Ұжымдық шартты жасасу тәртібі



жүктеу 30.15 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі30.15 Kb.
түріКодекс

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ ЖАСАСУ ТӘРТІБІ
Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер ұжымы мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт, әзірлеу және жасасу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 156 бабында белгіленген.

Кез келген тарап ұжымдық шарттың жобасын дайындау және жасасу бастамашысы бола алады.

Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күн мерзімде қарауға және келіссөздерге кірісуге міндетті.

Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін тараптар тепе-теңдік негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптардың келісімімен айқындалады.

Жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарда өздерінің мүдделерін білдіру үшін кәсіптік одақ органына уәкілеттік беруге құқылы.

Ұйымда жұмыскерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде олар комиссия жұмысына қатысу, ұжымдық шартты талқылау және қол қою үшiн бiрыңғай өкiлдi орган құрады.

Комиссия дайындаған ұжымдық шарттың жобасы ұйым жұмыскерлерінің міндетті түрде талқылауына жатады. Комиссия келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды.

Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде, ұжымдық шарт кемінде екі данада жасалады және оған тараптардың өкілдері қол қояды.

Ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша тараптар арасында келіспеушіліктер болған кезде олар туындаған күннен бастап бір ай ішінде тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиіс.

Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 156-бабында оны жасасу үшін белгіленген тәртіппен тараптардың өзара келісуі бойынша ғана жүргізіледі.

Егер алынған мәліметтер мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын болса, ұжымдық келіссөздерге қатысушылар оларды жария етуге құқылы емес.

Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар келіссөздер жүргізу кезінде орташа айлық жалақысы сақтала отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін. Бұл мерзім олардың еңбек өтіліне қосылады.

Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 157-бабына сәйкес айқындайды.

Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай ішінде мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға ұсынуға мiндеттi.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 97-бабына сәйкес:

- ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмдерде қамтамасыз етпеу үшін – келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл;

- ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту үшін – ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл;



- ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу үшін –
      ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл;

- ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу үшін – ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Каталог: analitika -> sotsialnaya-zashchita-i-zanyatost-naseleniya
analitika -> Қостанай қаласының инвестициялық жобалар бойынша ақпарат
analitika -> Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды
analitika -> «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі орындаушылық тәртіптің жағдайын тексеру туралы» аудан әкімі аппаратының басшысының 25
analitika -> Информация о работе библиотек
sotsialnaya-zashchita-i-zanyatost-naseleniya -> Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарлама паспорты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет