Жиырма алтыншы тарау: Сәуегей-балгерлер мен солар секілділер туралы



жүктеу 232.25 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі232.25 Kb.

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ТАРАУ:

Сәуегей-балгерлер мен солар секілділер туралы
Муслим Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің бірінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені туралы хадисін жеткізеді: «Кім балгерге келіп, одан әлдебір нәрсе туралы сұраса, соның қырық күн намазы қабыл болмайды» (Муслим 2230, Ахмад «Муснадта» 68/4, 380/5).
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Балгер-сәуегейлер мен солар сияқтылар ғайыпты білеміз деп мәлімдейді, ал ғайыпты білу – бұл Аллаһ Тағала Өзін сипаттаған әрі тек Аллаһқа ғана тән болған сипат. Ал кім ғайыпты білемін деп мәлімдесе, сол өзін Аллаһ Тағалаға теңеген болады. Автор, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осындай адамдар мен оларға сенушілердің үкімін және жазасын көрсеткісі келді.


Бұл хадисте сәуегейлер мен солар сияқтыларға барудың және сенудің тыйым салынғандығына нұсқау бар, өйткені бұл бірқұдайшылыққа қайшы келеді.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте балгерлерге барудың және олардан ғайып нәрселер туралы сұраудың, әрі олардың айтқандарына сенудің тыйым салынғандығына нұсқау бар, өйткені мұның барлығы күпір болып табылады.

  2. Хадисте балгерліктің (сәуегейліктің) тыйым салынғандығына және бұл опат етуші күнәлардың бірі екеніне нұсқау бар.

Шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, бұл басқа хадисте айтылатынындай, балгерге барып, (бірақ) оның айтқандарына сенбеген кісінің намазы қырық күн қабыл болмайтынына дәлел келтіреді. Ал кім оған барып, айтқандарына сенсе, сол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірілгенге күпірлік танытқан болады.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Абу Хурайра, оған Аллаһ разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі айтқандарын жеткізді: «Кім сәуегейге (кәхин) келіп, оның айтқандарына сенсе, сол сонысымен Мухаммадқа түсірілгенге күпірлік танытты» (Ахмад, 2/408, 476; Исхақ ибн Рахауайх «Муснадта», 482; әл-Бухари «әт-Тарих әл-Кабирде», 3/16; әд-Дарими, 1/275; Абу Дауд, 3904; әт-Тирмизи, 135; ән-Нәсаи «Сунан әл-Кубрада», 9016, 9017; Ибн Мәжаһ, 639).

Әл-Хаким Абу Хурайрадан Бухари мен Муслимнің талаптарына сәйкес келетін, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім балгерге (’арраф) немесе сәуегейге (кәхин) келіп, оның айтқанына сенсе, сол сонысымен Мухаммадқа түсірілгенге күпірлік танытты», - деп айтқан хадисін келтіреді. Әл-Хаким мен төртеуі жеткізген («төртеуі» дегенде – Абу Дауд, ән-Насаи, әт-Тирмизи және Ибн Мәжаһ меңзеледі).

Абу Я'лә осыған ұқсас мауқуф хадисті жақсы иснадпен Ибн Масғудтан келтіреді.
Бұл хадисте балгерлер мен сәуегейлерге жүгінуге тыйым салынады әрі осы іс-әрекеттер үшін қорқытып-ескерту қамтылған.
Хадистен алынатын пайдалар:


  1. Хадисте сәуегейлер мен балгерлерге барудың, олардан әлдебір нәрселер туралы сұраудың тыйым салынғандығына және олардан аулақ болудың міндетті екеніне нұсқау бар. Өйткені егер адам олардың айтқанына сеніп қалса, бұл ол тарапынан күпірлік болады. Бірақ ол олардың сөздеріне сенбесе де, бұл бәрібір харам (күнә) болады.

  2. Хадисте сәуегейлер мен жұлдызнамашыларды әшкерелеу міндетті болып табылатынына нұсқау бар.

  3. Хадисте кім оларға келіп, сенсе, сол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірілгенге күпірлік танытанына нұсқау бар.

  4. Хадисте балгерлік, сәуегейлік көпқұдайшылық болып табылатынына нұсқау бар, өйткені оның құрамында адамның ғайыпты білуде өзін Аллаһқа теңеуі бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Имран ибн Хусайн Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі сөздерін жеткізген: «Әлдебір нәрсені жаман ырым деп санайтын және сол ырымдарға сенетін, сәуегейлікпен айналысатын және соларды тыңдайтын, сиқыршылық жасайтын немесе сиқырдың көмегіне жүгінетін - бізден емес. Ал сәуегейге келіп, оның айтқандарына сенген адам, сонысымен Мухаммадқа түсірілгенге күпірлік танытты» (әл-Баззар, 3578 және әт-Табарани «әл-Кабирде», 18/162).

Тура осындай хадисті әт-Табарани де «әл-Әусатта» Ибн Аббастан жақсы иснадпен келтіреді, бірақ «Ал сәуегейге келіп...» деген сөздерден басталатын оның аяқ жақ бөлігінсіз (әт-Табарани «әл-Әусат», 4262. Ибн ’Ади «әл-Камилде», 3/339 және басқалар).

Әл-Бағауи былай деді: «Балгер (‘арраф) — бұл белгілі бір белгілер арқылы шынайы фактілерді білетінін және ұрланған, жоғалған, т.с.с. заттың қайда екенін көрсете алатынын мәлемдейтін адам».

Сондай-ақ: «Бұл — сәуегей», - деп айтып жатады. Сәуегей (кәхин) деп болашақта не болатынын хабарлайтын адам аталады.



«Бұл адамның ойындағы құпия ойларды жеткізе алады», - деп те айтылып жатады.

Абу әл-Аббас ибн Таймия былай деді: «Балгер (‘арраф) — бұл сәуегейді әхин), жұлдызнамашыны (мунажим), топырақпен бал ашатынды (римәл), яғни осылайша тағдырды білуге талпынатынның әрбірін біріктіретін атау» (Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа», 35/173, 193).


Әл-Бағауи – бұл әл-Хусейн ибн Масғуд ибн Фарра. Ол Хорасан тұрғындарынан болған ғалым және қарапайым тұрмыс кешуші (заһид) кісі болатын. Һижра бойынша 516 жылдың шәууал айында қайтыс болды (Қз.: «әс-Сияр», 19/439).
Бұл хадисте балгерлікпен айналасытандырдың және солар сияқтылардың әрі соларға сенушілердің барлығына қатаң қорқыту келеді.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте ғайыпты білу туралы мәлімдеудің тыйым салынғандығына нұсқау бар, өйткені бұл бірқұдайшылыққа қайшы келеді.

  2. Хадисте сәуегейлікпен айналысатындарға сенуге тыйым салынғанына нұсқау бар, өйткені оларға сену Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келгеніне күпірлік болып табылады.

  3. Хадисте сәуегейлерді әшкерелеу және олардың өздерінен де, ғылымдарынан да аулақ болу міндетті екеніне нұсқау бар.

  4. Хадисте Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірілгенге ілесу және осыған қайшы келетін нәрселердің барлығын тастау міндетті екеніне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Ибн Аббас сандар арқылы сәуегейлік жасайтын және жұлдыздарға қарап бал ашатындар туралы: «Мен осы нәрселермен айналысатындардың біреуі болса да Аллаһтың алдында жақсылыққа ие бола алады деп ойламаймын», - деп айтқан (Ибн Уахб «әл-Жәми’те», 690; Абду-р-Раззақ, 19805; әл-Бәйһақи «Сунан әл-Кубрада», 8/139 және басқалар).
Бұл асарда өздерін ғайыпты білетіндер ретінде көрсету мақсатымен сандар арқылы сәугейлік жасайтындар мен жұлдыз-жорамалмен айналысатындар және өздерінің айналысып жатқан нәрселері адамдардың тағдырына әсер етеді деп мәлімдейтіндер сәуегей-балгерлердің анықтамасына кіріп кететіндеріне әрі сондықтан да Аллаһ Тағаланың алдында несібеден жұрдай болатынына нұсқау бар.
Асардан алынатын пайдалар:

  1. Асарда ғайыптың кілті ретінде сандар арқылы жорамал жасаумен айналысудың тыйым салынғанына нұсқау бар, өйткені бұл таухидке қайшы келеді. Алайда егер сандар басқа бір бағыттарда, мысалы, уақытты, күнді белгілеу үшін қолданылса, бұда тыйым салынған еш нәрсе жоқ.

  2. Асарда жұлдызнамамен (жұлдыз-жорамалмен) айналысудың тыйым салынғандығына нұсқау бар, өйткені бұл адамның көпқұдайшылыққа түсіп кетуіне себеп болады.

  3. Асарда мұндай адамдармен алданудың тыйым салынғанына нұсқау бар, өйткені олар көпқұдайшылыққа алдап шақыратын еліктіргіш тұзақ болып табылады.

------------------------------------------------------------------------------------------------

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ТАРАУ:

Сиқырды алып тастау (нушра) туралы
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Автор, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осыдан бұрыңғы тарауларда сиқыр мен сәугейлік туралы баяндаған болатын. Ал осы тарауда ол сиқырды алып тастау (кетіру) туралы баян етеді, өйткені сиқырды алып тастау шайтандар мен сиқыршылар тарапынан жасалуы да мүмкін, әрі бұл таухидке қарама-қайшы болады.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Жәбир, оған Аллаһ разы болсын, былай деп баяндайтын: “Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сиқырды (басқа бір сиқырдың көмегімен) алып тастау туралы сұрағанда, ол: «Бұл шайтанның істерінің бірі», - деп жауап берді” (Ахмад, 3/294; Абу Дауд, 3868).

Абу Дауд былай деді: “Бұл туралы Ахмадтан сұрағанда, ол: "Ибн Масғуд бұған толығымен тыйым салатын», - деп жауап берген”.
Нушра – бұл сиқырланған адамнан сиқырдың зиянын (кесірін) алып тастау. Бұл сөздің өзі «жайып ашу» деген мағынаны білдіретін «нашара» етістігінен шыққан есім болып табылады. Оның мағынасы әлдебір ауру қандай да бір нәрсеге оралған болып, одан емделу үшін оны жайып ашу керек екенінде. Өз негізінде сиқырды алып тастау («нушра») шариғи әдістермен жасалса, жақсы амал болып табылады.
Бұл хадисте сиқырдың кесірлерін құрамында шайтани амалдары бар тәсілдермен, яғни Исламға дейінгі надандық кезінің әдістерімен алып тастауға тыйым салынғанына нұсқау бар.
Хадистен алынатын пайдалар:


  1. Хадисте сиқырдың зиянын надандық дәуірінің әдістерімен кетіруге тыйым салынғандығына нұсқау бар, өйткені бұл да сиқыр болып табылады, ал кез-келген сиқыр күпірлік болып табылады.

  2. Хадисте әлдебір харам нәрсеге түсіп қалмау үшін, білмегеніңді ғалымдардан сұрау міндетті екеніне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Әл-Бухари Қатаданың мына хадисін жеткізген: «Мен Ибн әл-Мусайябтан: "Сиқырланған әрі (сондықтан да) әйеліне жақындай алмайтын адамды емдеумен айналысуға болады ма, әлде бұған тыйым салынған ба?», - деп сұрадым. Ол: "Бұда тұрған ешбір қорқынышты нәрсе жоқ, өйткені ол осынысымен игілік жасауды қалап жатыр, ал пайдалы нәрсеге тыйым салынбайды", - деп жауап берді».

Сондай-ақ әл Хасан әл-Басридің: «Сиқырды тек сиқыршы ғана кетіреді», - деп айтқаны жеткізіледі (Ибн әл-Жәузи «Жәми' әл-Масанид»).

Ибн әл-Каййим былай деді: «Сиқырланған адамнан сиқырды алып тастау екі түрлі болады:

Біріншісі – (сиқырды) өзі сияқты сиқырмен (кетіру). Бұл шайтанның амалдарының бірі болып табылады, әрі әл-Хасанның сөздерінде (дәл осы) меңзеледі. Мұнымен сиқырды кетіруші де, сиқырланған адам да шайтанға оған сүйікті болған іс арқылы жақындайды, әрі сиқыр осылайша кетіріледі.

Екіншісі – сиқырды дем салумен (руқиямен), Аллаһқа дұға етумен әрі басқа да рұқсат етілген тәсілдермен кетіру».
Қатада – бұл Қатада ибн Диама әс-Садуси әл-Басри. Жақсы жады (есте сақтау қабілеті) болған сенімді жеткізуші. Ол тума зағип болған деп айтылады. Шамамен һижраның 110 жылы қайтыс болды.
Бұл асарлар арқылы шейх сиқырдан емделудің шариғи үкімін түсіндірді, әрі олардың қайсысы тыйым салынған, ал қайсысы рұқсат етілгенін баяндап берді.

------------------------------------------------------------------------------------------------



ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:

Ырым туралы
Аллаһ Тағала былай деді:

مَعَهُ أَلا إِنَّمَا طَائِرُهُمْ عِنْدَ اللَّهِ وَلَكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لا يَعْلَمُونَ (١٣١)

«Ақиқатында, олардың сәтсіздіктері Аллаһ тарапынан. Бірақ олардың көбі білмейді» («әл-Әғраф» сүресі, 131-аят).
قَالُوا طَائِرُكُمْ مَعَكُمْ أَئِنْ ذُكِّرْتُمْ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ مُسْرِفُونَ (١٩)

«(Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге (өз қылықтарыңнан). Берілген үгітті жаман ырым деп санайсыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер", - деді» («Я Син» сүресі, 19-аят).
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Бұл тарау осы кітапта келтірілуінің себебі ырымға сену көпқұдайшылыққа жататындығында. Ырымға сену таухидтің толықтығына қарама-қайшы келеді. Әрі шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, оның қауіптілігін көрсету үшін және адамдарды оған түсіп қалудан сақтандыру үшін осы тарауды арнайы бөлек етіп белгіледі.


Ырым – бұл адамның (әлдебір нәрсені істеуден бас тартуға шынайы (негізді, объективтік) себеп болып табылмайтын) қандай да бір нәрсені көріп немесе естіп, соның негізінде істейін деп жатқан нәрсесін істемей қоюға себеп болған негізсіз сенім.

Бұл аяттарда Пәк және Қасиетті Аллаһ ырымды Исламға дейінгі надандық дәуірі мен көпқұдайшылдардың амалдарының бірі болып табылатынын айтты. Әрі Аллаһ Тағала оларды осы үшін сөкті және жек көрді.


Аяттардан алынатын пайдалар:

  1. Аяттарда ырым Исламға дейінгі надандық дәуірінің және көпқұдайшылдардың амалдарына жататынына нұсқау бар.

  2. Аяттарда Аллаһтың тағдырына иман келтіру бекітіледі.

  3. Аяттарда адамның басына келетін сәтсіздіктер мен бақытсыздықтар оның күнәларының себебінен екеніне нұсқау бар.

  4. Бірінші аятта надандықты айыптау келген, өйткені надандық адамның не нәрселер көпқұдашылық болып табылатынын және оған алып баратын жолдарды білмеуіне алып келеді. Ал мұның салдары оның міндетті түрде соған барып түсіп кетуіне жеткізеді.

  5. Екінші аятта ықыласты насихатты қабылдау міндетті екеніне нұсқау бар, өйткені оны қабылдамау кәпірлердің сипаттарының бірі болып табылады.

  6. Аяттарда елшілер алып келген нәрселерде оларға ілесетіндер үшін тек игілік пен жақсылықтар бар екеніне нұсқалады.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Індет өздігінше тарамайды, жаман ырымдар (ешбір нәрсеге) ықпал етпейді, жапалақтың жылауы – өтірік, сапар айының сәтсіз екені де – өтірік» (әл-Бухари, 5757, Муслим, 2220, 102). Муслимнің келтіретін нұсқасында келесідей қосымша бар: «...Жұлдыздар (әлдебір нәрсеге) әсер етпейді әрі жауыз рухтар да (тылсым күштер де еш нәрсеге) әсер ете алмайды» (Муслим 2220, 102).


Бұл хадисте ырымның негізсіз екене нұсқау бар, өйткені ол надандық дәуірінің наным-сенімі болып табылады.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте ырымға сенбеуге нұсқау бар.

  2. Хадисте ауру-індеттер Пәк Аллаһ Тағаланың қалауымен емес, өздігінше жұғады деп сенетін надандық дәуіріндегі адамдардың наным-сенімдерінің негізсіз екеніне нұсқау бар.

  3. Хадисте жапалақпен және сапар айымен байланысты жаман ырымдарға сенудің негізсіз екеніне нұсқау бар.

  4. Хадисте жұлдыздар әлдебір нәрселерге ықпал етеді деген сенімнің негізсіз екеніне нұсқау бар.

  5. Хадисте адамға зиян тигізе алатын әлдебір жауыз рухтар (тылсым күштер) бар екеніне сенетін надандық дәуірі адамдарының сенімдері негізсіз екеніне нұсқау бар.

  6. Хадисте Аллаһ Тағалаға тәуекел етудің және оған пана тілеп сиынудың міндетті екеніне нұсқау бар.

  7. Хадисте бірқұдайшылықтың іске асуының көріністерінің бірі ширкке алып баратын барлық жолдарды жабу екеніне нұсқау бар.

  8. Хадисте адамдардың қара немесе қызыл сияқты белгілі бір өңдермен, немесе (13 сияқты) сандармен, немесе мүгедектер сияқты кейбір адамдармен, т.с.с. ырым-сенімдері негізсіз екеніне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Әнастан, оған Аллаһ разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Індет өзінен-өзі тарамайды, жаман белгілер әлдебір нәрселерге ықпал етпейді, әрі маған жақсы белгі (нышан) ұнайды». Одан: «Ал жақсы белгі (нышан) не болып табылады?», - деп сұрағанда, ол: «Жақсы сөз», - деп жауап берді (әл-Бухари, 5756. Муслим, 2224).
Бұл хадисте жақсы нышан ырымға жатпайтынына нұсқау бар.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте игі нышан (жақсы белгі) тыйым салынған ырымға жатпайтынына нұсқау бар.

  2. Хадисте игі нышанның (жақсы белгінің) түсіндірмесі келген.

  3. Хадисте Аллаһ туралы жақсы ойлардың заңды екеніне және Ол туралы жаман ойлаудың тыйым салынғанына нұсқау бар.


Игі нышан (жақсы белгі) мен ырымның айырмашылығы:

  1. Игі нышан (жақсы белгі) ол жақсылықта.

  2. Игі нышан Аллаһ туралы жақсы ойда болуда, ал пендеге Аллаһ туралы жақсы ойда болу бұйырылған.

  3. Ырым тек жамандыққа қатысты болады.

  4. Ырым – бұл Аллаһ туралы жаман ойлау, ал пендеге Пәк әрі Қасиетті Аллаһ туралы жаман ойлауға тыйым салынған.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Абу Дауд, Аллаһ оны рахым етсін, сенімді иснадпен Уруа ибн Амирдің, оған Аллаһ разы болсын, былай деп баяндаған хадисін келтіреді: «(Бірде адамдар) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасында жаман ырымдар туралы әңгіме қозғағанда, ол былай деді:Игі нышанның ең жақсысы – мұсылманды істерінен кері бұрмайтыны. Егер әлдебіреуің өзіне ұнамайтын қандай да бір нәрсені көрсе: «Уа, Аллаһ Сенен басқа ешкім жақсылық келтірмейді, әрі тек Сен ғана бүкіл жамандықты қайтарасың! Әрі Сенен басқа ешкімнен күш те, қуат та жоқ!» – деп айтсын” (Абу Дауд, 3719).
Уруа ибн Амир әл-Қурайши – Ибн Хиббан оны сенімді жеткізушілерден деп айтты.
Бұл хадисте ырымдардың негізсіз екеніне әрі олардан Аллаһқа жалбарыну арқылы қорғану керектігіне, сондай-ақ жақсы нышан ырымға жатпайтынына нұсқау бар.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте ырымның негізсіз екеніне нұсқау бар әрі одан Аллаһқа дұға етіп жалбарыну арқылы және Оны зікір ету арқылы қорғанудың түсіндірмесі келген.

  2. Хадисте адамның жүрегіне қандай да бір ырым түсіп қалса, әрі егер ол одан Аллаһқа тәуекел ету арқылы қорғанса, ол оған зиян тигізе алмайтынына нұсқау бар.

  3. Хадисте жақсы нышан ырымның бір түрі емес екеніне, әрі ол одан жақсырақ екеніне нұсқау бар.

  4. Хадисте Аллаһқа тәуекел етудің міндеттілігіне әрі Аллаһтан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ екеніне дәлел бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Ибн Масғуд, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі хадисін баяндайтын: «Ырымдарға сену – ширк! Ырымдарға сену – ширк! Ырымдарға сену – ширк!» Содан соң ол: «Ал біздің әрбірімізде... Алайда егер Аллаһқа тәуекел етсең, Ол оны жойып жібереді», - деп қосты. Абу Дауд пен әт-Тирмизи жеткізген сенімді хадис. Соңғы сөздерді Ибн Масғуд айтқан (Абу Дауд 3910, әт-Тирмизи 1614).
Бұл хадисте ырым көпқұдайшылық болып табылатынына нұсқау бар.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте ырым көпқұдайшылық болып табылатынына нұсқау бар, өйткені ол арқылы жүрек Аллаһтан басқа нәрсемен байланады.

  2. Хадисте кейбір мәселелерді адамдар жақсылап естерінде сақтаулары және жүректерінде бекітулері үшін, бірнеше рет қайталаудың заңды екеніне нұсқау бар.

  3. Хадисте Аллаһ Оған ғана тәуекел ететін адамды ырымнан құтқаратынына, әрі ол жүрегінде осындай әлдебір нәрсені сезінгенде, Аллаһқа тәуекел етіп, бұған көңіл аудармайтын адамға зиян тигізе алмайтынына нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Ахмад, Аллаһ оны рахымына бөлесін, Ибн Амрдың, оған Аллаһ разы болсын, Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген мына хадисін келтіреді: «Кім әлдебір істі жаман ырымның себебімен тастаса, сол көпқұдайшылыққа түсті». Адамдар: «Ал мұның өтемі қандай?», - деп сұрады. (Сонда) ол: «Сендер: "Я, Аллаһ! Сенің жақсылығыңнан басқа жақсылық жоқ, әрі Сенің жамандығыңнан басқа жамандық жоқ, және Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ", - деп айтуларың керек», - деп жауап берді (Ахмад 220/2).

Ол сондай-ақ әл-Фәдл ибн әл-Аббастан мына хадисті де келтіреді: «Ырым – сені әлбір іс-әрекетке итермелейтін немесе одан бет бұрғызатын нәрсе» (Ахмад 213/1).


Ибн Амр – бұл Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас, Аллаһ оларға разы болсын, Исламды алғаш қабылдаған сахабалардан, ол көптеген хадистер жеткізген.

Әл-Фәдл – бұл әл-Фәдл ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Аббас ибн Абдул Мутталибтің ағасы, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесінің баласы (немере інісі).


Бұл хадистерде құрамында көпқұдайшылығы бар ырымның мән-мағынасының түсіндірмесі келген.
Осы хадистерден алынатын пайдалар:

  1. Хадистерде ырым көпқұдайшылық болып табылатынына нұсқау бар.

  2. Хадистерде құрамында көпқұдайшылығы бар ырымның мәні ол адамды осы ырымға сәйкес іс-әрекет жасауға итермелейтінінде екеніне нұсқау бар.

  3. Хадистерде адам сол арқылы ырымнан қорғана алатын нақты белгіленген дұғаға және ол мұсылмандар үшін мағызды болып табылатынына нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Жиырма тоғызыншы тарау:

Жұлдыздарға қарап жорамал жасау (астрология) туралы.
Әл-Бухаридің, Аллаһ оны рахымына бөлесін, «әс-Сахихында» келесі хадис келтіріледі: «Қатада, оған Аллаһ разы болсын, былай деді: "Аллаһ осы жұлдыздарды тек үш себеппен ғана жаратты: олармен аспанды безендіру үшін, олармен шайтандарды ұрып түсіру үшін, сондай-ақ олар адамдар үшін бағыт нұсқаушы белгі болуы үшін. Ал кімде-кім олар тағы да басқа нәрселер үшін жаратылған деп сенсе, сол қателесті, (діндегі) өз үлесінінен айырылды, әрі ол туралы өзінде білімі болмаған нәрсені өз мойнына жүктеді (әл-Бухари (му’аләқ түрінде) 614).
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Бұл тарау осы кітапта келтірілуінің себебі – жұлдыздарға қарап жорамал жасаумен (астрологиямен) айналасатын адамдар өздерінің ғайыпты (көместі) білетіндігін мәлімдейтінінде, ал бұл тек Аллаһқа ғана тән сипат болып табылады. Астрологтар ғайыпты жұлдыздардың қозғалысы бойынша білетіндігін мәлімдейді. Мұның барлығы бірқұдайшылыққа қайшы келеді. Сондықтан да шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осы мәселеде не нәрсе тыйым салынған, ал не нәрсе рұқсат етілгендігін түсіндіру мақсатында әрі мұсылмандар осыған қатысты білімге ие болулары үшін осы тарауды құрастырды.


Астрология – бұл жұлдыздар мен ғаламшарлардың орналасуының адамдардың тағдырына және жер бетіндегі уақиғаларға ықпал етуін зерттейтін жалған ғылым. Ол араб тілінде «илму таъсир», яғни (сөзбе-сөз) «әсерлерді тану» деп аталады.
Бұл асарда, бұл туралы Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында нұсқағандай, жұлдыздардың жаратылуындағы даналықтың түсіндірмесі әрі жұлдыздардың жаратылуында басқа да әлдебір даналық бар деп мәлімдейтіндерді теріске шығару бар.
Осы асардан алынатын пайдалар:

  1. Асарда, бұл туралы Құранда айтылғанындай, жұлдыздардың жаратылуындағы даналыққа нұсқалады.

  2. Асарда жұлдыздардың жаратылуында Аллаһ Тағала Құранда атап айтқан даналықтан өзге даналық бар деп мәлімдейтіндерді теріске шығару бар.

  3. Асарда ақиқат пен өтірікті ажырату үшін міндетті түрде Кұранға жүгіну керек екеніне нұсқау бар.

  4. Асарда Құран мен Сүннеттен өзге нәрселерден тура жол іздейтін адам туралықтан айырылғанына, өзінің уақытын зая еткеніне, әрі өз мойынына көздеген мақсатына қол жеткізуге шамасы келмейтін нәрсені жүктеп алғанына нұсқау бар.

-----------------------------------------------------------------------------------------------
Қатада, оған Аллаһ разы болсын, айдың жұлдыздарға қатысты орналасуын (айдың фазаларын) зерттеуге тыйым салатын. Мұны сондай-ақ, бұл туралы Харб, Аллаһ оны рахымына бөлесін, жеткізгендей, Ибн Уйяйна да, Аллаһ оны рахымына бөлесін, рұқсат етпейтін. Бірақ Ахмад пен Исхақ, Аллаһ оларды рахым етсін, мұны рұқсат ететін.


  1. Ибн Уйяйна – Суфиян ибн Уйяйна, Аллаһ оған разы болсын.

  2. Харб – бұл имам, әл-хафиз Харб ибн Исма’ил Абу Мухаммад әл-Кирмани, имам Ахмадтың серіктерінен болған фақиһ, Аллаһ оларды рахым етсін.

  3. Ахмад – Абу Абдуллаһ Ахмад ибн Мухаммад ибн Ханбәл әш-Шәйбани, Аллаһ оны рахымына бөлесін, үмметіміздің ұлы имамдарының бірі. Ол һижраның 164 жылы раби’ әл-әууәл айының 1 күні қайтыс болды, Аллаһ оны рахымына бөлесін.

  4. Исхақ – бұл Ибн Рахауайх деген атымен көбірек танымал болған Исхақ ибн Ибраһим Абу Яғқуб әл-Ханбали ән-Нәйсабури, Аллаһ оны рахымына бөлесін.

Осы сөздер бұл тарауда «илму тасйиир»1 деп аталатын айдың ауысу мерзімдерін зерттеудегі келіспеушіліктерді түсіндіру үшін келтірілген болатын. Бұл іліммен қыбланың бағытын немесе намаздың уақытын, немесе жыл мерзімін анықтап білу үшін айналысу рұқсат етіледі. Ал келіспеушіліктер кейбір ғалымдардың бұл ғылымды ол, мұны «илму таъсир» (астрология) істейтініндей, әлдебір тыйым салынған нәрселерге алып келуі мүмкін деген қауіппен тыйым салғандығы себепті болған.


-----------------------------------------------------------------------------------------------
Абу Муса (әл-Аш’ари), Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: "Үш топ адам Жәннатқа кірмейді: маскүнемдер, туысқандық қатынастарды үзушілер және сиқырға сенетіндер"» (Ахмад 399/4, Ибн Хиббан 1380, 1381)
Абу Муса – бұл Абу Муса әл-Аш’ари Абдуллаһ ибн Қайс, атақты сахаба, һижраның 50 жылы қайтыс болды, Аллаһ оған разы болсын.
Бұл хадисте сиқырға сенетін адамға қатысты қорқыту келген, ал сиқырға осы тараудың тақырыбы болған астрология да жатады.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте астрологияның тыйым салынғандығына және онымен айналысу үлкен, опат етуші күнәлардың бірі болып табылатынына нұсқау бар, өйткені астрология сиқырдың бір бөлігі болып табылады, әрі кім оған сенсе, сол Жәннатқа кірмейді.

  2. Хадисте спирттік ішімдіктерді ішудің харам екендігіне нұсқау әрі оны ішіп жүріп, осыған тәубе етпей қайтыс болған адамдарға қатты қорқыту бар.

  3. Хадисте туысқандық қатынастарды үзбей ұстаудың міндетті екеніне және оларды үзуге тыйым салынғанына нұсқау бар.

  4. Хадисте сиқырға және оның барлық түрлеріне сенбеудің міндетті екеніне нұсқалады.

--------------------------------------------------------------------------------------------
ОТЫЗЫНШЫ ТАРАУ:

Жаңбырдың жаууын жұлдыздардың орналасуымен байланыстыру туралы
«Аллаһ Тағала былай деді:

وَتَجْعَلُونَ رِزْقَكُمْ أَنَّكُمْ تُكَذِّبُونَ (٨٢)

«Ақиқатты жасынға шығаруларыңды өздеріңе ризық етесіңдер ме («әл-Уақиа» сүресі, 82-аят)».
Осы тараудың «Бірқұдайшылық Кітабына» сәйкестілігі – адамның жаңбыр мен оның берекесін Аллаһ Тағалаға емес, жұлдызға телуінде. (Осылайша,) адам өзінің жүрегін Аллаһ Тағаладан өзге біреумен байлайды, нығметтерді Аллаһтан өзгеге телиді, жаңбырдың жаууының себебін жұлдыздардан деп санайды, ал мұның барлығы таухидтің міндетті болған кемелдігіне қарама-қайшы келеді. Адам кез-келген нығметті Аллаһқа телуге міндетті. Оны Аллаһтан өзге нәрсеге телу харам болып табылады. Бұл таухидтің толықтығына қарама-қайшы келеді, әрі кіші күпірлік болып табылады.
Бұл аятта Пәк Аллаһ Тағала жаңбырдың жаууын Одан басқаға телитіндерге сөгіс білдіреді, мейлі олар жұлдыздар немесе басқа бір нәрселер болсын, әрі мұны өтірік және күпірлік деп атайды.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта жаңбырдың жаууын жұлдыздарға телудің негізсіз екеніне нұсқау бар.

  2. Аятта жаңбырдың жаууын жұлдыздарға телу өтірік екеніне нұсқалады.

  3. Аятта Аллаһ Тағаланың нығметтері үшін Оған шүкіршілік етудің әрі жаңбырдың жаууын Оған телудің міндетті екеніне, сондай-ақ Ол мұны Өзінің мейірімімен және жақсылығымен істейтініне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Абу Малик әл-Аш'ари, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Менің үмметімде (Исламға дейінгі) надандықтың (жәһилиеттің) адамдар оны тастамайтын төрт қалдығы бар: тектілігін мақтаныш ету (немесе ата-бабаларының ұстанғанымен тәкаппарлану), өзгенін шыққан тегін балағаттау, жаңбырдың жаууын жұлдыздармен байланыстыру және өлілерге жоқтау айту». Содан сол ол: «Жоқтау айтатын әйел өлгеніне дейін тәубе етпесе, Қиямет Күні қара шайырдан (немесе балқытылған мыстан) киім киген және үстін қатпар қаптаған күйде қайта тіріледі», - деп қосты (Муслим, 934).
Абу Малик – бұл әл-Харис ибн Харис әш-Шами, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы.
Бұл хадисте жаңбырдың жаууын жұлдыздарға телудің тыйым салынғанына нұсқалады, өйткені бұл Исламға дейінгі надандықтың (жәһилиеттің) қалдығы болып табылады.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте жаңбырдың жаууын жұлдыздарға телуге тыйым салынғанына, сондай-ақ бұл надандық дәуірінің амалдарының бірі екеніне нұсқау бар.

  2. Хадисте адамдар надандық заманының барлық істерін тастамайтынына нұсқау бар.

  3. Хадисте надандық дәуірінің амалдары Ислам дінінде айыпталатынына нұсқалады.

  4. Хадисте надандық дәуірінің адамдарына ұқсап-еліктеудің тыйым салынғанына нұсқау бар.

  5. Хадисте шыққан текпен менменсінуге тыйым салынғанына әрі бұл надандық заманының амалдарынан екеніне нұсқау бар.

  6. Хадисте өзгелердің шыққан тегін сөгіп қорлаудың тыйым салынғанына нұсқау бар.

  7. Хадисте қайтыс болған адамды дауыстап жоқтауға тыйым салынғанына нұсқау мен мұның жазасының сипаттамасы, сондай-ақ бұл адамды опат етуші күнәлардан екеніне нұсқау келген.

  8. Хадисте күнә қандай үлкен болса да, тәубе оның өтемі болып табылатынына (яғни өшіретітіне) нұсқалады.

  9. Хадисте мұсылман адамға надандық заманының амалдарының қайсысын болса да істеуге рұқсат етілмейтініне нұсқау бар, алайда бұл «егер ол мұндайды істесе, кәпір болады» дегенге нұсқамайды.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Зәйд ибн Халид, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жаңбыр жауып болған бойда олармен бірге Худайбияда таң намазын оқығанын хабарлаған. Намаздан соң ол адамдарға бұрылды да: «Раббыларың не дегенін білесіңдер ме?», - деді. Адамдар: «Аллаһ пен Оның Елшісі жақсырақ біледі», - деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: "Ол: «Менің құлдарымның арасынан Маған иман келтіргендер және иман келтірмегендер айқын болды. Егер адам жаңбыр Аллаһтан және Оның рахымымен жауады десе, ол Маған иман келтіреді де, жұлдыздарға иман келтірмейді. Ал егер адам жаңбыр әлдебір жұлдыздың себебімен жауады десе, онда ол Маған иман келтірмейді де, жұлдыздарға иман келтіреді», - деді" (әл-Бухари 846, Муслим 71).

Муслим, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осыған ұқсас хадисті Ибн Аббастан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізген, әрі онда кейбір адамдардың: «Пәлен жұлдыз үмітті ақтады», - деп айтқаны, әрі сол кезде Аллаһ Тағала мына аяттарды түсіргені хабарланады:



فَلا أُقْسِمُ بِمَوَاقِعِ النُّجُومِ (٧٥)وَإِنَّهُ لَقَسَمٌ لَوْ تَعْلَمُونَ عَظِيمٌ (٧٦)إِنَّهُ لَقُرْآنٌ كَرِيمٌ (٧٧)فِي كِتَابٍ مَكْنُونٍ (٧٨)لا يَمَسُّهُ إِلا الْمُطَهَّرُونَ (٧٩)تَنْزِيلٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ (٨٠)أَفَبِهَذَا الْحَدِيثِ أَنْتُمْ مُدْهِنُونَ (٨١)وَتَجْعَلُونَ رِزْقَكُمْ أَنَّكُمْ تُكَذِّبُونَ (٨٢)

«Жұлдыздардың орындарымен ант етемін. Егер білсеңдер, ол зор ант. Шын мәнінде, ол Сақтаулы Кітаптағыәух әл-Махфуздағы) Ардақты Құран. Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. Әлемдердің Раббысынан түсірілген. Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме? Ақиқатты жасынға шығаруларыңды өздеріңе ризық етесіңдер ме?» («әл-Уақиа» сүресі, 75-82 аяттар). Муслим (73).
Зейд ибн Халид, оған Аллаһ разы болсын – бұл танымал сахаба.
Бұл хадисте жаңбырдың жаууын әлдебір жұлдызға телудің тыйым салынғанына әрі бұл күпірлік пен өтірік деп аталғанына нұсқау бар.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте жаңбырдың жаууын әлдебір жұлдызға телудің тыйым салынғанына әрі бұл күпірлік деп аталғанына нұсқау бар.

  2. Хадисте адамдарды оқытудың және оларға дұрыс наным-сенімге (ақидаға) қайшы келетін нәрселерді нұсқап көрсетудің заңды екеніне нұсқау бар.

  3. Хадисте Аллаһ Тағаланың берген нығметі үшін Оған шүкіршілік білдірудің міндетті екеніне, әрі нығметті Аллаһтан басқаға телудің тыйым салынғанына нұсқау бар.

  4. Хадисте адамдарды сұрақ-жауап тәсілімен оқыту әдісіне нұсқау бар, өйткені бұл білімнің оқытылып жатқан адамның жүрегіне терең енуіне ықпал етеді.

  5. Хадисте егер біреуден өзгелер оның білмейтін нәрсесі туралы сұраса, ол жауап беруден қалыс қалуға және мұны білетін адамның түсіндіруіне ұсынуы керек екеніне нұсқау бар.

  6. Хадисте Аллаһ Тағаланың мейірім деген сипатпен сипатталғанына нұсқау бар.

  7. Хадисте адамды діннен шығармайтын күпірлік бар екеніне нұсқау бар.

----------------------------------------------------------------------------------------

1 «Илму таъсирмен» яғни астрологиямен шатыстырмаңыз (аудармашыдан).


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет