2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 14 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ru.wallpaper.mob.org
Бұл айда екі мемлекеттік мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы тойланады.
Халықаралық әйелдер күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үш күн, 8, 9, 10 наурызда демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз – жұмыс күні.
- 2024 жылдың мерекелер күнтізбесі: Қазақстандықтар қай күндері демалады
- Қазақстанда 2024 жылға арналған діни мерекелердің күнтізбесі жарияланды
Биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн демалады – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз. Мереке наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі, яғни 25 наурыз демалыс күні тізіміне қосылады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін дүйсенбі, 25 наурыз – жұмыс күні.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылға арналған мемлекеттік және ұлттық, кәсіби және БҰҰ бекіткен мерекелер күнтізбесін жариялаған едік.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.