«Жылутехника» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



жүктеу 0.7 Mb.
бет3/13
Дата10.01.2019
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Дәріс 2


(2 сағат)
Тақырып. Жұмыс дененің қоспалары
Дәріс сабақтың мазмұны
1 Газ қоспасының жылусыйымдылығы

2 Идеалды және нақды газдардың жылусыйымдылығы.

3 Массалық, көлемдік және мольдік жылусыйымдылық. Арасындағы байланыс.

4 Нақты және реалды газдардың Майер теңдеуі.

5 Жылусыйымдылықтың температуралық тәуелділігі

6 Нақтылы және орташа жылусыйымдылығы. Жылусыйымдылығының кестесі.

7 Газ қоспасының жылусыйымдылығы.
Газ (франц. gaz, грек chaos ) деген сөз молекулалары арасында өзара әсер (әрекеттестік) әрекет ету күш жоқ, ал молекулалардың өзі көлемсіз және олар өздерін материалдық нүкьелер ретінде көрсететін газдарды идеал газдар деп атайды.

Газдың қоспасы

Газ қоспасы деп бір-бірімен химиялық реакцияға кірмейтін жеке газдар қоспасын айтады. Қоспадағы әр газ басқа газдардан тәуелсіз өзінің бар қасиеттерін сақтайды және ол өзі ғана толтырылған көлемдегі сияқты әсер етеді.

Ыдыстың қабырғасына газдың молекулалары парциалды (құрамдас бөліктері) деп аталатын қысым туғызады.

Газ қоспасының жылусыйымдылығы

Дененің температурасын 10С өзгерту үшін, берілетін немесе одан алынатын жылу мөлшерін жылусыйымдылық деп атайды.

Жылусыйымдылықтың зат мөлшеріне қатынасын меншікті жылусыйымдылық деп атайды. Меншікті жылусыйымдылықтың мынадай түрлері бар:

массалық , Дж/(кгК);

көлемдік , Дж/(м3К);

молдік , Дж/(кмольК).

Идеал газдың жылусыйымдылығы температурадан тәуелді. Бұл белгілері бойынша нақтылы және орташа жылусыйымдылықтар болып ажыратылады.

Температураның шексіз аз өзгеруіне сәйкес келетін жылусыйымдылықты нақты жылусыйымдылық деп атайды.



.

(1)

Температраның t1-ден t2-ге өзгеруіне сәйкес жылусыйымдылықты орташа жылусыйымдылық деп атайды.

,

(2)

Идеал газдардың жылусыйымдылығы температурадан ғана емес сонымен қатар газдардың атомдар санына және процестің түріне де тәуелді.

Нақты газдардың жылусыйымдылығы олардың табиғи қасиеттерінен, температурасы мен қысымынан да тәуелді.

Газдар үшін жылыту және суыту кезіндегі тұрақты көлемдегі және тұрақты қысымдағы газ күйінің өзгерістері ерекше ескеріледі:

Жылусыйымдылық жылудың берілу және әкетілу түрінен тәуелді. Тұрақты қысымдағы жылусыйымдылық- изобаралық ср-деп аталады.

- , Дж/(кгК);

- , Дж/(м3К);

- , Дж/(кмольК).

Тұрақты көлемдегі жылусыйымдылық- изохоралық сv деп ажыратылады.

- , Дж/(кгК);

- , Дж/(м3К);

- , Дж/(кмольК).

Бұл жылусыйымдылықтардың өзара байланысын Майер теңдеуі көрсетеді:



,

(3)

мұндағы R –газ тұрақтысы, Дж/(кгК)

Немесе:


,

(4)

мұндағы - универсалды газ тұрақтысы, = 8314 Дж/(кмольК).

Изохоралық процесте берілетін жылу тек газды ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады, ал изобаралық процесте ол жылу жұмыс жасау үшін де жұмсалады. Сондықтан срv .

Техникалық термодинамикада жылусыйымдылықтардың қатынасы адиабат көрсеткіші деп аталады (Пуассон коэффициенті).




(5)









Газдың температурасымен бірге жылусыймдылығы үлкейеді.

1 кг газдың жылыту кезіндегі бастапқы температурасынан соңғы температурасына дейін жылу мөлшері мына формуламен аңықталады:



.

(6)

Осы интегралды есептеу үшін мына функцияны білу керек .

Егер және температурадан тәуелді емес деп есептесек, молдік жылусыйымдылықтар шамалы тең болып, газдың атомдықтан тәуелді болады.

Жылусыйымдылықты кесте бойынша аңықтауға болады. Жылусыймдылық аддитивті болады, соңдықтан газ қоспасындағы массалық және көлемдік жылусыймдылықтарға мына аңықтамалар қажет:


,

(7)


.

(8)


Өздік бақылау сұрақтары
1 Меншікті жылусыйымдылықтың анықтамасын беріңіз

2 Орта және нақты жылусыйымдылықтардың өзара айырмашылығы

3 Жылусыйымдылықтардың түрлерін айтыныз

4 Майер теңдеуінің физикалық мәнін түсіндір

5 Газ қоспасының жылусыйымдылығын қалай анықтайды

6 Жылусыйымдылықтың өлшем бірліктерін атаңыз


Қолданылған оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б.3-20

2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». - М.: Высшая школа, 1980. - б.3-15

3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16

4 Кабашев Р.А. «Жылу техникасы» - М.: Полиграфсервис., 2008. – б. 32-66

5 Баскаков Б.В., Берг О.К., Витт и др. «Теплотехника» - М.: Энергоатомиздат., 1991. – б. 4-11, б. 40-41

6 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет