Жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы



жүктеу 393.49 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі393.49 Kb.

Қосымша

2013 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы

Қызылорда облысында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы



р/с

Іс-шара атауы

Орындалуы жөнінде ақпарат

Жауапты орындаушылар

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №750 қаулысы

1

2

3

4

5

1

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес келтіру

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы ескерілуге тиісті концепция жағдайындағы салалық облыстық басқармалардың ақпараттары негізінде және облыстық басқармалармен бірлесе отырып әзірленсе, ал концепцияның жоспарланған іс-шаралары Аумақтарды дамыту бағдарламасының іс-шаралар жоспарында жүзеге асырылады.

2015 жылдың 10 желтоқсанында кезекті облыстық мәслихаттың №42 кезекті сессиясымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасында «жасыл экономикаға» өтуге қатысты іс-шаралар «Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары» бөлімінде орналасқан,оның ішінде:



  • «Экономика» бағытындағы «Бәсекеге қабілетті өнімді өндіріп өнімнің өсу өндірісін жұмыспен қамтамасыз ету үшін аймақтағы өнеркәсіпті әр тараптандыру» мақсаты бойынша
    2016 жылға 0,05% мәнін жоспарлап ал
    2020 жылға 7,0% өсіммен қосылып отырған «Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясы» нысаналы индикаторын тұрды;

  • «Инфрақұрылым» бағытындағы «Өмір-қолдау инфрақұрылымын дамыту» (тұрғын
    үй-коммуналдық шаруашылығы) жаңартылатын энергия көздерін (жел және күн электр) енгізуге көшу қойылған мақсаттарға қол жеткізу және іс-шара жоспарына мақсатты индикаторлар тұрғын
    үй-коммуналдық шаруашылығында эксплуатациялық шығындарды азайтуға әкелетін энерготиімді және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізген коммуналдық кәсіпорындарды ынталандыру;

«Экология және жер ресурстары» бағытындағы «Экологиялық ахуалды тұрақтандыру және жақсарту» мақсатты индикаторлар сәйкес болу үшін, енгізуге жоспарланатын кәсіпорын, табиғат пайдаланушылар деңгейдегі бірте-бірте тұрақты көздерден атмосфераға шығатын ластаушы заттардың шығарындыларын азайту, озық экологиялық қауіпсіз технологияларды өнеркәсіптік секторын жүзеге асыру, қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту т.б.

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.


2

2

Аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларына Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шараларды енгізу

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес, «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар зерделеніп, 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіліп, Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы
8 қаңтардағы №294 қаулысымен бекітілді.

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.


4

3

Экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етуді және басқаларын қамтитын өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішін құру бойынша ұсыныстар енгізу

2016 жылдың қорытындысымен облыс бойынша барлық 261 ауылдық елді мекеннің 194-і орталықтандырылған ауыз суға қосылды немесе 74 пайызды құрады. 2015 жылы 14 жобаның құрылыс жұмыстарына және облыстық бюджеттен қаржылар бөлінді.

Жалпы 2015 жылы «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 14 жобаның құрылысы аяқталды. Жыл қорытындысымен 572 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып,


4485 дана су есептегіштер пайдалануға берілді.

2016 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасымен 5 жобаға қаржы бөлініп жұмыстар басталды. Бұл жобалар құрылысы 2017 жылы аяқталатын болады.



Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы


8

4

2020 жылға дейін өңірлер мен мамандықтар бөлінісінде өнеркәсіптік кластерлерде еңбек ресурстарына қажеттілікті бес өндірістік кластерде айқындау

Қызылорда облысының 2017-2019 жылдарға арналған Жұмыспен қамту картасы жасақталды. Жұмыспен қамту картасы мәліметтеріне сәйкес жұмыс орындарын құру және экономика салаларының кадрларға қажеттілігіне болжам төмендегідей болды.

Айқындалған қажеттілікке сәйкес білім мен біліктілігі бойынша әртүрлі деңгейдегі мамандар сұранысқа ие болып отыр, оның ішінде:



  • Ауыл, орман және балықшаруашылығы саласында ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария, ветеринариялық техник, орман шаруашылығы, агроном, жануарларды күтушілер, механизаторшы, тракторшы, шопандар (2016 ж - 257, 2017 ж - 257, 2018 ж – 258, 2019 ж - 246);

  • өндіріс саласында әр түрлі мамандандырылған инженерлер, автоматты жүйені жөндеуші, өндіріс операторлары, от жағушы құрылғылар машинистері, әртүрлі бағыттағы слесарьлар (КИПиА, жөндеуші, механикалық жинау жұмыстары, металл құрастыру, агрегаттарды, технологиялық құрылғыларды жөндеу, автокөлік, аппарат, газ және электрмен дәнекерлеу, темір ұстасы, темір жонушы, электрик, жүргізуші, нан пісіруші, кондитер, аспазшы, тігінші, бақылаушы) (2016 ж - 1637, 2017 ж -1637, 2018 ж – 443, 2019 ж - 838);

  • құрылыс саласында инженерлер, құрылыс техниктері, кең көлемді құрылыс шеберлері, электр құрылғыларын және электр торабын монтаждаушы, кран және бульдозер машинистері, жол жұмысшылары, тас қалаушылар, бетоншылар, сырлаушылар, әрлеушілер, тақталаушылар, ағаш ұсталары, матаушылар, сылақшылар (2016 ж – 4150, 2017 ж - 4150, 2018 ж- 2075, 2019 ж - 2261);

  • көлік және қоймалау саласында механиктер, жүргізушілер, автокөлік жөндеуші слесарьлар, бақылаушылар (2016 ж - 127, 2017 ж - 127, 2018 ж – 127, 2019 ж - 150);

  • көтерме-бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында әкімшілер, менеджерлер, (сауда) делдалшылар, есепшілер, барменшілер, сатушылар, жүргізушілер, тігіншілер, қоймашылар, маникюршілер, аяқ-киім жөндеу шеберлері (2016 ж - 710, 2017 ж - 710, 2018 ж –1610, 2019 ж -1370);

білім және денсаулық сақтау саласында әртүрлі мамандандырылған дәрігерлер, лаборанттар, санитарлар, тәрбиешілер, методистер, оқытушылар, психологтар (2016 ж - 1282, 2017 ж – 2440, 2018 ж – 2440, 2019 ж -2125).

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы


11

5

«Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыс берушілердің қажеттілігі шеңберінде «жасыл экономика» мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2015 жылы 2147 адам кәсіптік даярлау курстарын жалғастырып, 2105 адам оқуын аяқтап, 1044 адам жұмысқа орналастырылды немесе 49,6 % құрайды.

2016 жылы қайта даярлау курстарын ұйымдастыруға – 51 адамға қаржы бөлініп, 51 адам қайта даярлау курстарынан өткізілді.



Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы


18

6

Мыналарды:

  • пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару тиімділігін арттыруға, су сыйымдылығын төмендетуге, суару арналарындағы ысырапты азайтуға бағытталған шараларды;

  • өнеркәсіпте суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды;

  • сумен жабдықтау және суды бұрудың муниципалды кәсіпорындарының суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды;

  • 2015, 2020, 2025 жылдарға және қорытынды 2040 жылға белгіленген аралық мақсаттармен салыстыру арқылы көрсетілген секторларда суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды іске асыру тиімділігін үнемі қадағалау тетігін;

  • сутехникалық құрылыстарды салу мен жаңғыртуға арналған операциялық шығындарды және күрделі шығыстарды толық өтеуге, сондай-ақ, суды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеуді;

сумен жабдықтауды жақсартуға (мысалы, бөгеттер салу, оның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік негізінде) бағытталған неғұрлым қолайлы инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялық бағалауды, басымдық беруді және олардың қысқа тізімін құруды қамтитын суды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған 2014-2040 жылдарға арналған Су ресурстарын басқарудың әзірленетін мемлекеттік бағдарламасына ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі №786 Жарлығымен Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) бекітіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 5 мамырдағы №457 қаулысымен Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі
2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

Елбасының мемлекеттік бағдарламаның


іс-шараларын қаржыландыруды оңтайландыру туралы берген тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісінің 2015 жылғы мамырдағы
№20 хаттамасымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылға арналған бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігімен мемлекеттік бағдарламаға түзетулер енгізілді.

Бұл ретте, Ауыл шаруашылығы министрлігімен қайта түзетулер енгізіліп, әзірленген Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жобасына


127 жобаны енгізу жөнінде ұсыныс берілді.

Мемлекеттік бағдарлама Қызылорда облысы үшін көптеген су шаруашылығы мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, үстіміздегі жылғы 9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын кіріктіре отырып әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы жобасында 2017-2021 жылдар аралығында республика бойынша 610 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу қаралған. Оның ішінде Қызылорда облысының үлесі 29 мың гектар.

Бағдарлама жобасына ұсыныстар әзірлеу үшін жұмысшы тобы құрылып, су шаруашылығы саласы бойынша бірінші кезектегі жобаларды енгізу жөнінде мынадай ұсыныс берілді.

Атап айтқанда,



- Суларды жинақтау үшін жаңа су қоймаларын салу:

- Апатты су қоймалаларын қалпына келтіру:

- Суармалы жерлер мен ирригациялық жүйелерді жақсарту мәселелері қамтылды. Жалпы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасына облыс бойынша 127 су шаруашылығы жобаларының 74-ін жобасын республикалық бюджет есебінен енгізу туралы ұсыныстар әзірленді.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы


22

7

Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға жеке және жалпыүйлік су тұтынуды есептеу аспаптарын орнатуды қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шаралар қабылдау

Облыс бойынша 2015 жылы 85973 дана жеке су есептегіш құралдары орнатылса, 2016 жылы
92788 дана орнатылды. Жалпыүйлік су есептегіштері 2015 жылы 99 дана орнатылса, 2016 жылы 119 дана орнатылған.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

23

8

2013-2040 жылдарға арналған Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасында (қабылданған жағдайда) мына индикаторлар мен шараларды ескеру:

- ауыл шаруашылығындағы суды пайдалану мөлшерін 8 млрд. м3 дейін қысқарту және ауыл шаруашылығы өнімінің су сыйымдылығын 300 м3 тоннасына дейін төмендету бойынша 2030 жылға қарай түпкілікті мақсатқа қол жеткізу үшін


2015, 2020, 2025 жылдарға арналған аралық мақсаттарды алға қою;

- суару технологияларын жетілдіру есебінен су ресурстарын үнемдеу әлеуетін бағалау, сондай-ақ, неғұрлым жетілдірілген технологияларға көшу әдістерін әзірлеу (мысалы, су ағызып суарудан немесе жаңбырлатып суландырудан тамшылатып суаруға және т.б. көшу);

- ауыл шаруашылығы дақылдары мен суару технологияларын, сондай-ақ, су тұтынудың нақты үлесті мөлшерін көрсетіп, барлық қазіргі және жоспарланған суармалы жерлердің картасын жасау;

- су ресурстарын үнемдеу әлеуетін бағалау және күріш пен мақтаны суды аздау тұтынатын дақылдарға ауыстыру орындылығын талдау, оның ішінде баламалы ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруге көшу үшін инфрақұрылымға қажет инвестицияларды бағалап, оларды өсіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу



Халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен сурамалы жерлерді қалпына келтіру бойынша мынадай жобалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

1) «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасы (ПУИД-2)


15,1 мың гектар;

2) «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының үшінші фазасы (ПУИД-3) 144,3 мың гектар;

3) Ислам даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы.

Аталған жобалар жүзеге асырылған жағдайда


10 мың 717 шақырым су жүйелері, 11 мың
31 шақырым қашыртқы жүйелері жөндеуден өтіп, егістік жерлерді тұрақты сумен қамтамасыз етіп, су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беретін болады.

2016 жылғы 13 қыркүйекте «Қызылорда облысының су шаруашылығы саласындағы жобалар туралы» облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте берген тапсырмасына сәйкес Шиелі ауданында Күміскеткен су қоймасын салу жобасының техника экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарын бастауға қаржы бөлінді.

Жобаның мақсаты - 600 млн.текше метр суларды жинау арқылы Сырдария мен Жалағаш аудандарының 63 мың гектардан астам егістік алқаптарын қажетті суармалы сумен қамтамасыз ету болып табылады.

Облыстың басты дақылы – күріш егісінің көлемін 70 мың гектардан кемітпей, суармалы суды аз қажет ететін көкөніс, бақша, картоп және мал азықтық дақылдардың егіс көлемін ұлғайту нәтижесінде, облыс бойынша егіс көлемін 165-170 мың гектар көлемінде орналастыру бағытында жұмыс жүргізу қажет. Көкөніс-бақша дақылдарын негізінен тамшылатып суару негізінде және жылыжайды өсіруге маңыз беру қажет. Биылғы жылы, тамшылатып суару әдісімен 10,8 га картоп, 10 га бақша дақылдары егілді. Сондай-ақ, суармалы суды үнемдеуде көкөніс, бақша, жеміс ағаштары мен жүзім дақылдарын суландыруда тамшылатып суару әдісіне кеңінен көшуге облыста қажетті тәжірибе бар. Сонымен қатар, суды аз мөлшерде қажет ететін майлы дақылдар (мақсары) және мал азықтық дақылдардың (жоңышқа) егіс көлемін ұлғайту қажет. Осы бағытта, биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда суды аз мөлшерде қажет ететін дақылдардың егіс көлемінің 3,7 мың гектарға артық орналасты.




Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы


28

9

Жылыжай өндірісі нарығының нақтыланған көлемі бойынша ұсыныстар енгізу

Облыста тамшылатып суару жүйесін пайдаланып, 2017 жылы іске қосуы жоспарланған
2 жылыжай
құрылысын салу жоспарлануда. Олар:

Көлемі 2,0 га кешенді жылыжай құрылысын салу («КазАгроМир» ЖШС-і, Қызылорда қаласы).

Көлемі 3,2 га кешенді жылыжай құрылысын салу («Высшая Аграрная Лига» ЖШС-і, Қызылорда қаласы).

Аталған жылыжайлар іске қосылғанда инвестициялық субсидиялау бойынша кеткен шығынның 30%-ы субсидияланып берілетін болады.



Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы


30

10

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдық жерлерді суландыру әлеуетін бағалау

Шалғайдағы мал жайылымдық жерлердің әлеуетін зерттеу мақсатында 2009 жылғы есептегі 11831,4 мың гектар жайылымдарға түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Суландырылатын жайылымдықтар мен суландыру қондырғыларына түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша облыста барлығы 2488 су көздері 6987 мың гектар жайылымдықтарды суландыруға болатындығы анықталды.

Бұл суландырылған жайлымдық жерлерге
414,5 мың бас ірі қара мал өсіруге әлеуеті бар.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №9-3/726 «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары туралы» бұйрығына сәйкес, жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарды салу бөлімі бойынша шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдық жерлерді суландыру үшін құдықтар мен ұңғымалар қазылып, кеткен шығынның 80 % субсидияланып келеді.

Осы бағдарлама аясында инвестициялық субсидиялау бойынша барлығы 66 құдық қазылды. Нәтижесінде, 528 000 га жайылымдық жерлерді суландыруға қол жеткізіліп, мал шаруашылығы қарқынды дамуда.

Сонымен қатар, облыс көлемінде табиғи объектілердің экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту, олардың суға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын 1200 млн. текше метр көлемінде су жіберіледі. Табиғат қорғау шараларына жіберілетін судың 542 млн. текше метрі шабындықтар мен жайылымдықтарды суландыруға пайдаланылды.

Сондай-ақ, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші фазасын (САРАТС-2), Қараөзек арнасын қалпына келтіру, Шиелі ауданында Күміскеткен су қоймасын салу, Ақсай-Қуаңдария көлдер жүйесін қалпына келтіру жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда жалпы аумағы 350 мың гектардан астам жайылымдықтар мен шабындықтарды суландыруға мүмкіндік жасалады.

Атап айтқанда, САРАТС-2 жобасының жүзеге асуынан 250 мың гектар, Қараөзек арнасын реттеу арқылы 90 мың гектар, Күміскеткен көлдер жүйесіне
3,0 мың гектар, Ақсай-Қуаңдария көлдер жүйесін қалпына келтіру жобасының жүзеге асуынан 7,8 мың гектар жайылымдық және шабындық жерлер суландырылатын болады.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Сырдария өзенінің арнасы бойындағы жайылымдардың тозуына тосқауыл болып, егін шаруашылығы өнімділігінің артуына оң әсерін тигізеді және қосымша уақ және ірі қара мал өсіру мүмкіндігі туады.




Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы


32


11

Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау тетігін қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізу (оның ішінде өнімділікті арттыру, жердің тозуын қысқарту және қалпына келтіру) мысалы, жерді нөлдік өңдеуге арналған техниканы, тамшылатып суаруға арналған жабдықтар мен инфрақұрылымды пайдалану, энергия үнемдейтін көлік құралдары мен жабдықтарды қолдану, фермерлердің көлік шығындарын қысқарту үшін, тауарлы балық өсіру үшін жол инфрақұрылымын жаңарту

2016 жылы облыс бойынша 212 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның ішінде, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке 97 дана, шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен 115 дана техника алынып отыр. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолы іске қосылғалы бері жолдың айналасына орналасқан шаруа ұжымдарының өнімдерін тасымалдау мүмкіндігі жеңілдеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №9-3/726 «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары туралы» бұйрығына сәйкес, жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарды салу бойынша 2016 жылы барлығы 26 құдық қазылып, 2 күн сәулелі панелдер мен күн сәулелі жылытқыштар сатылып алынды.

Сонымен қатар, тамшылатып суарудың суландыру жүйелерін құру және кеңейту бойынша 2 шаруашылық тамшылатып суару жабдығы сатып алынды.


Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы


35

12

Әлеуетті инвесторлар үшін көшпелі тұсаукесер шараларын (роуд-шоу) жүргізуді қоса алғанда, шарттық негізде шаруашылық жүргізетін фермалар құру үшін шетелдік инвестиялар тарту бойынша ұсыныстар енгізу

Өңдеу саласының қарқынды дамуын қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігі тарапынан бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен мына жобалар:

Отандық «Евразия АгроХолдинг» компаниясы мен Қытайдың «COFCO» азық-түлік компаниясы бірлесіп, Қызылорда облысында 4,0 мың гектарға қызанақты тамшылатып суару әдісмен өсіру және томат пастасын өндіру зауытының құрылысын салу жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Жоба аясында қытайлық компаниямен бірлесіп, қызанақты эксперименттен өткізу үшін 12 сортын жылыжайда өсіріп, 2 га аумаққа тамшылатып суару әдісі арқылы отырғызған болатын.

Нәтижесінде барлығы 190 тонна қызанақ өнімі жиналды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының бірінші онкүндігінде жоба жетекшілері Қытай еліне барып, зауыт құрылысын бастауды келісіп келді. Қазіргі уақытта жоба екі жақты келісу сатысында тұр.

Жоба қуаттылығында жұмыс жасаған кезде, жылына 15 мың тонна томат пастасын өндіретін болады. Жаңа 300 жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Өндірілген өнім Қазақстан Республикасы бойынша ұқсатылады және Қытай еліне экспортталатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында Қытай Халық Республикасы «Ji WinWay investment corp» компаниясы өкілдерінің облысқа
іс-сапары барысында түйе сүтін өңдейтін зауыт құрылысын салу жөнінде келісімге келіп, облыс әкімдігімен екі жақты меморандумға қол қойылды.

Облыстағы түйе сүтін өндіретін шаруашылықтардың жұмыстарымен танысып, түйе малының көп орналасқан жері Арал, Қазалы аудандарында болып зауытты салу орны қарастырылды.

Жоба қуаттылығы - тәулігіне 50 тонна шұбат өндіру. Бүгінгі күні Қытай компаниясымен жоба-сметалық құжаттамасы және бизнес-жоспары әзірленуде.

Жоба іске қосылған кезде жаңадан тұрақты


150 жұмыс орны ашылатын болады.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы


36

13

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада, салалық бағдарламалық құжаттарда және аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген «Жасыл ауыл шаруашылығының алты қағидатын» көрсету тетігі бойынша ұсыныстар енгізу

1-қағидат: Облыстың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай суармалы егістік жерлер сұр топырақты жерлерде орналасқандықтан, топырақ құрамында қара шірінді өте аз. Сол себепті күріш ауыспалы егістігіндегі жоңышқа танабы көлемін
35-40 пайызға дейін жеткізу қажет. Топырақты өндеуде сүдігер айдау, атыздардың ішін тегістеу жұмыстарына мән беру керек;

2-қағидат: Облыстағы барлық малдың
70 пайызы жеке қожалықтарда өсірілетіндіктен елді мекендердің айналасындағы жайылымдық жерлер үздіксіз пайдаланылғандықтан тозуға ұшыраған. Бұл жайылымдықтарды суландыру, жақсарту жұмыстары жүргізілуі қажет. Облыста мал шаруашылығын дамыту мақсатында шалғайдағы жайылымдақтарды суландыру үшін биыл 29 құдық қазылды. Бұл жұмыстар келесі жылдары да қарқынды жүргізіле береді;

3-қағидат: Суармалы жерлерді тегістеу арқылы суармалы суды үнемдеу және одан жоғары өнім алу біз үшін өте маңызды. Бұл бағытта облыс шаруашылықтары заманауи лазерлік жер тегістеу жұмыстарын жаппай қолға алды;

4-қағидат: Минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізделген мөлшерде тиімді әдістермен, зиянсыз формаларын пайдалану керек. Пестицидтердің тек тіркеуден өткен, қолдануға рұқсат етілген түрлерін, экологиялық және экономикалық тұрғыдан бағалау арқылы қолданған дұрыс;

5-қағидат: Егін шаруашылығында өсімдік сабағы, тамыры сияқты топырақтан алынған қалдықтары көп, алынған негізгі өнімнен шыққан қосалқы өнімдерге кеткен қоректік заттар топыраққа қайтарылуы тиіс, топырақтың құнарлығын төмендетпей, керісінше ұдайы жоғарылатып отыру міндетіміз. Ол үшін дақылдардың өнімін жинау арқылы, сабағын майдалап егіс алқабында қалдыратын техникаларды қолдану және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану арқылы жердің құнарлығын арттыруымыз қажет;

6-қағидат: Өңірдің климаттық жағдайын жақсартатын орман-тоғай, ағаш- бұталар, түрлі табиғи өсімдіктер болып табылады. Сол себепті сексеуіл-жыңғыл, жиде орман-тоғайларын қорғау, өрттен сақтау, көлемін көбейту маңызды іс. Бұл бағытта сексеуіл өсірумен қатар, облыс тұрғындарына тұтынуға табиғи газ ұсыну, орман-тоғайлар көлемінің табиғи өсуіне жұмыстар жасау болып табылады.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы


37

14

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін (мүгедектер, жалғыз басты қарт азаматтар және т.б.) қолдау түрлерін жаңарту кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылға арналған бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарында көзделген әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру бағытында аз қамтылған отбасыларындағы еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру мақсатымен әлеуметтік қызметтер мен көмек алушылар арасындағы әлеуметтік келісімшарт негізінде оларға «Өрлеу» шартты ақшалай көмек (обусловленной денежной помощи) (бұдан әрі – шартты ақша) көрсету жобасы облыста
2015 жылдың 1 шілдесінен бастап пилоттық режимде іске асырылып келеді. Ал, 2016 жылдың
1 қаңтарынан бастап пилоттық жоба облыстың барлық аудандарында толығымен енгізіліп, жұмыстар жүргізілуде.2016 жылға шартты ақшалай көмек көрсетуге бюджеттен және республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.

Есептік кезеңге 1181 адамға шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Шартты ақшалай көмек алып отырғандардың 65,0 % 18 жасқа дейінгі балалар болса, 23 % еңбекке жарамды азаматтарды, 12,0 % басқа санаттағы тұлғаларды (мүгедектер, студенттер, 3 жасқа дейінгі бала күтімімен отырғандар) құрайды.

Жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына еңбекке қабілетті жастағы 251 адам тартылды. Оның ішінде, 147 адам тұрақты жұмысқа, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 96 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.



Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді.

Үстіміздегі жылы грант бойынша оқуға түскен студенттердің саны 512-ге жеткізіліп, оның ішінен 8 студент магистр академиялық дәрежесін алды.

Бүгінгі күні облыс әкімі грантының иегерлері (2013 ж. - 123, 2014 ж. - 234, 2016 ж. - 147) еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандықтар бойынша білім алуда (493-і бакалавр, 11-і резидент).

Есептік кезеңде облыстық бюджеттен 504 студентке білім беру қызметіне, тамақтану, тұру шығындарына әлеуметтік көмек төленді.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2016 жылдың мамыр айында «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған» Жол картасы бекітіліп, іске асырылуда.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, әрбір мүгедекке оларды оңалту әлеуетіне сәйкес кешенді оңалту шараларын, медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту шараларынан тұратын организмінің бұзылған функциялары мен қабілеттерін қалпына келтіруге немесе орнын толтыруға бағытталған жеке оңалту бағдарламасы әзірленді.

Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес облыста 5769 мүгедектер Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын тәртіппен және тізбе бойынша протез-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, санаторий-курорттық жолдамалармен қамтамасыз етілді.

2016 жылдың 1 желтоқсанына 18 жасқа дейінгі 1375 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет, 866 мүгедектерге және жалғыз басты қарттарға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, 2013 жылдың тамыз айынан бастап аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары» бекітіліп, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау түрлері жаңартылып, қосымша көмектің 4 түрімен кеңейтілді. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары қайтадан қаралып, қосымша санаттарымен толықтырылды.



Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы


40

15

Ғимараттарда энергия тиімділігін іске асыру жөніндегі шараларды ынталандыру үшін облыс деңгейінде ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныстар енгізу

Республикалық бюджеттің оңтайландырылуынан 2016 жылы қаржы бөлінбеуіне байланысты облыс әкімінің 03.06.2016 жылғы 10-5/3743 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында қайтарымды қаражат есебінен 3 көпқабатты тұрғын үй, аудандық бюджет есебінен Жосалы кентінде 2 үй, Тереңөзек кентінде 4 үй күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, комиссиямен қабылданды.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы


42

16

Барлық ғимараттарда және коммуналдық кәсіпорындарда энергоаудитті 2015 жылдың соңына дейін, одан әрі 5 жылда бір рет жүргізе отырып, облыс деңгейінде өңірлік іс-шараларды, сондай-ақ субсидиялау жөніндегі ықтимал шараларды әзірлеу

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» аясында облыс бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазанстандық орталығы» АҚ 2011 жылы
18 көппәтерлі тұрғын үйлер және 10 әлеуметтік нысандарға, 2012 жылы 15 көппәтерлі тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізді.

ҚР «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014 - 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» заңына сәйкес 2014 - 2016 жылдары көппәтерлі тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізу үшін облысқа


қаржы бөлінді.

Бөлінген қаржыға облыс бойынша барлығы


82 көппәтерлі тұрғын үйлерге, сонымен қатар, 22 кәсіпорындар өз қаражаты есебінен энергоаудит жүргізілді.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы


45

17

Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру мақсатында облыс көлеміндегі қала және аудан орталықтарында көшелік жарықтандырудың техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу

Қызылорда облысына қарасты Қызылорда қаласы мен аудандарда 3062 көше бар. Оның жарықтандырылғаны - 946 көше, ондағы бағаналардың саны 30121, оның 8918-і (30%) светодиодты, 21203-і (70%) қыздыратын лампалық шамдармен қамтамасыз етілген.

Облыстың ауылдық аймақтарын абаттандыру мақсатында «Жұмыспен қамту - жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, абаттандырумен қатар, 17 елді мекендерде көшелік жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.



Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы


48

18

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының аясында салалық бағдарламаларға сәйкес коммерциялық және тұрғын үй ғимараттарындағы энергия тиімділігін арттыру саласындағы техникалық іс-шараларды іске асыру бойынша шараларды көздеу, соның ішінде:

- қазандықтарға аудит жүргізу, оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу немесе ескірген және тиімсіз қазандықтарды ауыстыру;

- жылумен жабдықтау жүйесін кеңейту немесе оған басқа да өзгерістер енгізу кезінде жылу мен электр энергиясын аралас өндірудің қолжетімді мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану;

- жылу желілерінің және үйішілік жүйелердің ескі құбырларын жаңа оқшауландырылған түрлерге ауыстыру; кіші диаметрлі құбырларды басым түрде ауыстыру;

- есепке алу аспаптарын, автоматтандырылған жылыту пункттерін міндетті түрде орната және энергия сақтау жабдықтарын қолдана отырып, күрделі жөндеу жүргізу сәтінде ғимараттарды терможаңғырту;

- соңғы жылу оқшаулағыш стандарттарын сақтай отырып, жаңа ғимараттар салу




Аймақта энергияны пайдалану құрылымдық сараптамасы көрсеткендей 72% энергия қуаты өндіріс саласына, 2% - көлік саласына, 14% - халық тұтынуына, 10% - ауыл шаруашылығына,
2% - экономиканың басқа салаларына жұмсалады.

Өндіріс секторы қолданатын энергия ресурстарының 95% облыста жұмыс жасайтын


27 үлкен өндірістік кәсіпорын қолданады. Тұрғын үй секторы шамамен 14% электр және 70% жылу энергиясын тұтынады.

Оның ішіде, 42% тұрғын үй қоры қалыпты жағдайда, 55% күрделі жөндеуді қажет етеді және


2% апатты жағдайда.

Коммуналды сектордағы инженерлік жүйенің тозу деңгейі төмендегідей:



  • нормативті жағдайда жылумен қамтамасыз ету - 56%, жөндеуді қажет ететіні - 44% (жалпы ұзындығы 184,1 шақырым);

  • нормативті жағдайда электрмен жабдықтау - 49%, жөндеуді қажет ететіні -51% (жалпы ұзындығы 9173 шақырым);

  • нормативті жағдайда газбен қамтамасыз ету - 100% дейін (жалпы ұзындығы 1172 шақырым).

Облыс бойынша 647 көпқабатты тұрғын үйлерде 225 жалпы үйлік жылу есептегіш құралдары орнатылған, оның ішінде, Қызылорда қаласында
- 215 дана, Әйтеке би кентінде - 10.

Сонымен қатар, Еуропалық қайта құру және даму Банкісімен бірлесіп іске асырылып жатқан жоба бойынша 341 тұрғын үйге және 99 қоғамдық ғимаратқа барлығы 641 дербес жылу пункттерін құру қаралған, жобаның аяқталу мерзімі - 2017 жыл.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасын
(2015 жылға дейін - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту) жүзеге асыру барысында Қызылорда қаласы бойынша 40 шақырым магистральды және кварталаралық жылу жүйесі қайта жаңғыртылды, сонымен қатар Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі жылу жүйесі 5,44 шақырымға кеңейтілді.

2016 жылы Әйтеке би кентіндегі Қазалы жылу орталығы негізгі отын қоры табиғи газға ауыстырылды.



Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы


50

19

Жанармайға (соның ішінде СКГ – сұйытылған көмірсутегі газы және КТГ – компримирленген табиғи газ) және энергияның преспективалы түрлеріне (соның ішінде электромобильдер мен гибридті автомобильдер, тиісті инфрақұрылымды дамыту) деген қолжетімділік тұрғысынан өңірлік ерекшелікті ескере отырып, 2014-2015 жылдары автокөлік паркінің оңтайлы құрылымы және үлес шығарындыларын кеміту және энергия тиімділігін арттыру үшін әр өңір бойынша автокөлік паркінің оңтайлы құрылымына көшу жөніндегі «жол картасы» бойынша ұсыныстар енгізу

Қазіргі таңда, облысымызда жылжымалы құрамдарды газ қозғалтқышына ауыстыру, газ қозғалтқышымен қозғалатын автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және газ құю стансалары желісін құру бойынша біршама ілгерілеушіліктер байқалады.

Мысалы, бүгінгі күні Қызылорда облысында


63 газ құю бекеттері болса, оның 31-і немесе
49% Қызылорда қаласында орналасқан.

Сондай-ақ, ресми мәліметтерге сәйкес облыс бойынша «автобус» санатында 5549 дана көлік құралы тіркелсе, олардың 263-і шамамен 5% газ қозғалтқышты.



Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы


53

20

Облыс бойынша қала және аудан орталықтарында көмірмен жұмыс істейтін станциялар мен ЖЭС-ті газға ауыстыру арқылы жаңғырту жоспарларын әзірлеу

Облыстағы жалғыз жылу өндіруші орталық – «ҚЖЭО» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Орталық қазіргі таңда өзінің Тасбөгент кенті мен Қазалы ауданындағы екі филиалымен бірге негізгі отын көзі ретінде – газды пайдаланып жұмыс жасауда.

«ҚЖЭО» да жаңғырту жобасы әзірленген, соған сәйкес ТЭН әзірленіп, қазір Еуропалық қайта құру және даму банкімен несие алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы облыс бойынша орналасқан


552 әлеуметтік нысандардағы кіші қазандықтардың 40-қа жуығы немесе 7,2% көмірмен жұмыс істейді.

Облысымыздың 4 аудан орталығының газдандырылуына байланысты бүгінгі күні Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын газға бейімдеу жұмыстары қолға алына бастады.

Осыған орай, 12 әлеуметтік нысанның (Қазалы- 7 және Жаңақорған-5) қазандықтарын газға ауыстыру үшін облыстық бюджеттен 2017 жылы қаржы бөлінді.


Қызылорда облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы


64

21

Облыс бойынша қала және аудан орталықтарында өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың, қалдықтарды көму аумақтарының, тұрмыстық қоқыстарды төгу жерлерінің, тұрмыстық қоқысты желдетуге ұшыраған аумақтардың өңірлік картасын әзірлеу

2016 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару департаментімен бірлесе отырып, «Қызылорда облысындағы тұрмыстық қалдықтарды басқару саласын жетілдіру бойынша өңірлік Жол картасы» әзірленіп, Энергетика Министрлігімен келісіліп, бекітілді.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы


74

22

Облыс бойынша қала және аудан орталықтарында қоғамдық көлікті газ отынына көшіру бойынша ұсыныстар енгізу

Бүгінгі таңда, облыс бойынша барлық тіркелген 5549 дана автобустың 263-і немесе шамамен 5% газ отынын пайдаланады.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының қоғамдық көлік қатынастарында газ отынымен қозғалатын 132 автобус жолаушыларға қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда, облысымызда жылжымалы құрамдарды газ қозғалтқышына ауыстыру, газ қозғалтқышымен қозғалатын автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және газ құю стансалары желісін құру бойынша біршама ілгерілеушіліктер байқалады.

Қызылорда облысында 63 газ құю бекеті ұйымдастырылған: оның 31-і немесе 49 % Қызылорда қаласында орналасқан. Арал ауданы бойынша -7, Қазалы-8, Қармақшы-3, Жалағаш-1, Сырдария-4, Шиелі-4, Жаңақорған-5 газ құю бекеттері жұмыс жасауда (139 жанармай бекеті жұмыс жасауда).

Бұл газ құю бекеттері негізінен сұйытылған көмірсутегі газын таратушы бекеттер болып табылады (1 литр газдың бағасы 45-55 теңге).

Сонымен қатар, компримирленген табиғи газ бекеттері Қызылорда қаласында ғана орналасқан:



«Қызылорда автобус паркі» ЖШС базасында - 1 бекет;

«Газ Трейд» ЖШС – 1 бекет (Ақмешіт м/а) ұйымдастырылған

(1 шаршы метр газдың бағасы 60 теңгеден, немесе шамамен 1 литрдің бағасы 15 теңгені құрайды).

Сонымен бірге, «Қаз Транс Газ-Өнімдері» ЖШС-мен Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында компримирленген табиғи газ құю станциялар желісін салу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Аталған жоба жүзеге асырылғаннан кейін аймақта қажетті қызметтерді көрсететін инфрақұрылым мен бәсекелестік орта пайда болып, кезең-кезеңімен аталған қызмет жүзеге асырылып, жеке құрылымдардың автокөліктерін тартуға мүмкіндік туатын болады.

Орталық атқарушы органдарға, барлық мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттік үлесімен құрылған компаниялардың көлік құралдарын экологиялық таза отын түріне көшіру жөнінде міндеттеме жүктеу туралы тиісті нормативтік- құқықтық актілер қабылдау жөнінде ұсыныс жолданды.




Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы


88

23

Облыс бойынша қала және аудан орталықтарында энергия тиімділігінің ең жаңа стандарттары мен технологияларын, энергия айналымы жөніндегі технологияларды (жылыту және желдету) қолданып және жаңартылатын энергия көздерімен (ғимараттардың шатырына күн панельдерін орнату) ықпалдасып «энергия үнемдейтін» үйлерді жобалау және салу бойынша ұсыныстар енгізу

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына» сәйкес облыстың 800-ге жуық көпқабатты тұрғын үйлерін жаңғыртудан өткізу жоспарланған.

Бағдарламаның басты талабы – үйді жөндеу кезінде терможаңғырту элементтерін қолдану, энерго және жылу ресурстарын үнемдеу (оның ішінде, жалпыүйлік жылу есептегіш құралдарын орнату) болып табылады.

ҚР «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» Заңына сәйкес


2014-2016 жылдары көппәтерлі тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізу үшін облысқа үш жылда
қаржы бөлінді.

Нәтижесінде 82 көппәтерлі тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізілген. Сонымен қатар,


22 кәсіпорын өз қаражаты есебінен энергоаудит жүргізген.

Жалпы алғанда, аталған бағдарлама аясында 2011-2015 жылдары облыс бойынша 160 көпқабатты тұрғын үйлер терможаңғырту элементтерін пайдалана отырып, күрделі жөндеуден өтті.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының сол жағалауын игеру барысында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып, энергия үнемдейтін үйлерді салу жоспарлануда. Жоба 2017-2021 жылдар аралығында іске асырылатын болады.


Қызылорда облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы


98

24

«Жасыл экономика» қағидаттарына сәйкес бірнеше (2-3) пилоттық тірек ауылдық елді мекендерді, шалғайдағы ауылдар мен кенттерді трансформациялау жоспарын әзірлеу және оларды қайта құруды жүзеге асыру: ұлттық желіге біріктірілмеген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, тиімді ауыл шаруашылығы (тамшылатып суаруды пайдалану арқылы жылыжай шаруашылығын құру арқылы), қалдықтарды орталықтандырылған жинауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді ұйымдастыру, тұйық ресурстық циклге көшу бойынша ұсыныстар енгізу


Жаңартылған энергия көздерін пайдалану бағытында Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» серіктестігінде қуаты 420 кВт күн электр станциясы жұмыс жасауда. 2016 жылы күн сәулесінен 562 мың кВт электр энергисы өндіріліп, 2015 жылға қарағанда өндірілген өнім көлемі 32,2 % артқан (2015ж - 425 мың квт).

Сонымен қатар, жаңартылмалы энергия көздерінен электр энергиясын өндіру бағытында бірнеше инвестициялық жобалар алдағы уақытта негізінен Жаңақорған ауданында іске асырылу көзделген. Жоба бастамашылары қажетті жер телімін рәсімдеп алған, құжаттар даярлау сатысында.

Қызылорда қаласында қалдықтарды кәдеге асыру бағытында «Smart Rubber» ЖШС-нің «Ескі автөкөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығаратын өндірісі жұмыс жасауда.

(Қуаттылығы жылына 270 тн резеңке ұнтақ, 440 тн белсендірілген резеңке ұнтақ, 3,9 млн. метр жер асты суару түтігін шығару. Қазіргі таңда кәсіпорында 24 адам жұмыспен қамтылған).

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында «Эко-Н Сервис» ЖШС-гі «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Қалдық ретінде алынатын майда шишалар құрылыс барысында бетон өндіру процесінде және шеге құм ретінде пайдаланылуда.



(Бұл жоба 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында грант бағыты бойынша қаржыландырылған. Жобаға мемлекеттік көмек ретінде Қызылорда қаласындағы өндірістік аймаққа бөлінген жер телімінен 0,5 га жер телімі берілген).

Қызылорда облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы


101

25

Қарыздар бойынша кепілдіктер, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау немесе басқа да шаралар түрінде, сондай-ақ, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы ауыл шаруашылығында жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру құралдарын ұсыну бойынша пилоттық жобаларды әзірлеу және іске қосу бойынша ұсыныстар енгізу (мысалы, жылыжай шаруашылықтарын салу кезінде күрделі шығындарды жабу, био-, эко-, органикалық өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарын сертификаттау бойынша)

2016 жылы ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен, республикалық бюджеттен қаржы бөлініп комиссия шешімімен мақұлданған 678 қарыз шартының сыйақы мөлшерлемесі субсидияланды.

Облыста жылдан-жылға су үнемдеу технологияларын пайдалану, оның ішінде егісті тамшылатып суару әдісін қолдану көлемі ұлғайып келеді. Қызылорда қаласында тамшылатып суару жүйесін пайдалану арқылы 2017 жылы 2 жылыжайдың құрылысын бастау жоспарлануда. Аталған жылыжайлар іске қосылғанда инвестициялық субсидиялау бойынша кеткен шығынның 30%-ы субсидияланып берілетін болады.

Олар:

Көлемі 2,0 га кешенді жылыжай құрылысын салу («КазАгроМир» ЖШС Қызылорда қаласы). Көлемі 3,2 га кешенді жылыжай құрылысын салу («Высшая Аграрная Лига» ЖШС-і, Қызылорда қаласы).

Қызылорда облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы


104

26

Облыс көлемінде 50-100 га-ға тамшылатып суару пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жерлері алаңын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу

Облыста жылдан-жылға су үнемдеу технологияларын пайдалану, оның ішінде егісті тамшылатып суару әдісін қолдану көлемі ұлғайып келеді. 2016 жылы облыс бойынша тамшылатып суару әдісімен ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары өз жалғасын тапты. Оған мемлекет тарапынан қолдау (субсидия) көлемі де ұлғайды. Ағымдағы жылы тамшылатып суару әдісімен 10,8 гектар картоп, 10 гектар бақша дақылдары егіліп отыр.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы


107

27

Автокөлікті газға көшіру үшін бос ресурстарды айқындау мақсатында жылдар мен өңірлер бойынша тауарлық және сұйытылған газдың орта мерзімді болжамдық теңгерімін жасау;


Бүгінгі күні облыс халқы тұрғын үйлерін, монша және жылыжайларын жылытуға, орта және шағын бизнес нысандары кеңінен сұйытылған мұнай газын пайдалануда. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес 7 аккредиттелген мекеме сұйытылған мұнай газ таратумен айналысуда. Олар: «Аралгаз», «Тұрангаз», «Байқоңыргаз», «Қызылорда-Газ», «Галакси», «Автогаз Трэйд», «Оңтүстік Азия Пром» ЖШС-тері сұйытылған мұнай газын (автогаз құю станциялары мен тұрмыстық газ баллондар арқылы) бөлшек және көтерме саудада өткізуде. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша 2015 жылы 51 газ құю бекеттері болса, ал 2016 жылы 71 газ құю бекеті бар, оның 31-і Қызылорда қаласында, 40-ы аудандарда және Қызылорда облысы аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық тас жолында автогаз құю бекеттері де орналасқан. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тарапынан ай сайынғы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газының көлемін ұлғайту бойынша жиналыстар өткізіліп, нәтижесінде
2800 тоннадан 3500 тоннаға дейін ұлғайып, жоғарыда аталған 7 (жеті) газ желісі ұйымдары бөлінген сұйытылған мұнай газын Қызылорда облысы, қала және аудан орталықтарына жеткізіліп қызмет көрсетуде.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы


120-121

28

Өңірлер мен жылдар бойынша Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі газ құю станцияларына деген қажеттіліктерді айқындау

29

Веложолдар жүйесін және тиісті инфрақұрылымды, оның ішінде велосипедтерді автоматтандырылған жалға беру орындарын дамытуға талдау жүргізу

2016 жылы Қызылорда қаласында магистральды айналма көшенің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Аталған көше бойында жалпы ұзындығы


5,9 шақырым болатын велосипедке арналған жол торабы салынды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінің инфрақұрылымын жайластыру мақсатында көше жолдарының желісінің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Егжей-текжей жоспарлау жобасына (ПДП) сәйкес, Қызылорда қаласының сол жағалауына құрылысы жүргізілетін жалпы ұзындығы
137,5 шақырым көшелерде вело жолдар жоспарланған.


Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы


125

30

Қалаларда жаяу жүргіншілерге арналған тиісті
инфрақұрылымды дамыту жоспарын әзірлеу

Ағымдағы жылы Қызылорда қаласындағы Шүкіров, Шымбай және айналма жолдарына жалпы ұзындығы 8,4 шақырым болатын жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынған болатын.

Алдағы 2017 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жасау барысында 5,7 шақырым болатын жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салыну жоспарланған.




Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы


126

31

Қоғамдық көліктің сапасын арттыруға (жеке белдеулер, ақылды аялдамалар, электрондық төлем) және т.б бойынша ұсыныстар әзірлеу

Бүгінгі таңда, 112 дана жаңа автобустар сатып алынып, Қызылорда қаласының орталық маршруттарында (1, 14, 17, 18 бағыттары бойынша) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы автобус паркін жаңарту» жобасы толығымен іске асырылғаннан кейін жаңадан әкелінген автобустарға «GPS» радионавигация және электрондық жолақы төлеу жүйелерін енгізу жоспарлануда.



Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы


127

32

Көлік құралдарын отынның экологиялық түрлеріне көшірудің, оның ішінде электромобильдерді енгізу мен тиісті инфрақұрылым құрудың артықшылықтарын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

Көлік құралдарын отынның экологиялық түрлеріне көшіру және оның артықшылықтары жөнінде республикалық және облыстық баспасөз беттерінде мақалалар жарияланды.

Сонымен қатар, автокөліктерді (жылжымалы құрамдарды) газ қозғалтқышына ауыстыру және газ қозғалтқышымен қозғалатын автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысушы кәсіпкерлер тарапынан да жарнамалық ақпараттар берілді.




Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы


131

33

Көмір ЖЭО үшін екінші буынды эмульгаторларды ауыстыру арқылы күлтұтқыш қондырғыларды енгізу


Қызылорда облысы бойынша ЖЭО болып саналатын, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК –ның басты отын түрі - газ, резервтік отын түрі - мазут болып табылады.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы


133-134

34

Станциялардың техникалық мүмкіндіктеріне негізделе отырып, жаңа буынды электр сүзгіштерін орнату арқылы күлтұтқыш қондырғыларын қолдану (Екібастұз МАЭС-1,2-те күлтұтқыш қондырғыларына жүргізілетін реконструкциялау үлгісі бойынша)

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> tabigat -> zhasil-ekonom
zhasil-ekonom -> Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшу стратегиясының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы
zhasil-ekonom -> "Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы
zhasil-ekonom -> Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі
zhasil-ekonom -> "Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшу стратегиясының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 19 қыркүйектегi №176-ө өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет