Жезкент кенттік округінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетінің негізгі көрсеткіштері бойынша ақпарат



жүктеу 44.44 Kb.
Дата11.08.2018
өлшемі44.44 Kb.
түріКодекс

Жезкент кенттік округінің 2018-2020 жылдарға арналған

азаматтық бюджетінің негізгі көрсеткіштері бойынша

ақпарат
Жезкент кенттік округінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес 2018-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы және Шығыс Қазақстан облысының 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық болжамы негізінде құрылған.
1-кесте.

2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеттық бюджеттің негізгі көрсеткіштері

мың теңге

р/н

Көрсеткіштер атауы

2018 жыл

2019 жыл


2020 жыл


1

Кірістер

162246

157401

158188

2

Салықтық түсімдер

43017

46561

50422

3

Салықтық емес түсімдер

950

950

950

4

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

0

0

0

5

Трансферттік түсімдер (субвенции)

118279

109890

106816

9

Шығыстар

162246

157401

158188


Түсімдер

2018-2020 жылдарға арналған кенттік округтің бюджеттегі кіріс бөлігінің құрылуы нақты салық салу негізінде, өндірістерді қайта жөндеу және жаңадан құру есебінен салық белдеуін кеңейту, әкімшілік салықты жетілдіру, бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша қорын ұлғайту жолдарын қарастыру есебімен құрастырылды.

2018-2020 жылдарға бюджетке болжамды түсімдер көлемі өткен жылдың түсімдер динамикасының болжамды макроэкономикалық көрсеткіштік параметрлері және ағымдағы жағдайдың талдауы негізінде құрылған.

Шығыстар
Орта мерзімдік кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты бекітілген бюджеттік қаражаттар көлемін қолданумен мемлекттік органдардың стратегиялық жоспарында қарастырылған жақсы, тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігінен шыға отырып, бюджетті әзірлеу және орындау жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігін және нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.
2018-2020 жылдарға арналған кент бюджетінің шығыстары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын ісшараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Білім беру

Білім беру блогының шығыстары өзіне 1 фунционалдық топты енгізеді, атап айтқанда: Мектеп алды тәрбиелеу және оқыту, соның ішінде мектеп алды тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Жалпы, кенттік округтің 2018 жылға білім беру саласына шығыстары шығыстардың жалпы көлемінің 70,92 % құрайды немесе абсолюттік мағынада 115072 мың теңге, 2019 жылы жалпы шығыстардың - 70,04 % немесе 110250 мың теңге, 2020 жылы жалпы шығыстардың - 70,04% немесе 110801 мың теңге

Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік блок шығыстары өзіне 1 фунционалдық топты енгізеді, атап айтқанда: әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету.

Жалпы, кенттік округтің 2018 жылға әлеуметтік салаға шығыстары шығыстардың жалпы көлемінің 0,67% құрайды немесе абсолюттік мағынада 1 100 мың теңге, 2019 жылы жалпы шығыстардың - 0,70% немесе 1 102 мың теңге, 2020 жылы жалпы шығыстардың – 0,70% немесе 1 108 мың теңге


Әлеуметтік салада негізгі басымдылық, ертеректе қабылданған азаматтардың қамтылуын арттыруға бағытталған барлық әлеуметтік міндеттемелерді атқару болып табылады.

Жалпы, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетте 4 800 мың теңге қарастырылған, (2018 жылы-1 100 мың теңге, 2019 жылы 1 102 мың теңге, 2020 жылы 1 108 мың теңге) соның ішінде:



2 кесте





2018

2019

2020

Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету

1100

1102

1108



Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
Осы блоктың шығыстары өзіне 3 бағдарламаны қамтиды: туғаны жоқ тұрғындарды жерлеу және жерлеу орындарын талапқа сай ұстау, елді мекендерді санитарлық қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру. 2018 жылы шығыстардың жалпы көлемінен 3,69 % құрайды немесе абсолюттік мағынада 6000 мың теңге, 2019 жылы жалпы шығыстардың 3,82% немесе 6012 мың теңге, 2020 жылы жалпы шығыстардың 3,82% немесе абсолюттік мағынада 6043 мың теңге
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Бұл блок бойынша шығыстар өзіне 1 бағдарламаны енгізеді: Жергілікті деңгейде мәдени және сауықтыру жұмыстарын қолдау. 2018 жылы шығыстардың жалпы көлемінен 10,23 % құрайды немесе абсолюттік мағынада 16601 мың теңге, 2019 жылы жалпы шығыстардың 10,57 % немесе 16634 мың теңге, 2020 жылы жалпы шығыстардың 10,57 % немесе 16717 мың теңге
Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету
Осы блок бойынаш шығыстар өзіне техникалық қызмет көрсету және кенттікокругтің автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуді енгізеді. 2018 жылы шығыстардың жалпы көлемінен 1,73 % құрайды немесе абсолюттік мағынада 2800 мың теңге, 2019 жылы жалпы шығыстардың 1,78 % немесе 2806 мың теңге, 2020 жылы жалпы шығыстардың 1,78% немесе 2820 мың теңге

Айлық есептік көрсеткіш: 2018 жылы – 2 405 теңге, 2019 жылы – 2573 теңге және 2020 жылы – 2 753 теңге.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет