыл
kraeved -> Сәпен сағынышын, Сырбай сырын ақтарған той


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет