Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Күні: 20. 02. 2017 Білім беру саласы



жүктеу 32.57 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі32.57 Kb.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 20.02.2017

Білім беру саласы: Әлеумет,коммуникация

Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Жыл мезгілдері.

Мақсаты: Балаларға жыл,жылдың төрт мезгілі(әр мезгілде 3ай),12 а й туралы

түсініктерін қалыптастыру,қысқы ай атауларын қайталау. Жыл

мезгілдері,ай аттары,апта күндері,тәулік бөліктерінің реті туралы

білімдерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық

мүмкіндіктерін арттыру

Көрнекі құралдар: Жыл мезгілдері бар стенд суреті.



Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы кезеі

Шаттық шеңбер:
Ән айтуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе,міне мен,

Доспын енді сенімен!

-Менің сұрақ-жұмбағыма жауап бере отырыңдар.


Балалар тәрбиешінің

әрекетін қайталайды.


Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың барысы:

-Жылда неше мезгіл бар екен?

-Мына суреттерден қарап керекті суретті тауып алып ретімен қою керек.

-Енді атайық.


-Дұрыс біледі екенсіңдер.

-Осы төрт мезгілді цифрмен көрсетейік.


-Қыс мезгіліне жататын айларды атайық.

-Көктем айларын атайық.

-Жаз айларын атайық.

-Күз айлары ше?
-Біз барлық айларды қосып айтсақ,12 ай болады.12 ай біткенде 1 жыл өтеді.

-Ай аттарын қайталайықшы.

«Сөйлемді аяқта»дидактикалық ойын.

-Мен сөйлемді бастаймын,сендер аяқтауларың керек.Мысалы:Күзде жаңбыр жауса,ал .......қар жауады.

«Ауысып кеткен апта күні»

дидактикалық ойын.

Сергіту сәті.

Әжем үшін күнде мен,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Сыпырамын үй ішін.

Жуам аяқ табақты.

Жылай қалса бөпемді,

Уатамын бағамын.

«Қай сөз артық?»

дидактикалық ойыны.

-Сөз қатарынан артығын атау керек.


-Төрт мезгіл бар.


Балалар керекті жыл мезгілдерін тауып ретімен тақтаға іледі.

Балалар жыл мезгілдерін атайды.


-1ші-көктем мезгілі.

2-ші-жаз мезгілі.

3-ші күз мезгілі.

4-ші қыс мезгілі.
-Үш айы бар.

-Желтоқсан,

қаңтар,ақпан.

-Наурыз,сәуір,мамыр.

-Маусым,шілде,тамыз.

-Қыркүйек қазан,қараша.


Балалардың жауабы.

Балалар ойын ойнайды.

Балалардың жауабы.


Балалар ойын ойнайды.

Балалар тәрбиешінің

әрекетін қайталайды.

Балалар жыл мезгілдері,апта күндерін,ай аттарын,тәулік бөліктерін топтап,артығын айтды.



Рефлексивті

қозғаушы

-Біз бүгін не туралы әңгімелестік?

-Жыл қандай аймен басталады?

-Жыл қандай аймен аяқталады?



-Жыл мезгілдері туралы.

-Ай атаулары.....

-Апта күндері...

Балалардың жауабы.


Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже

Жаңғыртады: Жыл мезгілдері,ай аттары,апта күндері,тәулік бөліктерін.

Түсінеді: Жыл мезгілдері ауысып отыратыны жайлы түсініктері қалыптасты.

Қолданады: Қысқы ай атауларын айта алады.
Каталог: uploads -> doc -> 0a12
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a12 -> Тақырыбы: «Талаптанған тау асар»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет