Ақтауда өзіне қол жұмсамақ болып, артынша қашып кеткен 20 жастағы қыз аман-есен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан кадр
Облыстың полиция департаменті, қыздың не себепті өзін тастамақ болғанын хабарламады.
"Табылды, аман-есен және жағдайы жақсы. Туыстарына тапсырылды", – деді полиция.
Еске сала кетейік, бұған дейін полиция 20 жастағы бойжеткеннің тұрғын үй кешенінің терезесінен секіру әрекетінің алдын алған еді. Осы жағдайдан кейін ол үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Оқиғаның видеосы 3 наурыз күні ақтаулық желі парақшаларының бірінде жарияланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.