Жылдарға арналған Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік параметрлері Мазмұны


-2018 жылдары экономиканы дамытудың факторлары мен шарттары



жүктеу 0.66 Mb.
бет2/3
Дата04.12.2018
өлшемі0.66 Mb.
1   2   3

3. 2014-2018 жылдары экономиканы дамытудың факторлары мен шарттары

Орта мерзімдік кезеңдегі экономикалық даму неғұрлым теңдестірілетін болады және жеке меншік пен мемлекеттік қаражаттардың есебінен индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларға өсіп жатқан инвестицияларға бағдарланған ішкі сұранысқа бағытталады.

Орта мерзімдік кезеңдегі экономикалық саясаттың мақсаты жоспарланған деңгейдегі тұрақты экономикалық өсім болып табылады. 2014-2018 жылдардағы экономиканың жыл сайын орта есеппен өсуі 6% болып бағаланады.

Экономиканы дамытудың сыртқы шарттары. Өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар өндірісінің үстем үлесін ескере отырып, өңір экономикасын дамытуға ерекше әсер ететін факторларға табиғи ауа райының жағдайын және астықтың әлемдік нарықтағы конъюктурасын жатқызуға болады.

Алдағы уақытта өңірлік экономиканың өсуі әлемдік экономиканың даму қарқындарын қалпына келтіру және оның салдарынан өңірде өндірілетін өнімдерге сұранысты сақтау мен арттыру есебінен жорамалданады.


Экономиканы дамытудың ішкі шарттары:

  • экономиканың басымды салаларына, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенін, өңдеу өнеркәсібін дамытуға инвестициялар салу;

  • жоғары тауарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру;

  • коммуналдық және көліктік инфрақұрылымдарды дамыту;

2010-2014 жылдарға арналған ҚР индустриалдық-инновациялық үдемелі дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары есебінен экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес салаларды дамыту бойынша міндет орындалатын болады.

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы саясат азық-түлік қауіпсіздігін және өнім экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы (етті-сүтті мал шаруашылығы) өнімдерін арттыруға бағытталатын болады.

Облыстың өзін-өзі толық қамтамасыз етуіне қол жеткізу және Астана қаласын негізгі азық-түлік түрлерімен барынша қамтамасыз ету мақсатында ылғалресурсжинақтаушы технологиялар белсенді пайдаланылған егістік алаңдарын кеңейту есебінен өсімдік шаруашылығында өнімділікті жоғарлату қамтамасыз етілетін болады. Асыл тұқымды базаны дамыту және малдың генетикалық әлеуеті мен оның өнімділігін арттыру негізінде мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту есебінен мал шаруашылығын дамыту жоспарланады.

Шағын және орта бизнес саласында экономикалық белсенділікті жоғарлатуға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін болады.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық үлесті ұлғайту үшін шара қолданатын болады.

Ортамерзімді кезеңде тікелей инвестицияларды тартудың және экономикалық белсенділікті ынталандырудың негізгі қажетті шарттарының бірі болатын көліктік және коммуналдық инфрақұрылымдардың құрылысы, жаңғырту мен жөндеу бойынша жұмысы жандандырылатын болады.

4. 2014-2018 жылдарға әр бір жыл бөлігінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты индикаторлары

Өнеркәсіп
Есіл қаласында негізгі өнеркәсiптiк кәсіпорындарында көрсетілетін қызмет және өнім көлемінің өсуіне байланысты өнеркәсiптiк өндiрiстiң көлемінiң көбеюі жоспарлануда, сонымен қатар өндіріс көлемін көбейтуде маңызды әсерін тигізіп, Есіл қаласының үйлеріне қосылатын жаңа ЖЭО құрылысы жоспарланған.

Өндiрiстiк қуаттардың түрлерін кеңейту, сонымен қатар өнеркәсiптiк өндiрiс түрлерін кеңейту мақсатында, аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторларды iздестiру жаңа технологияларды өндiрiсте қолдану жолымен бұрын тоқтап тұрған қуаттарды қосу күтілуде.


Ауыл шаруашылық

2018 жылы жалпы өнім 22126,2 млн. теңгені (2013 жыл бағасына қарағанда 127, 3 %), оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 19883,2 млн. теңге (127,6 % ), мал шаруашылығында- 2243,0 млн. теңге (124,6%).

Астық және астық тұқымдастардың аумағын 2018 жылға 445 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр, 2013 жылға 3,2 %-ге, майлы дақылдарды 22,0 мың гектарға өсіру.

Азықтық дақылдар аумағын 37 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр, 2013 жылға өсуі 15,3 %. Өңдегеннен кейінгі орташа шығымдылығы 9,3 ц/га атық өндірісі 404 мың тоннаны құрайды. Астық, астық тұқымдас және майлы дақылдарегіс алқабының парлар көлемі 40 мың га немесе 8 %.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын көтеру, оның ішінде мемлекеттің қолдау шараларының көмегімен 2018 жылға мыналардың есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр:

Ылғал сақтаушы технологиялармен егілетін аумақтарды көбейту -85 %-ға дейін;

Минералды тыңайтқыштар қолдану көлемін көбейту – 4,5 тоннаға дейін;

Ауданның шаруашылық субъектілерінде сортты ауыстыру және сортты жаңалауды жүргізу мақсатында астық дақылдарын жоғары сортты ауылшаруашылығы тұқымдарын себуді жыл сайын қамтамасыз ету кем дегенде 1,5 мың тонна және 8 тоннаға дейін бірінші репродукция тұқымдарымен; сортты сынау және тұқым сапасын сараптау және себу үшін кем дегенде 83 % 1-2 сыныпты кондициалық тұқымдардың үлесін көбейту, 3-сыныпты 17 %-дан көп емес.

- жаңартылған ауылшаруашылығы техникаларының үлесін 2018 жылға дейін 40 %-ға көтеру.

Мал шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік сапасын 2018 жылға мыналардың есебінен көтеру:

Ауылшаруашылығ құрылымдары өндірген жалпы ет өндірісі көлемінен мал шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағын көтеру, 2013 жылы етті 24 %-дан 35 %-ға, сүтті 15%-дан 9,5 %-ға;

- асыл тұқымды мал басының үлес салмағын малдардың жалпы санынан 9 %-ға көтеру;

- ауылшаруашылығы жануарларының диагностикасы, алдын алу және сәйкестендіруі жөніндегі жоспарланған шаралар көлемін орындауды қамтамасыз ету, эпизоотиялық саулықты қамтамасыз ету – 100 %;

- азық базасын нығайту.



Тұрғын үй құрылысы.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында іс әрекеттегі заңнамалар нормаларына бұзушылықтар жібермей тапсыру мерзімін сақтап мемлекеттік қабылдау комиссиясымен аяқталған құрылыс объектісін пайдалануға енгізу -100%.


Бәсекелесті дамыту және кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлікті дамыту жағдайларының мақсатты индикаторлары болып шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелуін ұлғайту және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділік санын табылады.



Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

Қалаларда орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге енгізу – 82 %.

Селолық жерлерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге енгізу СЕМ жалпы санынан – 62,5 %.

Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары орташа 70 % жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.




Білім беру



Болжам

Мақсатты көрсеткіш

2014

2015

2016

2017

2018

Жалпы мектеп оқушылар санынан қосымша білім берумен қамтылған оқушылар саны (2012ж-32%)

34

35

36

38

39

Балалармен жұмыс жасау үшін әлеуметтік педагог штаттық бірлігі енгізілген мектептер үлесі (2012ж-0%)

13

14

15

17

20

Электрондық оқытуды қолданатын орта білім беру ұйымдары (2012ж-93%)

98

100

100

100

100

Жалпы мұғалімдер санынан бірінші және жоғары санатты мұғалімдердің үлесі (2012ж-34%)

38,8

40,8

42,8

44,8

45,8

Мектептердің жалпы санынан инклюзивтік білім алу жағдайын жасаған мектептер үлесі (2012ж-3,44%)

3,44

3,44

3,44

3,44

3,44

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе жетім қалған балалардан отбасына орналастырылған балалар үлесі (2012ж-55,9%)

55,9

57,8

58,2

58,7

60,8

Балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтамасыз ету (2012ж-61,4%)

61,4

62

63,6

65,6

67,6

12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдер үлесі (2012ж-0%)

0

20

20

20

25



Денсаулық сақтау

Қол жетімді және бәсекелестікке сай денсаулық сақтау жүйесінің негізгі тапсырмасы, жоғары сапалы медициналық қызметтерді көрсету болып табылады.

Осы бағытта келесі іс шараларды іске асыру қажет:

- халыққа қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

- бастапқы медико-санитарлық көмекті дамыту басымдылығы;

- ана және жас бала өлімін төмендету;

- аурулардың алдын алу жүйесін әрі қарай дамыту, сақатау белсенділігі және адам денсаулығын қайта қалпына келтіру, сапаны жақсарту және медициналық көмекті енгізуді қамтамасыз ету, дәрі дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру;

- денсаулық сақтау мектептерінің желілерін қайта құруды жүргізу сапаны жоғарылату және ұсынылатын қызметтің тиімділігін жоғарылату мақсатында;

- ауданның денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын әрі қарай нығайту, бекітілген нормативтерге сәйкес келтіру;

- көрсетілетін медициналық қызметтредің көлемін кеңейту және сапасын жақсарту, жоғары технологиялық тәсілдерді енгізу жолдарымен және ауруларды емдеу;

- халықты туберкулез ауруынан қорғау, инфекцияны таратуға эпидемиологиялық тексеруді қамтамасыз ету тиімділігі, эпидемияға қарсы іс шараларды нығайту;

- кадрлік қамтамасыз ету және медициналық қызметкерлердің дәрежелік деңгейін жоғарылату;

- медициналық мекемелердің қызметінде алыдн алу бағыттылығы, халықта салауатты өмір сүру ұстанымдарын қалыптастыру, халықтың медициналық және санитарлық сауаттылығын деңгейін жоғарылату.

- денсаулық сақтау жүйесін дамыту және қайта қалыптастыру, ана және баланы қорғау, әлеуметтік-белгідегі аурулардың алдын алу, ПМСП дамыту және жетілдіру, қан алу қызметін жетілдіру және қауіпсіздік донорлықты қамтамасыщз ету, денсаулық сақтауды қаржыландыру және басқаруды жетілдіру, халықты дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету, кадрларды дайындау және қайта дайындау, салауатты өмір сүруді қалыптастыру, сектор аралық халықтың денсаулық сақталуын қорғауға жақындау және ЗОЖ қалыптастыру қызметінің мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту .

Ауру деңгейін төмендету, жалпы және балалар өлімін, өмір сүру ұзақтығын 3-5 жылға өсіру.

Аурулардың диагномтикасын жақсарту және оларды әрі қарай дәрежелік емдеу.

Халықтың көпшілік бөлігін салауатты өмір сүруін ұғу.

Туберкулез ауруымен ауыратындардың мүмкіншілігін жартылай қысқарту.



Әлеуметтік қорғау

2014-2018 жылдарда экономикалық өсу басымдылығы жоспарланады, жаңа өндірістерді құру, шағын және орта бизнестің дамуы, ауыл шаруашылық өндірісін қайта қалпына келтіру. 2012 жылы экономикалық белсенді халық саны 15,5 мың.адамды құрайды немесе 58,0% халықтың орта жылдық санынан, 2018 жылы бұл көрсеткіш 60,0 % құрайды. Экономикалық белсенді халықтың өсуі экономика саласында айналысатындардың өсуі есебінен жүргізіледі және жұмыссыздардың санының төмендеуінен 2012 жылы 1372 адамнан 2016 жылы 1179 адамға дейін. Жалпы жұмыссыздықтардың деңгейі 2018 жылы 5,1 % құрайды.

Экономика саласының барлығында жаңа жұмыс орындарын құрумен халықты жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі, жұмысқа орналастыру деңгейі, жұмыспен қамту бөліміне үндеу салғандардың 2012 жылы 100 % дан 2016 жылы 100 % дейін өседі. Әлеуметтік қолдау жүйесінің белсенділігі болып жұмыссыздарды кәсіпкерлік оқыту сұрақтары, еңбек нарығында қалыптасқан жағдайын ескере келе. 2011 жылы кәсіпкерлік оқытуға 45 адам бағытталған болатын, жұмыссыздардың санынан газоэлектросварщик, косметолог, бухгалтер, парикмахер - визажист мамандықтары бойынша.
Мәдениет

2018 жылы:

- Мәдени-жалпы іс-шараларға келушілердің өсімі 183800 адамды құрайды., яғни 2012 жылмен салыстырғанда 100,3% .

- Аудандық мәдениет мекемелерімен мәдени-жалпы іс-шаралар өтуі – 1465, 2012 жылмен салыстырғанда 103% .

- Электронды каталогка енген кітапхана қоры 92604 бірл., 2012 жылмен салыстырғанда 132%.

- кітапхана қоры – 190998 дана., 2012 жылмен салыстырғанда 129%.

Көрсеткіштердің өсімі төмендегідей жоспарлануда:

- ауданда, шетелде отандық мәдениетті түсіндіріп тарату;

- жаңа технологияларды пайдалана отырып. Мәдени құндылықтарға тұрғындардың қолжетімділігін арттыру;

- мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту;

- материалдық техникалық базаны нығайтуға қаржы бөлу .

3. 2014-2018 жылдарға әр бір жыл бөлігінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы.
3.1. Өнеркәсіп
Өндіріс өнімдерінің көлемінің көрсеткіштерінің болжамына сәйкес аудан аумағында жыл сайын 1% кем дегенде өсетін болады:

-2014 жыл -2600,1 млн. теңге

-2015 жыл -2840,3 млн. теңге

-2016 жыл- 3104,6 млн. теңге

- 2017 жыл -3298,2 млн. теңге

- 2018 жыл -3447,8 млн. теңге


3.2. Ауыл шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығындағы зстық өндірісі 2014 жылы 357,8 мың тоннадан 95 мың тоннаға өседі, 2018 жылы 471,7 мың тоннаға дейін, майлы дақылдар -33,8 мың тоннаға, картоп – 0,3 мың тоннаға, көкөніс – 0,3 мың тоннаға.

Мал шаруашылығында тірі салмақтағы ет 2014 жылы 3,0 мың тоннадан 0,6 мың тоннаға, 2018 жылы 3,6 мың тоннаға дейін өседі; сүт 12 мың тоннадан 14,3 мың тоннаға 2,3 мың тоннаға; тауық жұмыртқасы 2014 жылы 3,8 млн. данадан 2018 жылы 3,9 млн. данаға дейін өседі.




Негізгі капиталға инвестициялар
2014 ж.болжам

5974,5 млн. теңге игерілетін болады, оның ішінде:

Жоғарғы тұрған бюджеттің қаржысы есебінен 2 518,4 млн.теңге

Кәсіпорындар және мекемелердің қаржысы есебінен 3456,1 млн.теңге



2015 ж. болжам

5741,2 млн. теңге игерілетін болады, оның ішінде:

Жоғарғы тұрған бюджеттің қаржысы есебінен 2 043,2 млн.теңге

Кәсіпорындар және мекемелердің қаржысы есебінен 3698,0 млн.тенге



2016 ж. болжам игерілетін болады, оның ішінде

6450,0 млн. теңге в том числе:

Жоғарғы тұрған бюджеттің қаржысы есебінен 2 493,0 млн.теңге

Кәсіпорындар және мекемелердің қаржысы есебінен 3957,0 млн.теңге


2017 ж. болжам

6866,1 млн. теңге игерілетін болады, оның ішінде в том числе:

Жоғарғы тұрған бюджеттің қаржысы есебінен 2 632,2 млн.теңге

Кәсіпорындар және мекемелердің қаржысы есебінен 4233,9 млн.теңге



2018 ж. болжам

7930,3 млн. теңге игерілетін болады, оның ішінде

Жоғарғы тұрған бюджеттің қаржысы есебінен 3 400,0 млн.теңге

Кәсіпорындар және мекемелердің қаржысы есебінен 4530,3 млн.теңге


3.5. Тұрғын үй құрылысы
Есіл ауданында тұрғын үй құрылысының негізгі мақсаты болып тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау және халықтың жекелеген топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Қойылған мақсаттра жету үшін келесі тапсырмаларды шешу жоспарланады:

- азаматтарға тұрғын үй құны бойынша қамтамасыз ету жүйесін тиімді жұмыс істейтін құру, нарықтық ұстанымдарға негізделген тұрғын үй нарығында тұрғын үй алу азаматтардың қаражаты және ұзақ мерзімді ипотекалық заемдардың есебінен;

- салаға және тұрғын үй нарығын дамыту үшін инвестицияларды енгізу жағдайларын жақсарту.

Құрылыс объектілері бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 2014 жылға ауданға жоғары бюджеттен трансферттер қажет:

1) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. үш 45 пәтерлі тұрғын үйлердің сметалық-жобалау құжаттарын қайта қолдануға - 15,0 млң теңге.

2) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. екі 45 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы – 600,0 млң теңге.

3) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. екі 45 пәтерлі тұрғын үйлерді абаттандыру және инженерлік желілер құрылысы - 60,0 млң теңге.

4) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. 280 орынға арналған бала бақша құрылысы – 300,0 млң теңге.

5) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. 250 барушыға емхана құрылысы – 1200,0 млң теңге

6) Есіл қ. Космонавтар көшесі– тақ тарабы, инженерлік-коммуникациялық желілер және жолдар құрылысы.

7) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. үш 45 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына сметалық-жобалау құжаттарын қайта қолдануға - 15,0 млң теңге.

8) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. Космонавтар көшесі 3, бойындағы 40 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіруге сметалық-жобалау әзірлеуге – 5,0 млң теңге.

9) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. 40 пәтерлі қалпына келтіріліп жатқан тұрғын үйге инженерлік желілер және абаттандыруға сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 5,0 млң теңге.

10) Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи с. сегіз 2 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы – 207,984 млң теңге.

11) Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи с. сегіз 2 пәтерлі тұрғын үйлерді абаттандыру және инженерлік желілер – 30,0 млң теңге.

12) «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. қазандық» құрылысына сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге - 40,0 млң теңге.

13) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. қашықтығы 30 км (қос құбыр) таратушы жылу желілері құрылысы үшін сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 6,1 млң теңге.

14) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. қазандық үшін «Красивинская» 110/10 кв. ҚС және 10 км ішкі электр желілерімен 35/10 ҚС құрылысы және қайта қалпына келтіруге – 4,3 млң теңге.

15) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. 73 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік желілер – 30,0 млң теңге.

Құрылыс объектілері бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 2015 жылға ауданға жоғары бюджеттен трансферттер қажет:

1) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. екі 45 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына – 600,0 млң теңге.

2) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. екі 45 пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілерге – 60,0 млң теңге.

3) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. Космонавтар көшесі 3, бойындағы 40 пәтерлі тұрғын үйді қайта қалпына келтіруге – 250,0 млң теңге.

4) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. Космонавтар көшесі 3, бойындағы қайта қалпына келтіріліп жатқан 40 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік желілерге – 25,0 млң теңге.

5) «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. қазандық» құрылысы – 500,0 мың теңге.

6) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. қашықтығы 30 км (қос құбыр) таратушы жылу желілері құрылысы – 2 кезек – 200,0 млң теңге.

7) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. қазандық үшін «Красивинская» 110/10 кв. ҚС және 10 км ішкі электр желілерімен 35/10 ҚС құрылысы және қайта қалпына келтіруге - 60,0 млң теңге.

8) Ақмола облысы Есіл ауданы Московский, Ковыльный, Жаныспай, Знаменка ауылдарының су тартқышын, топтық су тартқышын және таратушы желілерін қайта қалпына келтіруге сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 48,2 млн теңге.

9) «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. су құбырлары желілерін қайта қалпына келтіру» - 300,0 мың теңге.

Құрылыс объектілері бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 2016 жылға ауданға жоғары бюджеттен трансферттер қажет:

1) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. екі 45 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына - 600,0 млң теңге.

2) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. екі 45 пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына – 60,0 млң теңге.

3) Ақмола облысы Есіл ауданы Московский, Знаменка, Жаныспай, Ковыльный ау. су тартқышты, топтық су тартқышты және таратушы желілерді қайта қалпына келтіруге - 1000,0 мың теңге.

4) Есіл қ. орталық жалпы қалалық және ағын су канализациясы құрылысы үшін сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 48,2 млң теңге

5) Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ау. сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 9,8 млң теңге.

6) Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейный ау. сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 30,0млң теңге.

7)Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық с. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелеріне сметалық-жобалау құжаттарын әзіреуге – 8,3 млң теңге.

8) Ақмола облысы Есіл ауданы Речной с. сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 8,9 млң теңге.

9) Ақмола облысы Есіл ауданы Ярославка ау. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 9,6 млң теңге.

10) Ақмола облысы Есіл ауданы Курский ау. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге - 10,6 млң теңге.

11) Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ау. сумен қамту жүйелерінің қайта қалпына келтіруге сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 14,2 млң теңге.

12) Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи ау. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 15,61 млң теңге.

13) Ақмола облысы Есіл ауданы Игілік ау. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеуге – 7,52 млң теңге.

14) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. қазандық құрылысы – 2 кезек – 500,0 млң теңге.

15) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. қашықтығы 30 км (қос құбыр) таратушы жылу желілері құрылысы – 2 кезек – 200,0 млң теңге.

Құрылыс объектілері бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 2017 жылға ауданға жоғары бюджеттен трансферттер қажет:

1) Ақмола облысы Есіл ауданы Московский, Знаменка, Жаныспай, Ковыльный ау. су тартқышты, топтық су тартқышты және таратушы желілерді қайта қалпына келтіруге - 500,0 млң теңге.

2) Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қ. Мырзашев көшесі 45/1 бойындағы спорт кешені (модуль ) құрылысы – 1322,0 млң теңге.

3) Есіл қ. орталық жалпы қалалық және ағын су канализациясы құрылысы – 1000,0 млң теңге.

4) Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл с. сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге -300,0 млң теңге.

5) - 100,0 млң теңге.

6) Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық с. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге -300,0 млң теңге.

7) Ақмола облысы Есіл ауданы Речной с. сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге – 300,0 млң теңге.


Құрылыс объектілері бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 2018 жылға ауданға жоғары бюджеттен трансферттер қажет:

1) Есіл қ. орталық жалпы қалалық және ағын су канализациясы құрылысы – 1000,0 млң теңге.

2) Ақмола облысы Есіл ауданы Ярославка с. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге – 400,0 млң теңге.

3) Ақмола облысы Есіл ауданы Курский с. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге – 400,0 млң теңге.

4) Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка с. сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге - 500,0 млң теңге.

5) Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи с. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге – 900,0 млң теңге.

6) Ақмола облысы Есіл ауданы Игілік с. жерасты су көздерінен сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіруге – 200,0 млң теңге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет