Жігіт пен қыз сыры



жүктеу 0.85 Mb.
бет1/5
Дата26.11.2018
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4   5

Жігіт пен қыз сыры
Ау қоңыр көз, бір қараумен талдырған,

Сүйкімділік тал бойында сән құрған.

Жан жағымды өртейтұғын жалын ем,

Жаным бүгін жаңбырдан...


Сағыныштың ақ нөсері селдетті,

Дидарыңа тартылдым да келбетті.

Ішкі тылсым өзің жаққа елеңдеп,

Жеңе алмадым аңсаттырар жендетті...


Жүректегі өзің едің дара бақ,

Қиялыммен қол ұстастық аралап.

Қаншама көз жәудіреумен қарайды,

«Аға» болдым сезімдерін бағалап...


Қыз бір мұңлық ішкі сырын айта алмай,

Жаны жылар, сырты күліп байқалмай.

Ар мен ұятын биік қояр сол ару,

Жүректегі жауқазыны жайқалмай...


Жігіт ашық, қыз сырымен қымбатты,

Сағынышты көздерімен үн қатты.

Бір-бірімен табысқанда ғашықтар,

Содан өмір сымбатты...


Мақсат бүгін сезімдерді ұлықтау!

Қатыгездік, қиянатты құрықтау!

Сезімімен мәңгі сәнді дүние,

Керек мұны ұмытпау!!!



19.09.2012жыл.
Жыр-сыр...

Менің жырым қалады ма мәңгі боп?

Елжіредім жүрегімде жанды да от.

Жырым менің бақытты еткен әлемде,

Жай таптырмай жаралаған жалғыз оқ...
Сағынған жан жырға толып құшағы,

Әндеріммен менен биік ұшады.

Өлең - өрнек тәрбиеге бастаса,

Өнер болар бүлдіршіннің ұшағы...


Жырым менің жасай берер жұлдыздай,

Тәлім берер рухы биік ұл қызға-ай.

Өлең жазсаң ізден, ойлан, өмір көр,

Балапандай шыңдалатын шың құзда ай!!!



20.09.2012жыл.

Не күтеді бізді алдан???
Қиял биік құздардан,

Алға бастар бізді арман.

Нала суық ызғардан,

Өкпелеуден сыз қалған...


Қайран өмір қысқарған,

Көңіл қалған тұстардан.

Әдет ғұрып тыс қалған,

Бірлігімен ұсталған...


Көріп оймен тұспалдан,

Биіктікті күшті алған.

Өмір-сезім ұшталған,

Аңсау менен құштардан.


Ынтымақ елге нық қорған,

Тарихтан көзге шық толған.

Қаншама гүлдер тік солған,

Жақсылық жаса тек қолдан!!!


Адамдық арың ұсталған,

Мақсатты биік тұсты алған!

Не күтеді?... демей бізді алдан,

Жолыңа «Ақ жол» түс қалқам!!!



21.09.2012жыл.

Күз келді міне...
Күз келді міне, түрленді көңіл құрағы,

Жауабы жұмбақ өмірдің мың бір сұрағы.

Ғұмыры жанның бейнебір сары жапырақ,

Жел - тағдыр шешер тұрағы...


Алаулап көңіл сарғайған сары күзбенен,

Сағыныштарын тербеле бұлтпен іздеген.

Көктем жазы өтсе күздегі жеміс беретін,

Адамзат келер ізбенен....


Сағыныш аңсау бұл кезге әсте дөп келген.

Бұрылып артқа күтесің жылу өткеннен.

Ойыңа ойың, көңілге көңіл сай келмес,

Санаңа суық жеткеннен...


Тек ішкі сезім, мақсат пен сенім жетелер,

Ата-анаң кетсе текті ортаң болар мәпелер...

Перзенті үшін адамзат нені көрмейді???

Ұрпақпен үміт өтелер...


Құс қайтты тағы, туған жер төсін қия алмай,

Сарғайды бәрі, бейнебір пәктік, ұяңдай...

Қимастық сезім, табиғат бұлтпен сырласып,

Жанарда жасы мөлтілдеп тұр-ау сия алмай...



24.09.2012жыл.

Аңсау...
Қаншама достан айырылдым...

Орнына келмес өкініш.

Білінер орны қайғымның,

Қорған ед олар бекініс...


Сырласым еді сыр бөлген,

Шуағы еді жанымның.

Жанарға жас боп жыр келген,

Куәсі еді таңымның...

Шынардай биік шың құзда,

Саялы еді дарағы.

Армандар еді мың қызға,

Өмірдің адам қонағы...


Нар тұлға еді шетінен,

Толағай, таудай талабы.

Өтірік айтпа, өтінем...

Майда боп адам барады...


Аңсаумен өтер бұл жалған,

Сағыныш тұрар жаңғырып.

Достарым кетті сыналған,

Адамдық атын қалдырып...


Өкініш өксік әкелер,

Өмірдің бітпес жарасы...

Үмітпен өзін жетелер,

Адамның бар ма шарасы???



26.09.2012жыл.
Жүрек жарқылы
Күтемін шуақ жапырақ күзгі іспетті,

Мезгілі жылдың сағынышымен сыз кепті.

Өткен өмірдің өрнегі өрге жетелеп,

Тағы да сені іздетті...


Іздетті сені, табиғатыңмен тартымды,

«Көрермін» деген ертеңге үміт артылды.

Арманмен самғап, өмірін арнап адамзат,

Өшірмес жүрек жарқылды...


Күз келді міне, жауынын сыйлап төгілтіп,

Сарғайып түсті, жапырақ бауды егілтіп.

Өзгерген бәрі қартайған қысын күтіп тұр,

Жас болып қалған жүрек пен көңіл тек ынтық...



08.10.2012жыл.
Жыр сезім...
Көріндің маған қызғалтақ болып көктемде,

Жыр сезім болып өрілдің ыстық өрттен де.

Қаншама жылдар сағыныш болып баурадың,

Аңсаудың өзі серттен бе?


Жаныңмен шуақ жаз болып бейне өпкенсің,

Жазылмас жанға жара сап тағы кеткенсің.

Табиғатымнан таңменен сені іздесем,

Бұлбұл боп сырды шерткенсің...


Күз келіп міне, алтын түске еніп атырап,

Жапырақ тоңды-ау жаңбырда қалған қалтырап...

Алаңдап іздеп сол жаққа жаным тартады,

Табиғат екен бал тұрақ...


Тазалық іздеп қыстағы көркем ақ қардан,

Аққала жасап сол бір кез қайда шаттанған?

Бар әлем тоңды, жүрегім суи алмады,

Сезіммен серті сақталған...


Жыр сезім қалды жүректе мәңгі мекендеп,

Алдағы күнім үмітін таңғы әкелмек...

Алаңдап жүрмін сезімге толы пәк жанды,

Көріп бір қалам ба екен?-деп...



09.10.2012жыл._Күлкіңнен_сенің...'>09.10.2012жыл.
Күлкіңнен сенің...
Күлкіңнен сенің шуаққа бөлер бойымды,

Тулаттың қанды, лаулатып жырмен ойымды.

Сұлулық –сиқыр, алаулап ару ажарың,

Еріксіз бұрдың мойынды...


Күлкіңнен сенің кеудемді көркем күй еткен,

Уайымды шақтан шығарған ақ таң тілекпен.

Тәтті бір сезім жанымды кетті жылытып,

Жүрегім кенет дір еткен...


Жанарың жаз боп, қарадың наз боп, ынтыққам,

Сағыныш сезіп, көзіңнен тылсым сырды ұққам.

Шарасыз қалғам, биік боп талғам, баладай,

Кете алмай алыс шындықтан...


Сәбидей көркем, назыңнан еркем баураған,

Жылылық тілеп, жаныммен жүдеп жаурағам.

Қызғалтақ бейнең өзіне тартып әкеткен,

Еліктен тағы аумаған...


Күлкіңнен сенің сыңғыры кәусар бұлақтай,

Алыстай бердің, сағынтып сәуле жырақта-ай.

Кешегі күнім кеудеме көктем әкелген,

Өзіңмен екен жұмақтай...



09.10.2012жыл.
Табиғат- өмір...
Ну орманда барлық ағаш сырласты,

Қайғы толып күрсінумен мұң басты.

Сөйлеп кетті көпті көрген қарт емен:

«Қайран өмір, мәңгі бақ та тұрмас-ты...


«Мыңдаған жыл өмір сүріп келемін,

Майыспайтын қайсар қатты өр едім.

Балта деген сұмдық шықты естідім,

Жас өркенге тым алаңдай беремін...


Балталауды ойланбастан бастапты,

Табиғатты үрейлентіп, жасқапты.

Қорғанатын бұдан қандай амал бар»

Ағаштарда күндіз-түні бас қатты...


Тал басында сауысқан да саңқылдап,

Шыға келді бәрі оны мақұлдап.

«Біліп келдім темір екен түбірі,

Қолдаушысы нағашысы, аңқылдақ»

Барлық ағаш сұрау салды: «Кім екен?»

Біріне аға, ал біріне іні екен...

Тым алыстап кеткен екен елінен,

«Көзден кетсе көңіл суыр» шын екен...


Ағаш екен ортасынан суынған,

Кеше ғана керексіз боп қуылған.

Тез өзгеріп шыға келді ағаштар,

«Өзіміз»-деп, «өзімізден туылған...»


Ортасынан табар адам Меккесін,

Кімді аясын жаны запа шеккесін?

Ұрпағыңды көзден таса етпегін,

Алыс жақта жат бауыр боп кетпесін!!!



10.10.2012жыл.
Қайран өмір...

Қайран өмір, бір-ақ рет берілген,

Оның өзі түсінбеумен таусылар...

Жырым менің жақсылыққа өрілген,

Байқамаса тілдің өзі жау, сын, ар...
Қаншама жан жарық етті жанымды,

Мәртебемді көтерді де биікке.

Сыйласатын алтын уақыттарымды,

Сағынумен өткізіппін сүйіп те.


Жақын жаннан алыс кеттік тағдыр ма?

Күнделікті күйбің тірлік мың шығып.

Жанымызды жараладық жаңбырда,

Аңсатудың тылсым күйін шын ұғып...


Өмір сырғып, құм сағаттай төгіліп,

Зулап уақыт, жылдың келді аяғы.

Бір күні өтсе қариялар егіліп,

Қайғыратын имандылар баяғы...

Осы күннің келмейтінін кім білген?

Тағдырыңды түбегейлі толғансаң...

Шындығында бір күн қызық бір күннен,

Осы сәтің оралмайды ойлансаң...



11.10.2012жыл.
Қазақ қызы...
Жымиясың, төгіп жанның шуағын,

Құпиясың, көңіл - көктем тұрағың.

Уайымың да аз емес-ау жүдеткен,

Жастығыңның басып өткен құрағын...


Үмітіңді жетелейді намысың,

Өмір сүрдің ұятыңменен ар үшін.

Өнеріңмен әлдиледің еліңді,

Халқың сені танысын...


Жүрегіңде күмбірлеген күй тұнып,

Қазақ елін жақсылыққа мың бұрып.

Жан дүниеңнің сұлулығы ертеңгі,

Ұрпақ болып келе жатыр ұмтылып...


Сенің бейнең ертеңгі салт дәстүрің!

Сенен алар болашағың басқа үнін!

Ана жүрек ана тілмен сөйлетер!

Мәңгілікке дәлелдерсің растығын!


Өр рухың тұр тектілікпен таңдалып!

Қазағым нұр мәңгілікке жалғанып!

Болашақтың бал бақытын ойласақ,

Қазақ қызын қорғалық!!!



12.10.2012жыл.


Қуантқан қандай?!
Қуантқан қандай көңілдің басып пернесін,

Үміттің оты жарқырап жанда сөнбесін!

Уақытша бәрі, өмірдің адам қонағы,

Жақсылық жаса келгесін...


Көрініп тұрып зерттелмей қалған мекенбіз,

Жақсылық жасап үлгере алар ма екенбіз?!

Жанымен жайсаң, көңілімен көркем жандарды,

Сағынып жүрген бөтенбіз...


Зуылдап өмір, үлгере алар түрі жоқ,

Сырт көзге адам сипаты сұлу міні жоқ.

Таңменен тұрып, батқанша күні тыным жоқ,

Арымен тұнық бірінсіз-бірі күні жоқ...



15.10.2012жыл.

Адамдық, ар -ғажап ат!
Ақылдымын дей алмаймын,

Табиғат тұр ұлы ұстаз!

Өз-өзімді жиі алдаймын,

Көңіліме құрып жаз...


Еңбекқормын дей алмадым,

Еңбек ері – құмырсқа!

Жалқаулықта сыналмағың,

Өз-өзіңді дұрыста!


Мөлдір судан тазамын деп,

Десем сүттен ақпын да.

Тартам онда жазаны көп,

Періште жоқ тап мұнда...


Қанша жаннан алдандым да,

Алдағым да келмеді.

Өтірігі жалғанның да,

Жылпос төрге төрледі...


Бақыттымын дей аламын,

Рух байлығын місе еттім.

Адамдықтың сый алаңын,

Өмір бақи күзеттім...


Ренжітіп алмадым ба?

Пенделік ой құраймын...

Құдіреті Алланың да,

Тек кешірім сұраймын...


Есін жылдам жисын деңіз,

Өзін сыйлар адамзат!

Ғаламшарда тұрсын егіз,

Адамдық, ар - ғажап ат!!!



16.10.2012жыл.
«Алтын күз» сайысына
Армысыздар аяулы асыл халқым!

Әрдайым түсінетін сөздің парқын.

Білімге қанып өскен балдырғанбыз,

Құрмет тұтқан өнерді, ата салтын!


Аяулы алтын ұям мектебімде,

Ұстазбен биік болып көктедім де.

«Алтын күз» сайысына келіп қалдық,

Білім мен өнер байқау өткелінде.


Шетімізден зерекпіз білімдегі,

Шабытым сайыстарда сүрінбеді.

Жүрегім «Қазағым»- деп дірілдеді.

Еліме жан тәнімнің сүйінгені...


Кешегі бабабаларға із ғанамыз!

Сіздермен қуанышқа жүз толамыз!

Ертеңгі жақсы өмірге апаратын,

Елімнің болашағы біз боламыз!!!


Әрдайым орындалсын жас талабы!

Көктесін өнерімен жас дарағы!

Біліммен биіктерді алатұғын,

Ертеңім біздерменен басталады!!!



17.10.2012жыл.
Жыр шабыт...
Аңсадым сені саябақ,

Жар салғым келді сені іздеп.

Гүл сезімімді қаламақ,

Жырларым сырын тергізбек.


Жапырақ болып дірілдеп,

Жаңбырдың қалып астында.

Жүректе жасар үнің тек,

Қаныммен толқып тасқында.


Сағыныш өртеп жанымды,

Сұлулық мені мас етті.

Арнадым уақыттарымды,

Жырыма сүйген, қасиетті.


Ұстадым таза биікте,

Жаныма жақын жан еді.

Демеуші болып күйіп те,

Менімен жасай береді.


Жырымды шабыт өргендей,

Бағыма келіп қуандым.

Қасыма өзің келгендей,

Елесіңе тағы жұбандым...



19.10.2012жыл.

Саябақ...

Мен өзіңді сезіп жүрем сыртыңнан,

Елестеді ай жанарың нұр тұнған.

Күз келді де жапырақтай сарғайдым,

Діріл қаға ұмтылған...
Дауыл соғып жан дүниеммен үндескен,

Сол саябақ шыға қоймас күнде естен.

Жастық шақ-ай, тіке тартушы едік біз,

Жүрек қалап бірдестен...


Саябақта жан жылуы сезіммен,

Сыр шертеді ең бақытты кезімнен.

Айдын көлде аққуменен сырласып,

Сая белде гүлге қарап езілгем...


Қол бұлғаған қайың, емен, қарағай,

Шаршамаушы ек бәрін-бәрін аралай...

Шыршалардың сұлулығы көз тартып,

Шіркін тағы сөз жетпеуші ед бағалай...


Сол бір кезім жүрегімде от па еді?!

Қаншама жыл ұшқын болып кетпеді.

Сағыныштан самал соғып санамда,

Аңсау болып алаңдатты тек мені...



22.10.2012жыл.

Аманат

Қырандардың тектілігі,

Ептілігі кешегі.

Батырлардың өжеттігі,

Қалай ғана өшеді???
Бар әлемді бағындырған,

Табындырған біліммен.

Ұлы далам сағындырған,

Ерекше едің үніңмен...


Алаш болып алаңдаттың,

Тұран болып түйілдің.

Тірескенді табандаттың,

Ерлігіңе сүйіндім...


Ар намыстың алдаспаны,

Ерлік, өрлік туыңдай.

Ұрпағыңа жалғасқаны,

Қаныңда тұр суынбай...

Ешкімге де басты имедің,

Кең боп кеуде кермедің.

Күй боп шығып тасты иледің,

Тұнығысың терменің...


Салт дәстүрің сақталады,

Бақ табады ұрпағың!

Жүректерде жатталады,

Жақсылықты шырқағын!!!


Бірігетін күнің жетті,

Бір-біріңді бағалап!

Ынтымақты – құдіретті!

Ұрпаққа осы аманат!!!



24.10.2012жыл.

Тартылыс күш...
Сағындырған жүрек қалап,

Малындырған шуаққа.

Сол күндер ғой жылдар санап,

Алыстады бірақ та...


Қиылды да қоңыр көзің,

Тиылды да еркелік.

Отқа ораған сол бір сезім,

Аңсауына ерте еніп.


Жақындатқан саябаққа,

Жалынды ақ таң ертегі.

Ессіз кезді боямаққа,

Есті күйін шертеді...


Қайран жастық ойлантпас-ты,

Сайран дәуір келте екен.

Бірақ көңіл жайланбас-ты,

Еске түсер сол мекен...

Саябақты жаным сүйер,

Сұлулықтың шартын ұқ!

Әрбір адам басын иер,

Тазалыққа тартылып...



25.10.2012жыл.
Ұлы дала...
Самалы соққан маңдайдан сипап кең далам,

Сағына жеткен, көңілі көктем мен балаң.

Армансыз сүйіп топырағыңды қайран бабалар,

Өтіпті – ау әкем, жан анам...


Жусаны жұпар, жантағы мамық белдегі,

Өзіңе деген махаббатым маздап сөнбеді.

Жайлауым, көлім, өзіңсің демім, қуатым,

Бақытты жандар елдегі...


Тоғайым құрақ, қамысы шулап өзенмен,

Табиғат-ару өзіңнен жылу сезем мен.

Шыбықты ат қып, қуана мәз боп, жүгірген,

Ыстықсың балғын кезеңнен...


Жырыма желкен өзіңсің мекен табысар,

Жалғанып жалған, бірімен бірі танысар.

Сағыныш, аңсау, мәңгілік сезім бітпейді,

Өмір ғой бәрі ауысар...


Фәниде пенде ғұн менен сақтан ақ алмас,

Ұлы даладан берілген бағы ең алғаш.

Әкедей асыл, анадай қамқор мекенді,

Еш жерден басқа таба алмас...



26.10.2012жыл.

Қуаныш күтем ертеңнен...

Нұрсұлтан немереме

Қуаныш күтем ертеңнен,

Бақытты шағым базарлы.

Көңілдің күйін шертем мен,

Ақылды жансың ажарлы...
Жаныма толып жылылық,

Өмірге кеттім тоя алмай.

Құштармын тағы құнығып,

Еңбекпен келем аянбай...


Таңменен күлдім ажарлы,

Күлкіңді күтіп түнменен.

Періште сенсің таза арлы,

Балқытқан бойды үнменен...


Иісіңнен кеттім талықсып,

Өзіңмен өмір жалғасқан.

Желменен жүрмін жарысып,

Қылығыңа тәтті қанбастан...


Немерем – жаным, шуағым!

Керемет күйге енемін!

Деніме қуат шырағым!

Сағынып сені келемін!



06.11.2012жыл.

Бұл фәни мен о бақи...
Кім қалады дейсің өмірде?

Күнделікті күйбің пенделік.

Ауырттық жанды кейбірде,

Жалған ғой фәни, сенбедік...


Өмірде бармын демегін,

Өмірден өтіп барамыз.

Сыйластық атты кеменің,

Артында толқын, бәрі аңыз...


Жылаумен келіп өмірге,

Жаралап жанды барамыз.

Періште едік әрине,

Пенделік күйде санамыз...


Әлемді зерттеп құнығып,

Өзімізді танып білмедік.

Адамдық екен шын ұғып,

Толықтырып тұрар күнделік...


Абырой екен керегі,

Арманға адам жеткен бе?

Даралық болар дерегі,

Өмірден дана өткенде...


Бүгінмен мәз боп күй кештік,

Бақиды барлар кімім бар?

Иманмен жүрек-үндестік,

Ертеңді ойлап шырылдар...

Абырой екен керегі,

Арманға адам жеткен бе?

Даралық болар дерегі,

Өмірден дана өткенде...


15.11.2012жыл.

Таңғы ой...
Жылы сөзді жеткізе алмай келем мен,

Жақын жандар тым алыста дегенмен.

Гүлдің өзі күнге қарай талпынар,

Бар тіршілік өлермен...


Жаурап тұрған жанды көріп жабықтым,

Баспанасыз қалған жандар анық мың.

Қарны ашқан сәбилер жүр анасыз,

Бейқам болмай соны ұққын...


Қандай бақыт денің сау боп күлген де,

Адамдық ат-абыройың, жүлдең де.

Ар, намысың, ұят жоғары бәрінен,

Көңіл биік күннен де...


Еңбек етпей нәтижеге жетпеген,

Бар болмысың тәрбиемен, текпенен.

Жалғыз қалып жақсылыққа жетпейсің,

Сыйласпасаң көппенен...


Қайран өмір барады ғой зуылдап,

Жас ұлғайып, небір ғажап туындап.

Нағыз адам адамзаттың қамқоры,

Нағыз ерлер әлем үшін туылмақ!!!



16.11.2012жыл.
Қар түсті тағы...
Қар түсті тағы, қыс келді,

Бейнебір әппақ жүзіңдей.

Сезімім тағы күшке енді,

Үмітім тағы үзілмей...


Ағаштың басып қар басын,

Құшақтап қызық құрғандай.

Тағдыры басқа салғасын,

Тіршілік шыдап тұрғандай...


Сағыныш салмақ жүдетіп,

Көктемін аңсап қалған ба?

Жылылық жетсе дір етіп,

Сұлулық бөлек талғамда...


Қар басты бүкіл әлемді,

Суреттеп сені берді де.

Құштарлық саған терең-ді,

Қыраумен өрнек өрді де...


Сезімін басты қар тағы,

Бар әлем кетті тазарып.

Ертеңге үміт артады,

Жасарды жаным жаңарып...

Пәктіктен бәрі қаланбақ!

Жақсылыққа мойын бұрса көп.

Қызықтым тағы алаңдап,

«Бар әлем таза тұрса»-деп...



19.11.2012жыл.
Сағыныш....
Сағындым бәрін, сарғая өткен шақтарым,

Алыста қалды аралап өскен бақтарым.

Балалық шақтың бал күнін есте сақтадым,

Аңсаумен атты ақ таңым...


Сағындым тағы аяулы ата анамды,

Аңсарым ауып жаулап та алды санамды.

Іздедім дағы жаза алмай жанда жарамды,

Тартылыс тылсым ұстап тұр ғажап ғаламды...


Ынтықпын тағы естуге жылы сөзді де,

Көңілім көктем күй болып әлем кезді де.

Алаңдап көңіл, көп ойлар мені езді де,

Серпілтті сезім, жүрегің мені сезді ме???



20.11.2012жыл.

Институтым абыройлы ардағым!!!
Оңтүстікте шаттық күйі шертілер,

Жақсылығын абыройлы ел тілер!

Білім-биік, парасатта ұлылық!

Ынтымақта толық елім жетілер...


Беделімен білімге елді бастаған,

Институттың абыройы асқақ ән!

Оңтүстігім ұлылардың мекені,

Фарабидей ұлы ұстаз дастан ән!


Мұғалімді жаңалыққа жетелеп,

Әрбір пәнге жүрек салып жекелеп.

Басшылықтың қырын, сырын үйретіп,

Институтым өз парызын өтемек!

Мұғалімнің ақ үмітін ақтаған,

Ұстаздықта өз беделін сақтаған!

Әдістеме жұмысында жаңа үрдіс,

Тыным таппас мамандармен мақтанам!


Елу елдің қатарына қосылу,

Білім менен ғылымды әркез дос ұғу.

Онлаин жүйесінде дамыдық,

Алға бастық, біздерге жат тосылу.


Ғұмыр бойы білім бердік бұлақтан,

Қиындықта сүрінбедік сынақтан.

Жетілдірдік , біліктілік арттырып,

«Болашақ»-деп, ұрпақ үшін ұнатқан!


Ұстаз қауым қадірлі де аяулы,

Білімімен қанатын кең жая алды!

Ел ертеңі білімді ұрпақ санасақ,

Бақытымыз бола берсін баянды!!!


Табиғат - өмір...
Қар түсті әппақ сезім сияқтанып,

Жіберді көңілімнен күй ақтарып.

Бар дүние тазалықпен талықсиды,

Имандылық әлемінен құлақтанып...


Қар ұшқын қытықтады бетке қонып,

Табиғатта біткендей өкпе толық.

Қар басқан ағаш басын, қызығасың,

Жете алмай сұлулыққа көзбен шолып...


Әппақ қар дидарыңды елестетті,

Өмір-ай шынында екен қар іспетті...

Қар болып қария да буға айналар...

Сәби боп ұшқынымен ырыс кепті...


Табиғат – ұлы ұстаз ұғына алсаң,

Сезесің тылсым күшін сұғына алсаң.

Бұл кезең түсінбеске қара түнек,

Бұл дүние түсінгенге шұғыла алшаң...


Қар текті тазалықтан жаралмағың,

Сұлулыққа тартылдым қана алмадым.

Мөлдіреген мекенді жаным қалап,

Ынтызар боп өзіңе алаңдадым...



29.11.2012жыл.
Қыз сыры...
Күттім ғой Сізді, не үшін күтем?...білмедім,

Иесі болып шығатындай басты жүлденің.

Сезімім мені бастады уайым аңсауға,

Сағыныш болды түнгі емім...


Тартылып Сізге төзімімді келем тауысып,

Арманға сенем жылдардан жылға ауысып.

Жұлдыз едіңіз жарқ еткен бейне жандағы,

Сәулеңізбен келем қауышып...


Сезім едіңіз ішімде қорғап сақтаған,

Мұң шағып Сізге сәбише тағы ақталам.

Таза етіп келем арыммен Сізді аялап,

Аман жүргеніңіз бақ маған...


Күйкі тірлікпен алданып Сізді көре алмай,

Сағыныш болып сезілесіз күн-түн санамда-ай.

Білесіз аға, қыз жолы тіптен ұяң жол,

Жігіттік бақыт ғаламда-ай...


Қиянат көп қой, жүрегім содан суынды-ай,

Намыспен келем, биіктен тіктім туымды-ай.

Түсіну қиын нәзіктік тұнған қыз жанын,

Қыз болып қана туылмай...



04.12.2012жыл.

Ғашықтық дерті

(Поэма)

Бертай Есмаханұлы Төкеев.

Балалықтың бал татыған

Сәттері ғой естен кетпес,

Сағым қазір қусаң жетпес.

Қызық еді шынында...

Қуанышпен таңды атырған

Ғашықтық та өмір тектес,

Ата анамен уайым шекпес

Қызың менен ұлың да...
Бір ауылда көрші болып,

Тұрды қыз бен бала іңкәр,

Жігіт болып өсті сұңқар

Жұрт қарайтын қызығып...

Көз алмайтын күн-түн шолып,

Қыдырғанда әнін шырқар,

Жетегінде ылғи тұлпар.

Қыз қарайтын сызылып...


Ғашық еді жастайынан,

Бір-біріне ынтығып,

Қайран жүрек бұлқынып,

Күн батқанда ай астында сырласып...

Табылатын қос қайыңнан,

Бір – біріне ұмтылып,

Жүректерде жыр тұнып,

Ынтық еді шын ғашық...


Уақыт екен тез өтпелі,

Қыз қарайтын наздана

Таң атуға қалғанда бір аз ғана,

Бұлбұл сайрап бақытты етер екеуін.

Алысқан қол серт пе еді?

Ұялушы еді бозбала,

Қысылатын қыз бала

Әттең тағдыр қоймас бәрін шектеуін...


Қоштасатын күн де жетті,

Жігіт елден ұзады

Көшу болды тұзағы

Ата ананың соңына ерді амалсыз.

Сағынумен күндер өтті,

Үміт үзбей қыз әлі,

Түн ұйқысын бұзады

Жігіт кетті хабарсыз...


Амалсыздан тұрмыс құрды,

Шет мұсылман салтымен,

Іштен тынды антымен,

Қайтсін енді қыз баласы бір мұңлық.

Жылап бүкті сезім сырды

Шыдамдылық қалпымен,

Сабырлылық шартымен

Жүрек қиын – бұл шындық...


Тұрған жері тәжік елі,

Ері әскерге аттанды,

Ақ көңілмен шаттанды,

Елге қорған болам деп...

Енді жасы төгіледі

Елесі енді сақталды

Армандаған бақ қалды

Кім ойлаған қара қағаз алам?- деп...


Перзенттерін сүйреп, күйреп,

Жиырма жыл да өтіпті

Өткен өтіп кетіпті

Оралыпты ата қоныс мекенге.

Жүрек қалап, бұрып бүйрек

Жыл құсындай жетіпті,

Уақыт –емші, бекіпті

Өз еліңе жетер ме?


Тағдыр деген толқын тектес,

Қай жағаға лақтырарын білмейсің

Тек үмітпен жүргейсің

Сезім шіркін ұлы тым!

Барлық арман босқа кетпес

Босқа өмір сүрмейсің

Төрт құбылалы кім дейсің?

Кездестірді жігітін...


Көз жанары өзгермеген,

Қарап тұрып қалды да,

Жүрек дүрсіл салды да.

Тіл қата алмай бір орында қап қойды

Ұшып қиял кездерменен

Естен бір сәт талды да,

Көңіл көкті жарды да,

Сезім оты ап бойды...


Жігіт шашы ақ қыраулы,

Отбасымен орныққан

Шыға алмаған сондықтан,

Ата-ананың бұйрығына бас ұрып,

Бәрі дәйім бір сұраулы,

Барлық сырды сонда ұққан

Кете алмайсың шындықтан

Қала алмайсың жасырып...


Қанша тағдыр бұл ғаламда,

Толқын болып өрілген,

Сұлу болып көрінген

Әрбір жанда бір кемдік...

Дархандық бар даламда,

Тектілікпен терілген,

Адамдығың берілген

Сезімменен түрлендік...


Әттеңі көп қой шынында,

Сезімді жүрміз ардақтап.

Абыройды қалап жалтақтап.

Адамдық атты қаладық!

Тәңірдің берген сынында,

Имандылықты салмақтап,

Қасиеттілікті қармап қап,

Арменен қалсақ жарадық!!!



Каталог: jobalar -> orleu -> bertai
bertai -> Бертай Есмаханұлы Төкеев. Тойың тойға ұлассын
bertai -> Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны
bertai -> Серпілтер сезім сұлуы!
bertai -> Шымкент-2012жыл Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен
bertai -> Фарабиге арнау. (Әні бар) 1 Оңтүстіктің арайланған ақ таңы, Бұлбұл үні естіледі бақтағы
bertai -> Ең соңғысы болмасын. Ей, адамдар абайлашы, «Көркем көңіл-көл»
bertai -> Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен
bertai -> Бақытты бал дәурен Шымкент-2013жыл


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет