Жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»



жүктеу 335.17 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі335.17 Kb.

2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат

«2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың шешімі 2015-2019 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы негізінде қалыптастырылып, қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-2 шешімімен (Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы №10-3, 2017 жылғы 9 маусымдағы №12-2 сессияларын ескеріп) және Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 4036 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» (бюджетті нақтылау барысында қалалық мәслихат шешімдерін іске асыруға қабылданған 2017 жылғы 17 наурыздағы №757, 2017 жылғы 23 маусымдағы №1870 қаулыларын ескеріп) қаулысымен бекітілді.



Кесте 1
2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері
мың теңге

 

2017

2018

2019

Түсімдер


29 055 113


20 776 991


21 355 237

Кіріс, соның ішінде:

28 963 996

20 737 991

21 315 237

Салықтық түсімдер

18 995 682

20 176 598

20 715 087

Салықтық емес түсімдер

198 418

212 307

226 629

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

923 485

349 086

373 521

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер

91 117

39 000

40 000


Трансферттер түсімі

8 846 411

0

0

Қарыздардың түсімі

0

0

0

Шығыстар

30 395 780

20 776 991

21 355 237

Тапшылық

1 340 667

0

0



Түсімдер
2017-2019 жылдарға арналған қала бюджетінің кіріс бөлігін болжау жобасы ҚР заңнамалары есебімен құрылды.

Болжау мәліметтері ҚР Ұлттық экономика Министрінің Міндетін Атқарушының 21.01.2015 жылғы № 34 Бұйрығымен (ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің 23.05.2013 жылғы № 149 Бұйрығымен бекітілген) бюджеттің кіріс бөлігін болжау Әдістемесін қолдану арқылы ҚР-ның Макроэкономикалық көрсеткіштеріне және нақты түсімдер динамикасына сәйкес салық салынатын база бойынша салық және уәкілетті орган мәліметтері есебімен, сонымен қатар БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №2-11/2522 хатымен жеткізілген алдағы үш жылға арналған болжау параметрлеріне сәйкес есептеледі.

Қала бюджетінің кіріс бөлігінің алдағы үш жылдыққа болжамы салықтық және салықтық емес түсімдердің келесі параметрлері бойынша қалыптасты:

2017 жылға жоба – 30 395 780 мың теңге;

2018 жылға жоба – 20 776 991 мың теңге;

2019 жылға жоба – 21 355 237 мың теңге.

Қала бюджетінің негізгі табыс көзі реттелетін салықтар бойынша түсімдер (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық), осыған байланысты реттелетін салықтардың аударымдар нормативі: 2017 жыл – 69,5%, 2018 жыл – 69,2%, 2019 жыл – 67,7% белгіленген деңгейде келесі көлемде айқындалды:

- 2017 жылға жоба – 14 443 482 мың теңге, соның ішінде жеке табыс салығы – 7 934 249 мың теңге, әлеуметтік салық – 6 509 233 мың теңге;

- 2018 жылға жоба – 15 416 697 мың теңге, соның ішінде жеке табыс салығы – 8 486 114 мың теңге, әлеуметтік салық – 6 930 583 мың теңге;

- 2019 жылға жоба – 15 630 122 мың теңге, соның ішінде жеке табыс салығы – 8 645 907 мың теңге, әлеуметтік салық – 6 984 215 мың теңге.

Қала бюджетінің қалған кіріс бөлігін бекітілген салықтық және салықтық емес түсімдер құрайды, атап айтқанда:

- 2017 жыл – 4 750 618 мың теңге;

- 2018 жылға жоба – 5 360 294 мың теңге;

- 2019 жылға жоба – 5 725 115 мың теңге.



Мүлікке салынатын салық бойынша болжам 2017 - 2019 жылдар кезеңіне келесі сомада құралды:

- 2017 жылға болжам –1 816 777 мың теңге, соның ішінде заңды тұлғалар бойынша –1 624 777 мың теңге, жеке тұлғалар бойынша – 192 000 мың теңге;

- 2018 жылға жоба – 1 943 983 мың теңге, соның ішінде заңды тұлғалар бойынша - 1 743 983 мың теңге, жеке тұлғалардан – 200 000 мың теңге;

- 2019 жылға жоба – 2 080 662 мың теңге, соның ішінде заңды тұлғалар бойынша – 1 876 662 мың теңге, жеке тұлғалар бойынша – 204 000 мың теңге.



Жер салығы бойынша жоспарлы үш жылдық кезеңге болжам келесі көлемде анықталды:

- 2017 жылға – 142 221 мың теңге;

- 2018 жылға – 152 177 мың теңге;

- 2019 жылға – 162 829 мың теңге.



Көлік құралдарына салынатын салық ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 367-бабына сәйкес және өкілетті органдардың мәліметтері негізінде есептелінді, атап айтқанда:

- 2017 жылға болжам 913 976 мың теңге сомасында есептелінді, соның ішінде заңды тұлғалардан – 170 000 мың теңге, жеке тұлғалардан – 743 976 мың теңге;

- 2018 жылға жоба 977 968 мың теңге сомасында есептелінді, соның ішінде заңды тұлғалардан – 175 000 мың теңге, жеке тұлғалардан – 802 968 мың теңге;

- 2019 жылға алдын-ала жоспарланған сома – 1 046 426 мың теңгені құрады, соның ішінде заңды тұлғалардан – 180 000 мың теңге, жеке тұлғалардан – 866 426 мың теңге.

Жоспарланып отырған кезеңде акциз бойынша болжам келесі сомаға сәйкес анықталды: 2017 жылға – 208 634 мың теңге, 2018 жылға – 220 856 мың теңге, 2019 жылға – 236 316 мың теңге.

Мемлекеттік баж бойынша түсімдер: 2017 жылға – 498 265 мың теңге, 2018 жылға – 530 458 мың теңге, 2019 жылға – 558 860 мың теңге сомасында болжануда. Салық түсімдерінің осы түрі бойынша есептеу алдыңғы жылдар бойы нақты түсімдер динамикасы есебімен құрылған.

Алдағы жоспарланған кезеңге салықтық емес түсімдер бойынша болжам: 2017 жылға –198 418 мың теңге, 2018 жылға – 212 307 мың теңге, 2019 жылға – 226 629 мың теңге сомасында анықталды.

Сонымен қатар, капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер жобасы жасақталды және де мемлекеттік мекемелерге бекітілген жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер көздері есебінен, мүлік сатудан түсетін түсімдерді және алдағы жоспарланып отырған кезеңге жер учаскелерін жалға сату құқығынан түсетін түсімдерді құрайды, атап айтқанда:

- 2017 жылға жоба – 923 485 мың теңге;

- 2018 жылға жоба – 349 086 мың теңге;

- 2019 жылға жоба – 373 521 мың теңге.

Сонымен бірге қала бюджетінің кіріс бөлігінде 2017 жылға жоғарғы (республикалық және облыстық) бюджеттерден бөлінетін нысаналы трансферттерден – 9 022 411 мың теңге.

Сонымен, жоғарыда айтылғандар есебімен қалалық бюджеттің үш жылдық жоспарлы кезеңге кіріс бөлігінің болжамы құрайды:


  • 2017 жыл – 29 055 113 мың теңге;

  • 2018 жыл – 20 776 991 мың теңге;

  • 2019 жыл – 21 355 237 мың теңге.


ШЫҒЫНДАР
2017–2019 жылдарға арналған қалалық бюджеттің шығыстары Елбасының Қазақстан халқына жолдауларынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталды.
Кесте 1

Қалалық бюджеттің салалар бойынша шығыстары

(бюджет структурасы бойынша)






Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Қалалық бюджет бойынша

Әлеуметтік блок шығыстары өзіне 3 функционалдық топты қосады, атап айтқанда: білім беру; әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.

Тұтастай алғанда, 2017 жылы қалалық бюджеттің әлеуметтік салаға шығыстары жалпы шығыстардың көлемінің 56,8% немесе абсолюттік мағынада 17 280 172 мың теңге, 2018 жылы – жалпы шығыстардың 77,15% немесе 16 030 144 мың теңге, 2019 жылы – 75,92% немесе 16 214 958 мың теңге құрайды.

Әлеуметтік саланың негізгі басымдылығы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттерді орындау болып табылады.


Кесте 2
Негізгі әлеуметтік көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Өсуі, %

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі

17 439

18 660

19 966

21 364


22 859

24 459

7

Зейнетақының ең төмен мөлшері



17 491

19 066


20 782


23 692


25 824

28 148

9

Базалық зейнетақы



8 720

9 330

9 983

11 182


11 965

12 802

7

Еңбекақының ең төмен мөлшері



17 439

18 660


19 966


21 364


22 859

24 459

7

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)



1 618

1 731

1 852

1 982

2121

2 269

7
























Кесте 3
Қалалық бюджеттің әлеуметтік салаға арналған шығыстары*






** Осы 3-кестеде әлеуметтік шығыстар 100 % есебінде және әлеуметтік блокқа кіретін салалар үлесі көрсетілген.


Білім беру
Шығындарда келесі іс-шараларды қаржыландыру жоспарланды:

  • Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер;

  • Жалпы білім беру;

  • Ауданның (областык маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу;

  • Балаларға қосымша білім беру;

  • Аудандық (қалалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс шараларды өткiзу;

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

  • Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі;

  • Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру;

  • Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер;

  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

  • Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары;


Республикалық бюджет қаражаттары есебінен негізгі қызметкерді оқыту кезеңіне ауыстырған оқытушыларға және тілдер бойынша курс тағылымдамасынан өткен оқытушыларға қосымша ақы төлеуге қаржы қарастыру жоспарланған.

2017 жылға білім беру саласы бойынша барлығы 14 395 978 мың теңге (2018 жылға – 13 813 917 мың теңге, 2019 жылға – 13 961 010 мың теңге) сомасында қаржыландыру қарастырылып отыр.


Кесте 4
2017-2019 жылдары білім беруге арналған шығыстары

мың теңге


Атаулары

2017

2018

2019

Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер;

39 999

41 863

42 326

Жалпы білім беру

8 809 054

9 342 862

9 336 950

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткiзу

692 857

163 373

174 809

Балаларға қосымша білім беру

755 412

612 817

839 045

Аудандық (қалалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу

2 273

2 441

2 610

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

2 325 489

2 687 416

2 495 481

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі;

78 585

82 945

88 750

Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру;

127 073

114 149

116 239

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер;

1 532

-

-

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

1 016 112

766 051

864 800

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары;

547 592

-

-


Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
2017 жылға арналған бюджеттің ағымдағы шығыстары 1 851 687 мың теңге сомада көзделген (2018 жылға – 1 301 778 мың теңге, 2019 жылға – 1 324 421 мың теңге).

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасы бойынша 11 әлеуметтік көмек бөлімшелерін ұстауға, соның ішінде бір бөлімше мүгедек балаларға қызмет көрсетуге, тоғыз бөлімше қартайған азаматтарға қызмет көрсетуге және бір бөлімше 18 жастан жоғары жүйке жүйесімен ауыратын ауруларға арналған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүріп жатқан 270 алушыға атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге.

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мүгедек балаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төлеуге.

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мөлшерін көбейтуге.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бағдарламасы бойынша қала шетіне арбаға таңылған мүгедектер мен 1 топтағы зағип адамдарды тасу үшін «Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға қарастырылды.



Кесте 5
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру арналған шығыстар
мың теңге

Атаулары

2017

2018

2019

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

82 537

85 967

86 716

Жұмыспен қамту бағдарламасы

378 041

150 589

155 107

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

5 398

5 776

6 180

Тұрғын үйге көмек көрсету

110 000

116 749

117 917

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

342 178

323 522

329 992

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

24 426

18 773

19 336

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

2 576

2 033

2 176

Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу

95 961

80 118

82 223

Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығы

198 843

203 247

205 937

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

32 843

33 172

33 503

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету

344 663

178 777

180 565

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

60 352

39 375


39 882

Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу

20 148

-

-

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу

45 926

48 860

49 918

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру

64 712

10 536

10 642

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру

39 005

-

-

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

4 865

-

-



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Бюджеттің шығыстары 1 032 507 мың теңге сомасына қарастырылған (2018 жылға – 914 449 мың теңге, 2019 жылға – 929 527 мың теңге).

Жоғарыда көрсетілген қаражаттар:



  • Мәдени-демалыс жұмысын қолдауға;

  • Қалалық кiтапханалардың жұмыс iстеуiне;

  • Әртүрлi спорт түрлерi бойынша қаланың құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына;

  • Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға;

  • Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыруға;

  • Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықының басқа да тiлдерiн дамытуға;

  • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газеттер мен журналдар, телерадио хабарларын тарату) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге бағыттау топшылануда.


Кесте 6
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке арналған шығыстар
мың теңге

Атаулары

2017

2018

2019

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

532 793

506 742

512 602

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету

6 930

-

-

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

130 878

141 000

142 867

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту

3 141

3 235

3 332

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту

147 008

109 745

111 212

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

28 768

30 782

32 936

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

24 100

19 606

20 978

Спорт объектілерін дамыту

36 303

-

-

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

61 818

43 098

44 391

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

9 869

7 995

8 074

Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

15 593

16 493

16 848

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

29 176

26 778

27 116

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

9 186

8 975

9 171

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

3 874

-

-


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2017 жылға арналған қалалық бюджетте – 9 208 842 мың теңге көзделген, (2018 жылға – 1 770 473 мың теңге, 2019 жылға – 1 824 537 мың теңге).



Шығындар келесі іс-шараларға бағытталған:

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға 1 860 057 мың теңге, соның ішінде

  • БҚО Орал қаласы Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі тұрғын үй алабына кәріз жүйесіне ЖСҚ дайындауға – 10 037 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласы Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі тұрғын үй алабына сумен жабдықтау жүйесінің ЖСҚ әзірлеуге – 9 712 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласы Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі тұрғын үй алабын электрмен жабдықтауға ЖСҚ әзірлеуге – 243 001 мың теңге.

  • БҚО, Орал қаласы, Деповская көшесі бойындағы ТЖЖ инженерлік желілер құрылысына - 60 002 мың теңге.

  • БҚО, Орал қаласы, Деповская көшесі бойындағы ТЖЖ абаттандыруға – 41 243 мың теңге.

  • «БҚО, Орал қаласы Орал-Атырау, Орал-Саратов трассалары арасында: дақ-35, дақ-34, дақ-32, дақ-40, дақ-41 ТЖЖ көпқабатты құрылыс ошағында қорытындылаушы инженерлік желілер және абаттандыруға – 41 928 мың теңге.

  • «БҚО, Орал қаласы Орал-Атырау, Орал-Саратов трассалары арасында ТЖЖ көпқабатты құрылыс ошағында қорытындылаушы инженерлік желілер және абаттандыру: дақ-21, дақ-4, дақ-3, дақ-1, дақ-41» құрылысына – 64 930 мың теңге.

  • «БҚО Орал қаласынындағы Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі тұрғын үй алабына квартал ішілік өтетін жолдар құрылысына, су буруға, жарықтандыруға тігінен жоспарлау» объекті бойынша ЖСҚ дайындауға – 15 936 мың теңге.

  • «БҚО Орал қаласында Орал – Атырау, Орал – Саратов тасжолдары арасында 4 тұрғын үйді (№5дақ, 6дақ, 33дақ, 43 дақ) абаттандыру және инженерлік желілердің құрылысы» вневедомствалық сараптамадан өткізуге – 1 107 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласында Орал-Атырау, Орал-Саратов тасжолдары арасындағы 4 тұрғын үйді (№5 дақ, №6 дақ, №33 дақ, №43 дақ) абаттандыру және инженерлік желілер құрылысы нысанына ЖСҚ дайындау жұмыстарын аяқтауға – 500 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласында Орал-Атырау, Орал-Саратов тасжолдары арасындағы ТЖЖ көп қабатты құрылыстағы 9 қабатты 4 кіреберісті 180 пәтерлік тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік желілер құрылысындағы №39 дақ және 9 қабатты 240 пәтерлік тұрын үй нынсанын сараптамадан өткізуге – 602 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласында Орал-Атырау, Орал-Саратов тасжолдары арасындағы ТЖЖ көп қабатты құрылыстағы 9 қабатты 4 кіреберісті 180 пәтерлік тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік желілер құрылысындағы №39 дақ және 9 қабатты 240 пәтерлік тұрын үй нынсанына ЖСҚ дайындау жұмыстарын аяқтауға – 500 мың теңге.

  • «БҚО Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер ТЖЖ-сы жаңа шағынауданындағы жер аумағын тегістеу мен ішкі орам жолдарына» - 180 790 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Зашаған кентіндегі Көктем, Кең Дала, Арман шағынаудандарындағы ағын суларды әкетуге – 10 828 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласы Меловые горки кентінде (Ауған кенті) орналасқан тұрғын үйлерді газбен жабдықтауға – 6 857 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы көп қабатты ТЖЖ 9 қабатты 90 пәтерлі №38 дақ тұрғын үйге абаттандыру және инженерлік желі жүргізуге – 2 896 мың теңге.

  • Зачаганск кенті Орал-Атырау, Орал-Саратов шағынаудандарын абаттандыру және жер аумағын тегістеу, сонымен бірге БҚО Орал қаласының 6 шағынауданындағы 171 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыруға – 2 282 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі тұрғын массивін газбен жабдықтауға – 7 098 мың теңге.

  • Орал қаласы қалалық саябағының оң жақ бөлігіне инженерлік желіліердің құрылысына (3-кезең) – 2 707 мың теңге.

  • Орал қаласының Еділ көшесінен Абдоллов көшесіне дейін орналасқан Светлая, Московская көшелері арасында орналасқан тұрғын алқабын электрлендіруге – 3 109 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Жұлдыз ш.а. орналасқан 0,4 кВ электр желісінің құрылысы, жарықтандыру және бейне бақылау орнатуға – 3 377 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Солтүстік –шығыс тұрғын ауданындағы жер аумағын тегістеу, ішкі орам жолдары, су әкету каналдары мен жарықтандыруға – 2 203 мың теңге.

  • «БҚО Орал қаласынындағы Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі тұрғын үй алабына квартал ішілік өтетін жолдар құрылысына, су буруға, жарықтандыруға тігінен жоспарлау» объекті бойынша ЖСҚ дайындауға – 2 203 мың теңге.

  • «Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігін сумен жабдықтауға арналған көтергіш насостық станцияның құрылысы» нысанына ЖСҚ дайындауға және ведомствалық сараптамадан өткізуге – 3 781 мың теңге.

  • «Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі «Б» ТЖЖ арналған кәріздік насостық станцияның құрылысы» нысанына ЖСҚ дайындауға және ведомствалық сараптамадан өткізуге – 5 639 мың теңге.

  • БҚО Деркөл кентінде кварталішілік өтетін жерлер құрылысы мен еріген қар суларын бұруға ЖСҚ дайындауға – 1 118 992 мың теңге.

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға 3 884 714 мың теңге, соның ішінде:

  • БҚО Орал қаласы Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі ірі панелді схемасы №1 90 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу және инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізуге – 20 904 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласы Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі монолитті-каракас схемасы №2 90 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу және инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізуге 18 973 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласы Орал-Атырау және Орал-Саратов трассалары аралығындағы шағын ауданда ірі панелді схема №43 90 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу және инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізуге 5 084 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тасжолдары аралығындағы 9 қабатты 4 кіреберісті 180-пәтерлік қаңқалы-панельді тұрғын үй құрылысы. Дақ №39 – 219 143 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласында Орал-Атырау, Орал-Саратов тасжолдары арасында 9 қабатты 180-пәтерлік 4 кіреберісі бар ірі панельді тұрғын үйдің құрылысы. Дақ №6 – 1 152 409 мың теңге.

  • «БҚО Орал қаласында Орал-Атырау, Орал-Саратов тасжолдары арасында 9 қабатты 180-пәтерлік 4 кіреберісі бар ірі панельді тұрғын үйдің құрылысы. Дақ №5» - 805 084 мың теңге.

  • «БҚО Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы көп қабатты ТЖЖ-дағы №34-дақ, 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені (байлам)» - 713 743 мың теңге.

  • «БҚО Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыстар ТЖЖ-дағы №33-телімде 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені» 737 139 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы көп қабатты ТЖЖ-дағы №1-дақ, 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені – 106 775 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндгі 9 қабатты көппәтерлі ірі-панельді сұлбалы №3 тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізу және ЖСҚ жасақтауға – 7 845 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндгі 9 қабатты көппәтерлі ірі-панельді сұлбалы №4 тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізу және ЖСҚ жасақтауға – 8 711 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндгі 9 қабатты көппәтерлі монолитті-қаңқалы сұлбалы №5 тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізу және ЖСҚ жасақтауға – 12 807 мың теңге.

  • «БҚО Орал қаласы Орал-Саратов, Орал-Атырау тас жолдары арасында 9 қабатты 240 пәтерлі (№ 41 Дақ) көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы» нысанына ведомствадан тыс сараптамасымен ЖСҚ дайындауға – 9 881 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі монолитті-қаңқалы 9 қабатты көппәтерлі №6 тұрғын үй құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 7 962 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі монолитті-қаңқалы 9 қабатты көппәтерлі №7 тұрғын үй құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға - 6 317 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Зачаганск кентіндегі 9 қабатты көппәтерлі ірі-панельді №44 Дақ тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 6 618 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Зачаганск кентіндегі 9 қабатты көппәтерлі ірі-панельді №45 Дақ тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 3 984 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Зачаганск кентіндегі 9 қабатты көппәтерлі ірі панельді №46 Дақ тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 3 984 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Зачаганск кентіндегі 9 қабатты көппәтерлі ірі-панельді №47 Дақ тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 5 391 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Зачаганск кентіндегі 9 қабатты көппәтерлі ірі-панельді №48 Дақ тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 5 391 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Зачаганск кентіндегі 9 қабатты көпәтерлі монолитті-қаңқалы сұлбалы №49 Дақ тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 5 391 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Зачаганск кентіндегі 9 қабатты көппәтерлі монолитті-қаңқалы сұлбалы №50 Дақ тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 3 984 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Зачаганск кентіндегі 9 қабатты көппәтерлі монолитті-қаңқалы сұлбалы №51 Дақ тұрғын үйдің құрылысы нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 5 391 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Зачаганск кентіндегі 9 қабатты көппәтерлі монолитті-қаңқалы сұлбалы №52 Дақ тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға – 5 391 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігінде 9 қабатты көппәтерлі № 1 ірі-панелді тұрғын үйдің құрылысы" ЖЖ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізуге – 1 829 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігінде 9 қабатты көппәтерлі № 2 монолитті-қаңқалы тұрғын үйдің құрылысы" ЖЖ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізуге – 1 700 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласы Орал-Саратов, Орал-Атырау тас жолдары арасында 9 қабатты № 41 Дақ ТЖЖ-да көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы" ЖЖ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізуге – 1 763 мың теңге.

  • "БҚО Орал қаласы Орал-Саратов, Орал-Атырау тас жолдары арасында № 43 Дақ 9 қабатты 90 пәтерлі ірі-панелді тұрғын үйдің құрылысы" ЖЖ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізуге 1 120 мың теңге.


Кесте 7
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығыстар
мың теңге

Атаулары

2017

2018

2019

Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру



23 482

33 255

33 651

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру

1 860 057

-

-

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау

3 884 714

-

-

Жергілікті деңгейде тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

90 616

72 053

72 905

Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру

296 289

308 299

329 880

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

1 714 155


1 272 650


1 298 103



Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу

11 877

1 896

1 915

Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру

942 905

82 320

88 083

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде қалалардың және ауылдық елді мекендердің объектілерін жөндеу

13 734

-

-

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде қалалардың және ауылдық елді мекендердің объектілерін жөндеу және абаттандыру

42 430

-

-

Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау

5 000

-

-

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру

13 275

-

-

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту

15 426

-

-

Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту

254 555

-

-

Коммуналдық шаруашылықты дамыту

28 435

-

-

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

11 892

-

-


Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау мен жер қатынастары
Бюджеттің шығыстары 136 569 мың теңге сомасында қарастырылған (2018 жылға – 94 448 мың теңге, 2019 жылға – 97 845 мың теңге).
Кесте 8
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау мен жер қатынастарына арналған шығыстар

мың теңге

Атаулары

2017

2018

2019

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

12 081

12 290

12 463

Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

28 510

23 666

24 704

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

21 763

23 286

24 916

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу

111

119

127

Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

26 253

24 220

24 551

Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту

37 197

-

-

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

10 654

10 867

11 084


Көлік және коммуникация
Көлік және коммуникация саласының негізгі бағыттары:

  • Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу;

  • Қалалық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • Көлік инфрақұрылымын дамыту.

Көлік және коммуникация саласындағы шығыстардың негізгі бағыттары 2017 жылға 1 746 722 мың теңге сомасында (2018 жылға – 1 734 311 мың теңге, 2019 жылға – 1 442 862 мың теңге):

  • «БҚО Орал қаласындағы Мельничная көшесін Еуразия даңғылынан Деповская көшесіне дейінгі автокөлік жолдарын қайта құру» - 40 395 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының "Жұлдыз" шағынауданындағы жолдарды қайта құрумен еріген қар және жаңбыр суларын әкетуге 496 015 мың теңгн.

  • БҚО Орал қаласы Зашаған кентіндегі 4-ая Линейная көшесін күрделі жөндеуге – 112 088 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Деркөл ауылында қазақ-түрік лицейі жолын орташа жөндеуге – 27 316 мың теңге.

  • Серебреково ауылына кіре беріс Учительская көшесін орташа жөндеуге – 52 495 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласындағы Трудовая, Агрегатная, Курганная көшелерінің жолдарын күрделі жөндеу 113 356 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласы Деркөл кентіндегі Набержаная көшесінен Лазо көшесіне дейінгі Даля көшесін күрделі жөндеуге - 91 055 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Круглоозерный ауылындағы Борисюк көшесінің жолын күрделі жөндеуге 48 700 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Зашаған ауылындағы Теміртау көшесінің жолын күрделі жөндеуге 31 481 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласының Зашаған ауылындағы Автомобилист көшесінің жолын күрделі жөндеуге 35 456 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласы Деркөл ауылындағы Набережная көшесі бойымен Конкина көшесінен Даль көшесіне дейінгі жолды күрделі жөндеуге 27 603 мың теңге.

  • БҚО Орал қаласы Деркөл ауылындағы Л.Беда көшесі бойымен Бараев көшесінен Охранная көшесіне дейінгі жолды күрделі жендеуге 9 132 мың теңге.

  • БҚО Орал қ. Деркул п. ПДП-1-ге кіре беріс жолының күрделі жөндеуге 5 000 мың теңге.

  • Жолдарды күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына ведомствадан тыс сараптамасымен ЖСҚ дайындауға.


Кесте 9
Көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету
мың теңге

Атаулары

2017

2018

2019

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

400 000

172 594

184 676

Көлік инфрақұрылымын дамыту

584 384

1 053 254

1 258 310

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

680 493

475 107

504 941

Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

48 602

33 356

33 980

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

18 000

-

-

Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру

4 050

-

-

Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау

11 193

-

-



Басқалар


  • «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға: Зашаған кенті, Круглозерное кенті, Желаев ауыл округінің жолдарын ағымдағы жөндеуге – 2 753 мың теңге;

  • Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобалардың, оның ішінде коцессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге 13 783 мың теңге.

  • Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға 38 202 мың теңге.

  • Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға 6 388 мың теңге

  • Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларғы 1 180 мың теңге.

  • Елді мекендердегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мақсатында бағдаршамдарға техникалық қызмет көрсетуге, жасанды тегіс емес жолдарды орнатуға, жол белгілерін орнатуға және бордюрлерді сырлауға 241 384 мың теңге.




Каталог: fileadmin
fileadmin -> Жоба Орал қаласы бойынша 2015 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
fileadmin -> №251 (25221) 13 тамыз сәрсенбі 2008 жыл
fileadmin -> Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл
fileadmin -> Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"
fileadmin -> Бағалы ұсыныстар сұранысы арқылы тауар, жұмыс, қызмет көрсету түрлеріне мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыру
fileadmin -> Европейская экономическая комиссия
fileadmin -> «Ќазаќстан Республикасыныѕ Азаматтыќ процестік Кодексі» Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 31 ќазандаєы №377-v кодексі
fileadmin -> Ќазаќстан Республикасыныњ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет