Ұйымдасқан топтағЫ Қылмыстардың алдын-алу жолдары келімбетова Г., Еркебаева А.Қ



жүктеу 23.67 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі23.67 Kb.

ӘОЖ 343.01
ҰЙЫМДАСҚАН ТОПТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ
Келімбетова Г., Еркебаева А.Қ.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың Жамбыл облысы бойынша өте белсендi топтары 2006-2007 жылдары жойылды. Анығында, экономикадағы реформалар олар үшiн қылмыстарының iске асырылуы, әлеуметтiк-экономикалық негiзде ұйымдастырылған қылмыстар, өз кезегінде қара бизнес (темный бизнес), бопсалау негізгі табыс көзі. Бүгінде ҰҚТ төңірегінде, барлық дамыған демократиялық мемлекеттерде есірткі бизнесі төңірегінде, адам мен қару-жарақ саудасында, кейде құрылыс саласында, мұнай-газ бизнесі мен туризм саласында кеңінен етек жайған.

Ұйымдасқан қылмыстық топ-белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыс жасайтын бір немесе бірнеше жетекшісі болатын ұйымдастыру өзегі бар (топ жетекшісі) қылмысты жасауға жеке қатысудан және әшкерелену қауіпінен алдын ала сақтандыруды көздейтін ішкі құрылымы және функциялық-иерархиялық жүйесі бар, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру және құқық қорғау органдары мен бәсекелестерінен өзіндік қорғау жүйесін құру кезінде зорлық және сыбайлас-жемқорлық сияқты әдістерді қолданатын, тікелей немесе жанама қаржылай және басқадай материалдық кіріс алатын және криминалдық ортада қылмыс жасау, заңсыз қызмет көрсету нарығын құру және пайдалану арқылы әлеуметтік қарсы ықпал етуге қол жеткізетін, ортақ ақша қоры бар (общак) және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқор шенеуніктерден қорғаны бар, қылмыстық әрекетке кәсібилігімен ерекшеленетін қатысушылары бар және оған қылмыстық кірістің белгілі бір үлесі үшін қатысатын криминалдық құрылым.

1. Ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық немесе топтармен жасалатын аса ауыр қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;

2. Аумақтық байланысы бар қылмыстық қауымдастықтарды тарату және жою, сондай-ақ қылмыстық ортаның жетекшілері мен қатысушылары қылмыстық құрылымдардың ұйымдастырушыларын заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тарту;

3. ҰҚТ қаржыландыру көздерін анықтап, жанасушылыққа жол бермеу;

4. Қылмыс анықталғанда дер кезінде хабарлау;

5.ІІО-на заңмен белгіленген қылмыстық топтармен жасалатын бандитизм деректері, тапсырыс бойынша кісі өлтіру, бопсалау, кепілге алу, заңсыз қару айналымына жол бермеу, алдын алу;

Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі-ұйымдасқан қылмыстық топта ықпалы бар (жетекшілік) және оның криминалдық әрекетін басқаратын адам.

Ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы-ұйымдасқан қылмыстық топтың криминалдық әрекетіне қылмысты жеке өзі жасап, қол сұғу объектісін іздеу, ақпарат ұсыну, қаржылық көмек және басқа да қылмыстық әрекетті жүзеге асыруда және құқық қорғау органдары мен бәсекелестерінен қорғану шаралары арқылы қатысатын тұлға.

Осы Ұйымдасқан қылмыстық топтарды бөлшектеп тарату үшін Ішкі істер органдарының жедел қызметтері олардың қылмыстық іс әрекеттерін (бопсалау, қарақшылық (ашық), тонау және тағы басқа да ауыр және аса ауыр қылмыстар) анықтап қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында, жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларын өткізеді.



Ұйымдасқан қылмыстық топтардың негізгі қаржысын толтырылатын қайнар көздері: мектеп, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындары, дүкендер және коммерциялық ұйымдар.

Ең негізгісі-заң бізді қорғауда. Ешқандай өз құқығымыздың тапталуына жол бермеу. Оларға қарсы дәлел не айғақ болғанда тиісті мекемеге хабарлау. Өз құқықтарымыз бен бостандықтарымызды ешкімге шектетпеу. Біз демократиялы елде тұрып жатырмыз. Сондықтан құқық бұзушы заң алдында жауапқа тартылуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет