«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру»



жүктеу 106.76 Kb.
Дата15.01.2018
өлшемі106.76 Kb.


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы « __ » _________

№ бұйрығына

5 қосымша

«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметi (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекет көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:



1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда дейін бір күн қалғанда береді).

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – электрондық.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, Мемлекеттік корпорация сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз.

Қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз (электрондық) кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады, бұл ретте құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.

9. Көрсетілетін қызметті алушы, немесе оның өкілі мемлекеттік қызметті көрсету бойынша өтініш білдіргенде қажетті құжаттар тізбесі: заңды тұлғалар үшін өкілеттігін растайтын құжаттар бойынша; жеке тұлғалар үшін нотариалды расталған сенімхат бойынша немесе қорғаушылар, уақытша, оңалтуды және банкроттық басқарушылар оңалту және банкроттау рәсімдерінің шеңберіндегі, тарату комиссиясы үшін:

Мемлекеттік корпорация:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы сұрау салу;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);

Қорғаушылар ордер ұсынады.

Уақытша, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар тиісінше соттың шешімдерін ұсынады.

Тарату комиссиясы тиісті бұйрық ұсынады.

Порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызмет ұсынушы қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюз арқылы алады.

Мемлекеттік қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мемлекеттік органдың ұсынылған мәліметтермен салыстырып, содан кейін құжаттарды қызметті алушыға қайтарады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына


2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша беріледі.

Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды кабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі;

2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.

Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы Мемлекеттік корпорация кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немес қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Белгіленген заңнамалық тәртіптерге сәйкес толық және жартылай өзіне-өзі қызмет ету, қозғалу және бағдарлау мүмкіндігі шектеулі қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы хабарласып, көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері жүргізеді.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорация – www.con.gov.kz

15. Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Нысаны
____________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)
Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық
ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға
№ ________ сұрау салу

Мен, _____________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, болса  әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә)

_____________________________________________________________________________ (паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)

_____________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы және деректемелері)

_____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________ негiзiнде

(өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректері)

________________________________________________________ атынан әрекет ететін

(уәкiлеттi өкiл толтырады)


Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу




жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;




жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтаманы;




жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушi) туралы мәлiмет қамтылған техникалық паспортқа қосымшалар;




жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тiркеу органы растаған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi;




жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді.
Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi ________________________________

Объектiнiң орналасқан жерi _________________________________________________

Мынадай құжаттарды қоса беремiн:

__________________________________________________________________

Күнi________/________________________________________________/_______________

(өтiнiш берушiнiң / уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)

_____________________________________________________________________________

(сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)


Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: _______________________________

тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________ _________________________________

_____________________________________________________________________________

(маманның Т.А.Ә. және қолы)



Заңмен қорғалатын, құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20__ жылғы _______________ «___»________                                                                       (қолы)               

«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша


Нысаны
(Тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.),

не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)

_________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)


Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы


15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атаулары:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….

Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.



Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

Телефон ______________________

Алдым: ___________________________________________________________

көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы


20___ жылғы «___» ____________



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет