Үкімет брифингінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоқыстың бәрін бір көлік жинап әкететін болса, оны түрлі жәшікке салудың қажеті қанша деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Үкімет

“Сіздің ойыңызбен келісемін. Бүгінгі күні қоқысты бөлек жинау туралы ойдың өзі жүзеге аспай қалды”, – дейді министр.

Оның сөзінше, қоқысты бөлек жинауға көп шығын кетеді.

“Себебі бір жәшіктің ішіндегіні жинап алып кетіп, сол жаққа апарып сұрыптаса бір ғана көлік қажет. Ал егер сол жерден бөліп әкету керек болса көбірек техника қажет. Бұл бизнеске қаржылық салмақ салады. Біз оған болашақта келеміз. Қазір қоқысты бөлек жинайтын компанияларды қолдауға дайынбыз”, – деп атап өтті экология басшысы. 

Бұған дейін Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қазақстандықтарға Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты неге жалған ақпарат айтқанын түсіндіріп берді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.