Жинаќтаушы зейнетаќы ќорларыныѕ тарату комиссияларыныѕ есеп пен ќосымша



жүктеу 1.7 Mb.
бет1/12
Дата08.04.2019
өлшемі1.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 17:17:46
Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

 Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысы

(2010.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-3 бабының 1-тармағының 2) тармақшасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:



1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.



3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бадырленова Ж. Р.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің бөлімшелеріне жіберсін.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р. Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е. Л. Бахмутоваға жүктелсін.

 


Төраға

 

 

 

 

Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

жөніндегі агенттігі Басқармасының

«Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату

комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты

ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі

туралы нұсқаулықты бекітужөніндегі»

2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысымен



бекітілген

 

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен

қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы

нұсқаулық

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 49 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 04 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2. Осы Нұсқаулық жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну нысандарын, мерзімін және кезеңділігін белгілейді.

3. Осы Нұсқаулықтың қолданылуы уәкілетті органның рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша (ерікті тарату) және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда соттың шешімі бойынша (еріксіз тарату) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларына (бұдан әрі - қорлар) таралады.

2-тарау. Қорлардың тарату комиссияларының есеп ұсынуы

4. Қорлардың тарату комиссияларының есептеріне:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 81 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 24 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)

2) аралық тарату балансы (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);

3) бір айда жасалған жұмыс туралы есеп (ай сайынғы есеп);

4) тоқсанда жасалған жұмыс туралы есеп (тоқсан сайынғы есеп);

5) бір жылда жасалған жұмыс туралы есеп (жылдық есеп);

6) тарату туралы есеп;

7) тарату балансы (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы) жатады.

5. Қорлардың тарату комиссиялары уәкілетті органға есептерді мынадай кезеңділікпен ұсынады:

1) аралық тарату балансын - оны жасау үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде;

2) ай сайынғы есепті - есепті айдан кейінгі айдың алтысынан кешіктірмей. Тарату комиссиясы жасалған жұмыс туралы ай сайынғы есепті қаңтар, ақпан, сәуір, мамыр, шілде, тамыз, қазан, қараша айы үшін тапсырады;

3) тоқсан сайынғы есепті - есепті тоқсаннан кейінгі айдың сегізінен кешіктірмей. Тарату комиссиясы жасалған жұмыс туралы тоқсан сайынғы есепті ағымдағы жылдың бірінші, екінші және үшінші тоқсаны үшін тапсырады;

4) жылдық есепті - есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші қаңтарынан кешіктірмей;

5) тарату туралы есеп және тарату балансы - қордың кредиторларымен есеп айырысып болғаннан кейін жеті күн ішінде.

6. Қорлардың тарату комиссиялары жасалған жұмыс туралы есептерді уәкілетті органға қағаз тасымалдаушысында ұсынады.

Қорлардың тарату комиссиялары жасалған жұмыс туралы есептерді уәкілетті органға қағаз тасымалдаушысында ұсыну талабымен оларды электрондық тасымалдаушыда да ұсынуға құқылы. Қағаз тасымалдаушысында ұсынылатын есеп электрондық тасымалдаушыда ұсынылатын есепке сәйкес болуы тиіс.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 81 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)

7. Тарату комиссиясының ай сайынғы есебіне:

1) таратылатын қордың есепті күнгі жағдайы бойынша бухгалтерлік балансы (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы);

2) есепті күнге активтердің жай-күйі туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы);

3) есепті күнге міндеттемелердің жай-күйі туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы);

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.09. № 237 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) есепті кезең үшін ағымдағы шот бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасы);



ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.09. № 237 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) есепті кезең үшін касса бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасы);

6) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 24 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.09. № 237 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 24 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)



ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.09. № 237 Қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2009.27.02. № 24 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес нысанда жасалған қордың тарату комиссиясының есепті кезеңде тарату өндірісіне шыққан шығыстары туралы есеп.

8. Ай сайынғы есептің есеп беру күні есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні болып табылады. Ай сайынғы есеп үшін өткен есеп беру күні бұрынғы ай сайынғы есептің есеп беру күні болып табылады.

9. Тарату комиссиясы тоқсан сайынғы есепті жіберген кезде, осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:

1) есепті күнгі жағдай бойынша таратылатын қордың дебиторлық берешегін өндіріп алу туралы есепті (осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасы);

2) есепті күнге таратылатын қордың өз мүлкінің жай-күйі туралы есепті (осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасы);

3) есепті күнгі жағдай бойынша қордың тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысу туралы және ағымдағы берешегі жөніндегі есепті (осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасы);

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 24 Қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) осы Нұсқаулықтың 10-1-қосымшасына сәйкес нысанда жасалған таратылатын қордың кепіл мүлігінің есеп беру күніндегі жай-күйі жөніндегі есеп.

10. Тоқсан сайынғы есептің есеп беру күні есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күні болып табылады. Тоқсан сайынғы есеп үшін өткен есеп беру күні бұрынғы тоқсан сайынғы есептің есеп беру күні болып табылады.

11. Тарату комиссиясы жылдық есепті жіберген кезде, осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:

1) есепті күнгі жағдай бойынша таратылатын қордың борышкері болып табылатын қызметкерлерге қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы ақпаратты (осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасы);

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 24 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) қордың тарату комиссиясы қызметкерлерінің саны туралы есепті (осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасы) ұсынады.

12. Жылдық есеп үшін есеп беру күні есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші қаңтары болып табылады. Жылдық есеп үшін өткен есеп беру күні бұрынғы жылдық есептің есеп беру күні болып табылады.

13. Жасалған жұмыс туралы есепке (ай, тоқсан, жыл үшін) өткен кезең үшін есеп көрсеткіштерінің әрбір өзгерісі жөніндегі толық мәліметтер кіретін, қордағы тарату процесінің жай-күйі туралы түсіндірме жазба қоса беріледі.

14. Талап етілмеген кредиторлық берешек болған жағдайда міндетті түрде баланс шоттарының талдамасы ұсынылады, оларда кредиторлардың санаттары көрсетіле отырып, таратылатын қордың осы міндеттемелері ескеріледі.

15. Жасалған жұмыс туралы есеп екі дана етіп жасалады, олардың біреуі уәкілетті органға жіберіледі. Жасалған жұмыс туралы есепке тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтер және орындаушы қол қойып, оған қордың мөрі басылады.

16. Жасалған жұмыс туралы есептің барлық парақтары нөмірленуі тиіс, есеп парақтарының жалпы саны оны уәкілетті органға жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.

17. Уәкілетті орган өзгертулері мен өшірулері бар қағаз тасымалдаушысындағы тарату комиссиясының жасалған жұмыс туралы есептерін қабылдамай, оларды қайтарып жібереді.

18. Жасалған жұмыс туралы есепке өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізу қажет болған жағдайда тарату комиссиясы уәкілетті органға жасалған жұмыс туралы есепті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып түсіндірме жазбаны ұсынады.

3-тарау. Аралық тарату балансының және қор



кредиторларының талап ету тізілімінің нысаны,

оларды бекіту және қайта бекіту

19. Тарату комиссиясы қор кредиторларының шағым (өтініш) берулері үшін белгіленген мерзімі өткеннен кейін бір айлық мерзімде аралық тарату балансын жасайды және оны уәкілетті органға ұсынады.

20. Таратылатын қордың аралық тарату балансы мынадай құжаттар мен есеп нысандары негізінде жасалады:

1) қордың талдау және синтетикалық есепке алу тізімі;

2) қордың бухгалтерлік және заң құжаттарын, мүлкі мен міндеттемелерін түгендеу актілері;

3) қордың тарату процесі басталғанға дейін қордың бухгалтерлік балансы. Тарату процесінің басталуы:

еріксіз тарату кезінде - қорды тарату туралы соттың шешімі күшіне енген күні;

ерікті тарату кезінде - қордың тарату комиссиясының құрылу күні болып табылады;

4) қордың тарату процесі басталғанға дейін қордың бухгалтерлік балансына айналым-сальдо ведомосі;

5) тарату процесі басталғанға дейін қор кредиторларының тізімі (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 2-нысаны);

6) таратылатын қор кредиторлары берген шағымдарын есепке алу журналы (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 3-нысаны);

7) таратылатын қордың талап етілмеген кредиторлық берешегін есепке алу журналы (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 4-нысаны);

8) таратылатын қордың өз мүлкін есепке алу журналы (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 5-нысаны);

9) таратылатын қордың дебиторлық берешегін есепке алу журналы (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 6-нысаны).

21. Аралық тарату балансына мынадай есеп нысандары мен құжаттар қоса беріледі:

1) осы Нұсқаулықтың 20-тармағының 2)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

2) тарату процесі басталғанға дейін таратылатын қор дебиторларының тізімі (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 7-нысаны);

3) аралық тарату балансына айналым-сальдо ведомосі;

4) аралық тарату балансының барлық баланс шоттарының ашып көрсетілуі;

5) кредиторлар берген шағымдар (өтініштер) тізбесі, оларды қарау нәтижелерінің және таратылатын қор кредиторлары талап етпеген берешектің тізбесі (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 8-нысаны);

6) аралық тарату балансына кірген таратылатын қор кредиторларының талап ету тізілімі (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 9-нысаны);

7) таратылатын қордың аралық тарату балансына енгізілген мүлік құрамы туралы мәліметтер (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 10-нысаны);

8) тарату процесі басталғанға дейін таратылатын қордың бухгалтерлік балансымен салыстырғанда аралық тарату балансы деректерінің ауытқулары туралы мәліметтер (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 11-нысаны);

9) тарату комиссиясы тарату рәсімдері басталғаннан бастап аралық тарату балансы жасалғанға дейін жасаған жұмыс туралы толық ақпаратты қамтитын аралық тарату балансына түсіндірме жазба, сондай-ақ көрсеткіштердің өзгеруін қоса алғанда, әрбір есеп беру нысаны бойынша түсіндірме.

22. Қорды еріксіз тарату рәсімін жүргізген кезде қордың аралық тарату балансы жасалғаннан кейін тарату комиссиясы осы Нұсқаулықтың 21-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса оны бекіту үшін уәкілетті органға ұсынады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.09. № 237 Қаулысымен 22-1-тармақпен толықтырылды

22-1. Ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын қордың аралық тарату балансы мынадай жағдайларда қаралуға (ерікті таратылған кезде) және бекітілуге (мәжбүрлеп таратылған кезде) жатпайды:

1) осы Нұсқаулықтың 20, 21-тармақтарында көрсетілген есептер нысандарын және құжаттарды ұсынбағанда;

2) аралық тарату балансының деректері осы Нұсқаулықтың 20, 21-тармақтарында көрсетілген құжаттардың және есептер нысандарының деректеріне сәйкес келмегенде.

Аралық тарату балансы бекітілмеген жағдайда уәкілетті орган (қор мәжбүрлеп таратылған жағдайда) немесе қор акционерлерінің жалпы жиналысы (қор ерікті таратылған жағдайда) бұл туралы тарату комиссиясын анықталған жөнсіздіктерді, кемшіліктерді жоюдың және аралық тарату балансын уәкілетті органға (қор мәжбүрлеп таратылған кезде) немесе акционерлердің жалпы жиналысына (қор ерікті таратылған кезде) бекіту үшін қайта ұсыну себептерін және қордың тарату комиссиясының аралық тарату балансының бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан аспауға тиіс мерзімін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.

23. Қорды ерікті тарату рәсімін жүргізген кезде қордың аралық тарату балансы жасалғаннан кейін тарату комиссиясы осы Нұсқаулықтың 21-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса оны қарау үшін уәкілетті органға ұсынады.

24. Ерікті таратылатын қордың тарату комиссиясы осы Нұсқаулықтың 21-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса бекітілген аралық тарату балансының көшірмесін ол бекітілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.

25. Таратылатын қор кредиторларының талап ету тізіліміне (Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 12-нысаны) өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі тарату комиссиясы тиісті хаттама шешімін қабылдаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ресімделеді.

26. Егер кредиторлардың талап ету тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілген аралық тарату балансында көрсетілген кредиторлар алдында қор міндеттемелерінің өзгеруіне әкеліп соқтырса, тарату комиссиясы бір мезгілде таратылатын қордың бухгалтерлік балансын жасайды.

27. Кредиторлардың талап ету тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қордың тарату комиссиясы осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 12-нысанын және осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сай жасалған таратылатын қордың бухгалтерлік балансын еріксіз тарату кезінде бекіту үшін және ерікті тарату кезінде қарау үшін (оларды акционерлердің жалпы жиналысы бекіткенге дейін) мынадай құжаттармен қоса уәкілетті органға ұсынады:

1) олардың негізділігін куәландыратын құжаттардың көшірмелерімен қоса кредиторлардың талап ету тізіліміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу себептері туралы түсіндірме жазбаны;

2) аралық тарату балансының және бухгалтерлік баланстың деректерінде пайда болған ауытқулар туралы мәліметтерді (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 13-нысаны);

3) таратылатын қордың бухгалтерлік баланс шоттарының талдамасын.

28. Ерікті таратылатын қор кредиторларының талап ету тізіліміне бекітілген өзгерістер мен толықтырулардың көшірмесі уәкілетті органға олар бекітілген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мәлім болуы үшін ұсынылады.

4-тарау. Қордың таратылуы туралы есеп және

қордың тарату балансы, оларды бекіту

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 81 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

29. Қордың таратылуы туралы есепте мынадай ақпарат болады:

1) қорды тарату туралы шешімді қабылдаған орган және күні туралы;

2) уақытша әкімшілікті тағайындау (қорды еріксіз таратқан кезде) және тарату комиссиясын құру, тарату комиссиясы құрамының өзгеруі туралы;

3) таратылатын қордың зейнетақы активтерін ерікті және зейнетақымен қамтамасыз ету шарттары бойынша оның міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру бойынша тарату комиссиясының жұмысы туралы;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 24 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) алғашқы кезектегі іс-шараларды орындау туралы, оның ішінде орталық әділет органының ресми баспасөз басылымында қорды тарату туралы хабарландыруды жария ету, аралық тарату балансын және қор кредиторларының талап ету тізілімін жасау әрі бекіту туралы;

5) қор кредиторлары комитетін құру, бекіту және қызмет етуі туралы;

6) тарату процесі басталғанға дейін қор активтерінің жай-күйі туралы;

7) қор борышкерлерінен дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы;

8) қор мүлкін сату бойынша өткізілген іс-шаралар туралы;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.09. № 237 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) шот және касса бойынша ақша қозғалысы, шотта ақша қаражаттарының болмауы туралы;

10) тарату процесі басталғанға дейін қордың міндеттемелері туралы;

11) қор кредиторлары алдында міндеттемелердің орындалуы туралы (осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасы).

30. Қорды тарату туралы есепке тарату комиссиясы қор істерін аяқтау бойынша жүргізген іс-шараларын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

31. Тарату комиссиясы бекітілген тарату балансының және қорды тарату есебінің көшірмелерін уәкілетті органға жібереді.

5-тарау. Қорытынды ережелер

32. Қорлардың тарату комиссиялары уәкілетті органның сұратуы бойынша есептердің жекелеген нысандарын және белгіленген күндердің жағдайы бойынша қосымша мәліметтерді, сондай-ақ өзге де растайтын құжаттарды ұсынады.

33. Кредиторлар берген шағымдарды (өтініштерді), талап етілмеген кредиторлық берешекті, өз мүлкін және дебиторлық берешекті есепке алу журналдары нөмірленеді, жіппен қайымдалады, оған қордың мөрі басылып, тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтер және оларды толтыруға жауапты адам қол қояды.

34. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.

 

 


ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.09.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет