Жинақтау №1 Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамытып, координациялық қозғалысын дамыту. Көрнекілік құралдар



жүктеу 177.84 Kb.
Дата30.03.2018
өлшемі177.84 Kb.


Жинақтау №1

Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамытып, координациялық қозғалысын дамыту.

Көрнекілік құралдар:Ұсақ заттар (фишкалар,түймелер,мозайкалар).

Ойын барысы: Балалардың ұстеліне ұзын ыдысты және оң жағына ұсақ заттарды қоямыз. Сондай ұсақ заттар тәрбиеші үстелінде де болады. Тәрбиеші саусақпен ұсақ затты алып көрсетеді. Балалар көргенін қайталап, оларда ұсақ затты саусағымен алып, ұзын ыдысқа салады.
Гүл отырғызайық №2

Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту жұмысты аяғына дейін орындауға үйрету.

Көрнекілік құрал: Тесігі бар қорап және гүл.

Ойын барысы: Тәрбиеші гүлді алып, қорап тесігіне отырғызып көрсетеді. Балалар қайталап жаттығады.
Қоянға көмектесейік №3

Мақсаты: Жіпті сабақтауды үйренуді, одан әрі жалғастыру, ұсақ қол қимылдарын дамыту, бастаған істі тиянақты, аяғына дейін орындауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Әр балаға саңырауқұлақ, жасыл шөп салынған, бес тесігі бар картон, қоянның қиылған суреті.
Ойын шарты: Тәрбиеші өз суретін алып қоянның жасыл шөп үстінде қыдырып жүргенін көрсетеді.

«Ой, балалар жаңбыр жауды» - дейді. Содн кейін суретті аударып, жаңбыр жауып тұрғанын көрсету үшін жіпті қалай сабақтап, әр тесіктен дұрыс өткізуді көрсетеді. Содан кейін балалар тәрбиешінің көмегімен алдарындағы көрнекіліктермен жұмыс жасайды.

- Балалар, қараңдаршы тағы да жаңбыр жауды, тезірек қояндарыңды саңырауқұлақтың астына тығыңдар.
Жел мен ауа №4

Мақсаты: Балаларды табиғи заңдылықтарды білуге, жалпы моторика, ұсақ моториканы дамыту, сөйлеу тілін қалыптастыру.

Ойын барысы: Балаларды тең етіп екі топқа бөлу керек. Ітоп – Жел, ІІ топ – Ауа. Тәрбиеші екі топқа екі белгі береді. І топқа көк түсті, ІІ топқа – қызыл түсті белгі. Тәрбиеші көк түсті белгіні көтерген кезде «ауа» тобы ауыздарымен үрлеп, «жел» тобы қолдарын көтеріпсаусақтарымен қимылдар жасайды. Егер ақырын үрлесе, ақырын жел соғып тұрғанын көрсетеді, қатты үрлесе, қатты жел соғып тұрғанын көрсетеді. Ал қызыл түсті белгіні көтергенде 2 топ орындарымен ауысады.

Осылай ойын жалғаса береді.


Менің жанұям №5

Мақсаты: отбасы мүшелерін дұрыс атауға, тәртіп ережелерін сақтауға үйрету, саусақ қимылдарын дамыту.

Ойын шарты: Балалар бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын атап , бес саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағынан бастап бес саусақты атай отырып түгел жазады.

Бас бармағым-атам, үйдін данасы.

Балаң үйрек - әжем , ошақ анасы

Ортан терек- әкем, отау панасы

Шылдыр шүмек- шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.


Салат №6

Мақсаты: Ұсақ қол қимылдарын дамыту, бастаған істі аяғына дейін орындауға үйрету.
Сәбізді алып тазалаймыз. Оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды.

Үккішпен үгіп майдалаймыз. Екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап,жоғары- төмен қозғайды.

Қантпен сеуіп дәмдейміз. Саусақтардың ұшымен қант себеді.

Қаймақ құйып сәндейміз. Қолды жұдырыққа түйген күйі қолды жоғары – төмен қозғайды.

Міне дайын нәр тағам. Екі қолды алдына жайып көрсетеді.

Дәруменге байыған. Алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын

білдіреді.



Қолтырауын №7

Мақсаты: Иық, саусақ қимылдарын дамыту.

Қолтырауын қонақ күтуде, Екі қолын саусақтарын түйіп қайта ашып қалады.

Тістері тура шегедей, Саусақтарын ашқан күиі оң алақанды сол алақанның

үстіне беттестіріп саусақтарды сәл дөңгелете ашып жабады.



Бұл жерден қой өтпедіме ? Қолдарды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді.

Деп сұрадым ойын білмекке

Ал ол болса тымпиып жатыр Алақандарын бір – біріне ысқылайды.

Көзін қысып қылқиып жатыр Көздерін қысады.

Кім келді? №8

Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.
Қане, Қане кім кедлі? Екі бас бармақтарының ұштарын созады.

Біз, біз, біз! Екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап,қалған саусақ

саусақ ұштарын бір мезгілде соғады.



Апа, апа, бұл сіз бе? Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

Иә, иә , иә! Сұқ саусақтардың ұштарын соғады.

Әке,әке, бұл сіз бе? Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

Иә, иә, иә! Ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады.

Ағатайым,бұл сіз бе? Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

Иә, иә, иә! Аты жоқ саусақтардың ұштарын соғады.

Қарындасым бұл сен бе? Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

Иә,иә, иә! Кішкене саусақтардың ұштарын соғады.

Біздер тату жанұя Барлық саусақтардың ұштарымен бірге соғады.

Иә, иә, иә! Алақандарымен шапалақтайды.
Үкі №8

Мақсаты: Балалардың саусақ қимылдарын, координациялық қозғалысын дамыту.

Орманда қараңғы . Екі қолдың білезіктерін біріктіре саусақтарды жан-жаққа ашады.(«Орман»).

Бәрі-бәрі ұйқыда Алақандарын беттестіре жақтарына таянып «ұйқыға кетеді».

Үкі ғана ұйықтамапты. Бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды(«үкінің көздері»).

Маңғазданып отыр. Қолдарын артқа жинап,кеуделерін көтереді.(«маңғаз үкі»)

Әрі-бері отырды да Қолдарын жан-жаққа жая ұшып,басқа орынға

Қараңғыға қанат қақты. ауысады.
«Доп» №9

Мақсаты: Саусақ қимылдары мен аяқ қозғалыстарын дамыту.
Он,тоғыз, Алақандарымен шапалақтайды.

Сегіз,жеті, Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады.

Алты,бес, Алақандарымен шапалақтайды.

Төрт,үш, Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады.

Екі,бір. Алақандарымен шапалақтайды.

Доп ойнайық,Кел жүгір! Қолдың біресе ішімен,біресе сыртымен көздерін

жабады


Тек білейік Әр сөз ырғағымен шапалақтайды.

Анық нақ: Әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады.

Допты қашқан кім қумақ? Отыра қалады.


Сөздер №10

Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту.
1-2деп санаймыз

Әріптен сөз құраймыз. Саусақтарды біртіндеп бүгіп санайды,кері ашып санайды.

Күн-шуақты сөз екен .Барлық саусақтардың арасын ашып,бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді.(«күн»жасайды)

Мысық құлақты сөз екен.Бас бармақ,ортаңғы саусақ,аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды,сұқ саусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ»жасайды.

Сиыр-мүйізді сөз екен.Сұқ саусақ пен кішкентай саусақты тік ұстай «мүйіз»жасайды.(Бас бармақ,ортаңғы саусақ,аты жоқ саусақтарбіріктіріле бүгілген).

Қарбыз-жолақты сөз екен.Екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды.
Шаян мен мысық №11

Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын және координациялық қозғалысын дамыту.

Тасасында көпірдің Сол қолды шынтақтан бүге,алақандарды төмен қарата алдына ұстап көпір жасайды

Кәрі шаян тұрыпты «Көпірдің»астына оң қол саусақтарын төмен қарата бос ұстай «көп аяқты шаян сияқты»жыбырлатады.

Көпірден өткен мысықтың .Алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен қарай сол қолдың 2-ші және 3- ші саусақтарын жүгіртеді.

Құйрығынан жұлыпты

«Құтқарыңдар» Иықтан төмен «жүгірген» саусақтар қолдың басына келгенде кішкентай саусақты оң қолдың жұдырығында қысып ұстап қалады.

Мяу-мяу-мяу! Сол қолдың кішкентай саусағы оң қолдың жұдырығында қысылған күйі 2-ші,3-ші,4-ші саусақтарды бас бармақпен біресе біріктіре,біресе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын бейнелейді.

Босатыңдар шаяннан!» Сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған оң қолдың саусақтарын біртіндеп ашады.

Қане,кім бар,келіңдер! Екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы барлық саусақтарды тез-тез «жүгіртеді».

Мысыққа көмек беріңдер! Сөздің айтылу ырғағына сәйкес алақандарын шапалақтайды,соңғы сөзге аяқтарын шапалақтайды.
Қызық-ай! №12

Мақсаты: Сөз ырғағына қарай қймылдарды жасай білуге үйрету.
Күлкілі,әрі қызық-ай! Екі қолды жая иықтарын көтереді,бастарын шайқайды.

Қой қағып тұр қақпаны.Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады.

Теуіп және сүзіп-ай Аяқтарын топылдатып «мүйіз» жасайды.

Қой қағып тұр қақпаны. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады.

Күлкілі,әрі қызық-ай! Екі қолды жая иықтарын көтереді,бастарын шайқайды.

Қой қағып тұр қақпаны Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады.

Аша алмады бұзып-ай! Жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды.

Басын ауыртты,тапқаны. Екі қолмен бастарын сипалайды,иықтарын көтереді.

Күлкілі,әрі қызық-ай! Екі қолды жая иықтарын көтереді,бастарын шайқайды.

Қой қағып тұр қақпаны. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады.

Соғар қойдың өзін-ай Қабағын түйіп,сұқ саусақпен доқ көрсетеді.

Табылар ма жан қане! Екі қолды жая иықтарын көтереді.
Өрмекші №13

Мақсаты: Қол қимылдарын дамыту .

Күні бойы еңбекпен Оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді,

керісінше қайталайды



Өрмекші өрмек тоқыды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы).

Нөсер тек кенет селдеткен Саусақтарын сыртылдатады.

Еңбегін оның жоқ қылды Оң алақанымен сол қол алақанының үстіне тез сырғанап түседі.

Күн шықты қайта жарқырап Барлық саусақтардың арасын ашып,бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын

беттестіреді.



Құрғады тез-ақ төңірек («күн»жасайды).

Өрмекші өрмек тоқуға Екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп

біресе оңға біресе солға иеді.



Кірісті дереу,тезірек Барлық саусақтардың ұштарын түйістіре,тез-тез

кезектестіре бір – біріне соғады.


Сәлем №15

Мақсаты: Иық, қол қозғалыстарын дамыту, көтеріңкі көңіл- күйін қалыптастыру.

Сәлемдесем әрдайым Екі қолдарын айқастыра кеуделеріне қояды.

Үйде және көшеде Екі қолдарын жаяды.

Тіпті «сәлем»-деймін мен

Тауыққа көрші үйдегі «Қанаттарын»(екі қолдарын сәл көтеріп,қайта түсіріп)қағып тұрады.

Сәлемет пе,шуақты күн көкте! Бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре, саусақтарды жан-жаққа аша «күн» жасайды.

Сәлемет пе,нұрлы аспан

көкпеңбек! Екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді.

Сәлемет пе самал жел

желпіген! Екі қолды жоғары көтере екі жанына кезек теңселеді.

Сәлемет пе,кішкентай

түбіртек! Екі қолды төмен түсіре,қол бастарын бір-бірінің үстіне

қойып алдына ұстайды.



Сәлем,таң жаңа атқан! Оң жаққа оң қолын жаяды.

Сәлем,күн арайлы! Сол жаққа сол қолын жаяды.

Сәлемге еріну! Оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстайоңға,солға

кезектестіре шайқайды.



Бізге әсте болмайды. Бастарын шайқайды.
Тыныс жолдарына арналған жаттығулар.

1 жаттығу:

Мақсаты: Балалардың тілдік тыныс алуларын дамыту.
1.Мұрынды төменнен жоғары қарай сипау.Дем шығарған кезде сұқ саусақпен мұрынның қырын соғу.

2.Мұрынның бір жағын басып тұрып,екіншісімен 8-10рет демалып,дем шығару.(екі жақпен кезек)

3.Мұрынмен демді ішке тарту.Дем шығарған кезде «м-м-м»дыбысын айту.

4.Мұрынмен еркін демді ішке алу.Демді шығарған кезде әртүрлі дыбыстарды айту: «ба-бо-бу», «г-м-м»

5.1,5-проценттік теңіз тұзымен тамақты шаю.

2 жаттығу:

Мақсаты: Еркін тыныс алуын, тіл бұлшық еттерін, жұтқыншақ бұлшық еттерін және мидың жақсы жұмыс істеуін қалыптастыру.

1. «Трактор».Трактор моторының дыбысын салу. «д-т-д-т» дыбысын тез қайталау(бұл дыбыстарды айту тіл бұлшық еттерін дамытады.)

2. «Ату».Тирда тұрып пистолетпен атып тұрмыз деп елестету.Тілді шығарып, «к-г-к-г»дыбыстарын айту.(жұтқыншақ бұлшық еттерін дамытады).

3. «Ұйықтау».Бірнеше рет есінеп,керілу.(мидың жақсы жұмыс істеуіне әсер етеді).

4. «Пороход».Демді ішке алып,1-2 секунд ұстап, «у-у-у»дей отырып,дем шығару.
3жаттығу:

Мақсаты:Сөздерді дұрыс ,қимылмен байланысты жылдамдықпен айтуға дағдыландыру.


  1. «Паровоз».Бөлме ішінде паровоз жүрісін салып жүру, «чух-чух»деп әртүрлі жылдамдықпен айту.

  2. «Ағаш жарушы».Тік тұрып демді ішке алу,қолды жоғары көтеріп,шапшаң ағаш жарған қимылын жасау,қол төмен түскен кезде «бух»деп айту

  3. «Қаздар».Ұшып жүргендей қимыл жасап,жәй жүру.Дем алғанда қолды көтеріп,дем шығарғанда қолды түсіру. «Г-у-у»деп айту.

  4. «Сағат».Тік тұрып,аяқты сәл алшақ қою,қол белде.Оңға және солға қисаю, «тик-так»деп айту.



4жаттығу:

Мақсаты:Еркін тыныс алып, естіртпей ауа жйнап оны қозғалыспен дұрыс дыбыстап шығара білуге үйрету.

  1. «Жылыну».Аяқты қосып,тік тұру,қол жанында.Қолды тез кеуде тұсына қайшылау, «у-х-х»деп айту.

  2. «Бақа».Сәл отырып,екі аяқпен алға қарай секіру,дем шығарған кезде «бақ-бақ»деп айту.

  3. «Орманда».Орманда адасып кеткенін елестету,демді ішке тарту,дем шығарған кезде «а-у-у»деп айту.

  4. «Көңілді ара».Еркін демалу.Дем шығарған кезде «з-з-з»дыбысын созып айту.



Гүлдерді иіскейік №5

Мақсаты: Еркін, жеңіл әрі шынайы дем алуға үйрету.
Балалар, біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші.

Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.


Ғарышкерлер №6

Мақсаты: Мұрын арқылы қысқа дем алып, оны қатты,анық шығаруға үйрету.

Тәрбиеші: Сендер өздеріңді ұшқыш ғарышкерлерміз деп есептеңдер. Зымыран әуе кемесін ұшыруға аз қалды. 10-нан 1-ге дейін санап үлгеруге жетерлік тыныстап дем жинаймыз, қаттырақ, әрі анық «Жібер» деген сөзді айтамыз да, дем шығарамыз.

Егер кімде-кімге ауа жетпесе, ол өз орнына отырады. Сонымен мұрын арқылы ауа жинаймыз не жұтамыз .... Уақытты санауды бастаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Жібер!

Жаттығу 3-4 рет орындалады.



Көбелекті ұшырамыз №7

Мақсаты: Мұрын арқылы ауаны жұтып, оны көбелекке қарай дұрыс бағыттап дем шығаруға үйрету.

Тәрбиеші алдын-ала түрлі-түсті қағаздан кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.

Балалар жіп ұстаған соң қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.

Ыстық сүт №8

Мақсаты: Еркін тыныс алып, дем шығарудың үрлеу арқылы ұзағырақ боларын түсіндіру.

Біз сүтті өте ыстық болғандықтан бірден іше алмаймыз. Сондықтан оны тез суыту үшін көпіршіктерін (бетіндегі қаймағын) итере үрлеп ішеміз. Кәне, ыстық сүтті үрлейік. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.



Қолымызды жылытайық №9

Мақсаты: Тыныс алу барысында қысқа дем алып, ұзағырақ үрлеп шығаруға үйрету.

Балалар, біз қыс мезгілінде далаға ойнағанды жақсы көреміз. Бірақ қолғап кимесек қолымыз тоңып қалады. Міне, міне, қолымыз тоңып қалды, ендеше қолымызды өз демімізбен жылытайық. Қане, қане, қолың тоңса, деміңмен жылыт! Бұл жаттығу 4-5 рет қайталанады



Ағаш шабушы №10

Мақсаты: Жеңіл және терең дем алып , қысқа және толық дем шығаруға үйрету.

Бастапқы қалпы:аяқтарыңды иық тұсына қойып,қолды бос жіберіңдер.Екі қолдарыңмен «балтаны» ұстап,оны бастан асыра жоғары көтеріп,бірмезетте жеңіл және терең дем алып,алға қарай тез иіліп,қолды төмен түсіріңдер де (балтамен ұру),ауыз арқылы қысқа толық дем шығарыңдар.Қолымызды көтеріп (тыныс аламыз),түзу тұрамыз және қайтадан ағашты балтамен ұрамыз (шабамыз).



Шаршасақ дем алайық №11
Мақсаты: Иық және мойын бұлшық еттеріне қысым түсірмей дұрыс дем алып оны толық шығаруға үйрету.
Бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолымызды қатар көтеріп – тыныс аламыз. Босаңсыған денемізді төмен бос жібереміз де, түзуленбей-ақ, үш рет: «ох-ох-ох» деп қалған ауаны шығарамыз. Дене босаңсиды және төмен түсе береді.

5жаттығу:

  1. «Денеңді тік ұста»-тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын жеңіл сезіну үшін дене қалпын дұрыс ұстай білу қажет.Орнымыздан тұрамыз,жауырын,иық бұлшықеттерін босаңсытамыз.Енді өз денемізді(иық,кеуде)көтеріп,оны артқа итереміз.Жауырынымыз мықты,тік,ал қолымыз ,мойынымыз бен иығымызды жеңіл,бос жібереміз.

  2. «Ағаш шабушы» (бұлшықет қысымын жою).Бастапқы қалпы:аяқтарыңды иық тұсына қойып,қолды бос жіберіңдер.Екі қолдарыңмен «балтаны» ұстап,оны бастан асыра жоғары көтеріп,бірмезетте жеңіл және терең дем алып,алға қарай тез иіліп,қолды төмен түсіріңдер де (балтамен ұру),ауыз арқылы қысқа толық дем шығарыңдар.Қолымызды көтеріп (тыныс аламыз),түзу тұрамыз және қайтадан ағашты балтамен ұрамыз (шабамыз).

  3. «Шаршасақ дем алайық»-бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолымызды қатар көтеріп – тыныс аламыз. Босаңсыған денемізді төмен бос жібереміз де, түзуленбей-ақ, үш рет: «ох-ох-ох» деп қалған ауаны шығарамыз. Дене босаңсиды және төмен түсе береді.

  4. «Арашылар» - Біз қазір бөрене ағашты (бір, екі, бір, екі – 2 рет қайталанады) арамен кесеміз. Қыстық отын дайындаймыз. (Отындық ағашты арамен қалай кесетінімізді қол қимылымен көрсетеміз. Алға сәл еңкейіп тұрамыз).

  5. «Ұшақ» - қолымызды екі жанымызға созып, ұшақтарды ұшырамыз. Оң қанатпен алға, сол қанатпен алға. Бір, екі, үш - ұшағымыз ұш. (Б.қ. – аяқты алшақ қою, қолдарын екі жанына созу, 1 – оңға бұрылу, 2 – б.қ., 3 – солға бұрылу, 4 – б.қ. және т.б.)

Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі: сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемі «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.

Артикуляциялық жаттығулар. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтуын қадағалау жатады. Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алу үшін міндетті түрде айнаны қолдалынады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс. Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.

Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар:

Тәтті тосап. Біз анамыз дайындаған тәті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ернімізге жұғып қалыпты. Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады.

Көңілді тіл. а) Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі – ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды.

ә) Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады.

Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға – солға, солға – оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

Қазы – қарта тураймыз. Ауызымызды ашып, бір-бірімізге немесе айнаға қарайық. Ауызды ашсақ әдемі тістер көрінеді. Тісіміз өткір, пышақ секілді. Осы тістердің көмегімен біз ауызға түскен тамақты тістеп, кесіп, бөлшектеп жейміз. Ал тіліміз қазы-қарта секілді ет екен. Ендеше қазы-қарта турайық.

Тілді біртіндеп баяу шығарып, тіспен тістейміз. Туралған қазы-қартаны ауызға саламыз. Осылайша тіл кері ауызға қайтарылады. 3-4 рет қайталайды.

Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді маңдайымызға тигізіп, тақылдатпай тіреп тұрайық. Жаттығу 3-4 рет орындалады.

Мысық сүт ішеді. Мысықты сүтті тілімен жалап ішетінін көрсетіңдер. Бастапқы қалып.

Ұртыңа қара. Ұрттарыңа тілмен «ине салыңдар». Бастапқы қалып. 3-4 рет қайталанады.

Ерін бұлшықетіне арналған жаттығулар (әр жаттығу 4-6 рет орындалады).

Әдемі күлімде. Әдемі баланың күлкісіде әдемі. Қатты дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі, жымиып қана күлейік. Ернімізбен жымиып езу тартамыз, сосын бастапқы қылыпқа келеміз.

Балапанның тұмсығы. Ерінімізді жұмылдырып, алға сүйірлеп шығарамыз, бастапқы қылып.

Бірден тез күліңдер. Еріндеріңді сүйірлеп алыңдар да, соңынан тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліңдер.

Қақпа. Ерінімізді кеңінен ашып, жұмылған тісті (тісті – тіске тигізу) көрсетеміз. Содан соң бастапқы қалыпқа келеміз.

Атты тоқтатыңдар. Атты тоқтатыңдар: «Дырр-р-р».

Томпиған ұрт. Екі ұртты да томпитып алыңдар да, бұдан соң алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар, бастапқы қалып.

Әженің әлдиі. Әжеміз кішкентай бөбекті ұйықтатарда «Ә...ә...ә...әлди-әлди ақ бөпем...» деп әндетеді. Кәне, бізде әндетейік.

Аюдың ақыруы. Аюдың тісі ауырады. Ол «А-А-А» деп аңырап жүр. Кәне, аю қалай дыбыстады?

Шалқан. Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды.

Жыланның ысылы. Жылан қалай дыбыстайды?

Ыс-с-ыс-ссс....

Кім қалай дыбыстайды? А,аа, аа, а, а, аааааа ..... (қуанышты, аянышты, таң қалған дауыспен). Балаға түрліше тамбрлік құбылыста 1 минут айтызып жеке жұмыс жасаңыз. Екінші баламен (и), үшінші баламен (о) дыбысымен жұмыс істеуге болады.

Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай-ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет. Көбінесе жаңылтпаштарды қолдану тиімдірек болады.

Барлық жаттығу түрін бір мезетте өткізу міндетті емес және де қажет емес. Олардың біреуін не екеуін қолданса да жетіп жатыр. Жаттығуларды өткізу уақыты 3-5 минут. Барлық жаттығулар топпен, кейін таңдаулы түрде жеке орындалады. Бұл жаттығулар оқу-тәрбиелеу үрдісінде (тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында, серуен кезінде), логопед, психолог жұмысында, тіптен отбасында да қолдануға өте ыңғайлы.

Сөйлеу техникасына арналған жаттығулар тәрбиешілер шығармашылығына үлес қосады деген сенімдемін. Сондай-ақ, төменде өзім құрастырған «Ұлттық нақыштағы серігу жаттығуларын» ұсынып отырмын.



Қолға үгу жаттығулар.

Мақсаты:Саусақ нүктелері арқылы ішкі ағзаларға әсер ету.Көтеріңкі көңіл-күйін қалыптастыру. «Қолды жуу» қимылдарын жасау,алақан қызғанға дейін ысқылау.Әрбір саусақты тарту,басу.Екі қолдың саусақтарынбір-бірін үйкелеу(кір жуатын тақтайша секілді).Қолды иыққа дейін ысқылау,сілку.
Құлаққа арналған үгу жаттығулары.

Мақсаты:Ойын арқылы есту аппаратына,ішектің құлақта орналасқан нүктелеріне әсер ету.Бала түрікше отырып,Қалқанқұлаққа немесе сүйкімді пілге үлкен құлақ мүсіндейді:

1)алдымен құлақтың қырын содан соң ішкі жағын сипайды.

2)құлақты жоғары,төмен,жанына тартады.

3) құлақтың төменгі бөлігін басады,оған «сырға тағады».

4)құлақтың ішкі бөлігін мүсіндейді(сағат тілімен,сағат тіліне қарсы айналдыра қимылдар жасайды)

5)құлақтың іші-сыртын сипайды.


Басқа арналған үгу жаттығулары.

Мақсаты: Бастың қан айналысын күшейтетін нүктелеріне әсер ету.

  1. Саусақтарын қатты басу арқылы,бас жуу қимылдарын жасау.

  2. Саусақтармен тырнауыш секілді самайдан,маңдайдан,желкеден бастың ортасына қарай қимылдар жасау.

  3. Самайдан желкеге қарай спираль тәріздес қимылдарды саусақпен жасау.

  4. Саусақ ұштарымен клавиатура басқандай шапшаң қимылдар жасау.

  5. Тарақ сияқты саусақтармен басты сипау.



Бетке арналған үгу жаттығулары.

Мақсаты:Суық тиюден сақтану,беттің әдемі болуына ықпал ету.

  1. Бетті,маңдайды сипау.

  2. Екі қастың ортасын басу,сағат тілімен,сағат тіліне қарсы айналдыра қимылдар жасау.

  3. Қатты баса отырып,әдемі қасты бейнелейді.

  4. Жәймен көздерін мүсіндейді,бұрыштарын басады.

  5. Мұрынын жоғарыдан төмен қарай сипайды,жәй ғана мұрынын тартады:Буратиноның мұрыны қандай әдемі.



Аяққа арналған бүгу жаттығулары.

Мақсаты:Аяқ буындарына ықпал ету.

  1. Бала малдас құрып отырады,екі аяқты кезек өзіне тартып,сипайды,башайларының арасын сипайды.Өкшесін қатты басады,табанын сипап,қытықтайды.

  2. Санның тізеден төмен бөлігін сипап,шымшиды.Шұлық киіп,шешкендей қимылдар жасайды.



Бөпені шайқау.

Бала табанын кеудесіне жақындатып,құшақтайды,маңдайын тізесіне тигізеді,шайқайды.


Дем алу гимнастикасы.

Дем алу және тіл аппаратының жаттығуын күшейту.Дем шығару- «п ф ф ф»,кідіріс,дем шығару, «с с с»,дем шығару «с с с»,кідіріс,дем шығару «п ф ф ф»Дем шығару- «ж ж ж ж»,дем шығару- «з з з»,дем шығару- «р р р», дем шығару – «т р р р»,дем шығару- «м м м»,дем шығару- «м о о о»,дем шығару- «м у у у»,дем шығару- «мома му у у»,дем шығару- «м о о о»,дем шығару- «момэ ма му у у у»,дем шығару- «ма мэ ма му»,дем шығару- «мы ы ы ы»,дем шығару – «му ххх,мо ххх,мэ ххх».Сөз тізбегінде: «ма-ххх,мэ-ххх,мы-ххх,эо-ххх,зу-ххх,зэ-ххх,зы-ххх».Дем шығару- «б у у ч ч ч ч»,дем шығару- «г у ч ч ч».

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет