Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Күні: 25. 04. 2017 Білім беру саласы



жүктеу 78.61 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі78.61 Kb.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:25.04.2017

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: «Балықты аквариум» (жапсыру)

Мақсаты:

Білімділігі: Аквариумда балықтар,ұлулар,өсімдіктер болатыны туралы түсіндіру;

Дамытушылығы: Балалардың елестете білу қабілетін дамыту.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бүлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

Тәрбиелігі:Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер,қажетті құрал жабдықтар: Табиғат бұрышындағы аквариум,балықтар менұлулар,дайындамалар-қызыл тіктөртбұрыш және сары түсті шаршылар,қайшы,желім-қарындаш,сулық,үлестірмелі материалдар.

Алдын ала орындалатын жұмыс:Балықтар туралы әңгімелеу. Сөздік жұмыс:Ұлу,қабыршақтар.

Билингвальды компонент: Балық-рыба,су-вода.,т.б.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық


Ғажайып сәт: Топқа алтын сандықты көтеріп әкелу. (Сандықтың ішінде аквариум,ойыншық балықтар мен ұлулар бар.) Жұмбақ жасыру: 1.Төртбұрышты шыны үй, Терезесі жоқ,іші толы су. Осы үйдің тұрғындары Шетінен шебер жүзгіштер. 2.Басса ізі жоқ, Жүрсе, жолы жоқ.

Қуаныштарын білдіреді. Жұмбақты тыңдайды,жұмбақтың шешуін табуға тырысады.


-Аквариум,балық.

–Ұлу.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Бүгін аквариум және оның тұрғындары туралы әңгімелесеміз.Қараңдаршы,бала- лар,бұл-су асты әлемі. Балалар,аквариумның түбінде не бар? -Олар не үшін қажет?

Сөздік жұмыс: Ұлу,қабыршақтар. Сергіту сәті: Суда балық жүзеді, Суда өмір сүреді. Айнадағы бейнедей Қимылдарды қайтала Оңға,солға бұрылдық, Алға,артқа иілдік. Тіземізді бүктіріп, Қолды создық тік тұрып. –Ал енді балықтарды талдайық. Қандай балықтарды білесіңдер? Балықтар,аквариумда бірдей болама? Олардың бір-бірінен айырмашылықтары неде? -Барлық балықтарға ортақ не бар?Балықтарға суда жүзуге не көмектеседі?

-Білесіңдер ме,балықтар көзін ашып ұйқтайды.Өйткені олардың қабағы жоқ. –Балалар,балыққа қабыршақ не үшін қажет?

-Дұрыс,судың түбінде жүзгенде балық жаралануы мүмкін,ол балықтың денесін қорғайды. Билингвальды компонент:балық-рыба,су-вода. Ойын «Балықты көркемде».Балаларға балықтар мен қабыршақтар таратылады. Үлестірмелі материалға назарларын аудару,суреттерді қарауға ұсыну. Жұмысты жасау ретін түсіндіру,көрсету. Денелерінің пішінін анықтап,балалрғ сопақ пішінді балықтың денесін,құйрығын,қанат- ын қалай қиятынын түсіндіру,қию үлгісін, оны құрау әдісін,жабыстыру тәсілін көрсету Тіктөртбұрыштың шетін қайырып-дөңгелету,сопақшалар қию балықтың денесі,оларға кішкентай ұшбұрыштар қосу-құйрықтарын жасау. Қайшымен жұмыс істеудегі техникалық қауіпсіздікті еске түсіру. Жұмысқа кірісуді ұсыну. Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Аквариумды қарайды,сұрақтарға жауап береді. –Аквариумның түбінде Құм мен тас бар. –Таста балдыр өседі. –Сән,көрік беру үшін. –Олар балықтарды оттегімен қамтамасыз етеді. Балалар қайталайды

Балалар қимыл-қозғалыс жасайды.

Білетін балықтарды атайды. –Қанаты,құйрығы әртүрлі болып келеді. –Басы,денесі,құйрығы, қанаты.—балықтардың қанаты,менқ құйрығы суда жүзуге көмектеседі.

-Қабыршақ балықтың денесін қорғайды.

Қайталайды:балық-рыба,су-вода.

Үлестірмелі материалды құрастырады,суреттерді қарап,жауап береді.

Жұмысты жасау ретімен танысады.

Балалар қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін айтады. Жұмысқа кіріседі,тапсырманы орындайды. іледі.



Рефлексиялық-түзетушілік


–Балалар,сендерге достарыңның жұмысы ұнады ма?Сендерге қандай жұмыстар ұнады ма?Несімен ұнады? -Арманымызды орындайтын алтын балық болса,не болар еді?Балалар,алтын балықтан не сұрар едіңдер?Ойланыңдар! Ойын «Балық,қайда тұрасың?» Балалар бір-біріне балықты шеңбер бойынша беріп,кімге «тұрасың» сөзі түскенде,сол бала балықтың қайда тұратынын айтады. -Балықтардың үйін қорғайық,оларды күтіп- баптайық,тамақтандырып,суын тазалап отырайық.Сонда балықтар бізді көркімен қуантады.

–Жұмыс біткеннен кейін кепкенше үстел үстіне қояды.Содан кейін ата-аналарға арналған көрмеге іледі.

Ойынға кіріседі. Бір-біріне балықты шеңбер бойынша беріп,кімге «тұрасың»сөзі түскенде,сол бала балықтың қайда тұратынын айтады (теңізде,өзенде,көлде,мұхитта,аквариумда,т.б.) Балаларды тыңдау, пікірлерін айтқызу.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:қию және жабыстыру тәсілімен ұсақ бөлшектерді (қабыршықтарды)өзі қалауы бойынша жабыстырады. Түсінеді.аквариумда балықтар,ұлулар,өсімдіктер болатынын (балық жүзеді,ұлу жорғалайды,балдыр өседі,балықтар үшін қорғаныс және азық болады) Қолданады:табиғат бұрышында тұрған аквариумдағы балықтарды күтуде оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:27.04.2017

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: «Темір конструктор бөлшектерінен арба құрастыру» (құрастыру)

Мақсаты:

Білімділігі: темір конструктордың таныс бөлшектері жайындағы түсініктерін бекіту, жаңа бөлшектерімен таныстыру;

Дамытушылығы: арбаны құрастырукезінде дөңгелекті бұрандамен бекіту тәсілін меңгеру; қозғалмалы бөліктерді құрастыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: конструктормен ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу ( ауызға алмау, бөліктерді жоғалтпау, т.б.)

Керекті құралдар мен материалдар: «Механик 1» («Механик 2») конструкторлары, үлгі суреттер.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, конструктор бөлшектерін құрастыру жолдарын көрсету.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: темір конструкторлармен жұмыс жасап, өз еркімен құрастыру; құрастырылған үлгі суреттерді қарау.

Сөздік жұмыс: арба

Билингвальді компонент: арба-телешка

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбер:

Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Қадірлі боп жүрейік!


Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Өткен сабақта осындай конструкторлардан саты құрастырғандарын, биік жерге шығу үшін қолданылатынын, онымен ағаштан алма жинауға да болатынын еске түсіріп, бау – бақшада алма өте көп екенін, оны бақшашылар жинап, жәшітерге салып қойғанын, жәшіктердің өте ауырдығын, әрқайсысында 20-30кг алма бар екенін, бұл алмалардықыста сақтау үшін жеміс қоймаларына жеткізу қажеттілігін айта келіп, жақын жердегі қоймаға алманы жеткізу үшін, бақшашылар сендерден арба жасап беруді өтінетінін айтады. Арбаны жасау үшін темір конструктордан жасалған ойыншыққа талдау

Өздерінің алдындағы конструкторлардан қажетті бөлшектерді таңдап алу ұсынылады;

Балалар керек бөлшектерді таңдап алып, тәрбиешіге көрсетеді.

Сұрақ – жауап әдісі:


  • Арба қанша бөліктен тұрады?



  • Арбаның жалпақ бөлігі не үшін қажет?

  • Дөңгелекті немен біріктіруге болады?

  • Арбаның қозғалмалы бөлігін ата.

Алдымен білікті жүк салатын аумақтың тесігінен өткізіп, шайбамен біріктіреді, содан соң екі жағынан дөңгелекті кигізіп, гайка және болттың көмегімен біріктіреді.

Балалар өздеріндегі конструктормен арбаны көрсетілген ретпен құрастырады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі. Сабақ барысында балалардың шаршағандығы байқалса, «Қара жолда сықырлап арба келеді» әнімен бой сергіту сәті өткізіледі.

Педагог балалар жұмысын талдауда арбаның беріктігі, бұрандалардың дұрыс бұралуына көңіл бөледі.

Сөздік жұмыс: арба

Билингвальді компонент: арба-телешка

Сергіту сәті: Суда балық жүзеді, Суда өмір сүреді. Айнадағы бейнедей Қимылдарды қайтала Оңға,солға бұрылдық, Алға,артқа иілдік. Тіземізді бүктіріп, Қолды создық тік тұрып. Үлестірмелі материалға назарларын аудару,суреттерді қарауға ұсыну. Жұмысты жасау ретін түсіндіру,көрсету. қиятынын түсіндіру,қию үлгісін, оны құрау әдісін,жабыстыру тәсілін көрсету Жұмысқа кірісуді ұсыну. Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


-Үш бөлік.

-Арбаның жалпақ бөлігі, дөңгелектері, білігі.

-Жүк салу үшін.


-Арбаның білігіне дөңгелектерді кигізіп, оны гайкамен бұрап орналастырады.

Балалардың жауабы.

Үлестірмелі материалды құрастырады,суреттерді қарап,жауап береді

Жұмысты жасау ретімен танысады.

Балалар қайталайды.

Қайталайды: арба-телешка

Балалар қимыл-қозғалыс жасайды.

Балалар қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін айтады. Жұмысқа кіріседі,тапсырманы орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік


–Балалар,сендерге достарыңның жұмысы ұнады ма?Сендерге қандай жұмыстар ұнады ма?Несімен ұнады? - Бұл дайындалған арбаны бау-бақша жемістерін жинауға бақшашыларға көмек көрсетулеріне болатынын айтып, сабақты қорытындылайды.

Жасалған жұмыстарды бағалау.




-Ұнады.
Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: арбаны құрастыруды.

Түсінеді: арбаның сұлбасын.

Қолданады: темір құрастырғыштармен мұқият болуды.
Каталог: uploads -> doc -> 0b1d
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет