«Жыл басы кім болады?» (Музыкалық ертегі) Р. Наурызбаева. Мақсаты



жүктеу 43.92 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі43.92 Kb.

«Жыл басы кім болады?»

(Музыкалық ертегі)

Р.Наурызбаева.
Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп,сұраққа жауап беруге үйрету.Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін сезіну және жануарлардың іс-әрекетін сахнада ойнай отырып,бейнелеуге дағдыландыру, қызығушылық қабілеттерін ояту. Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын дұрыс ырғағымен дәл айта,көрсете білуге баулу,тілін дамыту. Өздерінің тиесілі рольдеріне еніп,оны іскерлікпен,үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.

Ертегіге қатысушылар:

Автор: Алаңның ортасында ұйықтап жатқан қоян.Қоян есініп,ұйқыдан жаңа оянғандай жан-жағына қарап,біреулерді іздейді. Ешкімді көрместен өзінен-өзі билейді. Бидің әуенін естіп,орманның түрлі жануарлары жиналады.Олар қоянға қосылып билеп кетеді.Бидің аяғында жануарлар сағаттың дыбысын тыңдап тұрып қалады. «Бұл не?» Иә,бұл келе жатқан Жаңа жыл,біз жылды қарсы алу үшін шақырылған екенбіз ғой.

Ормандағы ашық алаңға жиналап,жайланып жайғасқан хайуанаттардың әрқайсысының жыл басы болғысы келеді.Неге мен жыл басы болмаймын?

Мен кімнен кеммін?-деген өзара талас басталады.Маңғаздана ортаға асықпай басып алдымен сиыр шығады.



Сиырдың әні (Бағылан):

«Мө» деп мөңіредім,

Молшылық төңірегім.

Жыл басы боламын деп,-

Ертерек келіп едім.

Көгалда тұрағым,

Дайын тұр құрағым

Сүтіммен,етіммен,

Адамға ұнадым.

Автор: Бір кезде ортаға жылқы шауып келіп,өзін мақтай бастайды.



Жылқының әні (Нұржас):

Алысқа шауып барамын,

Адамның бабын табамын.

Пайдасы мол жылқымын,

Жыл басы мен боламын.

Әсем десең,әсеммін,

Сылаң қағып өсемін.

Кең далада көсіліп,

Самал желдей есемін.

Автор:Түйе ішінен «Мен бәрінен де ақылды да сұлумын»,бойым да ұзын,жыл басын тек мен бастауым керек – деп жан-жағындағыларға менсінбей,кербездене қарайды.

Түйенің әні (Нұртілеу):

Түйе,түйе,түйемін,

Жануармын киелі.

Кім таласар бойыма,

Жыл басына иемін.

Жан-жағыма қараймын,

Күн мен түнді санаймын.

Мен өзімді даланың,

Кербезіне балаймын.

Автор:Түйе әні аяқталысымен ортаға қаһарлана барыс шығады.

Барыстың әні (Мерейлім):

Ырр,ырр,барыспын,барыспын,

Бәріңе таныспын,таныспын.

Сезімсізбен алыстым,алыстым,

Айналама сыйлымын,сыйлымын.

Күшіме сенемін,сенемін,

Бәрінде жеңемін,жеңемін,

Жыл басы болуға,

Шіреніп келемін.

Автор: Барыстың әні аяқталысымен ортаға ұлу шығады.

Ұлудың әні (Ұлданай):

Ұлу деген мықтымын,

Жарқын-жарқын шықты үнім.

Ойым озар өзімнен,

Ақыл ой бар сөзімде

Үйім бірге өзіммен.

Сабыр етем төзіммен,

Күш пен көрік құлпырар.

Салиқалы сөзімнен!

Автор: Ұлудың әні аяқталысымен ортаға жылан мен маймыл шығады.

Жылан мен Маймыл билеп шығады. (Расул,Малика).



Автор: Жылан мен маймыл билеп болысымен ортаға қой шығады.

Қойдың әні (Айкерім):

Бә,бә,бә мен қоймын,

Көк шөпке тойдым.

Жыл басы болуға,

Кетіп тұр ойым.

Қараңдаршы,қандаймын,

Аппақ болған таңдаймын.

Жыл басына лайық,

Жарқырап тұр маңдайым.



Автор:Қойдың әні аяқталысымен ортаға тауық шығады.

Тауықтың әні (Мадина):

Қо,қо,қо,қоқ,

Жыл әні неге жоқ?

Жұмыртқамды жегесін

Барлық бала тоқ.

Құрт-құмырсқа жейтінім,

Жоқ ешбір кемтігім.

Бәріңде бос мақтанып,

Шаршамаңдар ентігіп.

Автор: Тауық әні аяқталысымен ортаға ит шығады.

Иттің әні (Айзере):

Абалап үремін,

Үй қорып жүремін.

Адамның көмекші,

Досының бірімін.

Ит болғасын үремін,

Сергек өмір сүемін.

Жеті қазынаның бірімін,

Адамды қорып жүремін.

Автор: Иттің әні аяқталысымен ортаға қоян шығады.

Қоян: (Ақбаян):

Достар таласпай таңның атуын күтейік, кім күнді бірінші көрсе сол жыл басы болсын!



Автор:Тышқан басын іннен шығарып,жыл басы болуға мен лайықпын,қазір бәріңді қатырамын деп,ұйықтап жатқан жануарлардың қасына барып тыңдайдыда,жайлап барып түйенің басына шығып әнін айтады.

Тышқанның әні (Сезім):

Алақай,алақай,

Күнді көрдім,алақай!

Қулығыммен,айламмен,

Бәрін жеңдім,алақай!

Автор: Тышқан әні аяқталысымен ортаға Доңыз бен Қоян шығады.

Доңыз бен қоянның дуэті (Аяна,Ақбаян):

Түйе мойнын созады,

«Мен болам» деп жар салып.

Тышқан одан озады,

Жылды алғаш қарсы алып.

Автор:Тышқан деген батырың,

Таңды көзбен атырды.

Төбесінен түйенің.

Жылды көріп қатырды,

Барлығыңда тараңдар.

Енді үйге тараңдар.

Жылды көрген тышқанды,

«Жыл басы» деп санаңдар!



Тышқан:Тауықты қасына шақырып,биылғы жылды саған тапсырам .



Тауық: Қуанып мен ана мен әкемді шақырайын дейді.

Ортаға Әтеш пен Тауық шығады.



Би: «Балапандар».

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет