Жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №13-I, 13-ii, 83-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №21-iii, 137-құжат



жүктеу 217.73 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі217.73 Kb.





№ исх: 14-07/445-И от: 17.04.2018

№ вх: 6259-2 от: 17.04.2018



Жоба

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ


 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат):

1) мазмұны мынадай мазмұндағы 304-1-бабының тақырыбымен толықтырылсын:

«307-1-бап. Заңсыз лотереяны ұйымдастыру және өткізу»;

2) 307-1-бабы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

«307-1-бап. Заңсыз лотереяны ұйымдастыру және өткізу

1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңымен көзделген тәртіпте ұйымдастырылатын және өткізілетін лотереялардан басқа лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, лотерея операторы болып табылмайтын тұлғамен лотереяны өткізу, сол сияқты осы мақсаттарға үй-жайлар беру -

мүлкi тәркiленiп, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) кәмелетке толмаған адамды пайдаланып немесе оны лотереяға қатыстырып;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) iрi мөлшерде табыс табумен;

4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) аса iрi мөлшерде табыс табумен жасалған;

3) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам өзi немесе сенiм білдірген адам арқылы заңда белгiленген тыйым салуға қарамастан жасаған іс-әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттер мұндай қызметте жеңiлдiктер мен артықшылықтар берумен немесе өзге нысандағы жақтаушылығымен байланысты болса, –

мүлкi тәркiленiп, төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайда мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға не алынған кіріс сомасының жиырма еселенген мөлшерінде айыппұл салуға, ал 3) тармақта көзделген жағдайда белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға айыруға жазаланады.»

2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжат; № 22-II, 144, 145, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжат; № 7-II, 53, 57-құжат; № 8-I, 62, 65-құжат; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):

1) 282-баптың он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Алкоголь өнiмiн денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорт-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда рыноктарының, мәдени-демалыс ұйымдарының, букмекер кеңсесінің, тотализатордың ғимараттары мен аумақтарында сақтау және өткізу –

лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады»;

2) 445-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ойын бизнесін ұйымдастырушысымен заңмен бекітілген жағдайлардан басқа ойын мекемелерінен (тотализаторлардың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан) тыс жерлерде бәс тігу, мөлшерлемелерді қабылдау (есепке алу), ұтыс төлеу не ақшадан басқа өзге мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу, сол сияқты мөлшерлемелерді есеке алу орталығына тіркелмей бәс тігу, мөлшерлемелерді қабылдау, ұтыс төлеу–

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3) 445-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Аппараттық-бағдарламалық кешен серверін фискалдық режиммен қамтамасыз ету, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі, ақпараттық-бағдарламалық кешен деректерін мөлшерлемелерді есепке алу орталығына беруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау –

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».

3. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140-құжат, 142; 2006 ж., № 23, 141--құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):

1) 9-баптың 3-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының, букмекер кеңсесінің және (немесе) тотализаторлардың ғимараттарында және аумақтарында...

сақтауға және өткізуге тыйым салынады».

4. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат, 82; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

6-бабы мынадай мазмұндағы 5-2-тармағымен толықтырылсын:

«5-2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ казино, ойын автоматтары залдарын, букмекер кеңсесін және тотализаторларды жарнамалауға тыйым салынады. ».

5. «Ойын бизнесі» туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):

1) 1-бапта:

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

3) букмекер кеңсесi - ойын бизнесін ұйымдастырушы мен бәс тігу және бәс тігу шарттарын орындау қатысушылары арасында спорт ойындарына бәс тігу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға ;

мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшасымен толықтырылсын:

«17-3) мөлшерлемені есепке алу орталығы – бәс тігу мөлшерлемелерін тіркеуді және есепке алуды, ұтыс және олар бойынша төлеу туралы ақпаратты алуды, сақтауды және есепке алуды, аппараттық-бағдарламалық кешеннің белгілеген режимінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға;».

18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«18) тотализатор - ойын бизнесін ұйымдастырушының делдалдығы және бәс тігу шарттарын орындау арқылы қатысушылардың арасында ат-спорты ойыны нәтижесіне (ат жарыстары, шабыстары) және (немесе) ит шабыстарына бәс тігуді жасау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы – бәс тігуге мөлшерлемелерді қабылдау, ол бойынша ұтыс төлеу үшін ғана арналған және қажетті элеткронды-есептеуіш техникасымен және байланыс құралдарымен жабдықталған ғимарат, үй-жай, құрылыс.»

2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері жүзеге асырылады:

1) құмар ойындары;

2) бәс тігу.

1-1. Құмар ойындарына мынадай қызмет түрлері жатады:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

1-2. Бәс тігуге мынадай қызмет түрлері жатады:

1) букмекер кеңсесі;

2) тотализатор.

2. Қазақстан Республикасының аумағында:

1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға;

2) электрондық казино және интернет-казино қызметіне;

3) өзге мүлік түрінде ұтыс беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ақшадан басқа өзге мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;

4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға;

5) тотализаторлардың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан тыс жерлерде бәс тігуге, мөлшерлемелерді қабылдауға (есепке алуға), ұтыс төлеуге;

6) тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуіне, мөлшерлемелерді қабылдауына (есепке алуына), ұтыс төлеуіне;

7) компьютер жүйелерімен түрлендірілетін немесе жабдықты (механикалық, электр, электронды немесе басқа техникалық жабдықты) пайдалану жолымен анықталатын оқиғаларға бәс тігу және/немесе тікелей трансляция оқиғаларынан басқа кез келген визуализация немесе нәтижесі шетел валютасының ұлттық валютаға бағамының өзгерісіне, бағалы қағаздар немесе биржа тауарларының баға белгілеу өзгерісіне, сондай-ақ басқа құмар ойындарды және лотереяларды өткізу нәтижелеріне байланысты болатын оқиғаларға бәс тігуге;

8) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуға ынталандыруға бағытталған ұтыс жеңістері түріндегі құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.».;

3) 8-бабындағы 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-5) тармақшасымен толықтырылсын:

«7-5) жергілікті атқарушы органдар үшін казиноны, ойын автоматтары залдарын орналастыруға жататын аумақтар шегін мақұлдайды;»;

4) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Құмар ойындарын ұйымдастыру бойынша қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.

Бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет өтінім берушіге букмекер кеңсе немесе тотализатор қызметіне он жыл мерзімге берілетін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады».;

5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы

1. Казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында, Талғар ауданы Ақбұлақ поселкесінде, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында, Ақмола облысының Бурабай ауданында және Маңыстау облысында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде уәкілетті органдармен келісу бойынша орналастырылуға жатады.

Жергілікті атқарушы органдармен айрықша қорғалатын табиғи аймақтарды, адамдардың өмірін және денсаулығын қорғау қажеттілігі, тарихи-мәдени мұралар объектілерін бұзу және жою қауіптері, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа жағдайларда аумақтарының шегін өзгертуге тыйым салынады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады.

3. Ойын мекемелері, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.

Букмекер кеңселеріне және тотализаторларға кассадан тыс бәс тігу қатысушыларына олармен нәтижесіне мөлшерлемелер қойылған оқиғалардың дамуын және нәтижесін бақылауға мүмкіндік беретін жабдықтарды орналастыруға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларына байланыс қызметтерін қоса алғанда тотализатор немесе букмекер кеңсесінің кассасына немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін техникалық құралдарды табыс етуге тыйым салынады.

4. Көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады.»;

6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар

1. Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі негізінде, өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижелері шығарылған сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізеді..

2. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 18-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс...

3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемені қабылдамас бұрын құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жеке тұлғаны айқындауға мүмкіндік беретін деректерді енгізумен тіркеуді жүргізуге міндетті.

4. Ойын бизнесі саласындағы қызметін жүзеге асыратын шетел тұлғасына мөлшерлемелерді қабылдау, ұтыстарды аудару және төлеу қызметтерін табыс етуге, оның ішінде жеке шоттарын толтыруға және құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың қаражаттарын шығаруға тыйым салынады.

5. Ойын бизнесін ұйымдастырушы жыл сайын спорттың дамуына кем дегенде таза пайдасының бес пайызын бағыттап отыруға міндетті.

6. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

7. Мыналар:

1) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға;

2) салықтық берешегі бар немесе банкрот деп танылған заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылған тұлға құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).

8. Осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындала алмайды»;

7) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«12-1-бап. Бәс тігуді ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешені

1. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс..

2. Бәс тігудің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыруға тиіс».

8) Мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:

«12-2-бап. Казино және ойын автоматтары қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптар

1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс..


2. Ойын автоматтары залы қолданыстағы казинода орналасуы керек.

Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс.

3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.


4. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есiктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады.

5. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс.

6. Казино кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс.»;

9) Мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:

«12-3-бап. Букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптар

1. Букмекер кеңселері аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуға тиіс..


2. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті.. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен деректерін мөлшерлемелерді есепке алу орталығына жіберуді қамтамасыз етуге міндетті.

3. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді букмекер кеңсесінің тиісті кассалары және (немесе) букмекер кеңсесінің электрондық кассалары арқылы қабылдайды.

4. Букмекер кеңсесінің кассалары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс.

5. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және алда болатын сәйкесінше спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымның мүшесі болып табылатын спорт ұйымымен өткізілетін спорт жарыстары аясында өтетін нақты оқиғаларға (спорт оқиғаларына) ғана мөлшерлемелер қабылдайды.

6. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы олармен бәс тігуге қабылданған барлық мөлшерлемелерді мөлшерлемелерді есепке алу орталығына тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығында тіркеуден өтпеген мөлшерлеме жарамсыз болып табылады.

7. Букмекер кеңсесінің қызметін букмекер кеңсесінен тыс жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға бәс тігу қатысушыларына олармен нәтижесіне мөлшерлемелер қойылған оқиғалардың дамуын және нәтижесін бақылауға мүмкіндік беретін жабдықтарды орналастыруға, сондай-ақ бәс тігу қатысушыларына байланыс қызметтерін қоса алғанда тотализатор немесе букмекер кеңсесінің электронды кассасына немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін техникалық құралдарды табыс етуге тыйым салынады.».

10) Мынадай мазмұндағы 12-4 баппен толықтырылсын:

«12-4-бап. Тотализатор қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптар

1. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы тек қана ат-спорт оқиғаларына (ат жарыстары, шабыстары) және (немесе) ит шабыстарына ғана мөлшерлемелерді қабылдайды.

2. Мөлшерлемелерді қабылдауға алда болатын нақты ат-спорт оқиғаларына (ат жарыстары, шабыстары) және (немесе) ит шабыстарына ғана рұқсат етіледі.

3. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен деректерін мөлшерлемелерді есепке алу орталығына жіберуді қамтамасыз етуге міндетті.

4. Тотализатор кассалары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс.

5. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігуге қатысушыларына бас тігу нәтижесі байланысты болатын оқиғаның дамуын және нәтижесін, оның ішінде арнайы жабдық көмегімен бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

6. Тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді тотализатордың тиісті кассалары және (немесе) тотализатордың электрондық кассалары арқылы қабылдайды.

Тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы олармен бәс тігуге қабылданған барлық мөлшерлемелерді мөлшерлемелерді есепке алу орталығына тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығында тіркеуден өтпеген мөлшерлеме жарамсыз болып табылады..

7. Тотализатордың қызметін тотализатордың тыс жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға бәс тігу қатысушыларына олармен нәтижесіне мөлшерлемелер қойылған оқиғалардың дамуын және нәтижесін бақылауға мүмкіндік беретін жабдықтарды орналастыруға, сондай-ақ бәс тігу қатысушыларына байланыс қызметтерін қоса алғанда тотализатор немесе букмекер кеңсесінің электронды кассасына немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін техникалық құралдарды табыс етуге тыйым салынады.».;

11) Мынадай мазмұндағы 12-5-баппен толықтырылсын:

«12-5-бап. Ойын бизнесі саласындағы өзін-өзі реттеу

1. Ойын бизнесі саласында бәс тігуге және (немесе) құмар ойындарына қатысушылары алдында ойын бизнесі ұйымдастырушыларының жауапкершілігін күшейту мақсатында өзін-өзі реттеу ұйымдары құрылуы мүмкін:

2. Міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйым оның мынадай талаптарға сәйкес келуі шарты кезінде өзін-өзі реттеу ұйымы болып танылады:

1) бәс тігуді ұйымдастырушыларының өзін-өзі реттеу ұйымдары үшін: құрамында букмекер кеңсе қызметін жүзеге асыратын кемінде бес субъектілердің және тотализатор қызметін жүзеге асыратын кемінде бес субъектілердің бірігуі;

2) саладағы уәкілетті органда аккредиттелген болуы;

3) кемінде екі жылға ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу ұйымының қызметін жүзеге асыру.

3. Қазақстан Республикасы аймағында міндетті мүшелікке негізделген бір ғана өзін-өзі реттеу ұйымының қызметіне рұқсат етіледі.

4. Міндетті мүшелікке негізделген бәс тігуді ұйымдастырушыларының өзін-өзі реттеу ұйымы қызметі осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын мөлшерлемелерді есепке алу орталығын құрады және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

5. Бәс тігуді ұйымдастырушылар осы Заңға және Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу» Заңына сәйкес құрылған бәс тігуді ұйымдастырушыларының міндетті мүшелігіне негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарында тіркелуге міндетті.

6. Қайта құрылған бәс тігуді ұйымдастырушылары сәйкесінше өзін-өзі реттеу ұйымдарына кіруі жөнінде өтінімді Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметін атқару құқығына лицензиясын алған күнінен бастап отыз күн аралығында беруге міндетті.

7. Өзін-өзі реттеу ұйымдарынан шығару:

1) Қазақстан Республикасында бәс тігу саласындағы қызметін атқару құқығына лицензиясының әрекет етуі жойылған немесе тоқтаған;

2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының, өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары мен ережелерінің талаптарын және нормаларын өрескел немесе бірнеше рет бұзу жағдайларда орындалады.

8. Ойын бизнесі ұйымдастырушыларын осы баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшасына көзделген негіздемелер немесе 5-тармақтың талаптарын орындамау бойынша шығару уәкілетті органның талап-арызы бойынша сот тәртібінде жүзеге асырылатын ойын бизнесі саласындағы қызметін жүзеге асыруға лицензияның әрекет етуін тоқтатуға алып келеді.».;

12) Мынадай мазмұндағы 12-6-баппен толықтырылсын:

«12-6-бап. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы

1. Бәс тігуге қатысушылардан ақша қаражаттарын, оның ішінде электронды ақша қаражаттарын (пошта аударымдарынан басқа) қабылдау, оларды есепке алу және букмекер кеңселеріне немесе тотализаторға бәс тігуге қатысушысының бұйрығы аудару, бәс тігуге қатысушыларға бәс тігуге қатысушылардың қалған электронды ақша қаражаттарын көбейту жолымен ұтыс төлеу бойынша қызмет тек мөлшерлемелерді есепке алу арқылы ғана жүзеге асырылады.

Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы уәкілетті органға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинау және табыс етуді жүзеге асырады.

Мөлшерлемелерді есепке алу орталығының сервері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз етілуге тиіс.

2. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы бәс тігу ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуге құқығы жоқ.

3. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығымен қабылданған және бәс тігуге қатысушылар бұйрықтары бойынша бәс тігуді ұйымдастырушысына аударылған ақша қаражаттары, оның ішінде электронды ақша қаражаттары мөлшерлемелерді есепке алу орталығында тіркелген сәйкесінше түрде бәс тігуді ұйымдастырушысының банктік шотына аударылуы керек және осы банктік шотта есепке алынуы керек.

4. Мөлшерлемелері қабылданған бәс тігуге қатысушыларына ұтыс төлеу бәс тігуді ұйымдастырушысымен мөлшерлемелерді есепке алу орталығында тіркелген банктік шоттан ғана бәс тігуге қатысушыларының электронды ақша қаражаттары қалдықтарын көбейту жолымен жүзеге асырылады.

5. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы ақпаратты жоғалудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, көшіруден, рұқсат етілмеген қолжетімдіктен және оны тарату, тосқауылдау, жою, түрлендіру, көшіру бойынша іс-әрекеттерден және басқа заңсыз іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.

6. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы бәс тігуді ұйымдастырушылардың өзін-өзі реттеу ұйымымен құрылады.

Қазақстан Республикасы аумағында тек бір мөлшерлемелерді есепке алу орталығы қызметіне рұқсат етіледі.».;

13) Мынадай мазмұндағы 15-1 баппен толықтырылсын:

«15-1-бап. Құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысуды өзін-өзі шектеу

1. Жеке тұлға өзіне құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысуға кез келген ойын бизнесі ұйымдастырушысына ерікті түрде жазбаша өтінім беру жолымен алты ай мерзімге өз бетінше шектей алады.

2. Өтінімде оның тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), жеке тұлға құжатының деректері, құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысудан ерікті шектеу мерзімі, жеке қолы болуы тиіс. Берілген өтінім қайтаруға және кері шақыруға жатпайды. Ойын бизнесі ұйымдастырушысының біреуіне өтінім беру Қазақстан Республикасы аумағындағы ойын бизнесін ұйымдастырушыларының барлық өтінім беру сияқты қарастырылады.

Ойын бизнесі ұйымдастырушысымен қабылданған және тіркелген өтінім көшірмесі оны қабылдаған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органына жіберіледі.

3. Уәкілетті орган осындай өтінім кқшірмесі келіп түскен күннен кейінгі үші жұмыс күнінен кешіктірмей құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысуда шектелген жеке тұлғалар тізіміне жеке тұлға туралы деректер енгізіледі, оған қол жеткізу тек ойын бизнесі ұйымдастырушысымен ғана уәкілетті органның Интернет-ресурсі арқылы ғана қамтамасыз етіледі.

Құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысуда шектелген жеке тұлғалар туралы ақпарат құпия болып табылады.

Құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысуда шектелген жеке тұлғалар туралы ақпаратқа қолжетімділік алатын тұлғалар олардың құпиялығын субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімісіз немесе басқа заңды негіздеменің болуында олардың таралуына жол бермеу талаптарын сақтау жолымен қамтамасыз етеді.

Құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысуда шектелген жеке тұлғалар туралы ақпарат мәлім болған тұлғалар кәсіпқойлық, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты олардың құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.

4. Ойын мекемелеріне баруды шектеу мерзімі аяқталғанға дейін жеке тұлғаларға ұқсас мерзімге шектеуді ұзарту жөнінде өтінім берілуі мүмкін.

5. Құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысудан ерікті шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін уәкілетті орган құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысушыларын құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысуда шектелген жеке тұлғалар тізімінен шығаруды қамтамасыз етеді.

6. Ойын бизнесі ұйымдастырушысымен құмар ойындарына және/немесе бәс тігуге қатысуда шектелген жеке тұлғалар тізімінде тұрған тұлғалармен құмар ойындарын және бәс тігуді жасауды ұйымдастыруға тыйым салынады.».

6. Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырындағы заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат):

қосымшаның 67, 68, 69, 70 реттік нөміріндегі жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

«


67.

Ойын автоматтары залының қызметімен айналысуға лицензия

Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 2-сынып

68.



Казино қызметімен айналысуға лицензия

Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 2-сынып 

69.



Тотализатор қызметімен айналысуға лицензия

Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 1-сынып

70.



Букмекер кеңсесі қызметімен айналысуға лицензия

Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; 1-сынып

».

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу.

1. Осы Заңды қолданысқа енгізгеннен кейін алты ай өткенге дейін осы Заңның 1-бабы 4-тармағындағы 8) тармақшаның іс-әрекеттерін тоқтату, тоқтату кезеңінде осы тармақты мынадай редакцияда әрекет етеді деп бекіте отырып:

«8) 12-2-бабын мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«12-2-бап. Казино және ойын автоматтары қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптар

1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс.

2. Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс.

3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.


4. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есiктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады.

5. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс.

6. Казино кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына және бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс».

2. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 11-13) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет