Жиырма бірінші тарау: Ізгі-салиқалы адамдамдардың қабірлерін шектен тыс құрметтеу олардан Аллаһтан басқа құлшылық жасалатын пұттар жасайтыны туралы



жүктеу 233.61 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі233.61 Kb.

ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАРАУ:

Ізгі-салиқалы адамдамдардың қабірлерін шектен тыс құрметтеу олардан Аллаһтан басқа құлшылық жасалатын пұттар жасайтыны туралы
Имам Мәлик өзінің «Мууатта» атты хадистер жинағында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан хадисін жеткізеді: «Я, Аллаһ! Менің қабірімді құлшылық жасалатын пұтқа айналдырма. Ақиқатында, пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырған адамдарға Аллаһтың ашу-ызасы қатты» (Мәлик «Мууатта» 85, Ахмад «Муснад» 246/2).
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Автор, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осыдан бұрыңғы тарауда ізгі-салиқалы кісілерге қатысты артық кетушіліктен сақтандыру жасаған соң, олардың қабірлеріне қатысты артық кетушілік те таухидке қайшы келетін көпқұдайшылыққа алып келетінін түсіндіргісі келді, ал бұл – қайтыс болған адамдарға сиыну. Осынысымен ол қабірлерге қатысты артық кетушілік танытудан сақтандырғысы келді.


Имам Мәлик – бұл имам Мәлик ибн Әнас ибн Мәлик ибн Аби Амир Асбахи, Мәдинаның имамы, төрт атақты имамның бірі, һижра жыл санауы бойынша 179 жылы қайтыс болды, Аллаһ оны рахымына бөлесін.
Бұл хадисте қабірлерге қатысты артық кетушілік адамдардың оларға құлшылық етуіне алып келетініне нұсқау бар, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Аллаһ! Менің қабірімді құлшылық жасалатын пұтқа айналдырма», - деді. Әрі ол мұны «Ақиқатында, пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырған адамдарға Аллаһтың ашуы қатты» деген сөздермен түсіндірді.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте пайғамбарлардың қабірлеріне қатысты артық кетушілік адамдардың оларды құлшылық жасай бастайтын пұттарға айналдыратынына нұсқау бар.

  2. Хадисте қабірлерге қатысты артық кетушіліктердің бірі оларды құлшылық-ғибадат орындарына айналдыру болып табылатынына әрі бұл көпқұдайшылыққа алып келетініне нұсқау бар.

  3. Хадисте Пәк Аллаһ Тағаланы Оның ұлылығына сай болған «ашу» сипатымен сипаттау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------


Ибн Жәрир (Аллаһ оны рахымына бөлесін) Мансурдан Мужәһидтің Аллаһ Тағаланың:

أَفَرَأَيْتُمُ اللاتَ وَالْعُزَّى (١٩)

«Ләт пен Уззаны көрдіңдер ме?» («ән-Нәжм» сүресі, 19-аят), - деген сөздері туралы: «Ол (Ләт) оларға жармадан ботқа жасап беретін еді, ал ол өлген соң адамдар оның қабірінде құлшылық жасайтын болды», - деп айтқандығы туралы Суфиянның хадисін жеткізді. Тура осыны Абу Жәуза Ибн Аббастан оның: «Ол қажыларға жармадан ботқа пісіріп беретін еді», - деп айтқанын жеткізген.
Ибн Жәрир – бұл имам-хафиз Мухаммад ибн Жәрир әт-Табари, Құранның негіз салушы сәләфи тәпсірі болып саналатын негізгі тәпсірдің құрастырушысы. Ол һижраның 310 жылы қайтыс болды, Аллаһ оны рахымына бөлесін.

Суфиян – бұл атақты имам Суфиян ибн Саид әс-Саури болуы мейлінше ықтимал, ол һижраның 161 жылы қайтыс болған, Аллаһ оны рахымына бөлесін.

Мансур – бұл Ибн Муутамир, атақты фақиһ, һижраның 132 жылы қайтыс болды, Аллаһ оны рахымына бөлесін.

Мужәһид – бұл Ибн Жәбир, тәпсір ғылымындағы атақты имам, Ибн Аббастан және басқа ғалым-сахабалардан білім алған табиғин. Ол һижраның 104 жылы қайтыс болды, Аллаһ оны рахымына бөлесін.

Абу Жәуза – бұл Аус ибн Абдуллаһ әр-Рабаи, көпке танымал атақты кісі, һижраның 83 жылы қайтыс болған, Аллаһ оны рахымына бөлесін.
Бұл баяндалған хабардың осы тарауға сәйкестілігі:

Арабтардың әл-Ләтқа құлшылық ете бастауының себебі - олардың оның қабіріне қатысты танытқан артық кетушілігі болғанында.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Ибн Аббастан (Аллаһ олардың екеуіне разы болсын) оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерді зиярат ететін әйелдерді және олардың үстіне мешіттер құратындар мен шырақ жағатындарды лағынеттеді» (Абу Дауд 3236, әт-Тирмизи 320, Ибн Мәжаһ 1575, Ахмад «Муснадта» 337, 324, 287, 229/1).
Бұл хадисте қабірлерге қатысты артық кетушіліккке тыйым салынғандығына нұсқау бар, өйткені бұл оларды кейіннен адамдардың құлшылық ететін пұттарына айналдырады.
Хадистен алынатын пайдалар:


  1. Хадисте қабірлерге қатысты артық кетушіліктерге тыйым салынғандығына нұсқау бар, өйткені бұл көпқұдайшылыққа, яғни адамдар оларға құлшылық ете бастауына алып келеді.

  2. Хадисте қабірлердің үстіне шырақ жағуға тыйым салынғандығына нұсқалады, өйткені бұл да адамдардың осы қабірлерге құлшылық жасауына алып келетін себеп болып табылады.

  3. Хадисте қабірлерге қатысты артық кетушілік ауыр күнәларға жататынына нұсқау бар.

  4. Хадисте қабірлердің қасында намаз оқу қабір орындары лас болғандықтан емес, көпқұдайшылықтан қауіптену себебінен тыйым салынғандығына нұсқау бар, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерді мешітке айналдыратындар мен оларға шырақ жағатындарды дәл осы үшін бірге атап айтты әрі лағынеттеді, бірақ қабірлердің құлшылық жасау үшін лас болып табылатындығы себебінен емес.

-------------------------------------------------------------------------------------------


ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАРАУ:

Таңдаулы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таухидтің қолсұғылмаушылығын қорғайтын, әрі ширкке алып баратын кез-келген жолға бөгет қоятын
Аллаһ Тағала былай деді:

لَقَدْ جَاءَكُمْ رَسُولٌ مِنْ أَنْفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُمْ بِالْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَحِيمٌ (١٢٨)

«Расында, сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүминдерге өте жұмсақ, ерекше рахымды» («әт-Тәуба» сүресі, 128-аят).
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Автор, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осыдан алдыңғы тарауларда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірқұдайшылықтың қолсұғылмаушылығын қорғағандығын жалпы түсіндіріп өткен соң, осы тарауда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірқұдайшылықты қорғағанына жеке тоқтауды жөн көрді.


Бұл аятта келтірілген Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сипататтары оның өз үмметін ең үлкен күнә болып табылатын көпқұдайшылықтан сақтандырғанына әрі осы сақтандыру оның миссиясының ең басты мақсаты болғанына нұсқайды.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметін көпқұдайшылықтан сақтандырғанына әрі оны одан алыстатқанына, және көпқұдайшылыққа алып баратын кез-келген жолды жапқанына нұсқау бар.

  2. Аятта Аллаһ Тағаланың Өз пенделеріне осы ардақты Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жібергенінде әрі ол олардың өздерінің ішінен болғанында көрініс табатын Оның құлдарына деген мейіріміне нұсқау бар.

  3. Аятта Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шежіресін мақтау, оның тегі араб екеніне әрі ол өзінің шаңырағымен және шежіресімен олардың ең құрметтісі екеніне нұсқау бар.

  4. Аятта оның мүминдерге деген жұмсақтығы мен рақымдылығына ерекше нұсқау бар.

  5. Аятта оның кәпірлер мен екіжүзділерге қатысты қаталдығы мен қатаңдығына нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Абу Хурайра (оған Аллаһ разы болсын) адамдарға Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайтын: «Үйлеріңді қабірлерге айналдырмаңдар, әрі менің қабірімнен адамдар оған мерзімді түрде жиналып тұратын орын жасамаңдар. Мен үшін салауат тілеңдер, өйткені сендердің салауаттарың қайда болсаңдар да маған жетеді» (Абу Дауд 3422, имам Ахмад «Муснадта» 367/2, шейх әл-Әлбани «Сахих әл-жәмиде» 7226 хадистің сахихтығын растаған).
Бұл хадисте көпқұдайшылыққа қарсы айқын дәлел және оған алып баратын барлық жолдарды жабуға деген нұсқау келген. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлердің жанында намаз оқуға болмайтынына нұсқады және өзінің қабірінің жанында жиналуға немесе оны мерзімді және тұрақты түрде зиярат жасауға тыйым салды, өйткені мұның барлығы көпқұдайшылыққа алып келеді.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте қабірдің қасында намаз оқу немесе Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне қатысты оны адамдар жиналатын орынға айналдырып, оған тұрақты әрі мерзімді түрде оралып және осыны жеке рәсім ететіндей артық кету сияқты көпқұдайшылыққа алып баратын жолдарды жабуға нұсқау бар.

  2. Хадисте Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жер бетінің кез-келген бөлігінде салауат айтудың заңды екеніне нұсқау бар.

  3. Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің жанында тұратын адамда ешқандай ерекше мәртебе болмайтынына нұсқау бар.

  4. Хадисте тек Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету үшін ғана сапарға шығуға тыйым салынғанына нұсқау бар.

  5. Хадисте таухидтің қолсұғылмаушылығын қорғауға нұсқау бар.

-----------------------------------------------------------------------------------------------
Али ибн әл-Хусайнның бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне тақала жақындай келе, сол жерде Аллаһқа дұға етіп жалбарынған адамды көргені туралы жеткізілген. Али оған мұны істеуге тыйым салып, былай деді: «Мен сендерге өзімнің әкемнен атам (Али ибн Абу Талибтің) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естігені туралы естігенімді хабарлайын ба: “Менің қабірімнен адамдар мерзімді түрде жиналатын орын жасамаңдар, әрі үйлеріңді қабірлерге айналдырмаңдар, өйткені сендердің сәлемдерің қай жерде болсаңдар да маған жетеді”» (Бұл хадисті әл-Мақдиси “әл-Мухтарда” келтіреді).
Али ибн әл-Хусайн – бұл Али ибн әл-Хусайн ибн Али ибн Абу Талиб, ең жақсы табиғиндердің бірі, һижраның 93 жылы қайтыс болды.
Бұл хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін дұға етудің құралы ретінде пайдалануға тыйым салынғандығына нұсқау бар. Әрі ардақты Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің үкімі осындай болатын болса, онда басқа қабірлерді оларда дұға етіп жалбарынатын орындарға айналдыруға тіпті де рұсқат етілмейді, өйткені бұл қабірді тұрақты зиярат етілетін орынға айналдырады, ал бұл көпқұдайшылыққа алып келеді.

Хадистен алынатын пайдалар:



  1. Хадисте таухидтің қолсұғылмаушылығын қорғау үшін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің жанында Аллаһқа дұға етіп жалбарынуға тыйым салынғандығына нұсқау бар.

  2. Хадисте айыпты нәрсені айыптаудың және білімсіздерді үйретудің заңды екеніне нұсқау бар.

  3. Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету ниетімен сапарға шығудың тыйым салынғандығына әрі осы тыйым таухидті қорғауға бағытталғанына нұсқау бар.

  4. Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етудің шариғи себебі тек оған сәлем беру ниеті ғана бола алатына әрі оған берілген сәлем жақын жердегіден де, алыстағыдан да жететініне нұсқау бар.

--------------------------------------------------------------------------------------------
ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАРАУ:

Бұл үмметтің бір бөлігі пұттарға табынатындығы туралы
Аллаһ Тағала былай деді:

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُؤْمِنُونَ بِالْجِبْتِ وَالطَّاغُوتِ وَيَقُولُونَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا هَؤُلاءِ أَهْدَى مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا سَبِيلا (٥١)

«Сондай Кітаптан үлес берілгендерге қарамадың ба? Олар пұтқа, шайтанға сенеді де, кепірлерді: «Бұлар мүминдерден көрі туралау жолда», - дейді» («ән-Ниса» сүресі, 51-аят).
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Автор бірқұдайшылықты және оған қайшы келетін нәрселерді атап айтқаннан кейін, бұл үмметте міндетті түрде көпқұдайшылық орын алатынын да атап айтты. Әрі оның осыдағы мақсаты қабірлерге табынып ширк жасайтын әрі осы орайда: «Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметінде ширк орын алуы мүмкін емес, өйткені мұсылмандар «Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі» деген куәлікті айтады ғой», - деп айтатындарды теріске шығару болатын.


Бұл аятта егер Кітап иелері пұттарға табынған болса, онда Құран түсірілген Пайғамбардың үмметі де пұттарға табынатын болытындығына нұсқау бар. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметінің адамдары Кітап иелерінің өнегесіне ілесетіні туралы әрі мұсылмандар, тіпті христиандар мен яһудилердікі дұрыс емес екендігін біле тұра, бәрібір соларға ұқсап-еліктейтінін хабарлаған болатын.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта бұл үмметте барлық кезде пұтқа табынатын әлдебіреулер болатынына нұсқау бар, бұл яһудилермен және христиандармен орын алғанындай.

  2. Аятта «жибт пен тағутқа сену» деген сөз мағыналық жағынан «соларға сенетіндердің адасып және өтірік айтып жатқандығын біле тұра, оларға ілесу» дегенді бірдіретініне нұсқау бар.

  3. Аятта жибт пен тағутқа сенбеу барлық Иләһи Кітаптарда парыз болғанына нұсқау бар.

  4. Аятта білімге сәйкес амал ету міндетті екеніне, әрі кімнің амалдары білімге сәйкес болмаса, сол яһудилер мен христиандарға ұқсап-еліктейтініне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Пәк Аллаһ Тағала былай деді:

قُلْ هَلْ أُنَبِّئُكُمْ بِشَرٍّ مِنْ ذَلِكَ مَثُوبَةً عِنْدَ اللَّهِ مَنْ لَعَنَهُ اللَّهُ وَغَضِبَ عَلَيْهِ وَجَعَلَ مِنْهُمُ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ وَعَبَدَ الطَّاغُوتَ أُولَئِكَ شَرٌّ مَكَانًا وَأَضَلُّ عَنْ سَوَاءِ السَّبِيلِ (٦٠)

«(Оларға:) «Сендерге Аллаһтың қасында жаза тұрғысынан бұдан да жаманын хабарлайын ба? Олар – Аллаһ оларды лағынеттеп, оларға ашуланған, және оларды маймылдар мен доңыздарға айналдырғандар, және тағутқа табынғандар», - де» («әл-Мәида» сүресі, 60-аят).


Бұл аятта егер Кітап иелерінің арасында Аллаһтан басқа тағутқа табынғандар болған болса, онда бұл үмметте де осындай амалдарды жасайтындар болатынына нұсқалады.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта осы үмметте де, бұл тағутқа табынған яһудилер мен христиандардың үмметінде орын алғаны сияқты, міндетті түрде көпқұдайшылық орын алатынына нұсқау бар.

  2. Аятта егер адасушылар өздеріндегі қателіктерді табанды түрде мойындамай жатса, олардың осы қателіктерін түсіндіру мақсатында олармен айтысудың заңды екеніне нұсқау бар.

  3. Аятта сый-жаза амалдар үшін және амалдарға сәйкес болатынына нұсқау бар.

  4. Аятта Аллаһ Тағала Өзін ашуланатындығымен және күнәхарларды лағынеттейтінімен сипаттағанына нұсқау бар.

  5. Аятта шайтанға ілесу Қасиетті әрі Пәк Аллаһқа серік қосудың негізгі себебі болып табылатындығына нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Аллаһ Тағала былай деп айтты:

قَالَ الَّذِينَ غَلَبُوا عَلَى أَمْرِهِمْ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيْهِمْ مَسْجِدًا (٢١)

Ал олардың іс басындағылары: «Біз міндетті түрде олардың үстіне мешіт тұрғызамыз», - деді («әл-Кәһф» сүресі, 21-аят).


Бұл аятта осы үмметте де, олардан бұрынғы қауымдар істегендері сияқты, қабірлердің үстіне мешіт құратындар болатынына нұсқау бар.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта қабірлердің үстіне мешіт құрудың тыйым салынғанына нұсқау және адамдарды осыдан сақтандыру бар, өйткені бұл көпқұдайшылыққа алып келеді.

  2. Аятта бұл үмметте де, олардан бұрыңғылар істегендері сияқты, қабір басына мешіт құратындар болатынына нұсқау бар.

  3. Аятта ізгі-салиқалы адамдарға қатысты артық кетушіліктен сақтандыру бар.

  4. Аятта қабірлердің үстіне мешіттер құру ізгі-салиқалы адамдарға қатысты артық кетушілік екеніне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Абу Саидтың, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен оның былай деп айтқаны жеткізіледі: “(Бірде) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сендер өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдетіне ізбе-із және шынтақ-шынтақпен ілесетін боласыңдар. Тіпті егер олар кесірткенің ініне кіріп кетсе де, сендер де міндетті түрде солардың ізінен еріп кететін боласыңдар!» Біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі, сіз яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?», — деп сұрадық, ал ол: «Басқа кімді?!», - деп жауап берді” (әл-Бухари, 3456; Муслим, 2669).
Бұл хадисте осы үмметте көпқұдайшылық орын алатынына, өйткені ол одан бұрыңғы қауымдарда да болғанына нұсқау бар. Онда сондай-ақ осы үммет өзінен бұрын өмір сүрген қауымдарға ұқсап-еліктейтініне нұсқалады.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте осы үмметте де, одан бұрын өмір сүрген қауымдардағыдай, көпқұдайшылық орын алатынына нұсқау бар.

  2. Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз заманында болмаған, бірақ кейіннен орын алған нәрселерден сақтандырғанында көрініс тапқан оның көрсеткен аят-муғжизасына нұсқау бар.

  3. Аятта кәпірлерге ұқсап-еліктеуден сақтандыру бар.

  4. Аятта кәпірлер істейтін Аллаһқа серік қосу және Қасиетті әрі Пәк Аллаһ Тағала тыйым салған басқа да осы сияқты нәрселерден сақтандыру бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Саубаннан, оған Аллаһ разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: Ақиқатында, Аллаһ менің алдыма жерді жайып тастады да, мен оны шығыстан батысқа дейін (түгел) көрдім. Әрі шындығында да, менің үмметім маған көрсетілген нәрсенің үстінен билік алады. Және маған екі: ақ және қызыл қазына берілді (парсылар мен византиялықтардың). Әрі мен Раббымнан Ол менің үмметіме көптеп апаттарды жіберіп, оларды опат етпеуін және өз қатарларынан болған дұшпаннан өзге ешкім олардың үстінен жеңіске жетпеуін және олардың жерін иемденбеуін сұрадым. Және Раббым: «Уа, Мухаммад! Ақиқатында, егер Мен бір нәрсені шешсем, ол болмай қоймайды. Ақиқатында, Мен сенің үмметіңе көп апаттар жіберіп опат етпейтінімді сыйладым. Әрі олар бірін-бірі құртып-жойып және тұтқындай бастамайынша, Мен олардың өздерінің ішіндегі дұшпандарынан өзге дұшпандарына үмметіңнің үстінен билік алуына жол бермеймін, тіпті оларға қарсы жердің барлық бөлігінен әскер жиналса да!», – деп жауап берді (Муслим 2889).

Әл-Баркани өзінің жинағында келтіретін нұсқада былай деп қосылған:



«Расында, мен үмметімде адасушылыққа салатын имамдардың пайда болуынан қауіптенем. Әрі егер олардың төбесінен қылыш түссе, онда ол Қияметке дейін көтерілмейді (қайта алынбайды). Әрі менің үмметімнің тірі қалғандары көпқұдайшылдарға қосылмайынша және олардың бір бөлігі пұттарға құлшылық ете бастамайынша (Қиямет) Сағаты келмейді. Әрі менің үмметімде отыз өтірікші дүниеге келеді. Олардың әрқайсысы өзін пайғамбар деп жариялайды, ал (шындығында) мен – пайғамбарлардың соңғысымын, әрі менен кейін пайғамбар болмайды. Бірақ менің үмметімде үнемі ақиқатты ұстанатын әрі жеңіске жететін бір топ адамдар болады, және оларды көмексіз қалдырғандар оларға Аллаһтың әмірі келмейінше зиян тигізе алмайды».
Саубан – пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) азат етілген құлы. Ол үнемі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жанында болатын. Һижраның 54 жылы 60 жасында қайтыс болды, оған Аллаһ разы болсын.
Бұл хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның үмметінен болған кейбір топтардың пұттарға табынатындығы туралы хабарлады, әрі бұда «бұл үмметте ширк орын алуы мүмкін емес» деп айтатындарды теріске шығару бар.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте бұл үмметте көпқұдайшылық орын алатынына әрі осыны мойындамайтындарды теріске шығару бар.

  2. Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болашақта орын алатын нәрселер туралы хабарлауында көрініс тапқан оның муғжизаларының бір муғжизасына нұсқау бар.

  3. Аятта Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметі үшін бұл дүниенің ең ұлы нығметі болған таухид деп аталатын ең игі және ең басты нәрсені тілегенінде көрініс тапқан оның рахымдылығының кемелдігіне нұсқау бар. Онда сондай-ақ ол өзінің үмметі үшін, олар көпқұдайшылыққа қарама-қайшы келетін амалдар, әрі олардың ішіндегі ең жаманы болған көпқұдайшылық істейтінінен қорыққандығына нұсқау бар.

  4. Хадисте бұл үмметті келіспеушіліктерден әрі адасушылыққа шақырушылардан сақтандыру бар.

  5. Хадисте Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлардың мөрі (соңғысы) екеніне нұсқалады.

  6. Хадисте ақиқат толығымен жойылмайтыны әрі оны ұстанатын адамдар қалатыны, әрі оларды көмексіз қалдырғандар оларға зиян тигізе алмайтыны туралы игі хабар бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ТАРАУ:

Сиқыр туралы
Аллаһ Тағала былай деді:

وَلَقَدْ عَلِمُوا لَمَنِ اشْتَرَاهُ مَا لَهُ فِي الآخِرَةِ مِنْ خَلاقٍ

«Расында, олар осыны иемденгендерге (Аллаһтың Кітабының орнына сиқыр үйренгенге) Ақыретте несібе жоқтығын білді» («әл-Бақара» сүресі, 102-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:



يُؤْمِنُونَ بِالْجِبْتِ وَالطَّاغُوتِ

«Олар жибт пен тағутқа сенеді» («ән-Ниса» сүресі, 51-аят).

Умар, оған Аллаһ разы болсын, былай деді: «Жибт – бұл сиқыр. Тағут – бұл шайтан».

Жәбир, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, былай деді: «Тағуттар – бұл оларға шайтандар түсетін сәуегей-көріпкелдер, әрі әр (тайпада) бір-бір көріпкелден бар болатын»».
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Сиқыр көпқұдайшылықсыз болуы мүмкін емес болғандықтан, автор, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осы тарауды оны түсіндіру үшін және одан сақтандыру үшін құрастырды.

Сиқыр («әс-сихр») сөзінің тілдік мағынасы – бұл болуының себептері көзге көрінбейтін, түсініксіз әрі жасырын іс-әрекеттер. Ал шариғатта болса сиқыр деп адамдардың жүректері мен денелеріне әсерін тигізіп, оларда әлдебір ауруларды туғызатын, немесе оларды өлімге алып келетін, немесе ерді әйелінен ажырастыратын сөздер, немесе әлдебір дәрі-дәрмектер, түтіндету, түйіндер байлап оларға үрлеу арқылы жасалатын түрлі дуалаулар мен үшкірулер аталады.

Бұл аяттарда сиқырдың тыйым салынғанына және ол жибт болып табылатынына нұсқалады.


Осы аяттардан алынатын пайдалар:

  1. Аятта сықырға деген тыйым бар.

  2. Аятта сиқыршылардың күпірлігіне нұсқау бар.

  3. Аятта Аллаһтың Кітабынан бет бұрып, оны әлдебір басқа нәрсеге айырбастанға қатты қорқыту бар.

  4. Аятта сиқыр таухидке қарама-қайшы келетін көпқұдайшылық болып табылатынына нұсқау бар, өйткені онда шайтандарға жүгіну және олармен байланыс жасау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Абу Хурайраның, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (бірде): «Жеті опат етуші күнәны (жасаудан) аулақ болыңдар», - деп айтқаны жеткізіледі. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі, олар не (күнәлар)?» - деп сұрады. Ол былай деді: «Аллаһпен бірге басқаларға құлшылық ету, сиқыр, Аллаһ қақысыз өлтіруге тыйым салған адамды өлтіру, өсімқорлық, жетімнің малын жеу, шайқас майданынан қашу және зинақорлық ойына да кіріп шықпайтын адал мінезді әйелдерді зинақорлықта айыптау» (Бухари 2766, Муслим 89, Абу Дауд 2874)».
Бұл хадистің осы тарауда келтірілуінің себебі онда сиқыр харам екендігінің дәлелі бар екендігінде және шариғат оны опат етуші күнәлардың бірі деп атағандығында болып тұр.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте көпқұдайшылықтың тыйым салынғандығына әрі ол күнәлардың ең үлкені болып табылатынына нұсқау бар.

  2. Хадисте сиқырдың тыйым салынғандығына әрі ол опат етуші күнәларға жататындығына және адамды Исламнан шығаратынына нұсқау бар.

  3. Хадисте қақысыз адам өлтірудің тыйым салынғанына нұсқау бар.

  4. Хадисте адамды тек шариғат берген және орындалуын тек билеушінің (елбасының) құзыретіне жатқызған құқықпен ғана, мысалы, діннен бас тарқандық үшін, немесе некеде болған адамның зина жасағаны үшін жазалау немесе өлтірілген адам үшін есе қайтару (қысас) ретінде ғана өлтіруге рұқсат етілгендігіне нұсқау бар.

  5. Аятта өсімқорлықтың тыйым салынғандығына және оның өте қауіпті күнә екеніне нұсқау бар.

  6. Аятта жетімнің малына қол сұғуға тыйым салынғанына нұсқау бар.

  7. Аятта шайқас майданынан қашуға тыйым салынғанына нұсқау бар.

  8. Аятта біреуді зинақорлықта немесе еркекқұмарлықта айыптаудың тыйым салынғандығына нұсқау бар.

----------------------------------------------------------------------------------------------
Жундубтың хадисінде Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сиқыршы қылыштың соққысымен жазаланады», - деп айтқандығы жеткізіледі. Бұл хадисті әт-Тирмизи жеткізіп, шындығында бұл Жундубтың өзінің сөздері деп айтқан (әт-Тирмизи 1460, әл-Бәйһақи «Сунан әл-Кубрада» 136/8, Хаким «Мустадракта» 360/4).

Әл-Бухаридің «Сахихында» Бажали ибн Абададан, оның былай деп айтқан хадисі келтіріледі: «Умар ибн әл-Хаттаб, оған Аллаһ разы болсын: «Әрбір еркек немесе әйел сиқыршыны өлтіріңдер», - деп жарлық шығарды, әрі біз олардың үшеуін өлтірдік» (әл-Бухари 3156, Ахмад «Муснад» 190/1).

Хафса оны сиқырлаған өзінің күңін өлтіруді бұйырды, әрі ол өлтірілді. Тура осы Жундубтың атынан да жеткізілген (Мәлик «Мууатта» 872/2).

Ахмад осы сияқты (хабарлар) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үш сахабасынан жеткізілгенін айтқан.


Осы хабарларда (асарларда) сиқыршыларды өлім жазасымен жазалау заңды екеніне әрі сиқыр үлкен опат етуші күнәлардың бірі екеніне нұсқау бар.
Бұл асарлардан алынатын пайдалар:

  1. Аятта сиқыршыларды жазалаудың заңды екеніне әрі олар тәубе талап етілмей өлтірілетініне нұсқау бар.

  2. Аятта адамдар сиқыршылықпен тіпті Умардың, оған Аллаһ разы болсын, кезінде айналысқанына нұсқау бар. Ендеше, одан кейінгі замандар туралы не айтуға болады!

------------------------------------------------------------------------------------------------
ЖИЫРМА БЕСІНШІ ТАРАУ:

Сиқырдың кейбір түрлеріне түсіндірме жасау
Ахмад Мухаммад ибн Жәфардың Ауфтан [ибн Абу Жәмили], (ол) Хайян ибн әл-Аләдан, (ол) Қатан ибн Қабисадан, ол өзінің әкесінен [Қабиса ибн Махариктен], ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естінені туралы жеткізген: «'Ияфа, тарқ және ырым жибт болып табылады» (Ахмад «Муснадта» 477/3, Абу Дауд 3907, Ибн Хиббан 1426).

Ауф былай деді: «'Ияфа - бұл құстардың ұшуының бағытына қарап бал ашу, ал тарқ — бұл жерге сызықтар сызу (арқылы бал ашу)».

Әл-Хасан әл-Басри жибт — шайтанның жаңғырығы (елесі) деген (бұл хабардың жеткізушілер тізбегі жақсы, Абу Дауд, ән-Насаи және Ибн Хиббан оны «Сахихтарында» тура осы риуаятшылар арқылы жеткізеді).
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осыдан алдыңғы тарауда бізге сиқыр туралы баяндап берген соң, осы тарауда ол оның адамдар соларға көбірек түсетін түрлерін атап кетті. Өйткені олардың адамдардан жасырын болғаны соншалықты – олар бұл сиқырларды ата-бабаларының мұғжизалары ретінде көреді. Ал бұл іс-әрекеттер адамдардың осындай нәрселерді істейтін адамдарға құлшылық ете бастауына және үлкен көпқұдайшылыққа түсуіне алып келді.


Ахмад – имам Ахмад ибн Ханбәл.

Мухаммад ибн Жәфар – имам әл-Бухаридің ұстазы, танымал хадис жеткізуші.

Ауф – Ибн Абу Жәмилә, сенімге лайықты хадис жеткізуші деп танылған.

«Өзінің әкесінен», яғни атақты сахаба Қабиса ибн Мухарик әл-Халәлиден.



Әл-Хасан – бұл Хасан әл-Басри.
Бұл асарларда «`ияфа», «тарқ» және құстардың ұшуының бағытына қарап бал ашу таухидке қарама-қайшы келетін сиқыр болып табылатын жибттің бір түрі екеніне нұсқалады.
Хадис пен асарлардан алынатын пайдалар:

  1. Хадис пен асарларда адамның көместі білетіні туралы мәлімдеуіне тыйым салынғанына нұсқау бар, өйткені бұл таухидке қарама-қайшы келеді.

  2. Хадис пен асарларда ырымға сенудің тыйым салынғанына, өйткені бұл таухидке немесе оның толықтығына қарама-қайшы келетініне нұсқау бар.

  3. Хадис пен асарларда музыкалық аспаптардың, бос сауық-сайранмен көңіл көтеретін заттардың және олардың барлық түрлерінің тыйым салынғанына нұсқау бар, өйткені бұлар Аллаһ Тағала құлшылық етуге және таухидтің толықтығына қарама-қайшы келетініне нұсқау бар.

  4. Хадис пен асарларда әндер немесе сырнайлар, немесе басқа да музыкалық аспаптар сияқты бос сауық-сайранмен көңіл көтеретін заттардың барлығы Аллаһ Тағалаға алып баратын барлық жолдарға бөгет жасауға тырысатын шайтанның жаңғырығына (елесіне) жататынына нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, оның былай дегені жеткізіледі: "Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кімде-кім жұлдызнаманың (астрологияның) әлдебір тармағын үйренген болса, сол сиқырдың бір тармағын үйренді. Әрі ол жұлдызнаманы (астрологияны) қаншалықты көп үйренсе, сиқырды да соншалықты көп үйренеді»" (Абу Дауд 3905, Ибн Мәжаһ 3726, Ахмад «Муснад» 277/1, 311. Абу Дауд хадистің жеткізушілер тізбегін сенімді деген).
Бұл хадисе Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) астрологияны сиқырдың бір түрі деп атады.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте жұлдызнамамен (астрологиямен) айналысуға тыйым салынғанына нұсқау бар, өйткені адам ол арқылы жұлдыздардың немесе ғаламшарлардың орналасуына сүйеніп, болашақты болжайды. Әрі бұл ғайыпты білу туралы мәлімдеме болғандықтан, өз негізінде тыйым салынған нәрсеге айналады.

  2. Хадисте жұлдызнама (астрология) таухидке қарама-қайшы келетін сиқырдың бір түрі екеніне нұсқау бар.

  3. Хадисте адам қаншалықты көп жұлдызнаманы (астрологияны) оқып-үйренсе – соншалықты көп сиқырды үйренген болатынына нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Имам ән-Насаи Абу Хурайрадан, оған Аллаһ разы болсын, мына хадисті келтіреді: «Кімде-кім түйін байлап оған түкірсе немесе үрлесе, сиқыр жасады. Ал сиқыр жасаған – көпқұдайшылық жасаған болады. Әрі кімде-кім жүрегін әлденемен байласа, соған тапсырылады» (әт-Тирмизи 2073, Ахмад 310, 311/4, Хаким 216/4).
Бұл сиқырдың бір түрінің түсіндірмесі бар, ал ол – «азима» деп аталатын түйін түю сиқыры.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте түйін түю және оларға үрлеп түкіру арқылы орындалатын сиқырдың бір түріне нұсқау бар.

  2. Хадисте сиқыр көпқұдайшылық болып табылатынына әрі онда шайтанға көмек сұрап жүгіну орын алатынына нұсқау бар.

  3. Хадисте Пәк Аллаһ Тағаладан басқа біреуге тәуекел етушіні Аллаһ көмексіз және қолдаусыз қалдыратынына нұсқау бар.

-----------------------------------------------------------------------------------------------
Ибн Масғудтан, оған Аллаһ разы болсын, жеткізілетін хадис: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендерге сиқырға не жататыны туралы айтып берейін бе? Бұл адамдар арасында өсек тарату» (Муслим 2606).
Бұл хадисе Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өсек сиқырдың бір түрі болып табылатыны туралы байяндады.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте өсек сиқырдың бір түрі болып табылатынына нұсқау бар. Өйткені өсек тура сиқыр істейтін нәрсені істейді, нақты айтқанда адамдардың арасына іріткі салып, олардың өзара қарым-қатынасын бұзады. Бірақ бұл жағдайда өсекшінің үкімі сиқыршының үкіміндей болмайды; өсекші сиқыршының амалын жасайды, бірақ көпқұдайшыл-мүшрикке айналмайды.

  2. Хадисте өсек таратудың тыйым салынғанына әрі ол үлкен күнәлардың бірі болып табылатынына нұсқау бар.

  3. Хадисте сұрақ-жауап арқылы оқыту әдісіне нұсқау бар, өйткені мұндай әдіс-тәсілмен берілетін білімдер көбірек есте сақталып қалады, әрі бұл оқушының назарын өзіне тартады.

-----------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет