Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 23. 08. 2016 ж Ортаңғы «Балапан» тобы Білім беру саласы: «Шығармашылық»



жүктеу 50.94 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі50.94 Kb.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Уақыты: 23.08.2016 ж Ортаңғы «Балапан» тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Жапсыру

Тақырыбы: Жаз көрінісі»

Мақсаты: Жаз мезгіліндегі ерекшеліктерді айту. Жаз көрінісін әдемі етіп түрлі қағаздардан жапсырту.

Қостілділік компонент: Жаз-лето




Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Сәлемдесу.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Бұрыламыз солға бір

Балалар шаттық шеңберін орындайды.




Ұйымдастырушылық-іздестіру

-Балаларға сұрақ қоюдан бастаймын:

-Казір жылдың қай мезгілі?

-Жаз мезгілінде неше ай бар?

-Қазір қандай ай?
Жақсы балалар, біз бүгін жаз мезгілін түрлі қағаздар арқылы бейнелеп жапсырамыз.

Ол үшін бізге: желім,қатты қағаз, қайшы және түрлі түсті қағаздар пайдаланамыз.

Ендеше алдымен қатты қағазды алып оған күн бейнесін жапсырамыз. Жазда күн қандай болады? Иә,күн ыстық болған сон суға шомыламыз.

Күнді жоғарыға жапсырамыз ба,төменге жапсырамызба?

Келесі гүлдерді түрлі түсті қағаздардан қиып аламыз да жапсырамыз. Көрсету.

Гүлге нелер қонады? Көбелектер

Көбелектердің түстері қандай болады?

Ендеше жапсырамыз.

Шаршадыңдарма?

(балаларды ортаға жинау)

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір.
-Жаз-лето

Жаз мезгілінің ерекшеліктерін айту әңгімелету.



Балалар сұрақтарға жауап береді.


Балаларға түсіндіремін

-ыстық


-жоғарыға

Бірге жасайды.

Әр түрлі

Балалар қимылмен орындайды.


Балалар өз еріктерімен сөйлеп үйренеді.


Рефлексивті-түзетушілік




-

Жаз мезгілі сендерге ұнайма?

Не себепті ұнайды?

-Балалардың жұмыстарын тексеру, мадақтау.


Балалар бір бірінің жұмыстарын көреді, бағалап үйренеді.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жаз мезгілінің ерекшеліктерін;

Қандай түсініктерді игердіЖапсырудың әдістерін пайдалана отырып, жапсыруды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қойылған сұрақтарға жауап бере білуді, қағазбен жұмыстана алуды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты: 31.08.2016ж Ортаңғы «Балапан» тобы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Су-өмір нәрі»

Мақсаты: Балаларға судың табиғаттағы баға жетпес сый екенін түсіндіру. Судың қажеттлігін, оның адамдарға, құстарға, жануарларға, өсімдіктерге пайдасы барын айту. Суды үнемдеуге қорғауға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: Су-вода


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


-Балалар бәріміз шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілеп, қуаныш сыйлайық.

Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы тілектерін айтады.



Ұйымдастырушылық-іздестіру


Жұмбақ жасыру:

Дәмі де жоқ, түсі де жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ.Ол не?

-Иә, балалар, дұрыс жұмбақтың шешуі су екен.

Су-сұйық зат. (стакандағы суды көрсету)

Суретпен жұмыс

-Су адамға не үшін керек?

-Суды ішеміз, тамақ әзірлейміз,шомыламыз,киім жуамыз, үй тазалаймыз.

-Ал енді су кімге не үшін қажет екенін білесіңдер ме?

-Иә, сусыз адамдар да, жануарлар да, тіпті өсімдіктерде тіршілік ете алмайды екен.

Көрдіңдер ме, судың қажет емес жері жоқ екен.Сондықтан суды үнемдеп пайдалану керек, суға қоқыстар тастауға болмайды. «Су-тіршілік көзі» деп бекер айтпаған.

Тәжірибе жасау:

-Мына екі ыдыстағы мөлдір судың біреуіне аз ғана топырақ салып көрейік. Судан қандай өзгеріс байқадық?Енді оны іше аламыз ба? Сондықтан суды әрқашан таза ұстауымыз керек.

Сергіту сәті: «Сылдыр, сылдыр, сылдыр су»

«Су айналымы» ертегісін оқып беру.
Ойын «Күн мен жаңбыр»

Күн дегенде қолдарын жоғары көтеріп,алақандарын ашады. Жаңбыр жауды дегенде отырып, еденге саусақтарын тықылдатады. Су-вода



Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

Тәжірибені жасап көреді.
Қимылмен орындайды.

Ойынды ойнайды.


Рефлексивті-түзетушілік




Тыйым және нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру:
«Суға түкірме»

Су-өмір нәрі

Бұлақ көрсең көзін аш.

Қорытынды


Балалар сөздерді қайталап жаттайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Судың адам үшін, тіршілік үшін маңызын;

Қандай түсініктерді игерді: Су туралы нақыл сөздер мен тыйым сөздермен танысты;



Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Судың мөлдір болатынын, тәжірибе жасауға болатынын:

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет