Жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат



жүктеу 369.41 Kb.
Дата16.05.2019
өлшемі369.41 Kb.
түріБағдарламасы

6. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын

орындаудың барысы туралы

талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) Шемонаиха аудандық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №18/6-V шешімімен бекітілген.

Бағдарлама әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқаттарының артуына және өңірдің қауіпсіздігін нығайтуға, өңірдің дамуының негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін ұстануға, қажетті ресурстар мен олардың көрсеткіштерін көрсете отырып, күтілетін нәтижелер деңгейін арттыруға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ауданды дамыту үрдісіне қатысушылардың қызметтерін қамтиды.

Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамыту Бағдарламасының нысаналы индикаторлары Бағдарламаға сәйкес жасалған. Сонымен қатар Бағдарламаның бөлімдері салалық басқармалармен келісілген.

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық даму 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Аумақты дамыту бағдарламасы жаңа редакцияда өңделді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес салалық басқармалармен келісілді.

Келесі басқармалармен нәтиже көрсеткіштері келісілді: ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау, ШҚО әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер бөлімі.

Шемонаиха ауданы әкімдігі қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижесі туралы қорытындыға сәйкес 2012 жылда ағымдағы және әлеуеттік проблемаларды көрсете отырып бағдарламаның «Ағдымдағы жағдайға талдау» бөлімі өзектендірілді.

Бағдарламаны іске асыруда бірнеше іс-шаралар бойынша қаржыландыру көлемі нақтыланды.

Бағдарламада 5 стратегиялық бағыттар, 30 мақсаттар, 36 нысаналы индикаторлар, 80 нәтиже көрсеткіштері қаралды. Олардың ішінде жыл қорытындысы бойынша орындалған нысаналы индикаторлары - 31 (86,1%), соңғы нәтижелер – 77 (96,2%).

2013 жылға арналған Бағдарламаны іске асырудағы Іс-шаралар жоспарында 11101,4 млн.теңгеге 142 іс-шараларды іске асыру қаралған, оның 9946,8 млн.теңгеге 136 (95,8 пайыз) іс-шарасы орындалды, оның ішінде «Өнеркәсіптерде, агроөнеркәсіптік кешендерде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, саудада, туристтік салаларда және қоршаған ортада жоғары өндірістік инновациялық технологияларды енгізу негізінде аудан экономикасын жедел дамыту» 1-бағытында жалпы сомасы 9670,5 млн.теңгеге 39 іс-шараларды іске асыру қаралған, «Әлеуметік сала мен адам әлеуетін дамыту, халықтың өмір сапасының деңгейін арттыру сапалы әлеуметтік қызметтердің барлдық түрлерімен қамтамасыз ету» 2- бағытында жалпы сомасы 727,9 млн.теңгеге 70 іс-шараларды іске асыру қаралған, «Сапалы тұрғын үй коммуналдық және транспорттық қызметтермен қамтамасыз ету және экономиканың үдемелі индустриалды дамуына қатысты инфрақұрылымдық кешендерді жаңғырту» 3-бағытында 686,5 млн.теңге сомаға 21 іс-шараларды іске асыру қаралған, «Аумақтық орналастыру» 4-бағытында 6,9 млн.теңге сомада 3 іс-шара қаралған, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» 5-бағытында 9,6 млн.теңгеге 12 іс-шаралар қаралған.0

Бағдарламаның бағыттары жөніндегі талдама қорытындылары келесідей сипатталады:



«Өнеркәсіптерде, агроөнеркәсіптік кешендерде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, саудада, туристтік салаларда және қоршаған ортада жоғары өндірістік инновациялық технологияларды енгізу негізінде аудан экономикасын жедел дамыту» 8 нысаналы индикатолрлар, 14 нәтиже көрсеткіштері қаралған, оның ішінде жылдың қорытындысында 6 нысаналы индикаторларға қол жеткізілді (75%), 13 нәтиже көрсеткіштері орындалды (93%). Бағдарламаны іске асырудағы іс-шаралар жоспарында 39 іс-шара қаралған, оның 33 іс - шарасы орындалған.

Өнеркәсіптің тұрақты және теңгерімдік дамуын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін 2 нысаналы индикаторлар, 2 нәтиже көрсеткіштері және 6 іс-шаралар қаралған. Жылдың қорытындысында 2нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді,5 іс-шаралар орындалды.

Қол жеткізілмеген мақсатты индикаторлар:

- «Өндіріс өнімінің табиғи көлем индексі» - өндіріс көлемінің төмендеу себептері- Николаевск кен байыту фабрикасын қайта құру;

- «Өңдеу өнеркәсібі өнімінің жалпы табиғи көлем индексі» - шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетінің төмен болуы.

2013 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі бағамен алғанда 26,67 млрд.теңге, 2012 жылмен салыстырғанда 96,7%, ТКИ – 75,9%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен өңдеулері – 15,56 млрд.теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 79,1%, ТКИ–69,9%, өңдеу өнеркәсібінде 10,23 млрд.теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 138,6%, ТКИ–104,3%.өндірістің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 38,4%. 2013 жылы іске асқан жобалар:

- «Кокжал бетон» ЖШС «Құрылыс материалдары және асфальт дайындау зауытының құрылысы», жобаның құны 70,0 млн.теңге;

- «Шағын құрама жем зауытының құрылысы», жобаның құны 80,0 млн.теңге.

Келесі жобалар іске асуда:

- Усть-Таловка к. Николаевский кен байыту фабрикасын қайта құру. Жобаның жалпы құны- 12595,5 млн.теңге. 36 құрал-жабдық алынды, цикл аралық флотацияны қайта құру және технологиялық жүйеге қосу жұмыстары жүргізілді, сорғы-гидроциклонды құрылғылар орнатылды.Нысанның дайындығы – 30%.Пайдалануға беру мерзімі – 2014 жылдың қазан айы.

- «Ұн-құрама жем комбинаты ЖШС өндірісін жаңғырту». Ағымдағы жағдай: жобаның бизнес-жоспары құрылды, жер телімі анықталды, «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несиелік желі ашуға келісім жасалды. 2013 жылдың маусым-желтоқсан айларында толық көлемде құрал-жабдық сатып алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 30% орындалды, ҚМЖ аяқталуы – 2014 жылдың 1 сәуірі.Жобаның құны 530,4 млн.теңге.

- «Ремдор» ЖШС құрылыс материалдарының өндірісі». Ағымдағы жағдай: бизнес-жоспар құрылды, карьер және құрылысқа жер телімі анықталды, құрал-жабдық сатып алынды. Жобаның құны 50 млн.теңге.

«Выдрихинское» ЖШС полиметалл кен орнын өңдеуге арналған рұқсат беру ресімдері өткізілді, пайдалануға арналған шартқа қол қойылмаған және Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде куәландыру сатысында.

Агроөнеркәсіп кешені бойынша 1 нысаналы индикатор, 5 нәтиже көрсеткіштері және 17 іс-шаралар қаралған.

2013 жылы 1 нысаналы индикаторға, 4 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. «Азық-түлік табиғи көлем индексі» индикаторына қол жеткізілмеді, себебі шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмендеді.

Осы мақсат бойынша 17 іс-шараны іске асыру қаралған, оның 15 іс-шарасы орындалды. Іс-шаралардың орындалмау себебі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге суғаратын су жеткізу қызметіне субсидияның бөлінбеуі, мал соятын алаңдардың болмауынан.

Мамандануы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы дамыған мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына бағытталған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім құрылымында өсімдік шаруашылығы 59,5%, мал шаруашылығы – 40,5% алады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 16009,4 млн.теңгені немесе 2012 жылғы ұқсас кезеңде 113,9 пайызды құрады, ТКИ – 102,7%.Мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6490,3 млн.теңгені құрады (2012 жылдың деңгейімен 110,7%), ТКИ-101,8%, өсімдік шаруашылығы– 9519,1 млн.теңге (116,2%), ТКИ–103,3.

Ет - 6,57 мың тонна өткен жылғы деңгейде 101,4%, сүт – 40,0 мың тонна (101,9 %), жұмыртқа – 8,2 млн дана (102,8%) өндірілді. Талданып отырған кезеңде ІҚМ бастары 25,7 мың басты құрады өткен 2012 жылдың деңгейімен 2,0% өсті, оның ішінде сиыр 10,36 мың басты немесе өткен жылғы кезеңде 107% құрады, шошқа – 20,4 мың бас (98,6%), ешкі және қой – 12,2 мың бас (101%), жылқы-3,0 мың бас (94,9%), құс–65,1 млн.бас (100,3 %)

Сүтті өнімдердің жоғарғы көрсеткіштеріне (бір жем сиырға 6 мың кг астам) «Камышинское» ш/қ және «Камышинское 2» ЖШС қол жеткізілді, аудандағы сүт беретін ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы олардың үлес салмағы 32%.

Сүтті мал шаруашылығы өнімінің өсуіне жақсы ұйымдастырылған селекциялық-тұқымды жұмыстар әсер етеді. Ауданның ауыл шаруашылығындағы тұқым базасы симментальды (қуқыл сары-тарғыл) және қара-тарғыл тұқымды өсіретін 5 тұқымды ауыл шаруашылығы құрылымдарынан тұрады.

Жүргізіліп жатқан селекциялы-тұқымды жұмыстар қолда бар тектік қорды сақтау және кеңейтуге, бар мал бастры өнімдерінің сапасын және тұқымын жақсартуға, оның ішінде шетелдік тектік қорды пайдалануға бағытталған, нәтижесінде жалпы үйір құрылымында тұқымды малдардың үлес салмағы 45 % құрайды.

2013 жылы ауданда мал шаруашылығын қолдау және дамытуға 343,3 млн.теңге көлемінде субсидия төленген.

Ауданда 4 тұқымды омарта карпат тұқымды аралар өсірумен айналысады. 2014 жылдың 1 қаңтарына 7199 ара ұялары бар (2012 жылы-7378 ара ұялары). 2013 жылдың қорытындысы бойынша бал өндіру 134 тоннаны құрады (2012 жылы –126 тонна). Ауданның мал шаруашылығы өнімдеріне мұқтаждығы толық қамтамасыз етілді.

2012 жылдың наурыз айынан бастап «Шемонаиха ауданының ветеринарлы қызметі» МКК жұмыс істейді. Аталған кәсіпорын ауыл шаруашылығы малдарына бруцеллезға серологиялық зерттеулер, дезинфекциялық, зпизоотикаға қарсы (екпе егу, тексеру, серологиялық зерттеулер) жүргізді. Таңба салынды, 12,1 мың басқа құжат берілді. 2013 жылға ветеринарлы-алдын-алу және тексеру іс-шараларының жоспары толық көлемде орындалды.

Ауданда 9 ветеринарлы пункттер ұйымдастырылған. Санитарлы-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету үшін 612 қаңғыбас иттер және 29 мысықтар жойылды.

Ауылдық округтерде мал басын көбейту бойынша тұрғындармен, сонымен қатар ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен халықты ірі және концентратталған жеммен, жасанды ұрықтандыру, жас малдарды сатып алу бойынша жұмыс жүргізілуде.Аталған іс-шараларды тек 2014 жылы орындау ІҚМ үйірін мыңнан артық астам басқа көбейтуге және мал шаруашылығы саласында барлық көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Өсімдік шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың негізгі іс-шаралары шаруашылықты ірілендіру, тұқым материалдарымен жұмыс істеуді кіріктіреді.Ауданның көптеген шаруашылықтарында севообороты сақталған.

Көктемгі егіс егу және астық жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу үшін ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарына 2013 жылы 310,6 млн.теңге субсидия берілді.

Ауданда 221,7 мың.га ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлер бар, оның ішінде 139,4 мың.га егістік, 64,6 мың га жайылым және 17,8 мың га шабындық.

Ауыл шаруашылығының барлық жерлері пайдаланылады тасталған және тыңайған жерлер жоқ.

2013 жылдың қорытындысы бойынша:

- Астық және астық бұршақтылар 78,4 мың га алаңнан жиналды, жалпы жинақ 159,2 мың тоннаны құрады, орташа түсім 20,3 ц/га (2012 жылы жалпы жинақ 115,3 мың тонна, орташа түсім 13,6 ц/га);

- картоп 1,66 мың га алаңнан жиналды, жалпы жинақ– 43,4 мың тонна, түсім 261,4 ц/га (2012 жылы жалпы жинақ 17,7 мың тонна, түсім 126,4 ц/га);

- күнбағыс 40,0 мың га алаңнан жиналды, жалпы жинақ-68,0 мың тонна, түсім 17,0 ц/га (2012 жылы жалпы жинақ 46,8 мың тонна, түсім 13,0 ц/га);

64,0 мың тонна шөп дайындалды, қажеттілік 56 мың тонна (114,3%), 13,0 мың тонна пішендеме (жоспардан 100%), 82,9 мың тонна сүр шөп, жоспарланғаннан 115,1% (жоспар 72 мың тонна) және 26,0 мың тонна (100%) сабан дайындалды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының 19,0 мың тонна тұқымы себілді, қажеттілік 18,0 мың тонна. Сұрыпқа және егістік сапасын тексеруге 11,8 мың тонна тұқым тапсырылды, олардың 2013 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайда 7,75 мың тонна тексерілді, оның ішінде І сынып – 60 тонна, ІІсынып – 4089 тонна, ІІІ сынып – 3604 тонна. 95,2 мың тонна сүдігер жыртылды. Күздік дақылдармен 2,5 мың га жер егілді, оның ішінде: 2,2 мың га алаңға қара бидай, күздік бидай 0,3 мың га.

Ауыл шаруашылығының шағын құрылымдарын ірілендіру аясында 2014 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтарының есебі 333 бірлікті құрады ( 2013 жылдың 1 қаңтарына - 447).

Ауданның ауыл шаруашылығын өндірушілері 1425,4 млн.теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде «КазАгорФинанс» АҚ арқылы 16 шаруашылық 802,0 млн.теңгеге 33 бірлік техника сатып алды.



Туризмді дамыту бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші және 5 іс-шара қаралған. Барлық жоспарланған индикторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Ауданның туристік әлеуеті қонақ үйлермен, «Ивушка» профилакториімен, Выдриха а. «Уба санаториі» КММ сипатталады. Ауданда барлығы 10 туристтік нысан қызмет етеді, оның ішінде тұру қызметін көрсететін 8 қонақ үй бар.

Қорытытынды бойынша туристтік қызметтердік көлемі – 56,35 млн.теңге, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (27,74 млн.теңге). Ішкі туризмнің келушілер саны 4315 адамды құрады және көшпелі туризм – 157 адам өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 62,2% және 49,5% өсті.

Қызмет көрсетілген келушілердің саны 4472 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,7% (2766 адам) өскен.

2013 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Шемонаиха қ. әрекет ететін қонақ үй кешенін кеңейту» жобасы жүзеге асты.

Ауданда су, жаяу жүру, палаткалық-тұрақ, тауға өрмелеу, ат туризмі, балық аулау жарысы сияқты туризм түрлерін дамытуға табиғи әлеует бар.

2013 жылы 1000 астам адам келесі іс-шараларға қатысқан: Уба өзенінде жүзу, бір күндік, үш күндік шаңғы тебу, «ЭкоГрин» МОО тау туризмінің техникасы бойынша семинарларға, шекаралық ынтымақтастық меморандумы аясында аудан балаларының халықаралық экологиялық «Дружба не знает границ» лагеріне саяхаты,«Золотая осень 2013» туристтік күресі, тренингтер, семинарлар.

2014 жылға «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Верх-Уба а. Уба және Лосиха өзендерінде қоғамдық демалу аймағын ұйымдастыру жобасы жоспарланған.



Аудан экономикасына инвестицияларды тарту және бизнес-климаттарын жақсарту және инновациялын дамыту мақсаттарына қол жеткізу үшін 2 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші және 2 іс-шара қаралған. Барлық жоспарланған индикторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2013 ж. қорытындысында аудан экономикасына 16234.9 млн.теңге инвестиция тартылды, немесе 2012 деңгейде 174,6%, оның ішінде кәсіпорындардың және ұйымдардың меншік қаражаттары – 14850,5 млн.теңге, борыш қаражаттар – 1030,3 млн.теңге, республикалық бюджет – 274,2 млн.теңге, жергілікті бюджет – 79,9 млн.теңге.

Аймақтың индустрияландыру картасы аясында инновациялы-инвестициялық жобалар жүзеге асты:

- «Триумф Агро» АТК «Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, жүзеге асыру» жобасы жүзеге асырылды өндірістің қуаттылығы тәулігіне 100 тонна.

2013 жылы кәсіпорын жалпы сомасы 1279,3 млн.теңгеге (124%) 13,0 мың тонна тазаланбаған күнбағыс майы және күнбағыс сығындысы шығарылды.

Жұмысшылардың тізімдік саны – 74 адам (107,2%), орташа айлық еңбекақы 47,1 мың теңге (103,0%).Кәсіпорының нақты жүктемесі – 80% (тәулігіне 80 тонна).

Жобаны толық қуатында қолданысқа енгізу бойынша қолданылатын шаралар: ауданның және облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен шикізат жеткізуге келісім-шарттар жасау, жабдықтарды жаңғырту, шикізат сатып алу көлемін арттыру.

-«Востоксельхозпродукт» ЖШС күнбағыс майын тазарту, дезодарациялау, ақтау және қаптау цехін жаңғырту» жобасының өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100 тонна.

2013 жылы жалпы сомасы 2688,44 млн.теңгеге (108%) 15,4 мың тонна өнім өндірілді. Жұмысшылардың тізімдік саны – 227 адам (өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,2 есе артық), орташа айлық еңбекақы 96,9 мың теңге (104,5%). Кәсіпорының нақты жүктемесі – 80% (тәулігіне 80 тонна).

Кәсіпорын өнім өндірудің көлемін ұлғайту үшін келесі жұмыстар атқаруда: егіс алаңдарын үлкейту, шикізат сатып алу көлемін арттыру.

Инвестициялық жобалар іске асырылды: «Камышенское» ШҚ «Шағын құрама жем зауытының құрылысы», «Кокжал бетон» ЖШС «Құрылыс материалдары және асфальт дайындау зауытының құрылысы».

Келесі жобалар жүзеге асуда: «Ремдор» ЖШС «Асфальт-бетон зауытының құрылысы», «Шемонаиха ұн комбинаты» ЖШС «Ұн және құрама жем өндірісінің құрал-жабдықтарын жаңғырту», Усть-Таловка кентінде Николаевский кен байыту фабрикасын қайта құру.



Ішкі сауданың динамикалық дамуы бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 9 іс-шара қаралған. Барлық жоспарланған индикторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2013 жылдың қорытындысында жекелеген тауар айналымның көлемі 8333,0 млн..теңге немесе 2012 жылғы деңгейге 117,2%.

Салық Басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылы ауданда шағын бизнес субъектілері 3999 бірлікті құрады (2012 жылы-3652 бірлік), оның ішінде заңды тұлғалар үлесі 452 бірл. (11,3%), жеке кәсіпкерлер – 3227 бірл. (80,7%) және шаруа қожалықтары – 320 бірл. (8%).

2014 жылдың 1 қаңтарына әрекет ететін кәсіпорындар саны – 147 бірл., 2012 жылдың деңгейіне 105,8%, оның ішінде белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілері – 140 бірлік, өткен жылмен салыстырғанда өсім 7,7% (130 бірл.).

Келесі бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: Жұмыспен қамту 2020, Бизнестің жол картасы 2020, Өнімділік 2020.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты аясында жалпы сомасы 305,3 млн.теңге 73 шағын несие (111 қатысушыға) берілді: мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ара шаруашылығын дамытуға, жолаушылар және жүк тасымалы, таксиді дамыту, техникалық қызмет көрсету стансаларын, корпусты жиһаз дайындау цехын, шаштараз, салон кеңейту, шағын қонақ үй кешенін ашу. 66 жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» аясында келесі жобалар жүзеге асуда:

- «Ремдор» ЖШС «Құрылыс материалдарын өндіру»;

- «Ұн-құрама жем комбинаты ЖШС өндірісін жаңғырту»;

- «Шемонаиха қаласында шекаралық ынтымақтастыққа арналған агроөнеркәсіптік кешен, көлік-логистикалық орталық салу».

2013 жылдың наурыз айынан бастап аудан бойынша «Фермерлікті және кәсіпкерлікті қолдау орталығы» жұмыс істейді.Орталық тұрғындарға Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, туындаған сұрақтарға, оның ішінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша семинарлар кеңестер берілуде.

ШҚО бойынша «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау орталығы» АҚ қордың аймақтық филиалының өкілдерінің, аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен кеңестер өткізілді.Кеңесте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жұмысының негізгі кезеңдері, жүзеге асырудағы проблемалар, кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер көрсетілді.



2 стратегиялық бағыт. «Әлеуметік сала мен адам әлеуетін дамыту, халықтың өмір сапасының деңгейін арттыру сапалы әлеуметтік қызметтердің барлдық түрлерімен қамтамасыз ету» бойынша 15 нысаналы индикатор, 48 нәтиже көрсеткіштері қаралаған, олардан жылдың қорытындысы бойынша 13 (86,7%) нысаналы индикаторлар, 47 (98%) нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында іске асырылуға 70 іс-шаралар қаралған, оның 69-ы орындалған.

Балалар мүдделерін заңмен қорғау және құқықтық қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыру, білімге тартымдылықтарын, қол жетімділіктерін, сапасын жақсарту мақсатына қол жеткізу үшін 2 нысаналы индикатор, 8 нәтиже көрсеткіштері және 17 іс-шаралар қаралған.1 іс - шара орындалмады.

Ауданда 5136 оқушыны қамтитын 25 жалпы білім беретін орта мектептері, 1603 баланы қамтитын 3 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді, ол жалпы оқушылар санынан 31,2% құрайды, мектепке дейінгі 882 баламен қамтылған 3 балабақша, «Мектеп-балабақша» 5 кешен – 349 мектепке дейінгі балалар, 664 қамтылған 15 шағын-орталықтар (20 топ), балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 100% құрайды (2012 жылы – 89,1%).

2012-2013 оқу жылдарында пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейі 46,9% құрайды, ол 2010-2011 оқу жылынан 5,5 пайызға жоғары (2010-2011 оқу жылында – 41,4%).

Аз қамтылған отбасылардан 350 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, 6446,0 мың теңге игерілді. Балаларды тасымалдауға 13 автобус бөлінген, 488 бала тасымалданады.

Бастауыш сынып оқушылары, аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларының, ата-анасының қарауынсыз қалған оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Ауданның барлық мектептері Интернет желісіне қосылған, оның ішінде 13 мектепте (барлық мектептер санынан 52%) кепілденген жылдам кең жолақты Интернет бар.

Лигнафонды мультимедиялы кабинеттермен жабдықталған мектептер үлесі 48% құрайды, химия – 47,8 %, биология -39,1 %, физика-56,5 %. Ауданның үш орта мектебі 2012 жылдың электронды оқыту жүйесі жобасында әрекет етеді.

25 мектептен 18 мектепте спорт зал, 22 спорт алаңдары, Шемонаиха қ. және Первомайский кентінде 2 шаңғы базасы, жасанды жабынмен 8 футбол алаңы, оның ішінде 2013 жылы орнатылған 5 футбол алаңы бар.

Шығармашылық үйінің жанында 51 баланы қамтитын «Смена», «Олимп» 2 аула клубы бар.

5136 оқушыдан 1798 оқушы спорт секцияларына барады. Мектептерде спорт секциялары және оқушылардың қозғалу белсенділігін арттыратын қосымша сабақтар спорт залының мүмкіндігіне байланысты екінші ауысымда толық көлемде жұмыс істейді.

Дене шынықтыру сабағының мұғалімдері өздеріне бекітілген спорт нысандарында аптасына 3 рет жастармен спортпен шұғылдану сабақтарын өткізеді.

2013-2014 оқу жылдары 624 оқытушыдан 113 оқытушыда жоғарғы санаттары бар (18,1%), бірінші санаттағылар – 228 (36,5%), екінші санаттағылар – 168 (26,3 %), санат алмағандар – 115 (18,4%). 2013 жылы 56 оқытушы кембридждік университетінің бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Материалды-техникалық базаны жақсарту үшін ауданның білім нысандарына 58,1 млн.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 8,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен 3,0 млн.теңге, аудандық бюджеттен 46,5 млн.теңге.

Білім мекемелерінде республикалық бюджеттен 2,6 млн.теңгеге 2 пән кабинеттері (химия), балабақшаларға ойыншықтар, облыстық бюджеттен 3,0 млн.теңгеге арнайы шаңғылар, доптаяқтар, аудандық бюджеттен 41,3 млн.теңгеге – электрлы сорғыш және қазан, музыкалық аспап, копьютерлік құрылғы, спорттық және шаруашылық құрал-жабдық, кеңселік мүлік, еңбек кабинеттеріне, балабақшаларға, мектеп асханаларына, медициналық кабинеттерге құрал-жабдықтар, бағдарламалық өнім, мемлекеттік рәміздер, 2 мектеп автобустары алынды.

2013 жылдың тамыз айында Шемонаиха қаласында 320 орынға арналған орта мектеп және 100 орынға арналған интернат пайдалануға берілді.

Келесі құрылыстар аяқталды:

Зевакино ауылындағы мектептің бір бөлігін 2 топқа арналған балабақшаға қайта салу аяқталды.

Шемонаиха қаласында 40 орынға арналған 2 топтық жеке меншік балабақша құрылысы.

Білім беру объектілерінің құрылысы жалғасуда: Пруггерово, Октябрьское, Медведка ауылдарындағы, Шемонаиха қаласындағы 280 орынға арналған балабақша құрылысы.

2014 жылы жоспарда Верх-Уба ауылында орта мектеп құрылысын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттар дайындалуда.

2014-2015 жылдарда оқушылар санын арттыру және қосымша бөлімшелерді кеңейту мақсатында қолда бар бөлімшелерде «Өнер мектебі» КМҚК ашу жоспарлануда:

- Верх-Уба а. сурет салу бөлімшесі – 20 оқушы;

- Выдриха а. музыкалық бөлімше – 10 оқушы, хареография – 20, сурет өнері – 20 оқушы;

- Октябрьский а. ССӨ – 20 оқушы;

- Первомайский к. ән – күй бөлімшесі – 10 оқушы;

- Усть-Таловка к. шығармашылық фотолар мен видео түсірілімдер – 6 оқушы.



Аудан халқының денсаулығын сақтау және нығайту мақсаты бойынша 3 нысаналы индикатор, 21 нәтиже көрсеткіштері және 4 іс-шараны іске асыру қаралған. Жылдың қорытындысында 3 нысаналы индикаторға, 20 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді, 4 іс-шара орындалды.

Науқастардың медициналық көмекке уақытында жүгінбеуінен, тексеруден өтуден және уақытында емделуден бас тарту, аурулардың алғашқы сатыларын құпия сақтаудың нәтижелерінен онкологиялық науқастанғандардың өлім санының артуынан көрсеткіш төмендемеді.

Шемонаиха ауданының халқына Елбасының «Қазақстан 2050» стратегиясы» Жолдауына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 жылғы № 193-4 ҚР Кодексіне, ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес медициналық көмектер көрсетіледі.

Халықтың медициналық қызметтің сапасына қанағаттану деңгейі 85% құрайды.

2012 жылдағы аудан халқының орташа өмір сүру деңгейі 67,6 жасты құрады, ол ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР нысаналы индикаторынан төмен. Болжалды мәліметтер бойынша жалпы өлім деңгейі – 15,9, 2013 жылы өлімнің абсолюттік саны 740 жағдайды құрады неме 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 89%. Өлім-жітім құрылымындағы көп жылдар бойы бірінші болып тіркелетін өлім түрі қан айналым жүйесінің аурулары (ҚЖА), 2-3 орында кезекпен жарақаттану мен улану және қатерлі ісік.Аналар өлімі тіркелмеген. Нәресте өлімі азайды: 2013 жылдың көрсеткіші 12,9 (8 жағдай), 2012 жылы–15,2 (9 жағдай), сонымен қатар бала өлімі азайды (0 және 5 жас аралығы) 2012 жылы 3,9-дан (12 жағдай) 2013 жылы 2,6-ға (8 жағдай) дейін. Ана және бала денсаулығын жақсарту мақсатында келесі бағдарламаларды енгізу жалғасады: емшекпен емізуді қолдау және ынталандыру,тек емшекпен еметін 6 айға дейінгі балалар үлесін арттыру, қауіпсіз аналық, перинаталды көмекті аймақтандыру, балалар ауруын жүргізуді біріктіру.

Әлеуметтік - маңызы бар ауруларды азайту – денсаулық сақтау саласындағы басымды міндеттердің бірі. Сүт бездерінің ісігін ерте сатыда анықтау болжамға жетіп 76,9% құрады. Онкологиялық ауруларды, оның ішінде сүт безінің және жатыр мойнының ісігін алғашқы сатыда (1-2 саты), қан айналымы жүйесі ауыратын ауруларды анықтауды жоғарылату үшін скринингтік зерттеулер және уақытында емдеу үшін профилактиклық тексерулер жүргізіледі.

Өткен жылмен салыстырғанда туберкулез ауруларының деңгейі «туберкулез қауіпіне арналған топтар» тұлғаларды флюрозерттеуден өткізуге тарту бойынша АМЖЖ медициналық қызметкерлірінің белсенді жұмыстарының есебінен 100 мың адамға 74,7 (2012 жылы –92,1) дейін азайды. Туберкулезбен ауыратын науқастар толық көлемде әлеуметтік пакетпен қамтылды (тамақтану және жол жеңілдіктері). 2013 жылы жалпы халық санынан скрингтік тексеруден өткендер 41,4 пайызды құрады, барлық нозологиялар бойынша 100 пайыз. 15-49 жас аралағындағы ВИЧ инфекциясын таратуды азайту болжанған шеңберде 0,2-0,6 пайыз. Әлеуметтік-маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар тегін, жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз етілген.

Жыл сайын госпитализациялау деңгейі азаюда, 2012 жылмен салыстырғанда 321 жағдайға азайды. АМСК мамандарының жалпы санынан жалпы тәжірибесі бар дәрігерлердің үлес салмағы 42,9 пайыз. Біліктілік санаттары бар дәрігерлердің үлес салмағы 53,2 пайыз, орташа медқызметкерлер – 44,7 пайыз.

Өкінішке орай дәрігерлер кадрларының тапшылығы сақталуда, осыған байланысты мектеп бітірушілерімен, ЖОО, мед.колледждер студенттерімен кәсіби бағыт беретін жұмыстар жүргізілуде.

Аудандағы емдеу мекемелеріне 35,8 млн.теңгеге: центрифуга, ЭКГ аппараты, жаңа туған нәрестелерге ИВЛ аппараты, алыстан басқарылатын рентгент құрылғысы, радиологиялық санды жүйе сатып алынған. Келесі жұмыс түрлері жүргізілді: жылыту жүйелерін ауыстыру, шатырды жабу (Зевакино а.), перзентхана, гинекология, балалар бөлімдерін жөндеу, мәйітханаға жылу жүйесін, дезинфекциялық камерада регистртарды ауыстыру, орталық аудандық аурухананың қазандығында ысырмаларды тексеру және ауыстыру, бөлімшелерде, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың бөлімшелерінде ағымдағы жөндеу.

2014 жылы Сугатовка, Выдриха ауылдарына дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарланған.

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша 3 нысаналы индикатор, 8 нәтиже көрсеткіштері және 9 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында барлық индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру есебінен жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендеді.2013 жылы атаулы әлеуметтік көмек 233 адамға, мемлекеттік жәрдемақы 178 балаға төленді, тұрғын үй көмегін 721 отбасы алған, ауданның ұйымдарына қоғамдық жұмыстарға 314 адам жіберілді, кәсіби даярлық бойынша 41 жұмыссыз азаматтар келесі мамандықтар бойынша оқытылған: тракторист-машинист, аспазшы, тігінші. Жастар тәжірибесіне 20 жас маман қатысты, әлеуметтік жұмыс орындарына 18 жұмыссыз адам жіберілді. Талданып отырған кезеңде жұмыспен қамту қызметінде есепте тұрған 147 жұмыссыз Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушысы болды. 31 туберкулезбен аурыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсетілді, аудан әкімінің кездесуіне 25 әйел, 50 ауданның құрметті азаматтары, экстрималды жағдайдағы 28 адам әлеуметтік қолдаулар алды, уақытында ҰОСҚжәне мүгедектер, Чернобыль АЭС атомын жоюға қатысушыларға әлеуметтік көмектер төленді.



Отандық мәдениетті насихаттау, жариялау және сақтау бойынша 1 нысаналы индикатор, 4 іс-шараны іске асыру қаралған. Жылдың қорытындысында нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шара орындалды.

Аудан халқын мәдениет саласында сапалы қызметтермен қамтамасыз ету деңгейіне қол жеткізілді.

2013 жылдың ағымында аудан аумағында мәдениет ұйымдарының кең желісі жұмыс істеді: 19 кітапханалар, 16 мәдени мекемелер, Достық үйі, тарихи-өлкетану мұражайы. Бұл барлық тілек білдірушілердің тарихи – мәдени мұраларын кеңейтуге мүмкіндік берді.

2013 жылы барлығы 191379 адамды қамтитын 5090 мәдени-бұқаралық және қоғамдық – саяси іс-шаралар өткізілді, ол 2012 жыл деңгейіне сәйкесінше 11,5% және 27,5% құрады. 2014 жылдың 1 қаңтарына мәдениет саласы қызмет етуі үшін бөлінген қаржы көлемі 147597,2 мың теңге. Өңірдің мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдарда тұрақты дамуда. Оқырмандар саны – 15,4 мың адам, берілген кітаптар саны – 332,9 мың дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде – 24,5 дана кітап, келушілер саны – 115,1 мың адам. Кітапхана қорына 9,2 мың дан кітап түсті, оның ішінде мемлекеттік тілде – 5,7 мың дана кітап. Мерзімдік басылымдарға 1164,8 мың теңгеге жазылулар жүргізілді. Тарихи – өлкетану мұражайына келушілер саны – 9249 адамды құрады, 286 іс-шаралар өткізілді (дәрістер, көрмелер, саяхаттар). Жыл басынан бастап мұражай қорында 691 бірлік заттар ресімделді. Барлық іс-шаралар уақытылы БАҚ, аудан әкімінің сайтына жарияланады. Әкімнің сайты 197 материалмен толықты, бұқаралық ақпарат құраллдарында 56 мақала жарияланды. Халықаралық, республикалық, конкурстарға қатсушы лауреаттар мен дипломаттардың саны 20 адамды құрады, ол 2012 жылдың көрсеткішінен екі есе артық (10 адам).

Мәдениет мекемелерінің техникалық – материалдық базасы жылдан жылға жақсаруда. Зевакино, Рулиха, Белый Камень және Сугатовка мәдениет үйлерінде 2500,0 мың теңгеге музыкалық аспап, аудандық Мәдениет үйіне 1000,0 мың теңгеге сахнаға арналған костюмдер, 155 мың теңгеге орындықтар,450 мың теңгеге мемлекеттік рәміздер алынды.

2013 жылы Аудандық Достық үйінің этномәдени бірлестіктеріне 998,0 мың теңгеге 36 дана сахнаға арналған костюмдер, 70,0 мың теңгеге кеңселік шкафтар сатып алынды. Ауданда Мемлекеттік ескерткіштер тізіліміне енген 33 жергілікті маңызыбар ескерткіштер бар. Барлық балансұстаушылармен қорғау міндеттері жасалған. Сәулеттерді қорғау ордерлерінің нөмірлерімен кестешелер ілінген. Аудандағы ескерткіштерге күтім жасау ауылдық округтер мен орта мектептерге жүктелген.



«Халықтың лингвистикалық капиталы мен мемлекеттік тілді дамыту» мақсаты бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 6 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Мемлекеттік тілді (мемлекеттік және басқа тілдерді) қолдану және дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аудандық мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығымен барлық тұрғындар санаттарына оқытуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады, мемлекеттік тілді 177 тыңдарман оқуда, олардың 56 мемлекеттік қызметкерлер. Аулдық округтер әкімдерінің аппаратында қазақ тілін оқытатын 9 үйірме жұмыс істейді.Онда 85 тыңдарман оқиды, олардың 36 мемлекеттік қызметкерлер. Бүгінгі күні жалпы ауданда білім беретін орта мектептерді, мекемелерді, ұйымдарды және кәсіпорындарды қосқанда мемлекеттік тілді оқу үрдісіне 1149 адам тартылған.

Ауданда тіл саясаты жөніндегі ақпараттық орталықтың рөлін атқарушы мемлекеттік органдар сайты жұмыс істейді. 2013 жылы аудан әкімінің сайтында 27 мақала жарияланған. 3 бұқаралық ақпарат құралдары, 1 мемлекеттік тілдегі «Шемонаиха тынысы», 2 орыс тіліндегі «Уба информ», «Сегодня» шығады. 2013 жылы жергілікті БАҚ тіл саясатын насихаттайтын 62 мақала жарияланған.Ауданда құжат айналымда қазақ тілінің үлесі 86,8% құрады (2012 жылы-85%).

Әрекеттегі заңнамаға сәйкес, мемлекеттік тілмен қатар қоғамдық өмірдің барлық саласында ресми түрде орыс тілі қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталып дамуда. Сонымен қатар ағылшын тілін оқыту үшін жағдай жасалуда. Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында ағылшын тілін оқытатын 2 бастауыш және 1 жалғастырушы топтар жұмыс істейді, оқушылар саны 25 адам. Ағылшын тілін оқу ауданның барлық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына міндетті. Ана тілін және басқа тілдерді үйрену үшін ауданның жалпы білім беретін мектептерінде жексенбілік мектептер және үйірмелер құрылған. Мысалы, Гагарин атындағы орта мектеп негізінде 10 жылдан артық неміс мәдени орталығы 15 адамға ана тілдерін оқытады («Возрождение» қоғамы).Сонымен қатар, есепті кезеңнің қыркүйек айында Достық үйінің негізінде этномәдени бірлестіктердің басшыларына және белсенді мүшелеріне мемлекеттік тілді меңгеру үшін жағдай жсалған, тыңдармандар саны 15.

Бұқаралық спортты және жоғары нәтижедегі спортты дамыту бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 15 іс-шараны іске асыру қаралған. Жылдың қорытындысында жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді,іс-шаралар орындалды.

Ауданда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 11084 адам (халық санынан 24 пайыз).

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтарындағы Қазақстан халқына «Қазақстанның жаңа он жылдығы – жаңа экономикалық өрлеуі – жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес, Шемонаиха ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 2015 жылда аудан халқының жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар саны 30 пайызға арту жоспарлануда. ДШ және С бөлімінің желісі бойынша 2013 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға және спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізуге аудандық бюджеттен 3 шығын бағдарламасы бойынша 11431 мың теңге бөлінген. Ауданның ДШ және С бөлімінің спорттық бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес ББ және БЖСМ және басқа да әлеуметтік салалардағы бөлімдермен бірлесе отырып 10850 адамды қамтыған 160 спорттық бұқаралық шаралар өткізілді.

Дене шынықтыру сабақтарын өткізу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу үшін ауданда 92 спорттық ғимараттар жұмыс істейді, оның ішінде 3 стадион, 23 спорт залы, 2 спорттық кешен, жеңіл атлетикалық манеж, 3 шаңғы базасы, 4 атқыш тирі, 28 спорт алаңдары, 15 футбол және шағын-футбол алаңдары, 5 жүгіретін жолы бар футбол алаңдары, 2 хоккей қорабы, 3 атлетикалық гимнастика залы, аэробика және күрес залы, «Самсон» аула клубы бар, оның ішінде 2013 жыл көлемінде жасанды жабынмен қапталған 5 шағын футбол алаңы орнатылған: Шемонаиха қ., Волчанка а., тірек ауылдар бағдарламасы бойынша: Камышинка, Верх-Уба, выдриха ауылдарында.

2014 жылы шағын қалаларды дамыту аясында Шемонаиха қ. спорт модулінің құрылысы басталады, мемлекеттік сараптамадан өткен ЖСҚ бар.

Болашақта Шемонаиха қаласында «Корпорация «Казахмыс» ЖШС меморандумның әлеуметтік жауапкершілігі аясында жабық хоккей модулінің құрылысы, Первомайский кентінде жасанды жабынмен спорт алаңының құрылысы жоспарланған.Қазіргі уақытта спорттық ғимараттардың жүктемелілігі 100 пайызды құрайды.



Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету және қазақстандық ұлтжандылықты нығайту бойынша 1 нысаналы индикатор, 4 нәтиже көрсеткіштері және 6 іс-шараны іске асыру қаралған. Жылдың қорытындысында жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Ақпараттық – насихаттау жұмыстары үш бағытта жүргізілуде: ақпараттық – имидждік, ақпараттық – бұқаралық, әдістемелік -салыстармалық. Осы бағдарламалардың аясында келесі шаралар өткізілді: 5 пресс-конференциялар, брифингтер, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру аясында 3 аудандық және 2 облыстық газеттерде медиа-жоспарлар іске асырылуда. 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Президенттің Жолдауының негізгі бағыттары бойынша 181 материал жарияланды.

Түсіндірме жұмыстарын 26 ақпараттық – насихаттау топтары өткізеді 117 адамды қамтыған ұш мыңнан астам кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Достық үйінің негізінде "Қазақ тілі" қоғамы мен 9 ұлттық мәдени бірлестіктері жұмыс істейді, олар 31 іс-шаралар өткізді. Әлемдік діндердің дәстүрін тану мақсатында "Дүниетаным-Мировоззрение" қоғамдық-саяси клубы тұрақты негізде жұмыс істейді. Ауданда 9 ХСБ тіркелген, 7 ХСБ белсенді түрде жұмыс істейді, 9 діни бірлестіктер әрекет етеді.

425,9 мың теңге сомаға әлеуметтік-маңызы бар жобаларды іске асыруда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орналастырылған, бұдан басқа әлеуметтік – маңызы бар жобалар аясында әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жалпы сомасы 2966,0 мың теңгеге жастарға арналған 4 әлеуметтік қызметтер құрылған және жұмыс істейді. Астананың 15 жылдығы, Қазақстан футболының 100 жылдығы, Шемонаиха ауданының құрылғанына 85 жыл, жазушы-жерлесіміз А.Ивановтың туылғанына 85 жыл, Выдриха ауылының 25 жылдығын атау барысында 225 мың адамды қамтыған қоғамдық мәні бар, мәдени – бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 460 млн.теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» арналған Екінші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында бекітілген шарттарды іске асыру барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің шекаралық аудандарының арасында Алтай өлкесінің шығармашылық ұжымдарымен кездесулер, «Өз үйіңнен баста» акциясы аясында шекаралық аумақтардың оқушылар делегацияларымен тәжірибе алмасулар, редакция ұжымдарымен газеттерге шекаралық аумақтардағы өңірлік мәселелерді талқылау жөнінде материалдар жариялау. Атқарылған жұмыстардың жалпы қорытындысы – қоғамдық – саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтжандылық деңгейін арттыру, азаматтардың әлеуметтік сенімдерін, ақпараттық өнімдерге қажеттілік және бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Көшелерде және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіптерді сақтауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйелерін дамыту, қылмыстарды ашу, сонымен қатар заңсыз нашақорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау бойынша 1 нысаналы индикатор, 4 нәтиже көрсеткіштері және 4 іс-шара іске асырылуға қаралған. Жылдың қорытындысында жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының ішкі істер бөліміне басқа да мемлекеттік құрылымдардың өзара көмегі ретінде қабылданған ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралардың нәтижесінде Шемонаиха ауданныың аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында қаралған барлық индикаторларға, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарының алдын алу және оларды ескерту мақсатында жол полициясының желілерінде ауқымды жұмыстар атқарылды, жол қозғалысына қатысушылардың тәртіптерін нығайту, осыған байланысты аудан аумағында ЖКО былтырғы жыл деңгейінде қалды–28,сонымен қатар ЖКО адам өлімі 6 адамға азайды (8 ден 2). ЖЖЕ 817 бұзушылар анықталды, оның ішінде 114 – автокөліктерді мас күйінде басқару. «Қауіпсіз жол», "Қауіпсіздік аптасы», «Стробоскоп», «Автобус» ЖПІ өткізілді. Жол жүру ережелерін бұзуды белгілейтін және бақылауға алатын техникалық құралдарды кеңінен енгізу қажет. Қоғамдық жерлерде және қаланың автожолдарында бейнебақылау жүйесін енгізу қажет, нәтижесінде қылмыстарды ашу жеделдейді. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін көтеру үшін бақылау және жол қозғалысын реттеудің қазіргі заманға сай техникалық құралдарын пайдалану қажет.

"Пәтер", "Тонауға қарсы", "Автомобиль", "Колесо", "Скотокрад" мүліктік қылмыстарды ашу бойынша арнайы операциялар мен жедел-алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілді, оның барысында 4 пәтер тонаулар, 3 тонау, 2 автокөлік ұрлау және 3 мал ұрлау қылмыстарын ашылды.

Халықтың ішкі істер органдарының қызметтеріне сенімділіктерін арттыруға қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік құрылымдармен, тұрғындардың көп бөлігін қоғамдық тәртіптерді қорғауға, қоғамдық құрылымдардың қызметтерін ынталандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамытуға тарту жолымен өзара әрекеттестікті құру қажет. Бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы азаматтарды құқықтық тәрбиелеу, тұрғындар арасында қылмыс пен оның түрлерінің орын алуына жауапкершілік туралы кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы заңнамалар нормаларын түсіндіру жұмысын жандандыру.

Адамдардың өмірін құтқару, ескерту, дүниежүзілік және әскери уақытта жедел табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу және ауыртпашылықтарды азайту бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші, 4 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша 1 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді, 4 іс-шара орындалды.

«Төтенше жағдайлардан адамдар және материалдық жоғалтуларды азайту» нысаналы индикаторына өткен жылмен салыстырғанда материалдық шығындарды жоғалтудың артуына байланысты қол жеткізілмеді.

Талданып отырған кезеңде табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ жедел әрекет ету барысында гидротехникалық ғимараттарды тексеруден басқа (олар облыстың коммуналды меншігіне берілгендіктен) халықтың тіршілік қауіпсіздіктеріне арналған барлық жоспарланған іс-шаралар өткізіліп, келесі нәтижелерге қол жеткізілді: ТЖ жанында жедел әрекет етудің мобильді тобы құрылды, құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізу үшін 2 бірлік техника сатып алынды, ТЖ тап болған тұрғындарды құтқаруға ауданның ТЖБ 2 бірлік жоғары сынамалы техника (нива және ЗИЛ 131) сатып алынды, жол-көпір қызметі құрылымын жарақтандыру үшін құрал-жабдық алынды, Первомайский кентінің Ново Ильинка және Барашки ауылдарына кіре беріс жерде 2 су өткізгіш қалпына келтірілді, Верх-Уба және Выдриха ауылардында өзен арнасын тазалау және өзен жағасына түзетулер жүргізілді. Красная Шемонаиха және Зевакино ауылдарында өртке қарсы күзет орнын құру үшін ауданның ТЖБ екі жасақталған өрт сөндіру машинасы берілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаттық қорының ақпараттық әлеуетін дамыту және оларды мәңгі сақтау үшін жағдайлар жасау; барлық санаттағы тұтынушылардың қажеттіліктерін сапалы қызметтермен қанағаттандыру; ақпараттарды алуға және қолдануға азаматтардың құқықтарын іске асыру бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 іс-шара жоспарланған. Жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілді, іс-шара орындалды.

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұранымдарды орындау мемлекеттік мұрағаттың негізгі бағытының бірі болып табылады. Есептік кезеңде мемлекеттік мұрағатпен 1998 сұраным орындалды, оның ішінде консульдық – 5 сұраныс, Қазақстан Республикасының азаматтарына 1529 сұраныс, ТМД азаматтарынан – 464 сұраныс. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қанағаттандыру үшін Қазақстан және Ресейдің зейнетақы қорларымен тығыз байланыс орнатылды. Әлеуметтік-құқықтық сұранымдардың тақырыптары әр түрлі: 2013 жылы жалақы төлеу туралы 268 сұраным, жұмыс өтілін растайтын 1146 сұраным, тұрғылықты жері туралы 129 сұраным, білім туралы 99 сұраным, тақырыптық сұраным – 112, басқа да сұрақтар – 244 сұраным орындалды.Сұранымдар мұрағатқа жүгінген кезде, пошта арқылы, электронды пошта арқылы, ХҚКО арқылы орындалды.



3 стратегиялық бағыт: Сапалы тұрғын үй коммуналдық және транспорттық қызметтермен қамтамасыз ету және экономиканың үдемелі индустриалды дамуына қатысты инфрақұрылымдық кешендерді жаңғырту бойынша 10 нысаналы индикаторлар, 12 нәтиже көрсеткіштері қаралған, олардан жылдың қорытындысында 9 (90%) нысаналы индикаторға, 10 (83,3%) нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 21 іс-шаралар қаралды, олар 95,2% (20) орындалды.

Халықты қол жетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізу үшін 1 нысаналы индикатор, 3 нәтиже көрсеткіштері, 4 іс-шаралар қаралған. Жылдың қорытындысында барлық жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Байланыс және коммуникация саласында халықты сапалы қызметтермен қамтамасыз ету деңгейіне қол жеткізілді.

Шемонаиха ауданында барлығы 39 елді мекендер бар, олардың 39 телефонмен қамтамасыз етілген (100%). Ауданда телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 2 кәсіпорын жұмыс істейді. Аудандағы телефондау деңгейі 100 % құрайды. Аудан аумағында Beeline, K-Cell ұялы телефон байланыстарының операторлары жұмыс істейді. Ұлы телефон байланысы аудандағы 26 елді мекендерде жұмыс істейді, 1000 тұрғыны бар елді мекендерді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету 100% құрайды. 2013 жылы Рассыпное а. Мобильды байланыс орнатылды.



Байланыс қызметтерінің құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру бойынша 1 нысаналы индикатор қаралған, ол 100 % орындалды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 4446,1 млрд.теңге, өткен жылдың тиісті кезеңінен өсім 75,1%.

2013 жылы құрылысы аяқталды: Шемонаиха қ. 100 орынды интернатымен бірге 320 орынға арналған орта мектеп; жалпы алаңы 2337 шаршы метр 30 пәтерлі коммуналды тұрғын үй; Шемонаиха қ. Теміржолшылар кентінде 2 көтерме сорғы станциясын және таза су резервуарын салу, Камышинка а. 11 жеке үй (880 ш.метр) және жеке үй құрылысы жүргізілді.

Қайта құру жүргізілді: Зевакино ауылындағы мектептің бір бөлігін 2 топқа арналған балабақшаға қайта салу; Шемонаиха қ. Железнодорожник кентінде тұрғын үйді 2 топтық балабақша құрылысы.

Жатақханалар сатып алынды: Шемонаиха қ. – жалпы алаңы 2129,65 ш. метр болатын 50 пәтер, выдриха а. – 16 пәтер (1006,6 ш.метр)

2013 жылы құрылысы басталды: Пруггерово, Октябрьское, Медведка ауылдарындағы мектептер, Шемонаиха қаласындағы 280 орынға арналған балабақша құрылысы.



Тұрғын үйге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша 1 нысаналы индикатор, 5 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2013 жылы 12760 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізілді, оның ішінде: 10423 шаршы метр жеке құрылысшылардың тұрғын үйі және «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жалпы алаңы 2337 ш. метр 30 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды, ол тұрғын үйге мұқтаж адамдардың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

2015 жылы Аудан аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Шемонаиха қаласында екі 60 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған.

Транспорттық инфрақұрылымдарды жақсарту және аудан халқын сапалы, қол жетімді транспорттық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізу бойынша 3 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші, 3іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Жергілікті маңызы бар автомбиль жолдарының ұзындығы 182 км құрайды. Жақсы және қанағаттандырарлықтай жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 86,3 пайызды құрайды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 39253,0 мың теңгеге автомобиль жолдарын ұстау және жөндеу жұмыстары орындалды: жергілікті маңызы бар жолдарды қыста ұстауға 11500,0 мың теңге игерілді, жазда ұстауға – 27753,0 мың теңге жұмсалды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Камышенское 2» ЖШС (Акулов В.И.) меншік қаражат есебінен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді (Камышенка а. Және Пруггерово а. кіре беріс). Барлық жұмыстар мен іс-шаралар қатаң сметалық есеп пен орындалатын жұмыстардың бекітілген кесетіне сәйкес орындалды.

2013 жылы аудан аумағында жүктерді және жолаушыларды тасымалдау, үрдісіндегі жүк және жолаушылар айналымы толық көлемде орындалды, барлық маршрут тұрақты жүреді.

Шемонаиха ауданы халықтарының қолайлы өмір сүрулері бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші, 4 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 1 нысаналы индикаторларға, 1 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді, 3 іс-шара орындалды.

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілері үлесінің көрсеткішіне қол жеткізілмеді – 2013 жылы жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен ақша қаражаттары бөлінген жоқ.

Аудандағы барлық елді мекендер электрмен толық қамтылған. Электр желілері бойынша электроэнергияны тасымалдау Шығыс МЭС «Kegog» АҚ филиалымен жүзеге асырылады. Ауданды электрмен қамтамасыз ету ШҚ АЭК АҚ жүзеге асырылады. Жөндеу жұмыстары ШҚ АЭК АҚ меншік қаражаты есебінен жүргізіледі.

2013 жылы Шемонаихалық АЭС ШҚ АЭК АҚ электр беру желілерін жөндеу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: 34 дана 0,4 кв фаза және электр желілерінің жүктемелерін түзеу, ұзындығы 6,55 км салмақ көп түскен желілердің сымдарын ауыстыру, 5 дана ғимараттарға баратын ВЛ-0,4 тармақтарды ауыстыру.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының аясында тұрғын үй қорларын қайта қалпына келтіру жүргізілуде. Көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргзілуде.

Халықтың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуіне қол жеткізу деңгейін арттыру бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші, 5 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша «Халықтың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуіне қол жеткізу деңгейін арттыру» индикаторына қол жеткізілген жоқ.

Қазіргі уақытта аудан халқының 93,4 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Ауданға су тасымалданбайды. Облыстық бюджетінің қаражаты есебінен 2013 жылы Красная Шемонаиха және Рулиха ауылдарына су құбырларын салуға ЖСҚ дайындалды (мемлекеттік сараптамадан өту сатысында). Республикалық бюджет қаражаты есебінен Верх-Уба және Ново-Ильинка ауылдарында жерасты суларының қорларын есептеу бойынша жұмыс атқарылуда, 2014 жылға аталған ауылдарда су құбыры желілерінің ЖСҚ дайындауға ақша қаражаттары бөлінді (Верх-Уба – 9,0 млн.теңге, Ново-Ильинка – 4,0 млн.теңге). Коневка және Барашки ауылдарында су құбырының құрылысына ақша қаражаттары бөлінді.Жабдықтаушыны анықтауға конкрустық рәсім жүргізілуде.

2014 жылы 3 елді мекенде су қорын есептеу жоспарда бар (Волчанка а., Рассыпное а., Выдриха а.)

Тұтынушыларды жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді.

Ауданда барлығы 60,8 км жылу желілері бар. Жылу энергиясын негізгі жеткізуші – МХК қазандығы, оның теңгерімінде 37,6 км жылу желілері бар. Құрылғылар комбинаттың қаражаты есебінен жөнделеді. 2013 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС теңгеріміндегі жылу желілерін жөндеуге 180,0 млн.теңге жұмсалды: ұзындығы 0,736км жылумен қамту желілеріне күрделі, ағымдағы жөндеулер.



Шемонаиха ауданындағы елді мекендердің су өткізу жүйелерінің үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді.

Су өткізу жүйелерінің жалпы ұзындығы 75,98 км құрайды. Шемонаиха қ. мен Усть-Таловка к. аумақтарында бір тазарту ғимаратының объектісі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Первомайский к. тазарту ғимаратын салуға арналған ЖСҚ бар, жобаны іске асыру 2015 жылға қаралған.



«Аумақтық орналастыру» 4 стратегиялық бағыты бойынша 2 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші қаралған, жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 2 индикаторға (100 пайыз) қол жеткізілді, 2 нәтиже көрсеткіші (100 пайыз) орындалды. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 3 іс-шараны іске асыру қаралған, ол 100 пайыз орындалған.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына негіз жасау мақсаты бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші, 2 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын ауыл тұрғындарының тіршілікпен қамтамасыз етудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін 2013 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлар, нәтиже көрсеткіштері жоспарлық деңгейде орындалды: аудандағы 39 елді мекендердің 8 (20,5%) даму әлеуеті жоғары және 29 (74,4%) даму әлеуеті орташа.

2012 жылы ауданның тірек елді мекендерді дамыту кешенді жоспары бекітілген.Аудан бойынша ТАЕМ дамыту аясында Верх-Уба, Выдриха, Камышинка ауылдары бекітілді. 2013 жылы жалпы сомасы 716,4 млн.теңгеге (2012 жылдан 2,5 есе көп – 284,0 млн.теңге) 59 жоба жүзеге асты (2012 жылдан 2 есе көп, 30): ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымын, абаттандыру,әлеуметтік саланы дамыту.

Жобаларды іске асыру барысында тірек ауылдарда аз ақмтылған адамдар саны 48% немесе 30 адамға азайды.Жеке кәсіпкерлер саны 40% немесе 37 бірлікке көбейді. Ірі қара малдың саны 1722 немесе 61%, ұсақ мал 332 басқа немесе 30%, құс 2345 басқа, 12 % көбейді.

Тірек ауылдарды қолдау үшін қолданылатын шаралар ауылдардағы халық санының 181 адамға артуына мүмкіндік берді.

Мамандарды ауылдық жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау салаларына тарту жөнінде 6889,4 мың теңге сомада әлеуметтік саладағы 15 маманға әлеуметтік көмек берілді:білім саласына 6647,1 мың теңге сомада,оның ішінде 12 маманға 1454,0 мың теңге көтермелеу жәрдемақысы берілді, 5193,0 мың теңге сомаға 2 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілген; денсаулық сақтау саласында 2 маманға 242,3 мың теңгеге көтерме жәрдемақы берілді.



Шекаралық елді мекендердегі инфрақұрылымдарды және экономикалық әлеуетті дамыту бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 іс-шара қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Шемонаиха ауданы солтүстік, солтүстік-шығысында Ресей Федерациясымен шектеседі. Шемонаиха ауданының аумағы 4 мың ш.км. Ауданның елді мекендерінің жалпы саны 39, оның ішінде 13 (33,3%) шекеаралас елді мекен.

Ресей Федерациясы өңірімен шекаралық ынтымақтастықты дамыту аясында "Шемонаиха қ. шекаралық ынтымақтасттықа арналған Агро өнеркәсіптік, транспорттық, логистикалық орталық" жобасы іске асырылуда. Жобаны іске асыруға өтініші беруші «Арман» ЖК, директоры Хамитов Адайхан Ахметқалиұлы.

Жобаланған нысан Ресей Федерациясынан 18 км қашықтықта Шемонаиха-РФ «Михайловка» кеден бекеті халықаралық трассасында орналасқан.

Ағымдағы жағдай: КТП, сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық канализациялар жоғарғы вольтті желілерді монтаждау, канализация желіліріне төсеме төсеу, аумақты қоршау жобалау бойынша жұмыстар аяқталды.Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жалғасуда. Жоба 30% дайын. 50 жұмыс орны құрылды.

2014-2016 жылдарға меншік қаражат есебінен жоспарланған құрылыс:

- үлкен жүк таситын автокөліктерге арналған тұрақтар және жылы бокстар;

- қонақ үй кешені;

- жабық сауда алаңдары;

- қойма.


«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» арналған Екінші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында бекітілген шарттарды іске асыру барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің шекаралық аудандарының арасында Алтай өлкесінің шығармашылық ұжымдарымен кездесулер, «Өз үйіңнен баста» акциясы аясында шекаралық аумақтардың оқушылар делегацияларымен тәжірибе алмасулар, редакция ұжымдарымен газеттерге шекаралық аумақтардағы өңірлік мәселелерді талқылау жөнінде материалдар жариялау.

Шемонаиха ауданының шекара маңындағы елді мекендерін дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспар дайындалуда, онда Сугатовка, Медведка ауылдарында шекаралық заставаның құрылысының жобасы көрсетілген.Тұрғындарды және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға сапалы қызмет көрсету үшін және тиісті эстетикалық көрік беру үшін «Уба» бекетінің ғимаратына жөндеу жүргізу жобасы кіріктірілген.



«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» 5 стратегиялық бағыт бойынша, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мониторингін ұйымдастыру және сапасын арттыру» мақсат бойынша 1 нысаналы индиктор, 4 нәтиже көрсеткіштері, 12 іс-шара қаралды.Жыл қорытындысында индикаторларға қол жеткізілді, 11 іс-шара орындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 983 «мемлекеттік қызметтің тізімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шемонаиха ауданының мемлекеттік органдары 53 түрлі қызмет көрсетеді. 2013 жылы аудан бойынша 21194 қызмет көрсетілді, халықтың мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттануы 21194 карточка толтырылды.Барлық карточкаларда жақсы деген баға берілген.

Ауданда барлығы 150 мемлекеттік қызметкер бар, оның ішінде аудан әкімнің аппаратында –18, дербес бөлімдерде – 54, қала, кент, ауыл округтерінің әкімдерінің аппаратында – 78. Барлық қызметкерлер уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін автоматтандырылған жұмыс орындарымен және барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік органдардағы барлық жұмыс орындары операциялық жүйелермен, вирусқа қарсы бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Облыстық әкімдікпен ұсынылған әдістемелік жәрдемдер, сонымен қатар ақпараттың қауіпсізідігі туралы нұсқаулықтар МО қызметкерлеріне таратылды. жеке mail.shemonaiha.vko.gov kz домені құрылды және барлық қызметкерлерде пошта жәшігі ашылған.

Барлық келіп түскен корреспонденция аудан әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы деңгейінде тіркеледі және жіберіледі. 2013 жылы аудан бойынша құжат айналымы 10158 құрады: электронды құжат айналымы (лотус) 7643, қағаз нұсқада (поштамен) 2515.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды құру және дамыту

Әлеуметтік жоба аясында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша жалпы құқықтық мәдениетті көтеру, өзін-өзі басқару органдарының жұмысын жандандыруға бағытталған 2 көшпелі семинар өткізілді.Ауданның аумақтық бірліктері-округтерінің белсенді жастары -19 адамнан тұратын жастар маслихаты құрылды.

Бағдарламаны іске асыруға 2013 жылға барлық көздер қаражаттары есебінен 11101,4 млн.теңге игеру жоспарланған, нақты игерілгені 9946,8 млн.теңге немесе жоспардан 89,6 пайыз. Оның ішінде:

республикалық бюджет есебінен – 1013,3 млн.теңге қаралған, игерілгені 1086,6 млн.теңге немесе жоспардан 107,2 пайыз;

облыстық бюджет есебінен – 690,7 млн.теңге қаралған, игерілгені 739,4 млн.теңге немесе жоспардан 107,1 пайыз;

аудандық бюджет есебінен – 185,9 млн.теңге қаралған, 190,7 млн.теңге немесе жоспардан 102,6 пайыз;

меншік және басқа да көздер қаражаты есебінен – 9211,5 млн.теңге қаралған, 7930,1 млн теңге игерілген немесе жоспардан 86,1 пайыз.

Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы 2012 жылдың қорытындысында орташа 93,1 пайызбен орындалды.



Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары С.Нұртазаев


Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет