Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Дата22.04.2019
өлшемі30 Kb.

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

 

Білім беру саласы: Шығармашылық



Оқу іс әрекеті:  _______________________________

Бөлім:  Мүсіндеу

Тақырыбы:   «Ұзын құлақ сұр қоян»

Мақсаты:   балаларды, бөлікті қосып, оларды біріктіруге, оңай заттарды мүсіндеуге, оларды бөлшекетермен толықтыруға (тұмсық, көздер, құлақтар, кішкене табан) үйрету. Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру.

Билингвальды компонент: Қоян-заяц, мүсіндеу-лепка, көз-глаза т.б.

Сөздік жұмысы: Бөлшектермен толықтыру.

Технологиялық қамтамасыз ету: Қоянның суреті. Мүсінделген қоянның үлгісі. Жабайы жанурлар (түлкі, аю, қасқыр, қоян).

 

 



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқару әрекеті

 

 



Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 



 

Шаттық шеңбері: Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді, достықта өтсін деп, бір-бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңіліді күйімізді сыйлайық.

Арайланып таң атты.

Күн шуағын таратты

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қайырлы күн, достарым!

Жылуыма жылу қос,

Бәрімізз болайық дос!

 


 

Ұйымдастырушылық-ізденушілік



Үстел үстінде сулықпен жабылған ойыншық жабайы жануарлар тұр. Тәрбиеші сулықтың шетін көтереді де, онда біреулер біреулер тығылып тұрғанын айтады. Жануарларды кезек-кезек алып шығады, балалар олардың аттарын атайды. –балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, жабай жануарлар адамдардың үйінде тұрады ма, әлде орманда өмір сүреді ме?

-Әрине, олар жабайы табиғат аясында өмір сүреді. Сондықтан оларды жабай жануарлар деп атайды.

Жануарлар ормандар мен шөл далаларда, суық және ыстық елдерде өмір сүреді. Оларға ешкім де қамқор болмайды. өз тамақтарын өздері тауып жейді. Және ұрпақтары туралы өздері қам жейді.

-Мынау –қоян, оның құлақтары ұзын және құйрығы шошақ, тоны сұр. Ол қасқыр, түлкі лерден қорқады. Сондықтан мен оны шыршаның астына тығып қойдым. Енді біз қоянға көмектесу үшін мына ермексазбен қоянның бейнесін мүсіндейік. Ермексазды алақанысызбен уқалап, тақтайшада ысып, саусақтарымызбен қысқылау арқылы жұмсартып ұзын, сопақша жасаймыз. Осы біртұтас сопақшадан қысқылау арқылы қоянның дене мүшелерін жасаймыз.

    Енді басына көзін, мұрнын орналастырайық. Аяғына табанын жабыстырайық. Міне, осылай біз біртұтас қоянды мүсіндедік. Қонаққа келген қоянымыз риза шығар. Қане барлығымыз жұмыстарымызда қонағымызға көрсетіп мәз қылып қуантайық. Ендеше, балалар, қонаққа келген қоянымызыды қасқыр мен түлкіге жем болып қалмасын деп шығарып салайық.

Қоян: -Сау болыңдар, балалар! Сендер өте өнерлі, тату, ұйымшыл балалар екенсіңдер. Сендерге кездескеніме қуаныштымын!

 


 

 

 



 

 

Олар орманда өмір сүреді.



Сергіту сәті:

Ақ қоян-ау, ақ қоян.

Орныңнан тұрсаңшы.

Бетіңді жусаңшы,

Шашыңды тарашы,

Әй-әй көйлек киші,

Бізге қарап тұршы.

Д/қ ойын: «Жасырылған ойыншықты тап». Шарты: тақтаға аңдардың суреттері ілінеді. Балалар көздерін жұмады. Тәрб. бір аңның суретін жасырып қай аңның суреті жасырылғанын сұрайды.

Ойын балалар-ң ойлау, есте сақтау қабілет-н дамытады.

 

Сау болыңыз, Қоян!



 

 

Рефлексивтік-түзетушілік



Бал-ң жұмыстарын жинап, өз қолдарымен жасаған еңбектерін салыстырып, балаларды мақтау арқылы, оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

 



 

 

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

 

Нені білу керек:   Мүсіндеу оқу іс-әрекетінде балалар жабайы жануарлардың мекені мен тіршілігі туралы әңгімелесіп түсініктерін кеңейте білді.



Нені игерді:   Ермексазды алақандарына салып уқалап, шымши отырып қолдарының ұсақ моторикларын дамытуды игерді.

Нені білді:   Жұмыс жасай отырып балалар қонақжайлылық, достық, қамқорлық деген ұғымдармен танысты.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет