Жылжымайтын мүлікке құқықты қалай тіркеуге болады



жүктеу 84.69 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі84.69 Kb.

Жылжымайтын мүлікке құқықты қалай тіркеуге болады

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті рәсім. Сатып алу-сату шарты, айырбастау, мұрагерлік ету немесе жалға алу сіздің құқығыңызды растамайды, дегенмен тіркеуге негіз болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүліктің толыққанды иесі атану, өзіңізді алаяқтықтан қорғау және келешекте оған қатысты операцияларды кедергісіз орындау үшін қажет.

Жылжымайтын мүлікке белгілі бір орынмен тығыз байланысты нәрсенің бәрі жатады: жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстар. Яғни, еш зарарсыз орнын ауыстыру қиынға түсетін нәрселер.
Сонымен қатар жылжымайтын мүлік бастапқы және кейінгі нысандар болып екіге бөлінеді. Бастапқы нысандарға ерекше атқарымдық мақсаты бар ғимараттар мен құрылыстар, қала құрылысының маңызды нысандары, ал кейінгі нысандарға – жеке баспаналар (үйлер, коттедждер және т.б.), кісі тұрмайтын жайлар (гараждар, сарайлар, уақытша баспаналар) жатады.
Біздің, яғни ҚР азаматтарының әрқайсысының ЖСН және жеке куәлігі бар болатыны секілді, ел аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарының да өзіндік бірегей нөмірі (кадастрлық нөмірі) және техникалық төлқұжаты болады. Электрондық үкімет порталының «Жылжымайтын мүлік» бөлімінен Жылжымайтын мүлігіңіздің кадастрлық нөмірін біле аласыздар.
Жылжымайтын мүліктің толық сәйкестендіру сипаттамалары ретінде нысан туралы мәліметтерді танимыз:


  • мекенжай және бар болған жағдайда мекенжайды тіркеу коды, (жылжымайтын мүлік нысанының мекенжайы мен мекенжайды тіркеу коды бойынша анықтаманы қалай алуға болады);

  • жылжымайтын мүлік түрі;

  • жыжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (жер теліміне қатысты кадастрлық ақпаратты білу);

  • меншіктің түрі (жер телімінің қатыстылығы туралы ақпарат алу немесе құқықты бастапқы ұсынудың құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат алу);

  • құрамдас бөліктер саны;

  • жерлер санаты және олардың бөлінгіштігі;

  • арнаулы мақсаты;

  • қабаттылығы және ауданы (жалпы және пайдалы).

Жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтардың қандай түрлерін тіркеу қажет


Жылжымайтын мүлікке қандай құқықтарды тіркеу қажет? 
Мемлекеттік тіркеуге төмендегі жылжымайтын мүлікке құқықтар жатады:
1) меншік құқығы – мүлікті иеленуге, пайдалануға және оны басқаруға мүмкіндік береді;
2) шаруашылық жүргізу құқығы;
3) жедел басқару құқығы;
4) кемінде бір жыл мерзімге жерді пайдалану құқығы;
5) басым жер телімдерінің немесе басқадай жылжымайтын мүлік нысандарының пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитут.

Қалауларыңыз бойынша, сондай-ақ, жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды тіркей аласыздар.

Тіркеу үшін қандай ауыртпалықтар міндетті

Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтары – жылжымайтын мүлікті толыққанды иеленуге, пайдалануға немесе оны басқаруға мүмкіндік бермейтін шарттың немесе заңның негізінде пайда болатын шектеулер. Ауыртпалықтар ерікті болуы мүмкін, мәселен, кепілзат не болмаса мүлікке тыйым салу кезіндегідей меншік иесіне тәуелді болмау. Ауыртпалықтардың болуы қандай да бір дәрежеде мүлікке қатысты әр алуан әрекеттерді (мәміле жасау, пайдалану) орындаудағы еркіндікті шектейді. Егер де сіз сатып алушы болсаңыз, онда мәміле жасар алдында мүлікке салынған ауыртпалықтар туралы толық ақпарат алуыңыз қажет.


Ауыртпалықтар әдетте мүлікпен тығыз байланысты және көбіне-көп мүлікке құқықтың өзге тұлғаға ауысуы кезінде сақталады. Мүлікті сатып алатын адам оны, мәміледе бұл туралы ештеңе айтылмаған болса да, тиісті ауыртпалықтарымен бірге сатып алады.
Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың тіркеу үшін міндетті екенін де ұмытпаған абзал:

  • кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, оның ішінде жалға алу, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы;

  • сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қамқоршылық, қорғаншылық кезінде, мұрагерлік құқықтық қатынастарда, банкротқа ұшырауда және т.б.;

  • кепілзат;

  • тыйым;

  • жылжымайтын мүлікті пайдалануға оны басқаруға немесе өз құзіреттері шегінде мемлекеттік органдар салған белгілі бір жұмыстарды орындауға шектеулер (тыйым салулар);

  • басым мүдделерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтың басқадай ауыртпалықтары.

Бұнымен бір мезгілде жылжымайтын мүлікке құқықты қайта ресімдеуді талап ететін бірқатар шарттар бар. Кем дегенде жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату кезіндегідей болса керек, бірақ тек қана олай емес, жағдайлардың бәрін қарастырып көрейік:
1) егер де жылжымайтын мүлік нысанының сәйкестендіруші сипаттамалары өзгерген болса (мекенжайы, ауданы, құрамдас бөліктерінің саны, жерлер санаты, меншіктің қабаттылығы немесе пішіні);
2) құқықиеленуші туралы мәліметтер өзгерген болса;
3) егер құқық түрі өзгерсе (мәселен, әуелі сіз жылжымайтын мүлікті жалға алып, артынан сатып алған болсаңыз);
4) егер де тіркеу мәліметтеріне ықпалын тигізетін келісімнің шарттары өзгерген болса.
Егер де сәйкестендіру сипаттамалары мемлекет бастамасымен өзгерген болса, онда ештеңені тіркеудің қажеті жоқ (айталық, егер де көшенің аты немесе үйлердің нөмірі ауысқан болса) және, тіркеу, әрине, тегін.
Мүлікке ауыртпалық салатын мүлікті пайдалану құқығы. Ондай құқықтарға мыналар жатады:

  • Жалдау құқығы. Жалға берушінің болуы мүлікке қатысты мәміле жасауға (мәселен, оны сатуға) кедергі келтірмейді. Алайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 559-бабына сәйкес, жалға берілген мүліктің меншік құқығының өзге тұлғаға өтуі жалгерлік шартын өзгертуге немесе бұзуға негіз болмайды. Яғни, меншіктің жаңа иесіне меншіктің бұрынғы иесі жасаған жалгерлік шартына байланысты міндеттемелердің барлығы осы шарттың қолданылуының барлық мерзіміне ауысады.

  • Өтеусіз пайдалану құқығы (несие шарты). Жалгерлік жағдайындағыдай, меншіктің жаңа иесінің құқықтарына меншікті өтеусіз пайдаланушының (несие алушының) құқықтарымен шарттың қолданылуының барлық мерзіміне ауыртпалық салынады.

(Азаматтық кодекстің 614-бабы). Әрі меншік иесінің ауысуына несие алушының келісімі талап етілмейді.

  • Сервитут – бөтен жер телімін жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану және өзге де қажеттер үшін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы. Сервитут жер телімдеріне меншік құқығы немесе жерді пайдалану құқығы өзге тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 73-бабы). Сервитут салынған телімді басыбайлы беруге әлдекімнің келісімі талап етілмейді.

  • Өмір бойы қарауында ұстау құқығы – бұл рентаны алушы өзіне тиесілі болған жылжымайтын мүлікті рента төлеушінің меншігіне беріп, ал соңғысы сол азаматты немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаны қарауына ала отырып, өмір бойы асырауды міндетіне алған кезде шарт негізінде пайда болатын рентаның бір түрі. Азаматтық кодекстің 538-бабына сәйкес, мүлікті басыбайлы беру, кепілге беру, немесе оған басқадай ауыртпалық салуға рента алушының алдын ала келісімі талап етіледі.

Кемінде бір жыл мерзімге берілген жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығы міндетті түрде тіркелуі тиіс. Тіркелмеген болса, бұл құқықтар туындамаған болып саналады.
Басым мүдделер немесе нені тіркеу қажет емес 
Сіздің жылжымайтын мүлігіңізге қатысты, алайда сіздің тікелей қатысуыңызсыз туындаған жағдайлар болады (мәселен, сот шешімімен тыйым салынуы секілді). Осылайша, тіркеуді қажет етпейтін құқықтар көптеп кездеседі:
1) жалпы ережелер мен тыйымдар ретінде танылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ауыртпалықтар;
2) нормативтік-құқықтық актілер негізінде пайда болатын құқықтар (құқық ауыртпалықтары), оның ішінде жалпыға бірдей қолжетімді жабық емес жер телімдерінде болу және олардан жаяу өту құқығы, жария сервитуттар;
3) кемінде бір жыл мерзімге берілген жерді пайдалану құқығы;
4) кемінде бір жыл мерзімге берілген өзгенің жылжымайтын мүлігін пайдалану құқығы, оның ішінде жалгерлік, өтеусіз пайдалану құқықтары, бір жылдан кем уақыттағы сервитуттар;
5) электр беру желілеріне, телефон және телеграф желілері мен бағандарына, құбырларға, геодезиялық нүктелер мен көпшілік қажеттілігімен шарттастырылған басқа да коммуникациялық желілерге адамдардың және көліктердің өтуіне қолжетімділік құқығы;
6) белгіленген тәртіпте нақты иегерге жылжымайтын мүлік құқығы берілді деп танылмайынша, құқықиеленуші болып табылмайтын тұлғалардың жылжымайтын мүліктеріне сатып алушылар мерзімінің ескіруі себебінен нақты иелік ету;
7) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын жайларды пайдалану құқығы немесе жекеше тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын жайларды пайдалану құқығы.

Құқықты тіркеу үшін қашан және қайда жүгіну керек


Сіз жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім жасасқаннан кейін немесе оны мұраға алғаннан соң, не болмаса «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы бойынша (9-бап) жылжымайтын мүлікке құқықтың туындауының өзге жағдайларында оны 6 ай ішінде тіркеу қажет.
Осыған ұқсас мерзімдерде (6 айдан кеш болмауы тиіс) жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар пайда болғанда да жүгінген жөн.
Егер де ауыртпалықтарды мемлекеттік органдар және уәкілетті тұлғалар салған болса, оларды шұғыл түрде тіркеу қажет. Ауыртпалықтар алынып тасталған жағдайда оларды 6 ай ішінде тіркеуге болады.
Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мерзімдерін ұстану әсіресе маңызды, себебі оларды бұзу 354-3 бапқа сәйкес жеке тұлғалардан 10 АЕК және заңды тұлғалардан 20 АЕК мөлшеріндегі айыппұлмен жазаланады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды немесе ауыртпалықтарды тіркеу үшін, ХҚКО-ға немесе нотариусқа жүгінуіңізге болады. Электрондық үкімет порталындағы автоматтандырылған қызмет (Жылжымайтынмүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу) нотариуста мәміле жасау кезінде құқықтарды онлайн режимінде бірден тіркеуге мүмкіндік береді.
Жылжымайтын мүлікті сатып аларда немесе оған қатысты мәмілелерді жасау кезінде нотариустарға жүгіну қалыптасқан. Бұл жылжымайтын мүлікті сатушы тарапынан алдау әрекетін болдырмауға көмектеседі.
Бұл ретте мәмілені тиісінше рәсімдейтін білікті нотариусты таңдай білген жөн. Электрондық үкіметтің жобаларының бірі нотариустар үшін арнайы әзірленген е-нотариат ақпараттық жүйесі болып табылады: ол сатып алынатын жылжымайтын мүліктің мәліметтерін және оған тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтарды тексеруге мүмкіндік беріп, сол арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алушыны және өзін қауіп-қатерден сақтандырады. (enis.kz-ті пайдаланатын нотариусты табу). Мәміле жасалғаннан кейін, дәл сол жерде, нотариус қасынан ұзамай-ақ, сатып алған/ алынған жылжымайтын мүлікке құқығыңызды жылжымайтын мүлікке

құқықты мемлекеттік тіркеу көмегімен тіркей аласыз.


Ол үшін сізге ЭЦҚ қажет емес, тек порталда тіркелу ғана жеткілікті. Қажетті операциялардың барлығыннотариус жүргізеді, ал сіз нотариус өтініштің қабылданғаны туралы сомасы көрсетіліп, бірегей нөмірі қойылған хабарламаны қолыңызға ұстатқаннан кейін қызмет ақысын төлесеңіз болғаны. Төлеуді екі түрлі жолмен жүзеге асыруға болады – жақын маңдағы банкте немесе электрондық үкімет порталында онлайн режимінде. Олүшін порталда тіркеулі және онлайн-төлемді жүргізуге мүмкіндік беретін банк карточкасы (VISA, VISAElectron, Maestro, MasterCard және т.б.) болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет