Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту, Мүсіндеу, Карапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: «Көңілді дәрумендер»



жүктеу 60.96 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі60.96 Kb.


«Көңілді дәрумендер»
М.И.Сауханова, №10 "Балапан" бөбекжайының тәрбиешісі

Орал қаласы

Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық, Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту, Мүсіндеу, Карапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Көңілді дәрумендер».

Мақсаты: Балаларға дәрумендер туралы түсінік беріп, білімдерін кеңейту; олардың дене дамуына қосатын үлестері туралы айту, адамға күш-қуат беретіндігін түсіндіру. Жемістер мен көкөністерде қандай дәрумендер болатынын жөнінде айту. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: шаттық шеңбері, түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.

Қажетті көрнекі құралдар: жемістер мен көкөністердің муляждары, слайд, ермексаздар, тактайшалар, сүлгілер, бос дәрумендердің ыдыстары, алжапқыш және орамал т.б.

Қостілділік компонент: қыс-зима, дәрумендер-витамины, жемістер-фрукты, көкөніс-овощи, алма-яблоко, шие-вишня, картоп-картошка, сәбіз-морковь т.б.


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешенің қызметі

Балалардың қызметі

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі


Жылулық шеңбері

Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше, қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, келіңдер,

Жақын келіп, тұрайық.

Шеңберді біз құрайық,

Таңертең ерте тұрайық.

Беті қолды жуайық,

Тісімізді тазалап.

Денсаулықты сақтайық.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атап беріңіздерші?


Қостілділік компонент: желтоқсан-декабрь, қаңтар-январь, ақпан-февраль.

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Суықта тоңып қалмау үшін не істеуіміз керек?

Қыс туралы жақсы біледі екенсіздер.

-Балалар, енді біздер дәрумендер туралы айтып көрейік.

-Дәрумендерді қайдан аламыз?

-Жемістер қайда өседі?

-Ал көкөністер қайда өседі?


Балалар шеңберге тұрып өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісіп, шаттық шеңберіне тұрады.


-Қыс мезгілі.

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қайталайды: желтоқсан-декабрь, қаңтар-январь, ақпан-февраль.

-Суық, аяз, боран,т.б.

-Қалың киіну керек.


Көкөністер мен жемістерден, ет, сүт тағамдарыннан.

-Ағашта өседі.

-Бақшада өседі.


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі




-Ендеше балалар бүгінгі оқу қызметімізде жемістер мен көкөністердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.Слайдпен жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету.
-Балалар жемістер мен көкөністер туралы қандай тақпақтар білесіздер?
1.Мен алмамын,алмамын,

Денсаулыққа пайдамын,

Сусынымды ішсеңіз,

Көп ауруды жазамын.

-Балалар алмада D дәруені бар. Ол ағашта өседі. Алманы жуып жеу керек.

2. Мен сәбізбін, сәбізбін,

Емдік қасиет беремін.

Көп ауруды жазамын,

Емделем десең әзірмін.

-Балалар сәбізде А дәрумені бар. Ол жерде өседі өседі. Сәбізді жуып, қабығын тазалап жеу керек.

3. Мен қарбызбын, қарбызбын,

Күннің көзін сүйемін.

Ауырса бүйрек, бауырың,

Көмегімді беремін.

-Балалар карбызда В дәрумені бар. Ол жерде өседі. Қарбызды жуып, кесіп ішіндегі қызыл тәттісін жеу керек.

4. Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

-Балалар шиеде С дәрумені бар. Ол ағашта өседі. Шиені жуып дәнін алып тастап жеу керек.

5. Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім бар қанға нәр.

Зияным жоқ білім қой,

Қызылшамын пайдам бар.

-Балалар қызылшада В дәрумені бар. Ол жерде өседі. қызылшаны жуып пісіріп жеу керек.

6. Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

-Балалар алмада А дәрумені бар. Ол жерде өседі. Картопты жуып, қабығын ашып, пісіріп жеу керек.


Микроб: Сәлеметсіздер ме, менің әлсіз де, кішкентай балаларым. Мен микроб деген патшаларың боламын. Сендер мені күттіңдер ме? Мен жеміс-жидектерді жумай жейтін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.

Тәрбиеші: Біз сізді шақырған жоқпыз. Біз балалар жемістерді жақсылап жуып, тазалап жиміз го ия?

Балалар: Ия, апай!

Микроб: Сіздер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіздер. Менімен дос болмасаңыздар мен сіздерді сиқырлап тастаймын.

Балалар: Біз сіздің сиқырыңызға сиқарланбаймыз. Сізбен қалай күресу керек екенін білеміз. Жеміс-жидек пен көкөністерді жуып тазалап көп жиміз. Біздің денсаулығымыз күшті.

Дидактикалық ойын: «Дәрумендерді ажырат»

Шарты: Балалар берілген жемістер мен көкөністерді А және С топтарына бөліп орналастыру керек.


-Балалар, бізге хат келген сияқты. Қарап көрейікші. Бәріміз экранға назар аударайық. Балалар бізге балабақшамыздың дәрігері не айтар екен тыңдап көрейік.

-Балабақшаның дәрігері көкөністер мен жемістерді қалай жеу керектігі туралы айтып береді.

Сергіту сәті:

Дәрумендер тірегің,

АВС деп аласың.

Жетіспесе бірі оның,

Ауырып сен қаласың.
-Балалар дәрумендер тек қана жемістер мен көкөністерде болмайды сонымен қатар оны дәрігер апайларымыз арнайы дәріханаларда дәрумендерді жасап шығарады.

-Балалар, өзіміздің жеке дәріханамызға барып арнайы киімдерімізді киіп, дәрумендерді жасап берейік.

-сары ермексаздан дөңгелек тәрізді пішіннен түрлі дәрумендер жасайды.

-Балалар тәрбиешінің айтқаның тыңдайды.

Білетін тақпақтарын айтады.
Ару алма туралы тақпағын айтады.
Жайдар сәбіз туралы тақпағын айтады.

Арсен қарбыз туралы тақпағын айтады.

Іңкәр шие туралы тақпағын айтады.
Елхан қызылша туралы тақпағын айтады

Дамир картоп туралы тақпағын айтады


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, дәрумендерін естеріне сақтап алды.

-Ия, апай! Біз оны шақырмадық.

Балалар микробқа жауап береді.

Балалар топтарға бөліп қояды.


Экранға назар аударып, мұқият тыңдайды.


Ортаға шығып сергіту сәтін орындайды.

Тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.


Алжапқыштарын тағып, жұмысқа кіріседі. Ермексаздан дәрумендер жасайды.



Оқу қызметін бағалау кезеңі


Қорытындылау:

-Балалар, дәрумендер дегеніміз не екен?

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сіздерге ұнады ма?

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Қай тапсырма сіздерге қатты ұнады?

Балаларды мадақтап, сыйлықтар беру.



Балалар сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: дәрумендер туралы түсінікті, білімдерін кеңейту;

Қандай түсініктерді меңгерді: дене дамуына қосатын үлестері туралы айту, адамға күш-қуат беретіндігін түсіндіру;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жемістер мен көкөністерде қандай дәрумендер болатынын меңгерді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет