Жылдарға арналған 243 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бюджеттік бағдарламасы Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы



жүктеу 1.04 Mb.
бет1/8
Дата28.03.2019
өлшемі1.04 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8


2018-2020 жылдарға арналған

243 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

бюджеттік бағдарламасы
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер».
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы – Д.В. Вагапов.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:

  1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

  2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;

  3. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы
    9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

  4. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

  5. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  6. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

  7. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  8. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  9. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы»
    2011 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  10. «Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы»
    2012 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  11. «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  12. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  13. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  14. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  15. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы
    16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  16. «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
    2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

  17. «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысы.


Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

Министрлікке жүктелген функцияларды уақтылы орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, комитеттерінің және олардың аумақтық органдарының қызметін қамтамасыз ету.


Бюджеттік бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты: республикалық

мазмұнына байланысты:

iске асыру түріне байланысты: жеке

ағымдағы/даму: ағымдағы
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

Алдын ала және есептік деректер бойынша ҰШЖ көрсеткіштерінің есептеулеріндегі номиналды айырмашылықтар 2018 жылы - 2,6%, 2019 жылы – 2,5%, 2020 жылы – 2,4%.

Түрлі әдістермен есептелген ҰШЖ көрсеткіштерінің есептеулеріндегі номиналды айырмашылықтар 2018 жылы – 2,6 %, 2019 жылы – 2,5%, 2020 жылы – 2,4%.

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның экономикалық сараптама қорытындылары негізінде дайындалған экономикалық қорытындылар үлесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мәлімдеген жалпы санынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекет кепілдігімен мемлекеттік емес қарыздар, бюджеттік кредиттеу жобалары бойынша 2018 жылы – кемінде 15%, 2019 жылы – кемінде 15%, 2020 жылы – кемінде 15% құрайды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу бойынша келіссөздер жүргізуді ескере отырып, сауда географиясын кеңейту 2018 жылы – 1 келісім, 2019 жылы – 2 келісім, 2020 жылы – 2 келісім.

Мемлекеттің ұлттық экономикаға қатысу үлесі (2020 жылға қарай ЖІӨ-нің


15 % дейін), 2018 жылы – 17,1%, 2019 жылы – 16,0%, 2020 жылы – 15,0%.

ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік бюджет тапшылығы -1,0% 2018 жылы,


-1,0% 2019 жылы, - 1,0% 2020 жылы.

Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығының деңгейі (шикі мұнайдың кедендік әкету бажын ескермегенде) – 7,7% 2018 жылы, -6,3% 2019 жылы,


-5,4 % 2020 жылы.

ЖІӨ-ге қатысты үкіметтік борыш 2018 жылы – 23,8%, 2019 жылы – 23,3%, 2020 жылы – 22,7%.

ТМС пен нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерден инфляцияға жиынтық үлесі (ҚР Үкіметі жанындағы ЭСК жыл сайын мақұлдайтын дәліз шеңберінде) 2018 жылы – 1,0%, 2019 жылы –
1,0%, 2020 жылы – 1,1 %.

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қысқарту 2018 жылы – 2, 2020 жылы – 1.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу тиімділігінің деңгейі 2018 жылы - 60%, 2019 жылы - 62%, 2020 жылы - 64%.

ТМС пен нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерден инфляцияға жиынтық үлесі (ҚР Үкіметінің жанындағы ЭСК жыл сайын мақұлдайтын дәліз шеңберінде) 2018 жылы – 1,2%, 2019 жылы – 1,2%, 2020 жылы – 1,2%.

Мемлекеттік органдар, ЖАО және нарық субъектілері іске асыруға қабылдаған Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау мен дамытуға бағытталған нұсқамалардың, хабарламалардың, алдын ала ескертулер мен ұсынымдардың үлесі 2018 жылы – 70%, 2019 жылы – 72%, в 2020 жылы – 74%.

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша аяқталған тергеп-тексерулердің жалпы санынан бұзушылықтарды анықтай отырып, тергеп-тексерулердің үлес салмағы 2018 жылы – 70%, 2019 жылы – 70%, 2020 жылы – 71%.

Олар бойынша табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында шешімдер шығарылған істердің жалпы санынан сот инстанцияларында жеңген азаматтық істердің үлес салмағы 2018 жылы – 70%, 2019 жылы – 72%, 2020 жылы – 74%.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тиісті зерттеулерден мемлекеттік реттеудің тиімділік деңгейі 2018 жылы – 58%, 2019 жылы – 60%, 2020 жылы – 62%.

Табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында ТМС мен ҚМН-ның орындалған нұсқамаларының үлес салмағы 2018 жылы – 80%, 2019 жылы – 82%, 2020 жылы – 84%.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі):

Шығыстар экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің орталық аппаратының, комитеттері мен олардың аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің, азаматтық қызметшілері мен шетелдегі сауда өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ететін, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлердің қызметін қамтамасыз етуге жұмсалады.




Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жылғы жоспар

Жоспарлы кезең

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

мың теңге

28 664 743

18 325 879

16 963 232

15 381 983

15 597 845

Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

28 664 743

18 325 879

16 963 232

15 381 983

15 597 845


Бюджеттік кіші бағдарламаның коды және атауы: 100 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету».
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру

және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

ағымдағы/даму: ағымдағы


Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі):

Еңбекақы қорын төлеуге арналған шығыстарды, қосымша ақшалай төлемдерді, өтемақы төлемдерін, салықтар мен аударымдарды, кеңсе тауарларымен, байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге, өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға, коммуналдық шығыстарға, іссапар және көлік шығыстарын төлеуге, ақпараттық бағдарламаларды сүйемелдеуге, негізгі құралдарды күтіп ұстау мен жөндеуге және өкілдік шығыстарға; қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімдері мен дағдыларын жаңартуға және тереңдетуге жұмсалатын шығыстарды көздейтін шығыстар уәкілетті органды ұстауға бағытталады.




Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жылғыжоспар

Жоспарлы кезең

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

Республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің саны

Бірл.

465

230

230

230

230




Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жылғыжоспар

Жоспарлы кезең

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

мың теңге

21 656 471

10 988 462

11 345 523

11 343 503

11 830 875

Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

21 656 471

10 988 462

11 345 523

11 343 503

11 830 875


Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: 102 «Экономика, сауда, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаласында сараптамалық және консалтинг қызметтерін көрсету, зерттеулерді жүзеге асыру».
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

ағымдағы/даму: ағымдағы
Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі):

Шығыстар зерттеулер жүргізуге, әлеуметтанушылық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсетуге, заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізуге жұмсалады.




Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жылғы жоспар

Жоспарлы кезең

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

Экономика, сауда, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жүргізілетін зерттеулер саны, әлеуметтанушылық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету

Бірл.

22

26

20

12

10

Заң жобаларына жүргізілген ғылыми-экономикалық сараптамалардың саны

Бірл.

50

58

75

75

75




Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар


Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жылғы

жоспар

Жоспарлы кезең

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

Экономика, сауда, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаласында сараптамалық және консалтинг қызметтерін көрсету, зерттеулерді жүзеге асыру

мың теңге

3 876

871

4 240 498

2 524 297

1 309 421

1 037 911

Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

3 876 871

4 240 498

2 524 297

1 309 421

1 037 911


Бюджеттік кіші бағдарламаның коды және атауы: 104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге

асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

ағымдағы/даму: ағымдағы


Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесі):

Кіші бағдарлама ақпараттық бағдарламаларды сүйемелдеуге және негізгі құралдарды жетілдіруге, күтіп ұстауға және жөндеуге бағытталған.




Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Есепті

жыл

Ағымдағы жылғыжоспар

Жоспарлы кезең

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

Статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сүйемелденетін ақпараттық жүйелерінің саны

Бірл.

-

1

2

3

3

Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-техникалық жадбықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өткізілген іс-шаралар саны

Бірл.

5

6

6

6

6




Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жылғы жоспар

Жоспарлы кезең

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

мың теңге

1 459 949

1 510 315

1 620 000

1 517 943

1 517 943

Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

1 459 949

1 510 315

1 620 000

1 517 943

1 517 943



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет